15
мәдениетті, тілді, жазуды ала барған Шумерлер жайлы зерттеу
деректерін, қазақтың халық болып құралу үдерісінде үлкен рол
атқарған тайпалық одақтардың тілі мен түркі халықтарының
тарихында белгілі қағанаттардың ресми тілі дәрежесіне көтеріл-
ген көне түркі тілі мен орта ғасыр түркі тілдерінің материалда-
рын тілге тиек етеді. Материал беретін зерттеу көздері ретінде
Ә.Баһадүрхан,
Рашид-ад-Дин,
Н.Аристов,
В.Бартольд,
В.М.Иллич-Свитыч, Н.Баскаков, Б.Я.Владимирцов, Г.Е.Грум-
Гржимайло, С.Аманжолов, Ә.Қайдаров, О.Сүлейменов, А.Бахти,
С.Қойшығара, Ө.Панзарбеков т.б. еңбектері пайдаланылуы
қажет.
«Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» пәні
бұл аталған пәндерден мазмұны, мақсаты мен міндеті, оқыту
әдісі жағынан өзгеше. «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы»
тарихи-салыстырмалы әдіске сүйеніп, тілдік тұлғалардың қан-
дай жолдармен өзгеріске түсіп, бүгінгі күндегі дәрежеге қалай
жеткенін түйіндей тұжырымдаса, «Көне түркі тілі» пәні сипат-
тау әдісіне сүйеніп, көне түркі тілінің қалпын баяндайды. Ал
«Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» пәнінде әрі
тарихи, әрі сипаттама әдіске сүйене отырып, қазақ тілінің шығу
тегін, түркі тілдерімен бірге басып өткен жолын, көне түркі
тілінің жалғасы екендігін дәлелдейтін
теориялық негіздерді бас-
шылыққа алады. Мұндай теориялық негізге шумерология және
түркітаным мәселелері жатады. Шумерлер мен көне түркілердің
жақындығын танытатын тілдік қор, тарихи лексика және
олардың семантикалық жүйесі, өзгеру жолдарындағы заңдылық-
тар, жазу түрлері, тайпалық одақтардың атрибуттары, ежелгі дә-
уірден сақталып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ойлау
жүйесі, түркілердің дүние- танымы, олардың тілдегі көрінісі
орта ғасырдағы халық тіліне, кейінгі дәуірдегі ұлт тіліне тигіз-
ген әсері ашылуға тиіс.
Қазақ тілі өз дамуының бүгінгі сатысында қазақ халқының
бірыңғай ұлттық тілі, ұлттық әдеби тіл болып отыр. Бұл күнде
ол әртүрлі стильдік салаларда дамыған, тілдік нормалық белгі-
лері нақтыланған, лексикасы бай, грамматикалық құрылысы же-
тілген, орамды әдеби тілге, жазу тіліне айналды. Әрине, мұндай
17
кейін қазақ жерінде патриархтық феодалдық қатынастың кү-
шейіп, алғашқы қазақ хандықтарының пайда
болуына байланыс-
ты екені, бұл үдерістің ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін
созылғаны ескерілуі қажет. Төртінші,
қазақ тілінің тайпалық, ха-
лықтық дәуірлердегі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық
құрылысының тарихи дамуы, қазақ тілінің даму кезеңдеріне
байланысты оның типологиялық белгілері өтіледі.
Достарыңызбен бөлісу: