Шығармашылық рефлексия – мақсатқа жету нәтижесі, қорытынды ғана емес, жаңа білім мен жаңа мақсаттарға бастама, жекетұлғалық құндылық сапаларын қалыптастыруда және өзіндік даму бағытын айқындауда, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық іс-әрекетте ішкі жан дүниесі ресурстары арқылы ой қорытуы.
Рефлексияның тиімділігі, оқушы үшін: оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды; оқушының қажеттілігін білу; оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады; білім беру барысының сапасын жақсарту; нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады; оқушы өз-өзіне баға бере алады; білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды. Мұғалім үшін: ақпаратпен күнделікті жұмыс жасалады; оқушының шығармашылыққа деген ынта-жігері артады; әрбір оқушының пікіріне құлақ түру; пәндік білім сапасы артады; өзіндік сын қалыптасады; сыни ойлауға жетелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |