|
СөЖ №1 Тақырыбы: Топырақтың су режиміТопырақтың су тәртібі топырақтың құралуындағы ең маңызды фактордың бірі , ол оның құнарлығын арттыратын басты жағдайлардың бірі болып саналады
|
бет | 2/3 | Дата | 25.01.2023 | өлшемі | 469,34 Kb. | | #41015 | түрі | Лекция |
| Топырақтың су режиміТопырақтың су тәртібі топырақтың құралуындағы ең маңызды фактордың бірі , ол оның құнарлығын арттыратын басты жағдайлардың бірі болып саналады. - Топырақтың су тәртібі топырақтың құралуындағы ең маңызды фактордың бірі , ол оның құнарлығын арттыратын басты жағдайлардың бірі болып саналады.
- Топырақтың су тәртібінің мөлшер көрсеткіші , яғни ылғалдың жиналуы мен жұмсалуы жиынтығының барлық шамасын және белгілі бір кезең аралығында оның қорының өзгеруін су тепе – теңдігі деп атайды. Су тепе – теңдігінің көпжылдық орташа мөлшері топырақтың су тәртібінің түрлерін сипаттайды.
Топырақтағы судың түрлері - Топырақ ылғалы әр түрлі күйде болады. Олардың барлығы бірдей өсімдікке сіңе бермейді. Жалпы топырақ суларын мынадай түрлерге бөлуге болады.
- 1. Химиялық байланыс күйіндегі су. Су көбінесе әр түрлі минерал кристалдарымен байланысты болады. Бұл су – заттың молекуласына гидроксид (OH) ион тобымен кіреді. Мысалы , Fe2O3 + H2O = 2Fe(OH)3 : ол топырақтан 400 – 8000С жағдайында ажыратылады. Сондықтан топырақтағы биологиялық процестерге тікелей қатыса алмайды.
- 2. Гравитациялық су деп – топырақтың түйірлерінің аралықтарын жайлап , өз салмағымен (гравитация арқылы) көбінесе төмен қарай жылжитын суды атаймыз. Оны өсімдіктер оңай сіңіре алады. Дегенменде, оның ағысы қылтүтік судан гөрі шапшаңырақ болғандықтан , өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етуге тікелей қатыспайды.
3. Қылтүтік (капилляр) суы. Топырақ түйінділерінің ішіндегі су барлық бағытта қозғалады. Соның ішінде , топырақтың төменгі қабатынан жоғары қарай түйіршік қуыстарындағы сорғыштық күштер арқылы ылғалданған жерден құрғаққа қарай жылжиды. Сондықтан бұл судың өсімдіктер үшін маңызы зор. Бұл суды өсімдіктер сіңіре алады. - 3. Қылтүтік (капилляр) суы. Топырақ түйінділерінің ішіндегі су барлық бағытта қозғалады. Соның ішінде , топырақтың төменгі қабатынан жоғары қарай түйіршік қуыстарындағы сорғыштық күштер арқылы ылғалданған жерден құрғаққа қарай жылжиды. Сондықтан бұл судың өсімдіктер үшін маңызы зор. Бұл суды өсімдіктер сіңіре алады.
- 4. Жарғақты су. Топырақтың қатты бөлшектерінің сыртын молекулалық тартылыс күшімен, жарғақты қабат қоршап тұрады. Ол молекулалық тартылыс күшінің көмегімен қалың жарғақтанған күйінің жұқа жарғағына қарай жылжиды. Топырақ түйіршіктеріне 6 – 10 мың атмосфералы күшпен байланысып тұрғандықтан жарғақты суды өсімдіктердің тамырлары сіңіре алмайды. Бұл өсімдіктерге сіңбейтін күйіндегі су болап табылады.
- 5. Гигроскопиялық су – гигроскопиялық ылғал топырақ түйіршіктерінің бетінді молекулалық тарту күшімен будан жиналған су. Ол қозғалмайды , өсімдікке пайдасыз. Ауыр және қарашірікке бай топырақтарда гигроскопиялық су көп болады. Топырақтан оны ажырату үшін оны 105 градус ыстықта 5 – 6 сағат кептіреді.
- 6. Қатты ылғал. Мұз төмен температурада (0 төмен) пайда болады. Ал жарғақты сулар – 78 градуста мұзға айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|