Т. А. Качурина «аспаз» мамандығы бойынша бақылау материалдары



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет136/160
Дата04.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#31675
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   160
ұйымдастыру книга

Реферат  құрылымы. 
Реферат  үш  бөлімнен  құралады:  кіріспе,  негізгі 
бөлім, қорытынды. Бұл, қай жазбаша жұмыс болмасын, дәстүрлі құрылым. 
Реферат  авторы  алдында  орын  алатын  көптеген  мәселелердің  бірі  – 
жұмыстың қашан аяқталуын білу.  
 


150 
Оны  түсіну  үшін  жұмысты  бастау  алдында  мәтіннің  алғашқы 
сөйлемдерінде  рефератта  не  жария  етілетіні  туралы  ойды  қалыптастыру. 
Бұл мәселені дұрыс тұжырымдау деп аталады.  
Мәселесі  жоқ  реферат  –  дереккөздердегі  ойдың  қысқаша  мағынасын 
айтумен  тең,  яғни  жақсылықтың  бәрі  –  басқалардың  зерттеулерінен 
құрастырып сауатты жазу,  ең нашары  –  бір  кітаптың  мағынасын  қысқаша 
жеткізу. 
Мәселені  тұжырымдау  реферат  тақырыбынан  пайда  болады,  бірақ  бір 
мағыналылық  тақырыбымен  шектелмейді.  Тақырыптың  мүмкіндік 
НҰСҚАларын  қарастыру,  мәселені  тұжырымдау  және  бұл  таңдауға 
негіздеме жасау – рефератты бастаудағы сәтті қадамдар болып табылады. 
Жұмысты  тақырыпқа  сәйкес  келетін  әдебиеттер  мен  дереккөздер 
тізімінен құрастырудан бастау керек. Осы жерде екі түрлі жағдаят орын алу 
мүмкін:  тақырыппен  бірге  ұсынылатын  әдебиеттер  тізімі  алдын  ала 
берілген  немесе  бұл  тізімді  өзіндік  жинақтау  керек.  Бірінші  жағдайда 
тізімдегі  қолайлы  дереккөздерді  зерделеу  керек,  ал  соңынан  қажеттілікке 
қарай сіз таңдаған мәселеге қатысты аса маңызды кітаптарға оралу. Екінші 
жағдайда  аса  кең  тақырыпта  соңғы  2-3  жылда  басылған  және  жаңаша 
ғылыми  ақпараттары  мол  энциклопедиялар,  анықтамалықтар,  журналдар 
және библиографиялық белгілердің монографиясын бастау қажет.  
Әр  жаңа  кітап  немесе  мақала  сіздің  өз  сілтеулеріңіз  бар  тізімді 
кеңейтеді. Кейінірек, реферт тақырыбына сай келетін маңызды кітаптарды 
талдап зерделейді.  
Тақырып  бойынша  әдебиет  пен  дереккөздерді  зерделеген  соң  тізімді 
құрастыруға көшіп, мәселені үзілді-кесілді қалыптастыра келе мәтінді жазу 
бастау керек. 
Мәселені  дұрыс  қалыптастыру  үшін  келесі  алгоритммен  әрекет  ету 
керек:  оқулықтың  тиісті  параграфын  қайта  оқу;  реферат  тақырыбына 
сәйкес  екі  кітап  оқу;  оның  ішінде  әдебиеттер  тізімін  зерделеу.  Бұл 
әрекеттер  сізге  аса  қызықты  болуы  мүмкін.  Содан  соң  мәселені 
тұжырымдап,  оқытушыдан  кеңес  алыңыз.  Мәселе  бойынша  өз 
көзқарасыңызды  білдіріңіз.  Оны  негіздеңіз.  Рефераттың  шимай  жазбасын 
құрастырыңыз,  оның  ірі  тарауы  қойылған  мәселені  өзіндік  сұрақ  түрінде 
жария ету тиіс. Әр тарау мен параграф қорытындылармен аяқталған жөн. 
Нақтылы  жұмыстың  құрылымы,  тарау  мен  параграф  саны  автордың 
мәселені  түсінуіне  байланысты.  Аталмыш  құрамдас  бөлімдердің  атаулы 
тізімі  рефераттың  жоспары  болып  табылады.  Жоспардың  бар  болуы 
әдебиет пен дереккөздерді мақсатты таңдауды қамтамасыз етеді.  
Реферат  қорытындысы  әдетте  жұмыс  алды  қалыптасқан  мәселе 
бойынша жалпылаған түрде тұжырымды көрсетеді.  
 


151
 
Реферат  тақырыбына  қаншалықты  сәйкестігін  тексеру  үшін  келесі 
операциялар жасалу керек: әр азат жолын оқу; көз алдында тақырыпты оқи 
отырып өзіңе не ең жақсысы нағыз немесе ойдан құралған «сыншы адамға» 
бұл  үзінді  тақырыпты  қалай  ашатыны  туралы  түсіндіру.  Егер  де  сіз 
«сыншы  адамға»  сендіре  алмасаңыз,  бұл  азат  жолды  сызып  тастаңыз 
немесе  қайта  өңдеуге  тура  келеді.  Өздеріңіз  көріп  отырғандай,  жақсы 
реферат  (кітап  секілді)  атауында  көрсетілген  тақырыптың  зерделі  және 
терең ойды нақтылайтынын білдіреді. 
Мәтінмен осы секілді диалогты жүргізу оңай емес. Сізге «сыншы адам» 
–  оқырман  (туыстарыңыз,  сыныптастарыңыз)  көмек  береді.  Оларға 
түсініксіз  нәрселерді  өзгеше  тұжырымдап,  қайта  түсінідіруге  көшу  керек. 
Мұндай туралаулар  жұмыс құрылымын ақырғы деңгейде бекіту маңызды. 
Келесі  сұрақтар  көмек  етеді:  неге  бұл  бөлік  осы  жерде  орын  алуда, 
алдыңғыларға не алып-қосуда және басқалар. 

жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   160




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау