Справочник путеводитель



жүктеу 10,93 Mb.
бет1/5
Дата15.01.2020
өлшемі10,93 Mb.
#26827
түріАнықтамалық
  1   2   3   4   5

ҚарМТУ – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің білім ордасы
ҚарМТУ студенттеріне арналған

АНЫҚТАМАЛЫҚ-ЖОЛ КӨРСЕТКІШ

«...Мен саналы өмірімнің 20 жылын Қарағанды мен Теміртау қалаларында өткіздім. Қарағанды политехникалық институтында оқыдым...»
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
1. ҚарМТУ-да оқуды ұйымдастыру
1.1. Жалпы мәліметтер
ҚарМТУ – Қазақстанда және шетелде кеңінен танымал, көп бейінді оқу-білім және ғылыми кешені даму үстіндегі еліміздің өткен ғасырда іргесі қаланған беделді жоғары оқу орындарының бірі.

Қарағандылық «Политехтің» тарихы мен қазіргі жетістіктері Елбасының қызметімен, оның ғаламдық бастамаларымен және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғырту мәселелері бойынша бағдарламалық мақсаттарымен, оның ішінде жоғары білім беру саласындағы халықаралық стандарттар деңгейіне жетумен тығыз байланысты.



2012 жылғы 1 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне Нұрсұлтан Әбішұлы AlmaMater-ге келді, бұған ҚарМТУ құрметті қонақтарының кітабындағы өз қолымен қалдырған жазбасы куә: «Мен осы оқу орнында – бүкіл Қазақстан үшін инженерлік кадрлар шеберханасында оқығанымды мақтан етемін».

2014 жылы маусымда Университетте ҚарМТУ Құрметті профессоры – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған мұражай залының таныстырылымы өткізілді. 80 мыңнан астам біздің түлектеріміздің арасында – белгілі саяси қайраткерлер, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары, Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге Ресей, АҚШ, Израиль, Германия, Францияда және әлемнің басқа елдерінде танымал ғылыми мекемелердің басшылары, мәдениет және білім беру саласының майталман үздіктері бар.

Университет Қазақстан Республикасындағы техникалық мамандықтар бойынша мамандарды шығаруды жүзеге асырушы және Болон конвенциясы талаптарына, ҚР мен әлемдік қауымдастықта қабылданған үш деңгейлі білім беру: бакалавриат – магистратура – докторантура бағдарламасына толық шамада жауап бере алатын ірі техникалық жоғары оқу орындарының бірі.

Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасын орындау мақсатында ҚарМТУ базасында Қазақстандағы ең үздік Инженерлік бейіндегі зертханалардың бірі құрылды және инновациялық жүйенің ұлттық субъектілерінің негізгі интеграторы болуға қабілетті және зерттеулер жүргізуде халықаралық стандарттарды алға жылжытуға, халықаралық ғылыми қоғамдастықпен және индустриямен серіктестікті дамыту және нығайтуға мүмкіндік беретін Халықаралық материалтану орталығын ұйымдастыру жүргізілуде.

2010 жылы қазанда Қазақстан мен Франция Президенттерінің шешімімен француздық «ТОТАL» компаниясының қатысуымен ҚарМТУ-да халықаралық деңгейдегі мамандарды және мұнай-газ саласындағы және өнеркәсіптегі дәнекерлеудің қазіргі технологияларының трансфертін даярлауға арналған «Қазақстан дәнекерлеу факультеты» ҒЗИ ұйымдастырылды. Аталған факультеттың оқыту орталығы базасында «Халықаралық дәнеркерлеуші», «Дәнекерлеу бойынша халықаралық практик» және «IWE халықаралық инженер-дәнекерлеуші» бағдарламалары бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес мамандарды оқыту жүргізілуде.

2008 жылы Университет Қазақстанда алғашқы рет оқу сапасы менеджменті жүйесінің ICO 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне ресертификаттық аудиттен өтті және «Русский регистр» мен IQ NET сертификаттарын алды. ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығы жыл сайын жүргізетін жоғары оқу орындарының тәуелсіз рейтингінде ҚарМТУ республикадағы барлық техникалық жоғары оқу орындарының арасынан құрметті орынға жыл сайын ие болады. Университет - Қазақстандағы «Электрондық Университет» мәртебесі бар алты жоғары оқу орнының бірі.

Халықаралық стандарттарға білім беру процесінің бағдары «білім-ғылым-инновация» үштағаны шеңберінде мазмұнды біріктіруді қамтиды. Осы қазіргі заманғы парадигманы тиімді іске асыру үшін ҚарМТУ-да 50 ҒЗИ-дан, ғылыми зертханалардан және орталықтардан, шағын енгізбелік кәсіпорынды қамтитын ғылыми-техникалық кешен құрылған және табысты қызмет етуде.

2008 жылы республикада аналогы жоқ Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үш тұғырлығы» атты тілдер орталығы құрылды, ол орталықта әрбір ниет білдіруші оқытудың қазіргі заманғы әдістемесі мен құралдары арқылы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгере алады.

2008 жылы 19 маусымда Университет дамуының Кешенді Бағдарламасына сәйкес Қазақстандағы алғашқы инновациялық білім беру концорциумы «Корпоративті университет» құру туралы Келісімге қол қойылды, оның мүшелері - Қазақстанның және Ресей Федерациясының ғылыми және өнеркәсіптік кәсіпорындары. ҚР Білім және ғылым министрлігінің пікірі бойынша Орталық Қазақстан өңірінде Корпоративті университеттің құрылуы, тұтастай алғанда, Қазақстандағы және Қарағанды өңіріндегі қазіргі заманғы әрі өзекті техникалық білім беру болып табылады.

Университет мамандар даярлаудың сапасын және олардың халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі Мемлекеттік Бағдарламаға сәйкес жетекші шетел жоғары оқу орындарымен шығармашылық ынтымақтастықта екі дипломды білім беру бағдарламасын іске асыруда.

ҚарМТУ – ірі ғылыми орталық. Университетте өткізілетін халықаралық, республикалық, өңірлік ғылыми-техникалық конференциялар академиялық таңдаулы топты, жас аспиранттарды, магистранттарды, студенттерді, өңірдегі, республикадағы, ТМД елдеріндегі және шетелдегі ірі кәсіпорындардың мамандарын топтастырады.

Университет оқу стандарттарын әзірлеу және инновациялық кәсіпорындар құру бойынша ТЕМПУС халықаралық жобасына қатысады.

Словакия мемлекеттік университетімен, Циттау – Гертлитц институтымен (Германия), Болтон университетімен (Ұлыбритания), Рочестерский технологиялық институтымен (АҚШ), Кошица қаласындағы Техникалық университетпен (Словакия), Қолданбалы ғылымдар техникалық университетімен (Вильдау қ., Германия), Томск политехникалық университетімен (Ресей), Урал мемлекеттік техникалық университетімен (УГТУ - УПИ), Киев ұлттық және Тернополь университеттерімен (Украина) және т.б. ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Университетте студент жастардың дарындылығын және шығармашылық әлеуетін және қабілеттерін ашу үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалған. Мынадай шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді: «Достар» халықтық би, «TS CREW» заманауи билер ансамбльдері, «Сары-Арқа Сазы» домбыра, «Вокалдық үйірме», «Сөз патшасы», «Айтыс» поэзия клубтары, «Көркем» қыздар клубы, «Сән мектебі», «Аспаптар үйірмесі», КВН (қазақ және орыс лигалары), шешендік өнер, «Самұрық» пікірталас клубы (қазақ және орыс лигалары). Дәстүр бойынша жыл сайын «ҚарМТУ Мистері мен Мисі» атты әдемі шығармашылық байқаулар, ҚарМТУ студенттерінің балы, «Бірінші курс студенттерінің дебюті» өткізіледі.

Университетте «Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымы жұмыс істейді, ол үнемі «Таңшолпан», «Құлыншақ», «Айналайын» балалар үйлеріне, «НОДА» мектеп-интернатына, «Милосердие» қарттар мен мүгедектер үйіне қайырымдылық акциялар мен концерттер өткізеді. Сондай-ақ, еріктілер Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне үнемі барып, қажетті көмек көрсетеді. Жыл сайын «Мектепке жол» және «Аяз Атаға хат» акциясы, ауыр науқас балаларға, мүгедек-қызметкерлерге қайырымдылық көмек ұйымдастырылады.

Студент жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру дене тәрбиесі кафедрасының, спортклуб, ДМП, ҚарМТУ Денсаулық сақтау пунктінің күшімен жүзеге асырылатын күрделі және жыл бойғы процесс. Қазіргі уақытта университеттің спорт кешені (жалпы ауданы 7564, 5 ш.м.) – ҚР жоғары оқу орындарының ірі спорт ғимараттарының бірі, онда тек оқу үдерісі ғана емес, сонымен қатар студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастырумен айналысуға мүмкіндігі бар.

Университетте Спорт клубы бар, ол дене шынықтыру кафедрасымен бірлесіп, университеттің студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы үшін спорттың әр түрінен 20 спорт секциясының жұмысын ұйымдастырады, әртүрлі спорттық іс-шараларға қатысады және өткізеді: спорттың 6 түрінен «Денсаулық фестивалі», «Денсаулық фестивалі», «Алтын күз» кросс, спорттың 6 түрі бойынша «ҚарМТУ бірінші курс студенті» спартакиадасы, спорттың 15 түрі бойынша облыс әкімінің жүлдесіне арналған студенттік Спартакиада, футзал, баскетбол бойынша Ұлттық студенттік лиганың іріктеу ойындары.

ҚарМТУ-дың, Корпоративті Университеті кәсіпорындарының, Технологиялық колледждің, Жұмысшы мамандықтар орталықтарының қазіргі интеграцияланған білім беру және ғылыми-өндірістік базасы Елбасымен қойылған – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру арқылы елді әлеуметтік жаңарту жаһандық міндетін шешуде 20 қадамды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

2019 жылы 12 маусымда Қазақстан елордасында, Нұрсұлтан қаласында «Алтын Гефест» мерейтойлық республикалық салалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. «Алтын Гефест» сыйлығы Қазақстан тау-кен металлургия саласындағы ең беделді марапат болып табылады және әсіресе кәсіпқойлар мен жас мамандар үшін маңызды.

2019 жылы геология, тау-кен металлургиясы саласының мамандары, жобалау, ғылыми, оқу орындары мен кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы тау-кен металлургия саласы туралы жазатын журналистер «Алтын Гефест» сыйлығына ие болу үшін күрескен болатын.

«Жыл ғалым-педагогы» номинациясында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰЖҒА академигі Исағұлов Аристотель Зейноллаұлы жеңімпаз атанды.

ҚарМТУ нституционалдық аккредиттеуден табысты өтіп, 7 жылдық мерзімге жарамды сертификатқа ие болды. ЖОО барлық дерлік білім беру бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеуінен сәтті өтті.

Білім беру бағдарламаларының халықаралық мойындалуы ҚарМТУ инженерлік білімінің әлемдік білім беру жүйесіне, соның ішінде Еуропадағы Болон процесі аясында бірігуіне ынталандырма болып табылады. Университетте әлемнің ең ірі ЖОО – Луизиана техникалық университетімен (АҚШ), Фрайберг тау-кен академиясымен (Германия), Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университетімен, Ресей Халықтар достығы университетімен, Мәскеу энергетикалық институтымен (Ресей) және т.б. бірге қос дипломды білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Университет даярлаудың жоғары деңгейімен ғана емес, сондай-ақ оқу процесімен және кәсіпорындардың өндірістік қызметімен тығыз байланысқан ғылыми-зерттеу жұмысындағы маңызды нәтижелерімен ерекшеленеді.



СТУДЕНТКЕ ҮНДЕУ
Жоғары оқу орнының түлегі қазіргі заманның сұранысына ие болуға және табысты мансап жасауға мүмкіндік беретін білімнің, практикалық дағдылардың, тұлғалық сипаттамалардың таратушысы болып табылады.

Сіз біздің Университетті таңдай отырып дұрыс таңдау жасадыңыз. Білім өте маңызды әлеуметтік және экономикалық ресурс болып табылады. ҚарМТУ-да білім сапасы біліктілігі жоғары профессорлық-оқытушылар құрамымен қамтамасыз етіледі. Сабақтар ең үздік мамандарды тарта отырып қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.



Өзінің қажеттіліктерін табысты іске асыру үшін болашақ мамандықты дұрыс таңдай білу қажет, мамандық бойынша жұмысқа сапалы дайындалу қажет, білім беру процесіне белсенді қатысу керек. Кез келген мамандықтың ең үздік мамандары әрдайым сұранысқа ие болады.

1.2. Ректорат



жүктеу 10,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау