Жауап парағы:
Студент: Маратов Нұрбол
Институт: Жаратылыстану
Оқу тобы: М-21-21
Оқу пәні: Конструктивті оқыту әдістемесі
Табыс критерийлері
Табыс критерий – оқыту міндеттеріне қол жеткізуде «ЖЕТІСТІККЕ АПАРАТЫН ҚАДАМДАРДЫ» көрсетеді, негізгі білімдерін бекіту үшін сабақ бойы қолданылады. Табыс критерий нақты және 2-3 –ден аспау керек.
Табыс критерийлері – мұғалімдердің оқушыларға нені оқығандарын нақты тұжырымдауға көмектесу үшін пайдаланатын және оқушылармен олардың жұмысы туралы диалогқа және өзара іс-қимылға негіз бола алатын өтініштері
Жұппен жұмыс істеу кезінде сыныптастарды бағалау және өзін өзі бағалау – бұл балалардың бір-бірінің жұмыстарына немесе өз жұмысына жай баға қоюдан біршама өзгеше. Оқыту үдерісін жақсарту үшін бұл әрекет балаларды өз жұмыстарының сапасына қатыстыруы және оны қалай жақсартуды ұғынуына көмектесуі тиіс.
Сыныптастарын бағалау балаларға бір-біріне құнды кері байланыс ұсынуға мүмкіндік береді, осылайша, олар бір-бірінен үйренеді және бірін-бірі қолдайды. Бұл оқыту үдерісінің бағалы өлшемін ашады: қарым-қатынас жасау, талқылау, түсіндіру және бір-бірін тартысқа шақыру мүмкіндігі балаларға дербес оқу шегінен шығатын әрекетке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сыныптастарын бағалау өзін өзі бағалау қабілетін дамытуға көмектеседі, ол балаларға өз прогресі үшін үлкен жауапкершілік алуға көмектесе отырып, тәуелсіз оқуға ықпал етеді.
Табыс критерийі – бұл мұғалімдер мен оқушылардың оқыту мақсатына қол жеткізу дәлелдерін иеленулеріне мүмкіндік беретін нұсқаулар.
Сыртқы жиынтық бағалау үшін емтихан жұмыстары да бағалау критерийлерін – бағалау саласын қамтиды, соған сәйкес оқушының емтихан
жұмысын қаншалықты жақсы орындағаны талқыланады.
Емтихан жұмыстарындағы бағалау критерийлері балл шығару дескрипторлары мен сұлбасын қамтиды. Дескрипторларда - оқушыдан белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін күтілетін қызмет түрін қысқаша сипаттау, балл қою схемасы - нұсқаулық, әрбір сұрақ үшін балл саны мен балл беруді сипаттау нақты көрсетілген. Бағалау критерийлерін пайдалану емтихан жұмысының қандай мектепте орындалғанына қарамастан барлық оқушылардың жетістіктерін бағалаудың тәсілдерін стандарттауға мүмкіндік береді, бұл объективті және ашық бағалауға қол жеткізеді.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жүргізу кезінде мектеп мұғалімдері модерация үдерісін іске асырады – бұл бірыңғай стандартталған тәсілді жасау мақсатында бір пән және сынып бойынша оқушының нәтижелерін талқылау. Модерация курстық, практикалық жұмыстарды бағалау, сыртқы жиынтық бағалауда тілдік пәндер бойынша «сөйлеу» дағдысын бағалау нәтижелері кезінде пайдаланылады.
Оқушылардың қалыптастырушы және жиынтық бағалауларының нәтижелерін жинақтау үшін оқыту мақсатында қол жеткізілгенін дәлелдеу ретінде оқушының портфолиосы пайдаланылады. Оған оқушының жұмысы, оны бағалау критерийлері, өзін-өзі бағалау қорытындылары, мұғалімнің пікірлері ме ұсынымдары жапсырылады. Портфолио оқушының оқудағы жетістігі туралы ата-аналармен кері байланыс жасау үшін қолданылады.
2011 – 2012 оқу жылы Зияткерлік мектептерде критериалды бағалау жүйесін апробациядан өткізудің бірінші кезеңі өтті: физика матемактикалық бағыттағы 7 сыныптарда және химия биологиялық бағыттағы 8 сыныптарда.
2011 жылғы 16 тамыздағы №9 НЗМ ДБҰҰ Басқарма шешімімен келесі құжаттар әзірленіп бекітілді:
«Назарбаев зияткерлік мектептері оқушыларының жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізу тұжырымдамасы».
«2011/2012 оқу жылына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің физика математикалық бағытындағы 7 сынып және химия биологиялық бағыттағы 8 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау ережесі».
Барлық мектептерде оқу жылының басында критериалды бағалау жүйесін апробациялау туралы бұйрықтар шығарылып, директор орынбасарын жауапты ретінде тағайындады.
Астана қ. Зияткерлік мектебінің барлық сыныптарында критериалды бағалауды апробациялау жүзгізілды, және жаңа бағалау жүйесінің барлық негізгі элементтері көрсетілген бағалау саясаты әзірленді. Астана қ. ФММде бірінші тоқсанда жүргізілген апробация қорытындысының нәтижесінде Педагогикалық кеңестің шешімімен 2 тоқсанна бастап 5 және 8 сыныптарда бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді.
Әрбір мектептің әдістемелік ұйым отырыстарында жиынтық бағалауды жүргізудің кестесі бекітілді.
Апробациялауды жүргізу барысында критериалды бағалау технологиясын жетілдіру бойынша келесі жұмыстар жүргізілді: халықаралық эксперттер кеңестер, семинарлар өткізді, өткізілген апробация қорытындылап, есептер
дайындады, жағымды жақтары мен туындаған қиыншылықтары талданды, жаңа оқу бағдарламаларында көрсетілген күтілетін нәтижелер, оқыту мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып бағалау критерийлері пысықталды, Бағалау тұжырымдамасы мен Ережесіне өзгерістер енгізілді.
2012 – 2013 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап Зияткерлік мектептерде критериалды бағалау жүйесін апрбациялаудың екінші кезеңі басталды (2- кесте). Апробацияның бірінші кезеңі нәтижесі негізінде нормативті құжаттарға, критерийлерге және бағалау шкаласына өзгерістер енгізіліп, жаңа құжатардың түрлері енгізілді, олар: потрфолио, модерация, оқушылардың жетістіктері туралы есеп.
Ішкі жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс топтары құрылды. Тәуелсіз халықаралық ұйыммен оқу жетістіктерінің сыртқы жиынтық бағалауы апробациядан өткізілді.
2013 – 2014 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап критериалды бағалау жүйесін енгізудің төртінш кезеңі басталды (2-кесте). Критериалды бағалау моделі оқыту 2012 жылғы Кіріктірілген оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылатын сыныптарда. 2012-2013 оқу жылында жүргізілген апробацияның қорытындысында нормативтік құжаттарға, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізілді.
Ішкі жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс топтары құрылды. 11 және 12 сыныптарда сыртқы жиынтық бағалау жүргізілді.
Төртінші кезең – 2014 – 2015 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап – критериалды бағалау жүйесін; сырттық жиынтық бағалау енгізу.
Беінші кезең – 2015 – 2016 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап критериалды бағалау жүйесін; сырттық жиынтық бағалау енгізу.
Әрбір кезеңнен кейін нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, критериалды бағалау технологиясын енгізу бойынша мұғалімдерге арналған әдістемлік нұсқаулықтар жетілдіріледу.
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.
Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамытуолардыңбұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, құрдастарынан және оқулықтан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі оны дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерініңбілімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейтінін тілге тиек етеді.
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.
Сындарлы оқытудың жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой-пайымы мен негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар баламалы шешімдерді білуін де қамтиды.
Мұғалім ұстанымы
Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Социологтар оны негізгі құндылық есебінде атап көрсетеді. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады. Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке тұлғаның ерекше «білім беру сызбалары» құралады. Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен де гөрі ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді.
Алайда, тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін. Егер де дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек.
Тиімді оқыту
Оқытудың кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөздің мағыналық анықтамасы нақты емес, екіұшты болып шығады. Мұғалімдік қасиет – күрделі феномен, оның мазмұны мен өлшем құралдары жайында бірыңғай пікір жоқ. Мұғалімнің жұмысының тиімділігін анықтау өлшемі жөнінде түрлі пікірлер бой көтереді: ол мұғалімнің жетістіктері (біліктілігі, т.б.), оқыту үдерісі (оқыту әдістері, тәсілдері және т.б.), оқыту нәтижесі (оқушының білім алуына ықпал ету, т.б.) немесе жоғарыда аталған барлық факторлардың жиынтығы болуы мүмкін деген ойлар да орын алуда.
Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы. Мұғалімнің касиеттерін бағалау барысында бағалаушы факторлар жиынтығын пайдалана отырып, қасиетті өзінше түсіндіріп беретіндігін ұғыну қажет.
Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал.
Достарыңызбен бөлісу: |