ҚР ЕЖ 1.01-101-2014
46
3.620
Волластонит (тау жынысы):
Ақ минерал Ca
3
[Si
3
O
9
]; тұтқыр керамиканы,
сондай-ақ арнайы жоғарыжиілікті радиокерамиканы, фаянсты, фарфорды, цементтер мен
оқшауландырғыштарды ж.т.б. ӛндіру үшін қолданылады.
3.621
Асбестоцемент табағының толқыны:
Асбестоцементті толқынды табақтың
толқын қадамына орай жасалған бірінен бірі тең мӛлшерде болатын шектеулі бӛлігі.
3.622
Толқынды асбестоцементті табақ:
Негізгі нысаны дӛңес және еңіс телімдердің
кезектесе қайталанып отыратын ұзына бойы тігінен жасалған толқындары бар
асбестоцементті табақ.
3.623
Толқын тосқы, брекватер:
Порт айдыны мен рейдтік айлақтарды, порт
арналары мен шлюздарына немесе жағалау телімдеріне келетін жолдарды толқындар
әсерінен қорғауға арналған гидротехникалық имарат.
3.624
Волюта:
Ортасында спираль түрінде оралған шеңбері бар сәулет сарыны; сүйрік
ӛрнектер ұстыны әсембағанының сипатты бӛлігі.
3.625
Тҧтану:
Материалдың жалынның пайда болуымен ілесе отырып жануы.
3.626
Достарыңызбен бөлісу: |