3.3 Нашар бөлінген грамматикалар. -грамматикалар
Грамматиканың келесі детерминалданған тілдерді тудыратын класы жай бөлінген грамматикалар деп аталады. Бұл грамматиканың бөлінген грамматикадан ерекшелігі грамматика кестесінде жою ережелерін қолдануға болатындығы. Құрамында жою ережелері бар бөлінген грамматика жай бөлінген грамматикалар класына жата бермейді. Жай бөлінген және грамматикаларды анықтайтын тәсілді құру үшін біз ТАҢДАУ жиыны, АЛҒАШҚЫ және КЕЛЕСІ функциялары сияқты жаңа түсініктер енгізуіміз керек.
ТАҢДАУ жиыны әрбір ереже үшін құрылады және пайда болған кезде оқылып жатқан танушы бүршігінің астында бұл ережені қолданатын терминалды символдарды өз құрамына енгізеді.
ТАҢДАУ жиынын анықтауда АЛҒАШҚЫ және КЕЛЕСІ функциялары қолданылады. АЛҒАШҚЫ функциясының аргументі ретінде толық сөздігінің кез келген шынжыры бола алады, ал АЛҒАШҚЫ функциясының мағынасы ретінде терминалдық символдар жиыны болады. Және олар шынжырынан шығарылатын шынжырдың бірінші орындарында тұра алады.
Достарыңызбен бөлісу: |