ҚР ҚН 1.03-00-2022
6
4 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
4.1 Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) және мердігердің (бас мердігердің)
негізгі құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы
және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған.
4.2 Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметі
мен функциялары тапсырыс
берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру
қағидаларымен регламенттеледі.
4.3 Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) және мердігер (бас мердігер) құрылыстағы
мердігерлік жұмыстарға байланысты (құрылысқа арналған жобалау, іздестіру, сараптама,
зерттеу жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырмаларды тапсырыс
бойынша өндіруді қоса алғанда) қатынастардың негізгі қатысушылары болып табылады.
4.4 Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының)
базалық функциясы шарт
(келісімшарт) негізінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін мердігерді (бас
мердігерді) анықтау және тарту болып табылады. Тапсырыс берушінің (құрылыс
салушының, инвестордың не оның уәкілетті адамының) мердігерлік жұмыстарды орындау
және шарт (келісімшарт) жасасу үшін мердігерді (бас мердігерді) таңдауы «Қазақстан
Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
4.5 Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) объектілер құрылысының қаржы қаражатына
иелік етуші болып табылады. Құрылыс процестерінде оларды орындау мерзімдерін сақтай
отырып, мердігер (бас мердігер) орындайтын жұмыстардың барысын жалпы бақылауды
Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) жүзеге асырады.
4.6 Объектілерді салу кезінде жалпы ұйымдастыру-техникалық дайындық Тапсырыс
беруші (құрылыс салушы) мен мердігер (бас мердігер) арасындағы мердігерлік Шартқа
сәйкес орындалады.
4.7 Құрылыс өндірісін ұйымдастыру кезінде құрылыс
ұйымына мынадай талаптар
қойылады:
Тапсырыс берушіге мердігерде (орындаушыда) ол орындайтын барлық жұмыс
түрлеріне, оның ішінде егжей-тегжейлі бөлуді қоса алғанда, геодезиялық бөлу
жұмыстарына
нормативтік
құқықтық,
нормативтік-техникалық,
технологиялық
құжаттаманың, нұсқаулықтардың, технологиялық карталардың
және тағы басқалардың
болуы туралы ақпаратты ұсыну;
Тапсырыс берушіге мердігерде (орындаушыда) құрылыс процесінде міндетті
бақылаудың барлық түрлеріне егжей-тегжейлі әзірленген құжатталған рәсімдердің болуы
туралы ақпаратты ұсыну;
жұмысты орындаушыда өз күшімен дайындалатын материалдар мен бұйымдардың
сапасын бақылау және кіріс бақылау кезінде материалдар мен бұйымдарды сынауды
орындауға арналған зертхананың болуы, сондай-ақ мердігердің зертханасы орындамайтын
сынақтардың түрлерін орындауға тәуелсіз зертханамен шарттардың болуы;
жұмыстарды Орындаушының қызметтері мен бөлімшелерінің
өлшем бірлігін
қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің, сондай-ақ қажетті мемлекетаралық және ұлттық
стандарттардың талаптарына сәйкес келетін қажетті метрология құралдарымен, сынақ
жабдығымен, өлшемдерді және сынақтарды бақылау әдістемелерімен жарақтандырылуы,
оның ішінде:
МемСТ 26433.0-85 «Құрылыстағы геометриялық параметрлердің дәлдігін қамтамасыз
ету жүйесі. Өлшеулерді орындау ережелері. Жалпы ережелер»;
ҚР ҚН 1.03-00-2022
7
МемСТ 26433.1-89 «Құрылыстағы геометриялық параметрлердің дәлдігін қамтамасыз
ету жүйесі. Өлшеулерді орындау ережелері. Зауытта жасалған элементтер»;
МемСТ 26433.2-94 «Құрылыстағы геометриялық параметрлердің дәлдігін қамтамасыз
ету жүйесі. Ғимараттар мен құрылыстардың параметрлерін өлшеуді орындау қағидалары»;
тиісті
құжаттармен
расталған
жұмыстарды
орындаушы
қызметкерлерінің
біліктілігінің жеткіліктілігі;
жұмысты орындаушыда бақылаудың барлық түрлері нәтижелерінің орындалуы мен
дұрыстығы, сондай-ақ осы нәтижелерді құжаттау үшін жеке
жауапкершілікті белгілейтін
ұйымдастыру құжаттамасының болуы;
жұмыстарды орындауды ұйымдастыруға байланысты мәселелер бойынша шешімдері
құрылыстың барлық қатысушылары үшін міндетті болып табылатын мердігердің (бас
мердігердің)
өз
қызметін
үйлестіре
отырып,
объектініңбарлық
құрылысына
қатысушылардың келісілген жұмысы;
материалдық ресурстарды жинақтап жеткізу;
жинақталатын құрылымдарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды кеңінен
қолдану негізінде ғимараттарды, құрылыстар мен олардың
бөліктерін индустриялық
әдістермен тұрғызу;
материалдық және энергетикалық шығындарды төмендетуді қамтамасыз ететін озық
технологияларды қолдану және құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауды ұйымдастыру;
жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ескере отырып, объектіні салудың, оларды
техникалық негізделген біріктірудің технологиялық бірізділігін (реттілігін) сақтай отырып
құрылыс, монтаждау және арнайы құрылыс жұмыстарын орындау;
талап етілетін сапаны, құрылыстың жоғары мәдениетін, еңбек қауіпсіздігі ережелерін
және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптарды сақтауды қамтамасыз ету.
4.8* Ғимараттар мен құрылыстарды (бұдан әрі – объект)
салу мемлекеттік сәулет-
құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау
жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабардар еткеннен кейін жүзеге асырылады.
Құрылыстың басталғаны туралы хабарламаны тапсырыс беруші (құрылыс салушы)
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және
мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларына сәйкес жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: