3.1567
Қҧрылыстағы қалып:
Бетон мен темірбетон құралымдары мен
құрылыстарын тұрғызуда бетон қоспасы мен арматурасын тӛсеуге арналған пішін.
3.1568
Қауіпті аймақ:
Қауіпті және (немесе) зиянды ӛндірістік фактордың адамға
әсер ету мүмкіндігі бар кеңістік.
3.1569
Қауіпті геологиялық процестер:
Адам ӛміріне, халық шаруашылығы
нысандары мен аумаққа кері әсерін тигізетін геологиялық, инженерлік-геологиялық
процестер мен гидрометеорологиялық құбылыстар (кӛшкін, опырылу, карст, сел
тасқындары, қар кӛшкіні ж.т.б.). Ең кӛп таралған, кешенді шешуді қажет ететін процестер:
ылдилық - теңіз жағасы мен су қоймаларындағы процестермен бірге; абразионды және
эрозионды - ӛзендерде; таулы алқаптар мен таулы облыстардағы эрозионды-селді
кӛшкіндермен бірге - карсты және суффизионды, қарлы және қарлы-тасты кӛшкіндер.
|