Статистиканың тарихшылары əдетте статистиканың түп-тамыры ерте заманда кейбір сандық деректерді жинаудан басталады деп пайымдайды. Мəселен, бізге төрт мың жылдан астам уақыт бұрын Қытайда халықты санау жөніндегі мəлімет жетті. Ал олардың бір санағаның өзі біздің дəуі- рімізге дейін 2238 жылы атақты Ся əулетінің заманында болғаны мəлім. Көне Египетте, Грецияда, Римде, Иранда, Жапония мен басқа да көне за- ман мемлекеттерінде де халық санағы болғаны жөніндегі мəліметтер баршылық. Италияда XVI ғасырда халықаралық сауда дамыған əр түрлі мемлекет- тер жөніндегі мəліметтердің жинақтары пайда бола бастады. Германияда XVII ғасырдың соңында мемлекеттердің жай-күйі жөнінде жиналатын ма- териал жүйеге келтіріле бастады. Жаңа ғылым мемлекеттану деп аталып, оның негізін неміс ғалымы Г. Комринг (1606-1681 жж.) қалады.
Осы бағыттағы жұмысты Г. Ахенваль мен А. Шлецер жалғастырды. Г. Ахенваль (1719-1772 жылдары) 1742 жылдан бастап алғашқыда Магдебург, ал содан кейін Геттинген университетінде өзі статистика деп атаған жаңа оқу пəнін оқыта бастады. Мектеп 150 жылдан астам уақыт бойы өзінің теориялық негізін өзгертпестен жұмыс істеді. Аталмыш ғылымның мəні мен əдісі айқын белгіленбеген болатын, негізінен ақпараттық-сипаттау материалы жиналатын. Ресейде статистиканың сипаттау мектебінің ең беделді өкілдері ретін- де И.К. Кирилловты (1689-1737 жж.), В.Н. Татищевті (1686-1750 жж.), М.В. Ломоносовты (1711-1765 жж.), И.И. Голиковты (1735-1801 жж.), С.Н. Плещеевті (1752-1802 жж.), М.И. Чулковты (1740-1793 жж.) атауға болады.
Статистиканы сипаттаудың осы неміс мектебінен 100 жылға жуық бұрын статистиканың қазіргі кезеңдегі ұғымына жақын саяси арифме- тиктер мектебі пайда болды. Оның негізін Дж. Граунт (1620-1674 жж.), Э. Галлей (1656-1742 жж.) жəне В. Петти (1623-1687 жж.) қалады. Олардың еңбектерінде демографиялық жəне статистикалық-экономикалық деп ата- латын екі бағытқа баса назар аударылды. Мектеп Ұлыбританияда ғана емес, сонымен бірге шет елдерде де, атап айтқанда Голландия мен Францияда дамыды.
Капиталистік құрылымның дамуына байланысты мемлекеттік басқа- рудың бір құралы ретінде статистиканың рөлі артып, статистикалық қызметттің жылдам жандануына жол ашылды. XVIII ғасырда ғылым ретінде қалыптасқан статистика келесі ғасыр- дың өзінде-ақ жалпы ғылымда өзінің орнына нық орналасты. Көптеген еуропалық елдерде XIX ғасырда əр түрлі статистикалық мəліметтерді жинаумен жəне өңдеумен жүйелі түрде айналыса бастаған арнайы мекемелер құрылды. Мəселен, Францияда 1801 жылы статистикалық бюро құрылды, содан кейін мемлекеттік статистика органдары Пруссияда, Австрияда, Бельгияда, Англия мен Ресейде пайда болды. 1853 жылы Брюссельде бірінші Халықаралық статистикалық конгресс өтті, содан кейін ол жиырма жыл бойы Еуропаның əр түрлі қалаларында сегіз рет өткізілді. 1885 жылы тұрақты халықаралық статистикалық ор- ган – Халықаралық конгрестің функциясын атқаратын Халықаралық статистикалық институт құрылды.
XIX ғасырдың бірінші жартысында статистикалық ғылымның үшінші бағыты пайда болып, ол статистикалық-математикалық статистика деп ат- алды. Осы бағыттың дамуына статистиканы «əлеуметтік физика», яғни сандық əдістердің көмегімен қоғамдық өмірдің заңдылықтарын зерттейтін ғылым деп атаған бельгиялық ғалым Адольф Кетле (1796-1874 жж.) зор үлес қосты. Статистикадағы математикалық бағыттың дамуына П.П. Чебышев (1821-1894 жж.), А.А. Марков (1856-1922 жж.), А.М. Ляпунов (1857- 1919 жж.) есімді орыс математиктерінің еңбектері ықпал етті. XX ғасырда Батыста математикалық статистика саласымен айналысқан ғалымдардың ішінен ең танымалы Р. Фишер (1890-1962 жж.) болып табылады. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы аралығындағы кезең Ре- сей ғалымы А.А. Чупровтың есімімен байланысты. Ғалым немістің сынына шыдамай күйреген Кетле доктринасының орнына академиялық статис- тика мектебі деп аталған жаңа статистикалық теорияны қалыптастыру мақсатын қойды.
Кеңес статистикасы мектебінің осы бағытының сол кезеңдегі ең таны- мал өкілі ретінде В.И. Хотимскийдің (1892-1937 жж.), В.С. Немчиновтың (1894-1964 жж.), В.Н. Старовскийдің (1905-1975 жж.), А.Я. Боярскийдің (1906-1985 жж.), Б.С. Ястремскийдің (1877-1962 жж.), Л.В. Некрашаның (1886-1949 жж.) есімдері аталады. Соғыстан кейінгі кезеңде индекстік əдістің теориясына С.М. Югенберг, В.Е. Адамов, Г.И. Бакланов, Л.С. Кази- нец, И.Г. Венецкий, ал статистикалық байланыс теориясына – Я.И. Луком- ский көп үлес қосты.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Достарыңызбен бөлісу: |