ҚР ҚН 2.04-04-2013
6
бөліктерінің, инженерлік- техникалық қамтамасыз ету жүйелерінің, құбырлардың
бүлінулері.
5.3 Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптар
5.3.1 Ғимарат немесе құрылыс пайдалану кезінде онда жанудың алдын алуға
бағытталған Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңына с
ә
йкес
шаралар іске асырылатындай, ал өрт болған жағдайда келесі талаптар сақталатындай етіп
жобалануы ж
ә
не салынуы тиіс:
а) ғимараттың немесе құрылыстың орнықтылығы, сондай-ақ көтергіш
құрылымдардың беріктігі адамдарды эвакуациялау мен өрттен шығынды қысқартуға
бағытталған басқа да
ә
рекеттерді орындау үшін қажетті уақыт ішінде сақталатындай;
б) өрт ошағы шектерінде өрттің қауіпті факторларының пайда болуы мен таралуы
шектелетіндей;
в) өрт ошағы шегінен тыс жерлерге, соның ішінде көршілес ғимараттар мен
құрылыстарға өрттің қауіпті факторларының таралуы шектелетіндей;
г) өрттің қауіпті факторларының
ә
сер ету салдарынан олардың өмірі мен
денсаулығына қауіп туғанға дейін адамдарды ғимаратқа жанасып тұрған аумаққа қауіпсіз
эвакуациялау (олардың жасы мен физикалық күйін ескерумен) мүмкіндігі, сондай-ақ
адамдарды құтқару мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей;
д) өрт бөлімшелерінің жеке құрамының қол жеткізу ж
ә
не өрт ошағына өрт сөндіру
құралдарын беру, сондай-ақ адамдарды құтқару мен өртпен келтірілетін материалдық
құндылықтар мен қоршаған ортаға зиянды қысқарту бойынша шараларды жүргізу
мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей.
5.3.2 Ғимараттың немесе құрылыстың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
жобалық құжаттамада негізделуі тиіс:
а) жобаланатын ғимараттан немесе құрылыстаг жақын арадағы ғимаратқа,
құрылысқа немесе сыртқы қондырғыға дейін өртке қарсы үзіліс немесе қашықтық
(сызықтық құрылыстар үшін – трассаның осінен елді жерлерге, өнерк
ә
сіптік
жә
не ауыл
шаруашылық объектілерге, орман алаптарына дейінгі қашықтық, бір- біріне қатар
салынатын сызықтық құрылыстардың трассалардың арасындағы қашықтық, күзет
аймақтарының мөлшерлері);
б) құрылым элементтерінің
жә
не инженерлік- техникалық қамтамасыз ету
жүйелерінің отқа төзгіштік
жә
не өрт қауіпсіздігі сипаттамаларының қабылданатын
м
ә
ндері;
в) ғимараттың немесе құрылыстың өрт сөндіру бөліктеріне қабылданған бөлінуі;
г) өрт болған кезде адамдарды эвакуациялау жолдарының орналасуы, габариттері
мен ұзындығы (соның ішінде мүгедектер), эвакуациялау жолдарын түтінге қарсы
қорғауды қамтамасыз ету, эвакуациялау жолдарында қабырғаларды, едендер мен
төбелерді өңдеу материалдарының өрт қауіптілік сипаттамалары, эвакуациялау
шығыстарының саны, орналасуы мен габариттері;
д) өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды басқару ж
ә
не хабарлау, өртті автоматты
анықтау, автоматты өрт сөндіру мен түтін қорғау жүйелерінің сипаттамалары немесе
параметрлері;
|