Жердегі қабырға:
Жерасты және тереңдетілген имараттардың тік
қабырғаларын, сондай-ақ ордың ішіне топырақтардың құлауын тежейтін бентонит
топырағынан жасалған ерітіндімен (жүзгінмен) қорғау арқылы орларда салынатын
сүзілген суға қарсы бүркеулер салу тәсілі.
3.2088
Ғимараттың қабырғасы:
Ғимаратты сыртқы атмосфералық әсерлерден
қорғайтын және бірмезгілде кӛтеруші қызмет атқаратын (горизонталь және вертикаль
жүктемелерді қабылдайды, ғимараттың ішкі кӛлемін жеке бӛлмелерге бӛледі) негізгі
қоршау құралымдар.
3.2089
Қалқандық қабырға:
Гидротехникалық имаратты қалқып жүрген түрлі
заттардан, қабыршақ мұздардан, (бауырлап қатқан мұздардан) қорғау үшін астыңғы қыры
судың ең тӛменгі деңгейінен тӛмен түсірілген суалғыш тесіктің алдына орналасқан тік
қабырға.
|