(6.2а) суретінде графы келтірілген синхронды автомат берілген делік. Бұл графты құру кезінде кіріс сигналдарының ұзақтығы есептелген жоқ. Егер де шығысқа берілетін импульстік сигналдар соңғы ұзақтыққа ие болады деп санасақ, онда әр сигналдың іс-әрекеті кезінде автомат қандай күйде болу керектігін анықтай қажет.
Бұны (6.2б) суретінде көрсетілгендей әр ауысымға берілген граф асинхронды автоматты анықтайды, себебі автоматың барлық жай-күйі ұрақты болып келеді.
Сурет 6.2 - Синхронды және оған сәйкес келетін асинхронды автоматының диаграммасы
Асинхронды автоматта барлық ауысымдар таблицаларын құру кзінде қосымша қиындықтар туғызатын тұрақты жай-күйлер арасында іске асырылады. Егер күйі тұрақты болып келсе, онда жолмен анықталатын, күйімен, бағанамен, кіріс сигналымен күйінің символы ауысым таблицасының торында жазылуы керек, себебі .
Осыдан асинхронды автомат ауысым таблицасының тұрақты күйі үшін кіріс сигналы өзгергенде автомат қандай күйге өзгеру керектігін көрсететін қосымша құралдар қажет. Бұл қиындық келесі тәсілмен шешіледі. Автомат күйінің өзгеру үрдісі екі кезеңге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |