МАЗМҰНЫ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР……………………………………................................................................3
2. ТЬЮТОРЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ МАҚСАТЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ.................3
3. ТЬЮТОР МЕН ТӘЛІМГЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ...........................................................................4
4. ТЬЮТОРДЫҢ АТҚАРЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ ............................................................................4
5. ТӘЛІМГЕРДІҢ АТҚАРЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ ..........................................................................5
6. БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ .............................................................................................................6
7. ТЬЮТОРЛАР МЕН ТӘЛІМГЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ..........................................................................6
8. ТЬЮТОР ҚЫЗМЕТІН МАТЕРИАЛДЫҚ ТҰРҒЫДА ЫНТАЛАНДЫРУ.................................6
9. ТЬЮТОРЛАР МЕН ТӘЛІМГЕРЛЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ..................................................7
10. УНИВЕРСИТЕТ ТЬЮТОРЛАР КЕҢЕСІ .....................................................................................7
11. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР...........................................................................................................7
|
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1) Тьюторлық және тәлімгерлік қызмет туралы ереже (бұдан әрі мәтінде – Ереже) ішкі нормативтік құжат болып саналады. Бұл Ереже, Қазақстан Республикасы заңдары, Университет Жарғысы мен нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Денсауық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі мәтінде «Университет») тьюторлық және тәлімгерлік қызметінің тәртібі мен ұйымдастырылуын реттейтін нормаларды қабылдап, құжат түрінде бекіту мақсатында енгізілген.
Бұл Ереже тьюторлар мен тәлімгерлер қызметінің негізгі талаптарын, міндеттерін және ұйымдастыру тәртібін, сонымен қатар, олардың міндеттері мен құқықтарын анықтайды.
Болашақ дәрігерлерді кәсіби дайындау жүйесінде студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысы ЖОО қызметіндегі басымды бағыттарының бірі ретінде қарастырылады және оқыту мен тәрбиенің тұтастығын қамтамасыз ету, білім беру мен тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында әрбір академиялық топқа тьютор немесе тәлімгер бекітіледі.
Осы Ереже бойынша «тьютор немесе тәлімгер», академиялық топқа жетекшілік ететін, білімгерлердің университет қабырғасында оқу бағдарламаларын игеруін қадағалап, жеке тұлға ретінде қалыптасуына және кәсіби дамуына ықпал ететін, білім беру мен тәрбие саласына қатысты әдістемелерді игерген, білімді, кәсіби және адамгершілік қасиеттері жоғары тәжірибелі оқытушы деп түсінеміз.
Тьюторлық қызмет – бірінші курс студенттерінің университет қабырғасындағы өмірге тез, еш кедергісіз бейімделуге жағдай жасауға бағытталған тәрбие жұмысының түрі.
Академиялық топтардағы тьюторлық қызмет 1 және 2 курс білімгерлерінің арасында, ал тәлімгерлік 3 курс пен 7 курс бойынша тағайындалады.
Тьюторлардың ең басты міндеттерінің бірі – 1-2 курс студенттеріне студенттік өмірге тез және еш кедергісіз бейімделуге, өз құқықтары мен міндеттерін бағдарлауға үйрету, университеттегі оқу және оқудан тыс үдерісін ұйымдастырумен танысуға көмектесу, ұжымды біріктіру және топта қолайлы жағдай жасау.
Ал, 3-7 курс тәлімгерлері – кәсіби өзін-өзі тани білуін, қызығушылықтары мен қызмет түрлеріне қабілеттілігін анықтау, кәсіби өмірін бағдарлау, қазіргі еңбек нарығының өзгешеліктері туралы мағлұмат беру.
9) Аға тәлімгердің міндеті – университет факультеттеріндегі тәрбие жұмыстарын үйлестіру.
10) Тьютор немесе тәлімгер, университеттегі оқу барысында үйлесімді дамыған тұлғаның қалыптасуына бағытталған студенттің жеке білім алуын қолдап, іс жүзінде жүзеге асыруға септігін тигізеді. Соған қарамастан, тьюторлық қызметтің қолдану аясы әр түрлі сан-саналы, жан-жақты, олардың барлығы негізгі ашықтық, үздіксіздік және дараландыру принциптерін ұстанады.
2. ТЬЮТОРЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ МАҚСАТЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
1) Университетте тьюторлық және тәлімгерлік қызметті ұйымдастырудың басты мақсаты білім кеңістігінде әрбір білімгерді жеке жетекшілікке алу.
2) Университет оқытушысының тьюторлық және тәлімгерлік қызметі, оның кәсіби қызметінің маңызды бір көрсеткіші болып табылады және ол рейтингте көрсетіліп, жыл сайын аттестациядан өту кезінде немесе келесі оқу жылына жеке еңбек келісімшартқа отырған кезде ескеріледі.
3) Тьютор немесе тәлімгер өз қызметінде мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешеді:
болашақ дәрігер ретінде қоғам алдында азаматтық кемелдену мен жауапкершіліктерін қалыптастыру;
студенттердің университетте оқу жағдайына бейімделуіне көмек ұйымдастыру мен туындаған мәселелерін шешу және кәсіби қызметіне оларды дайындау;
студенттерді ішкі оқу тәртібінің ережесімен таныстыру және оның сақталуын бақылау;
студенттік ортада ұжымды қалыптастыру және дамыту, топта қолайлы адами-психологиялық жағдаймен қамтамасыз ету, болашақ мамандарды дайындау үшін ұтымды жағдай жасау;
болашақ мамандардың жауапкершілігін, бастамашылдығын, дербестігін, шығармашылық қабілеттілігін дамыту;
кәсіби құзіреттілікке сәйкес студенттердің жан-жақты мәдени және рухани-адамгершілік дамуы;
студенттерде салауатты өмір салтының артықшылығын қалыптастыру.
4) Тьютор мен тәлімгерлер атқаратын жұмыстарына Университет Жарғысы, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ түлегінің тұлға ретіндегі қалыптасу моделі, тьюторлық және тәлімгерлік қызмет туралы Ереже және басқа да нормативті құжаттарды жетекшілікке алады.
5) Тьюторлық және тәлімгерлік қызметті үйлестіру, бақылау мен мониторинг жүргізуді тиісті деканаттар тьюторлар Кеңесімен бірлесіп атқарады, ал тьютор мен тәлімгерлердің жұмыстарын әлеуметтік-тәрбие жұмыс жөніндегі басқарма (ӘТЖБ) бағалайды.
3. ТЬЮТОР МЕН ТӘЛІМГЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
1) Академиялық топтың тьюторы мен тәлімгері құқылы:
2) Ұсыныстар жасауға:
студенттердің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, оқу және өндірістік тәжірибелерін ұйымдастыруда, жатақханадағы мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстар беруге;
университет пен факультеттің оқу және қоғамдық өміріне қатысушы белсенді студенттерге университетте бекітілген ынталандыру (мадақтау) түрлеріне сәйкес ұсыныс беруге;
студенттер жайында қажетті барлық ақпараттарды деканаттан алуға;
топ студенттерінің ата-анасы және туыстарымен қарым-қатынас орнатуға;
топтағы студенттердің жеке істері (шәкірт ақыны тағайындау, әкімшілік және қоғамдық әр түрлі шараларды қолдану, университеттен шығару) бойынша әкімшілік және қоғамдық ұйымдарының шешім шығаруы мен қабылдануына қатысуға;
студенттік өзін-өзі басқару органдарының жұмысына қатысуға, олардың қызметін жақсартуға ұсыныс жасау, топ студенттерін осы органдардың жұмысына қатысты шұғыл тапсырмаларды орындауға тарту, студенттік өзін-өзі басқару органдарына сайлау кезінде үміткер студенттерді ұсынуға;
«Жылдың ең үздік тьюторы», «Академиялық топтың ең үздік тәлімгері» байқауларына қатысуға, осы ережеге сәйкес атқарған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.
4. ТЬЮТОРДЫҢ АТҚАРЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
1) Тьютор міндетті:
оқу жылының басында студенттерге университеттің ішкі оқу тәртібі ережесі, ҚазҰМУ студентінің Ар-ождан Кодексімен және ҚР ҒБМ нормативтік-құқықтық актілері мен мемлекеттік жастар саясаты заңымен таныстыруға;
студенттерді университеттің қалыптасу тарихымен, қызметінің басты бағыттары, дәстүрлері мен құндылықтарымен таныстыру, ҚазҰМУ тарихы мұражайына экскурссия ұйымдастыруға;
студенттерге ақпарат беруге:
университетте жұмыс жасайтын қоғамдық ұйымдар, студенттік шығармашылық үйірмелер, спорттық секциялар, клубтар және т.б.;
кітапхана жұмысы мен кітапхана қорын пайдалану тәртібі туралы;
пәнді игеруді аяқтағаннан кейін университет кітапханасына оқулықтарын уақытында дер кезінде қайтаруын бақылауға;
білім беру бағдарламаларын игеру бойынша қызметті ұйымдастыруға;
универитетте оқуға бейімделуі қиындыққа түскен студенттермен жеке жұмыс жүргізуге;
студенттің сабаққа келмеу себебін анықтап, оған қатысты шара қолдануға, электрондық журнал мәліметтері бойынша студенттердің сабаққа қатысу мониторингін жүргізуге;
студент портфолиосы мен топ рейтингін уақытында және дұрыс толтырылуын бақылауға;
сессия соңында портфолиодағы студенттердің деректерін өңдеп, топтың жиынтық тізімдеме-
сін тиісті деканатқа өткізуге;
студенттердің ата-анасымен қарым-қатыныс орнатып, байланыста болуға, балаларының сабаққа келмеу себептері мен оқу жетістіктері туралы мәліметтерді уақытында құлағдар етуге;
шетелдік студенттердің ҚР жерінде келуі мен тұру тәртібін сақтау бойынша бақылауға;
студенттерді мемлекеттік және шетел тілдерін оқуға тартуға;
студенттердің оқу ақысын төлеуін қадағалауға;
шетелдік студенттерге жаңа әлеуметтік-тұрмыстық жағдайға бейімделуіне көмек көрсетуге;
шетелдік студенттерді университет қоғамдық өміріне араластыруға;
студенттерді еріктілер қозғалысына дағдыландыруға;
жетекші топ студенттерінің оқудан тыс уақытын әртүрлі шараларға тарту, театр, мұражайларына апару және т.б. жолдармен жоспарлау және ұйымдастыруға;
әр студенттің материалдық және отбасылық жағдайынан хабардар болуға, сонымен қатар, оның рухани ізденістері, жеке тұлғалық ерекшіліктері, бейімділіктері мен қызығушылықтарын білуге;
студенттердің жатақханадағы өмірі, тұрмысымен танысу, олардың тұрғылықты орны жайында хабардар болу үшін ай сайын жатақханада тұратын студенттерге мақсатты түрде барып тұруға (ескертпе: шетелдік студенттерге 10 күнде бір рет);
жетекші топта оқитын жағдайы төмен отбасыдан шыққан, жетім, мүгедек студенттерге ерекше көңіл аударып, жәрдем беруге;
жетекші топта оқитын студенттердің денсаулығы, «Д» есебінде тұратын студенттер жайында хабардар болуға;
туберкулез, нашақорлық, темекі тарту, ЖҚТБ, соз аурулары және т.б. алдын алу жайында әңгімелер өткізу, сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстануды, спортпен айналысуды белсенді насихаттауға.
5. ТӘЛІМГЕРДІҢ АТҚАРЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
1) Тәлімгерлер міндетті:
студенттерді инновациялық, ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстарға тарту;
студенттердің кәсіби және ғылыми жұмыстарында шетел тілінде еркін сөйлеу ұмтылысына ықпал етуге;
студенттерді университеттік ұжымдыққа, құндылықтар мен дәстүрлерге араластыру;
университет басты құндылықтарын сақтау мен арттыру бойынша іс-шараларды өткізуде студенттердің танымдық іс-әрекеттерін жандандыру;
басты құндылық бағдары негізінде студенттердің әлеуметтік-кәсіби жауапкершілігін дамыту;
болашақ маманның тұлғалық қасиетін жоғары мәдениет пен дүниетанымын қалыптастыру;
таңдаған кәсібіне бейімделу, кең көлемдегі әлеуметтік тәжірибе жинақтау және белсенді өмірлік көз қарасын тұрақтандыруда студенттерге психологиялық-педагогикалық, консультативтік, ұйымдастырылған көмек көрсетуге;
студенттер кәсіби қызметінде болашақ пациент мен әріптестерімен қарым қатынастарына коммуникативтік құзіретін дамыту;
студенттерді еріктілер қозғалысына және әлеуметтік жобаларға тарту;
студенттерді бейәлеуметтік тәртібінің алдын алу жұмыстарына тарту және қалалық және республикалық деңгейде салауатты өмір салтын (СӨС) насихаттауға.
2) Тьютор немесе тәлімгер келесі құжаттарды жүргізуге міндетті:
тьютор немесе тәлімгер күнделігі;
жұмыс жоспары;
есептер: ағымдағы мәліметтер (ай сайынғы), тоқсандық және жылдық.
3) Тьютор мен тәлімгер жұмыстарының негізгі принциптері:
кәсіптілік;
заңдылық;
жауапкершілік;
толеранттылық;
жол ашықтық, қол жетерлік.
6. БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ
1) Тьютор мен тәлімгерлерге қойылатын біліктілік талаптары:
жоғары кәсіби (педагогикалық) білім және университеттегі жұмыс өтілі 3 (үш) жылдан кем болмауы керек;
атқаратын қызметі аясында және құжаттармен жұмыс жүргізгенде мамандығы бойынша мемлекеттік (шетел) тілді толық қолданылу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, мемлекеттік және өзге де кең тараған шетел тілдерін кәсіби деңгейде білуі тиіс;
педагогикалық, ғылыми және басқару қызметтерінде тәжірибелері болғандардың артықшылығы бар;
2) Негізгі қызметтік талаптары:
белсенділік, тіл тапқыштық, жоғары ұйымдастырушылық қабілеттерінің болуы;
өзінің қызметін атқаруға қажетті білімінің және кәсіби дағдыларының болуы;
Университеттің штаттық қызметкері.
7. ТЬЮТОРЛАР МЕН ТӘЛІМГЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ
Тьютор мен тәлімгерлердің іріктеуі жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес тиісті факультет декандарымен жүргізіледі де, ректордың, ал аға тьюторлар тиісті факультет декандардың бұйрығымен келесі оқу жылына тағайындалады.
8.ТЬЮТОРЛАРДЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ТҰРҒЫДАН ЫНТАЛАНДЫРУ
Студенттермен жүргізген сапалы жұмыстары, оқу, ғылыми, қоғамдық және тәрбие жұмыстары бойынша жетекшілік ететін студенттердің көрсеткен жақсы көрсеткіштері үшін тьютор мен тәлімгерлер Университеттің Тарифттік кеңесі шешімі негізінде бекітілген көтермелеу түрлерін (ынталандыру төлемі) алуға ұсынылуы мүмкін.
9. ТЬЮТОРЛАР МЕН ТӘЛІМГЕРЛЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
1) Осы ережеде жүктелген тьюторлар мен тәлімгерлердің міндеттері мен қызметінің сапалы және уақытында орындалуына, атқаратын қызметінің барлық бағыты бойынша жұмыс жоспарының орындалуына және де тьюто рлар мен тәлімгерлердің тиімді жұмыс жасауына жағдай туғызуға тиісті факультет декандары жауапты болады.
2) Осы ереже бойынша оларға жүктелген жұмыстардың сапалы орындалуына әр тьютор мен тәлімгерлер жеке дара жауапты болады.
10. УНИВЕРСИТЕТ ТЬЮТОРЛАР КЕҢЕСІ
1) Университет тьюторлар кеңесі факультеттің аға тьюторлары мен тәлімгерлерінің жұмысын үйлестіріп, әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.
2)Университет тьюторлар кеңесі құрамына факультеттің аға тьюторлары мен тәлімгерлері, студенттердің әлеуметтік-тәрбие жөніндегі басқарма қызметкерлері кіреді.
беттің беті
Достарыңызбен бөлісу: |