Ғимараттарды ауалау:
Ӛндірістік ғимараттарда, әсіресе ыстық цехтерде
ауаларын реттеп табиғи ауамен алмастыру. Сыртқы және ішкі ауа тығыздықтарының
айырымы себебінен терезелер, аэрациялық фонарлар арқылы орындалады.
3.297
Аэровокзал:
Жолаушыларға қызмет кӛрсету және жүктерді реттеп ӛткізуге
арналған ғимарат немесе ғимараттар жиынтығы.
3.298
Аэродром:
Ұшып-отыратын жолағы, үстінде ауалы кеңістігі және жабдықтары
бар жер телімі, ұшақтардың ұшу, қону, жүру, тұру және күтілуіне арналған имараттар
кешені.
3.299
Аэродром жабыны:
Ұшатын аппараттарды үзіліссіз пайдалану үшін
ұшақтардың ұшып-отыратын жолақтарының, жүретін жолдарының, тоқтайтын жерлерінің
және аэродромның басқа алаңдарының жасанды жабыны. Әдетте аэродромдық жабын үш
құралымдық қабаттан: жабынның ӛзінен, жасанды негізінен, табиғи топырақ негізінен
тұрады.
3.300
Достарыңызбен бөлісу: |