«Арнайы психология және педагогика» пәнін оқыту бойынша
050503 – Педагогика және психология мамандығының күндізгі оқу формасында оқитын студенттеріне арналған
Бағдарлама 200_ ж. «____» _________ бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әзірленген
Кафедра отырысында ұсынылды «___»____________200_ ж.
№_____ хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________________ Е.И. Бурдина
Филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесімен құпталды «_____»______________200_ ж. №____ хаттама
ӘК төрайымы ___________________________ Е.Н. Жуманкулова
КЕЛІСІЛДІ
Кафедра меңгерушісі ____________________ Е.И. Бурдина
«_____»___________________200_ ж.
Оқытушы туралы мәлімет және байланысу жөніндегі ақпарат
Оқытушы – Галиева Бахыт Хасеновна, педагогика ғылымдарының кандидаты, психология және педагогика кафедрасының доценті .
Психология және педагогика кафедрасы Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64 мекенжайындағы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «А» корпусындағы 149-аудиторияда орналасқан, байланыс телефоны 8(7182)673685 (ішкі нөмір 139).
Пән туралы мәлімет
Пәннің еңбек сыйымдылығы
Семестр
|
Несие саны
|
Аудиториялық сабақтардың түрлері бойынша сағаттардың саны
|
Студенттің өздік жұмысы сағаттарының саны
|
Бақылау формасы
|
барлығы
|
дәріс
|
тәжірибелік
|
зертханалық
|
студиялық
|
жеке
|
барлығы
|
СӨЖМ
|
4
|
3
|
135
|
30
|
15
|
|
|
|
90
|
15
|
емтихан
|
Курс компоненттері
Кіріспе
Дамуында әртүрлі мәселелері бар балаларға кешенді көмек көрсетудің бір жағы жалпы және арнайы білім беру жүйесін жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету болып табылады. Дамуы мен мінез-құлқында ауытқулар мен кемістіктер кездесетін балалардың санының өсуі, әлеуметтік депривацияға және мектептік дезадаптацияға ұшыраған жасөспірімдердің көбеюі, Қазақстан Республикасында инклюзивтік білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы педагог-психологтарды даярлау жүйесіне «Арнайы психология және педагогика» оқу пәнін енгізу қажеттілігіне әкеліп соқты.
Арнайы психология және педагогика саласы мамандарын даярлау бағдарламасын іске асыру маңыздылығы бірқатар факторлармен шартталып отыр, оның ішінде ең бастылары мыналар: мектептердің осы саладағы жоғары білікті мамандарға сұранысы; даму ауытқұлары бар балаларды қалпына келтірудің және біріктірудің әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру; арнайы білім берудің өзгеріп тұратын әлеуметтік-экономикалық жағдай мен нақты аймақтың қажеттіліктеріне икемделе алу мүмкіндігі. Сонымен қатар, арнайы білім берудің қолданыстағы мазмұнының шеңберінде оқытуды ұйымдастырудың инновациялық және вариативті формаларын, әдістері мен құралдарын пысықтау және енгізу; даму ауытқулары бар балаларға әр түрлі жастық шақ кезеңдерінде көмек көрсету жүйесін жасау; жалпы тұрпаттағы мекемелерде даму кемістігі бар балаларды топтастырып біріктіру үшін көрсеткіштерді анықтау тәрізді міндеттерді теориялық-әдіснамалық деңгейде шешуге қабілетті мамандарға деген сұраныс артуда.
Арнайы психология және педагогика курсы педагог-психологтың ой-өрісін кеңейтеді, оны орнын толтыру және түзету-дамыту сыныптарында ғана емес, сонымен қатар жалпы мектептің жалпы білім беру сыныптарында да оқитын ми қызметтерінің жеңіл тұрпаттағы ауытқуларымен, жеке психикалық процестердің толық дамымағандығымен, сөйлеу кемістіктерімен, эмоциялық-еріктік аясының жетілмегендігімен, соматикалық әлсіздігімен, қозғалыстық тежелудің шегіндірілуімен, қоршаған орта туралы елестер корларының шектелгендігімен, жұмыс қабілеттілігінің төмендігімен, оқу-танымдық іс-әрекетінің операциялық компоненттерінің қалыптаспағандығымен, сондай-ақ педагогикалық қараудан тыс қалуымен сипатталатын балалармен жұмыс істеуге даярлайды.
Пәннің мақсаты: болашақ педагог-психологтарды арнайы психология және педагогика саласында кәсіби іс-әрекет жүргізуге даярлау.
Пәннің міндеттері:
арнайы және инклюзивтік білім беру саласындағы білім саясатының теориялық негіздерін зерделеу;
даму ауытқулары бар балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеу;
даму ауытқулары бар балаларға арнайы көмек көрсету жүйесінің психологиялық-педагогикалық негіздерін анықтау;
арнайы және инклюзивті білім беру мекемелерінің іс-әрекетінде тұлғалық келіс идеясын іске асыру шарттарын зерделеу;
студенттердің даму ауытқулары бар балалармен диагностикалық, психокоррекциялық, психореабилитациялық жұмыс жүргізу бағыттары туралы білімдерін қалыптастыру;
тұтас педагогикалық процесте даму ауытқулары бар балаларға айрықша қөзқараспен қарау түсінігін қалыптастыру;
осындай балаларды түзетушілік-дамытушылық оқытудың тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгеру.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер мыналарды білуі қажет:
балалардың психофизикалық және тұлғалық дамуындағы бастапқы, туынды және кешенді ауытқулардың пайда болуы мен дамуын;
даму ауытқулары бар балалардың психофизикалық және тұлғалық даму ерекшеліктерін;
арнайы және инклюзивті білім беру жүйесі жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер мыналарды істей білуі қажет:
теориялық білімдерді тәжірибе жүзінде іске асыруды;
даму ауытқулары бар балалармен диагностикалық, реабилитациялық және түзету-дамыту жұмысын жүргізу біліктері мен дағдыларын меңгеруді;
даму ауытқулары бар балаларға арнайы және инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық-педагогикалық жетекшілік етуді.
Пререквизиттер:
Педагогикалық мамандыққа кіріспе, психологиялық мамандыққа кіріспе, жалпы психология, педагогика, даму психологиясы, әлеуметтік психология.
Пәннің тақырыптық 7.18.2/07 ПМУ ҰС Н
жоспары нысаны
1. ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
1.1 ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
(ЖОБ негізінде күндізгі, 2008 ж. оқуға түскендер үшін)
|
№ п/п
|
Тақырыптардың атауы
|
Сағат көлемі
|
Дәріс
|
Тәж.
|
СӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
6
|
1
| |
Достарыңызбен бөлісу: |