Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет12/25
Дата25.05.2018
өлшемі0,63 Mb.
#17676
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25

ҚР ҚН 3.02-14-2014 

 

22 


5.5.3.29 Жылыту  құралдарының  беті  шаңның  енуін  болдырмайтын  тегіс  және  жуу 

жә

не  дезинфекциялау  ерітінділерінің  әсеріне  төзімді  болуы  тиіс.  Оларды  сыртқы 



қабырғаларға, терезелердің астына орналастыру керек.  

5.5.3.30 Жылытқыш аспаптар қоршауларын орнату кезінде ағымдық пайдалану мен 

жинау үшін еркін мүмкіндік қамтамасыз етілуі тиіс. 

5.5.3.31Сұйық  азотпен  және  өзге  ауыр  газдармен,  аэрозольдермен  жұмыс  істеу 

кезінде сору орны төменгі аймақтан ғана қарастырылады.  

5.5.3.32 Асептикалық үй-жайларда ағын сорудан басым болуы тиіс.  

5.5.3.33 Инфекциялық мақсаттағы үй-жайларда сору ағыннан басым болады. 

5.5.3.34 Ауаның тағайындалған параметрлерінің тұрақты көрсеткіштерін қамтамасыз 

ету  мақсатында  А  класты  тазалық  бөлмесінің  тарту-сору  желдеткішінің  жүйесі  үздіксіз 

режимде жұмыс істеуі тиіс. 

5.5.3.35 Желдету камерасының еденінде шаң жинамайтын төсем болуы тиіс. 

5.5.3.36 Шатырдағы және үй астындағы үй-жайлар тесіктері кеміргіштердің, құстар 

мен синантроп жәндіктерінің енуінен қорғалған болуы тиіс. 

5.5.3.37 А және Б жиілік класындағы үй-жайларда қалыпты температура мен ауаның 

ылғалдығын  қамтамасыз  ету  үшін  белгіленген  тәртіпте  осы  мақсат  үшін  жол  берілген 

жүйелер мен жабдықтарды қолдану арқылы ауа баптауды қарастыру қажет. 

5.5.3.38 Суықпен қамтамасыз ету жүйесін нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес 

жобалау керек. 

5.5.3.39 Тағам  дайындайтын  жайларда,  зертханаларда  газбен  жабдықтау  жүйесін  

ҚР ҚН 4.03-01 және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік 

құжаттар талаптарына сәйкес жобалау керек. 

 

5.5.4 Қоқыстарды шығару  



 

5.5.4.1  Қалдықтар  жинауға,  қолдануға,  зиянсыздандыруға,  тасымалдауға,  сақтауға 

жә

не көмуге жатады, олардың шарттары мен әдістері халықтың денсаулығы мен тіршілік 



ортасына  қауіпсіз  болуы  тиіс,  қолданыстағы  санитарлық  нормалар  мен  ережелерге, 

сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  аумағында  қолданылатын  басқа  да  нормативтік 

құжаттар талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. 

5.5.4.2  Өндіріс  қалдықтары  мен  тұтынудың  әрбір  түріне  технология  

процесін  қолданыстағы  санитарлық  нормалар  мен  ережелерге,  сондай-ақ  

Қазақстан  Республикасының  аумағында  қолданылатын  басқа  да  нормативтік  құжаттарға 

сәйкес  олардың  шығу  тегіне,  агрегаттық  күйіне,  субстраттың  физикалық-химиялық 

сипатына,  компоненттердің  сандық  қатынасы  мен  халық  денсаулығына  үшін  қауіптілік 

дә

режесі мен адамның тіршілік ету ортасына байланысты қамтамасыз ету керек. 



5.5.4.3 Қалдықтардың  қауіптілік  дәрежесі  (класы)  қолданыстағы  нормативтік 

талаптарға сәйкес анықталуы тиіс. 

5.5.4.4 Қоқыс сақтауға  арналған үй-жайды тарту-сору  желдеткішімен, биологиялық 

қалдықтарды  сақтауға  арналған  тоңазытқыш  құрылғысымен,  стеллаждармен, 

медициналық  қалдықтар  салынған  пакеттерді  жинауға  арналған  контейнерлермен, 



ҚР ҚН 3.02-14-2014 

 

23 



таразылармен,  ыстық  және  суық  су  жеткізілетін  раковиналармен,  бактерицидті 

шамдармен жабдықтау керек.  

5.5.4.5 Металл  және  пластикалық  ыдыстар,  қауіпті  қалдықтарды  жинауға  арналған 

контейнерлер нығыз жабылуы тиіс. 

5.5.4.6  Тұрмыстық  қалдық  пен  медициналық  қоқыстарды  және  медициналық 

қалдықтарды бір үйде сақтауға жол берілмейді. 

5.5.4.7  Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілері  мен  елді  мекендердің 

аумағында  арнайы  қондырғылардан  тыс  медициналық  қалдықтарды  жағуға  тыйым 

салынады. 

5.5.4.8  Өлген  жануарлардың  өліктерін,  конфискаттар  мен  қалдықтарды 

зиянсыздандыру және көму әрекеттерін ағымдағы нормативтік талаптарға сәйкес жүзеге 

асыру керек. 

5.5.4.9 Медициналық  қалдықтарды  уақытша  сақтауға  арналған  үй-жайлар  еденін, 

қабырғаларын,  төбесін  жуу  және  дезинфекциялау  құралдарына  төзімді  материалдардан 

орындау керек. 

5.5.4.10 Жуу бөлмесі ағынды суық және ыстық су жүргізілген ваннамен немесе еден 

үстінен іске қосылатын кранмен жабдықталуы тиіс.  

5.5.4.11 Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерінің  үй-жайларында 

қоқыстан тазалау және шаңнан тазарту, қоқысты уақытша (санитарлық нормалар шегінде) 

сақтау жүйелерін, оны шығаруды қарастыру керек. 

 

5.6 Халықтың  мүмкіндігі  шектеулі  топтары  үшін  қолжетімділікті  және 

ғимаратты пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету   

 

5.6.1 Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерін  ҚР  ҚН  3.06-01  және 

Қазақстан  Республикасының  аумағында  қолданылатын  басқа  да  нормативтік  құжаттар 

талаптарына сәйкес халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына, жұмыс істейтіндер немесе 

осы ғимаратқа келушілер үшін қолжетімділік қамтамасыз етілетіндей жобалау және салу 

керек. 


5.6.2 Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілері  мен  іргелес  аумақты 

учаскені пайдалану кезінде тайғанау, құлау, соқтығысу, күю, электр тогынан зақымдану 

нәтижесінде,  сонымен  қатар  жарылыс  салдарынан  жазатайым  оқиғалардың  туындауы 

жә

не адамдарға жарақат келу қаупі пайда болмайтындай етіп жобалау керек. 



5.6.3 Ғимаратта санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерімен біріктірілген  

жер  асты  және  жер  үсті  деңгейіндегі  кірме  жол  халықтың  мүмкіндігі  шектеулі  топтары 

үшін қолжетімді болуы тиіс. 

5.6.4 Аумаққа кіреберіс тобын халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары, оның ішінде 

арбадағы  мүгедектер  үшін  объекті  туралы  ақпараттың  қолжетімді  элементтерімен  

жабдықтау қажет. 

5.6.5 Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына қолжетімді кірме жолдар жанындағы 

кіреберіс  алаңда  мыналар  болуы  тиіс  бастырма,  су  бұрғыш,  жергілікті  климаттық 

жағдайларға байланысты – жабын бетінің жылытқышы. 



жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау