ҚР ҚН 1.03-00-2022
23
азаматтық қорғау саласындағы заңнамасымен реттеледі және бұл үшін бұзу туралы шешім
алу талап етілмейді.
7.4.21
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан кейін
жылжымайтын мүлік объектісі ретінде мүліктің жұмыс істеуін тоқтату азаматтық қорғау
саласындағы органдар берген тиісті құжаттың және ғимараттар мен құрылыстардың
сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру жөніндегі сараптамалық қорытындының
негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясында (бұдан әрі –
Тіркеуші орган) жүзеге асырылады.
7.4.22 Мүлік иесі мүліктің жылжымайтын мүлік объектісі ретінде жұмыс істеуі
тоқтатылған кезде үш жұмыс күні ішінде сәулет және қала құрылысы саласындағы
жергілікті атқарушы органды жазбаша хабардар етеді.
7.4.23 Иесіз жылжымайтын мүлікті есептен шығару кезінде Тіркеуші орган үш жұмыс
күні ішінде сәулет және қала құрылысы саласындағы жергілікті атқарушы органды
жазбаша хабардар етеді.
7.4.24 Объектіні бұзу инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша
қызмет көрсетушілермен Берілген шарттарға сәйкес сыртқы инженерлік желілерден
объектіні ажыратқаннан кейін және ЖӨЖ сәйкес жүзеге асырылады.
7.4.25 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 1-тармағында көрсетілген
объектілер бойынша ЖҚЖ талап етілмейді.
7.4.26 Объектіні бұзу барысында адамдардың өміріне немесе денсаулығына, жеке
немесе заңды тұлғалардың мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алуға
бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданады, сондай-ақ уақытша қоршауларды, кірме
жолдарды орнату және құрылыс қоқыстарын кәдеге жарату жөніндегі іс-шараларды
қарастыру қажет.
7.4.27 Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін тапсырыс беруші
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарды хабарлама нысанына
және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларына сәйкес құрылыс-
монтаждау жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы,
сондай-ақ Хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды
айқындау туралы хабардар етеді.
7.4.28 Ғимараттар мен құрылыстарды бөлшектеуден және бұзғаннан кейін (кейіннен
кәдеге жарату) осы құрылыс нормасының Ж-қосымшасына сәйкес сәйкес ғимараттар мен
құрылыстарды бұзу актісі жасалады.
Ғимараттар мен құрылыстарды бұзу актісі сәулет және қала құрылысы саласындағы
функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарда міндетті есепке алынуға
жатады.
Жылжымайтын мүлік объектісін бұзуға байланысты құқықтың тоқтатылуын
мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші немесе өтініш берушінің уәкілетті өкілі тіркеуші
органға жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша сәулет және қала
құрылысы саласындағы жергілікті атқарушы органда есептік тіркеуден өткен ғимараттар
мен құрылыстарды бұзу актісін қоса бере отырып, құқықтың тоқтатылуын тіркеу туралы
өтініш береді.
Достарыңызбен бөлісу: