Қазақ тіліндегі кісі аттары да зодиак таңбаларының ел өміріне сіңісіп кеткендігін көрсетеді. Мәселен, Қамал, Сәуірбек, Әсет, Мизами, Маусымжан т. с. с. есімдер (Наурызбай, Мамырбай, Шілдебай, Қараша, Қаңтарбай, Ақпанбет сияқты) баланың туған уақытына - жұлдызына қарай қойылған. Қазір мұндай есімдер аз, бірақ ерте кезде көп болған.
Зодиак айлары қазақтарға парсылардан ауысқан шығар деуге ешқандай қисын жоқ. Парсылар оларды тек 1851 жылы ғана қолдана бастаған. Тегінде жұлдыздардың хамал, сәуір, зауза, саратан т. с. с. атаулары қазақ, татар, башқұрт халықтарында қалыптасып, бертін түрікмендер мен өзбектер арқылы Иран мен Ауғанстанға ауысқан болуға тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер: - 1. Исқақов М.Ө. Халық календары. –Алматы, 1980
- 2М.О. Исқақов «Қазақтың байырғы календары»,Алматы-1960жыл
- 3.Г.С.Нургалиева «Қазақ халқының күнтізбесі» Қазақ университеті-2003ж
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!!
Достарыңызбен бөлісу: |