Сөж тақырыбы: Жұқпалы үрдіс патофизиологиясы. Сепсис


Микроорганизмдердің жұқпалы ауру туындату қабілетін олардың дерттілігі (патогенділігі) дейді



жүктеу 124,65 Kb.
бет2/10
Дата22.11.2023
өлшемі124,65 Kb.
#44427
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
175179.pptx

Микроорганизмдердің жұқпалы ауру туындату қабілетін олардың дерттілігі (патогенділігі) дейді.

  • Микроорганизмдердің жұқпалы ауру туындату қабілетін олардың дерттілігі (патогенділігі) дейді.
  • Дерттілік қоздырғыштардың бір түрінің өкілдеріне ғана тән түрлік белгі. Бұл белгі микроорганизмдердің гендік бағдарламасында бекітілген және ол тұқым қуалау арқылы туынды микробтарға беріледі. Дерттіліктің нәтижесінде:
  • ● жұққыштық немесе организмге ену қабілеті;
  • ● организмде өсіп-өну қабілеті;
  • ● сол қоздырғышқа ғана тән даму жолдарымен ауру туындату қабілеті – қамтамасыз етіледі.
  • Дерттілік өлшемі болып, микроорганизмдердің вируленттілігі ( лат. virulentus – уытты, дерт туындататын) есептеледі.
  • Вируленттілік - микроорганизмнің дерт туындататын белсенділік дәрежесін сипаттайтын қасиеті. Ол микробтың сипатынан және организмнің қабылдағыштығынан байланысты болады. Вируленттіліктің өлшемі болып, жұқпалы аурудың дамуына қажетті тірі микробтардың ең аз мөлшері есептеледі. Жұқпалы аурудың өту қарқыны микробтың вируленттілігіне байланысты болады. Микробтың вируленттілігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ауру оның аз өлшемінен жұғады. Ал, микробтың вируленттілігі төмен болғанда ауру жұқтыру үшін оның мөлшері де көп болуы қажет.

Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының түрлері.

Микробтардың организмде дерт туындататын ықпалдарына:

  • Микробтардың организмде дерт туындататын ықпалдарына:
  • ● организмге енгіштік және озбырлық ықпалдары;
  • ● тіндерге жабысу және колония құрып, өсіп-өну ықпалдары;
  • ● фагоцитозға және иммундық жүйеге қарсы тұратын ықпалдары;
  • ● уыттар өндіріп шығаратын ықпалдары – жатады.
  • Эндотоксиндер бактериялардың бүліністері кездерінде сыртқы ортаға бөлініп шығады. Олар бактериялармен тығыз байланысқан болады және липополиқанттарға жатады. Эндотоксиндер фагоциттермен жұтылады. Содан көптеген биологиялық белсенді заттар: простагландиндер, лейкотриендер, тромбоциттерді әсерлендіретін фактор, интерлейкиндер, интерферондар, өспені жоятын фактор т.с.с. бөлініп шығады. Осылардың әсерлерінен тіндердің бүліністері болады, эритроциттердің гемолизі, лейкоциттердің ыдырауы, тіндердің некрозы, жүйке жүйесіне уыттылығы дамиды.
  • Экзотоксиндер көпшілік микроорганизмдердің тіршілігінде сыртқы ортаға шығарылады. Олар негізінен нәруыздарға жатады және өте аз өлшемдерде уытты болады, өте жоғары спецификалық әсер етеді. Олардың әсерлерінен белгілі бір химиялық үрдістер артады, организм тіршілігіне маңызды қосындылар ыдыратылады, оның қорғаныстық жүйелерін басып тастайды.
  • Экзотоксиндердің әсер ету жолдарына қарай оларды 5 топқа ажыратады:
  • жасуша қабықтарын бүліндіретін уыттар, мәселен, E-coli гемолизині, P. haemolitica лейкотоксин, C. perfringens α-токсиндер, St. aureus α-токсин т.б. көптеген уыттар;
  • ● жасушаларда нәруыздар түзілуін тежейтін уыттар, мәселен, C. diphteriae гистотоксині, P. aeruginoza А экзотоксині, S. disenteriae токсині т.с.с.; 363
  • ● екіншілік дәнекерлердің (мәселен, цАМФ) алмасу жолдарын әсерлендіретін уыттар (мәселен, тырысқақ ауруының энтеротоксині аденилатциклаза ферментінің белсенділігін көтеріп, цАМФ түзілуін арттырады. Осыдан ішектерде Na+ , K+ иондары мен судың сіңірілуі бұзылады;
  • ● протеазалар өте күшті уыттарға жатады. Олар тін нәруыздарын ыдыратады (мәселен, ботулин уыты, сіреспе уыты т.б.);
  • ● иммундық жауапты әсерлендіретін уыттар (мәселен, уытты сілейме синдромының уыттары, энтеротоксиндер, S. pyogenes пирогендік экзотоксиндер т.б.). Олар иммундық жүйенің антигенді таныстыратын жасушаларына және Т-лимфоциттеріне әсер етіп, цитокиндердің өндірілуін арттырады, тін жасушаларын бүліндіріп, қабыну дамытады.

жүктеу 124,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау