ХАБАРЛАМАЛАР, РЕФЕРАТТАР,
БАЯНДАМА ЖӘНЕ ЭССЕ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1.
Тамақтану мәселелері: бұрын және қазір.
2.
Тамақ туралы аңыздар мен мифтер.
3.
Тағамдық қышқылдар және ағзаның қышқылдығы.
4.
Шикізат пен тағамның сапасына топырақ құрамының әсері.
5.
Нені, қанша, қашан және қалай жеу керек?
6.
Тамақтану туралы заманауи ғылым.
7.
Тағамдық аллергия.
8.
Тамақтанудың баламалы түрлері.
8
II Тақырып
КӨКӨНІСТЕР МЕН
САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДЫ
МЕХАНИКАЛЫҚ АСПАЗДЫҚ ӨҢДЕУ
БІЛІМДІ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1.
Көкөністердің тағамдық құндылығы неде, олардың қоғамдық
тамақтануда қолданылуы?
2.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына келетін көкөністердің балғын
және өңделген көкөністердің сапасы қандай болу керек?
3.
Көкөністерді алғашқы өңдеудің технологиялық сызбасын салыңыз
(амалдары және олардың қолданылуы).
4.
Көкөністерді алғашқы өңдеуде олардың тағамдық құндылықтары
мен дайын өнімнің сапасына әсері қандай?
5.
Картопты алғашқы өңдеу деген не? Сіз картопты кесудің қандай
түрлерін білесіз? Оларды қандай мақсатта қолдануға болады?
6.
Тазартылған картопты ауада сақтау кезінде қараюдың қандай
себептері болуы мүмкін? Қараюдан сақтап қалу үшін картопты өңдеудің
қандай түрлері қолданылады?
7.
Тамыр жемісті алғашқы өңдеу деген не? Сіз кесудің қандай түрін
білесіз және олар қандай мақсатта қолданылады?
8.
Пиязды және жемісті көкөністерді алғашқы өңдеу және оларды кесу
мен аспаздық қолданылуы туралы айтып беріңіз.
9.
Қырыққабат көкөнісін алғашқы өңдеу деген не, оларды кесу үлгілері
және аспаздықта қолданылуы қандай?
10.
Салатқа қосатын, көкөніс саумалдықтары мен дәмді көкшөптерді
алғашқы өңдеуді сипаттап беріңіз. Олардың түрлері мен аспаздық
қолданылуы туралы айтып беріңіз.
11.
Десерт көкөністерін алғашқы өңдеу, олардың аспаздықта
қолданылуы қандай?
12.
Турамамен толтыруға арналған көкөністерді қалай дайындайды?
Турамамен толтыру үшін тураманың қандай түрін қолданады?
9
13.
Сізге консервіленген, кептірілген және тоңазытылған көкөністерді
өңдеудің қандай тәртібі белгілі?
14.
Тазартылған көкөністер мен жартылай дайын өнімдердің сапасына
қойылатын талаптар қандай?
15.
Тазартылған көкөністер мен жартылай дайын өнімдерді сақтау
жағдайы мен мерзімі қандай болу керек?
16.
Саңырауқұлақтардың тағамдық құндылығы неде? Оларды қоғамдық
тамақтануда қалай қолданады?
17.
Балғын, консервіленген және кептірілген саңырауқұлақтарды
өңдеудің технологиялық реттілігі туралы айтып беріңіз.
18.
Көкөністерді механикалық өңдеу кезінде қандай әмбебап жетегін
және ауысымды механизмді қолданады?
19.
Картопты тазартуға арналған машинаның әрекет қағидасы және
пайдалану тәртібі қандай?
20.
ММКВ-2000 дірілдеткіш көкөніс жуатын машинаның қызметі,
жұмыс қағидасы және пайдалану тәртібі қандай? Оның негізгі
сипаттамасын айтып беріңіздер.
21.
МОК-250 картоп тазартатын машинаның қызметі, жұмыс қағидасы
және пайдалану тәртібі қандай?
22.
Сіз көкөніс кесетін машинанынң қандай түрін білесіз? МРО-50-200
көкөніс кесетін машинаның қызметі, жұмыс қағидасы және пайдалану
тәртібі қандай?
23.
МС 27-40 механизмнің жұмыс қағидасы және әмбебап жетегіне
арналған балғын көкөністерді кесуге арналған тәртібі туралы айтып беріңіз.
24.
МС 28-100 кескішпен шикі көкөністерді пішінді тураудың ретін
сипаттап беріңіз.
25.
Көкөніс цехтарын орналастыруда қойылатын талаптар қандай?
26.
Көкөніс цехының жұмысын ұйымдастыру, оны жабдықтармен және
құрал-саймандармен жабдықтау туралы айтып беріңіз.
27.
Картопты және тамыржемістерді қосымша тазалауға арналған
жұмыс орындарын ұйымдастырудың ерекшеліктері қандай?
28.
Пиязды, қырыққабатты өңдеуге арналған жұмыс орындарын
ұйымдастырудың ерекшеліктері неде?
29.
Көкөністерді
механикалық
аспаздық
өңдеудің
санитарлық
талаптарын атап шығыңыз.
30.
Жабдықтарға,
құрал-саймандарға,
ыдыс-аяқтарға,
ыдыстарға
қойылатын санитарлық талаптар деген не?
31.
Жартылай дайын көкөніс өнімдерін тасымалдауға және сақтауға
қандай талаптар қойылады?
|