СМЖ-нің құжатты
ҚБЕ 11.01-2017
Университеттің диссертациялық кеңесінің үлгі ережесі
Баспа 1
28 беттен 5 бет
Диссертациялық кеңес құрамының өзгеруі Ғылыми жұмыс жөніндегі
проректордың ұсынысы бойынша өткізіледі жəне Ғылыми кеңестің хаттамалық
шешімімен бекітіледі.
4. ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
4.1
Күнтізбелік жыл аяқталған соң диссертациялық кеңес Комитетке осы Үлгі
ережеге 1-қосымшаға сəйкес
нысан
бойынша
атқарған
жұмыстары
туралы
статистикалық есеп береді.
4.2 Докторант оқыған ЖОО кафедра отырысы мен ғылыми семинардың
кеңейтілген отырыстарында докторант диссертациясының талқылануын қамтамасыз
етеді.
4.3 Кеңейтілген отырыстан 1 (бір) ай бұрын диссертация докторанттың ғылыми
зерттеу саласы бойынша ғылыми дəрежесі бар 2 (екі) маманға жолданады.
Кеңейтілген отырысқа кафедра жəне ғылыми семинар мүшелерінің кемінде 2/3-
сі (үштен екісі), ғылыми кеңесшілер, сондай-ақ мəндес кафедралардың ғылыми жəне
басқа да ұйымдардың өкілдері қатысады.
Отырыста
кеңесшілер
болмаған
жағдайда,
олардың
докторанттың
диссертациясы бойынша пікірін кафедра меңгерушісі, ғылыми семинар төрағасы оқиды.
4.4 Докторант оқыған ЖОО диссертациялық кеңеске ЖОО бланкісінде
жазылған ілеспе хатпен мынадай құжаттарды ұсынады:
1) диссертациялық кеңес төрағасының атына қорғауға қабылдау жайлы өтініш
(Қосымша Д).
2) отандық жəне шетелдік ғылыми кеңесшілердің пікірлері (Қосымша Б);
3) кафедраның жəне ғылыми семинардың кеңейтілген отырыстарының оң
қорытындысы;
4) берік түптелген үш нұсқада жəне электронды тасымалдағыштағы (CD-диск)
диссертация;
5) докторант оқыған ЖОО ғалым хатшысы бекіткен ғылыми еңбектерінің тізімі
жəне олардың көшірмелері (Thomson Reuters немесе Scopus журналдар базасының
мəлімдемелерімен) (Қосымша В).
6) ЖОО кадрлар бөлімімен бекітілген жеке парағы.
7) диссертациялық зерттеулердің тақырыбы мен ғылыми кеңесшілерін бекіту
жайлы университеттің бұйрықтарының көшірмелері.
8) докторант оқып бітірген ЖОО ректоры бұйрығының көшірмесі,
диссертацияны қорғауға рұқсат беруі жəне докторантураның кəсіби оқу
бағдарламаларын игергені туралы бекітілген транскрипт көшірмелері.
9) наториялды түрде бекітілген бакалавр жəне магистратура дипломдарының
көшірмелері қосымшаларымен.
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы құжаттарды қабылдайды жəне 2 (екі)
жұмыс күн мерзіміне дейін тіркеп, диссертациялық кеңеске ұсынады.
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың докторанттары М.Х. Дулати атындағы
ТарМУ-да жұмыс істейтін диссертациялық кеңеске ілеспе хат жасамайды.
5.ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
СМЖ-нің құжатты
ҚБЕ 11.01-2017
Университеттің диссертациялық кеңесінің үлгі ережесі
Баспа 1
28 беттен 6 бет
5.1 Диссертация мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде
ұсынылады. Комитетке жіберілетін барлық ілеспе құжаттар мемлекеттік немесе орыс
тілдерінде болуы тиіс.
5.2 Диссертацияны қорғау диссертациялық жұмыстың тақырыбы бойынша
жарияланған 7 (жетіден) кем емес ғылыми жұмыстарда, оның ішінде 3 (үштен) кем емес
құзырлы мекемелер ұсынған басылымдарда, 1 (бірден) кем емес Thomson Reuters
немесе Scopus мəліметтер базасына енген нөлдік емес импакт факторлы мəліметтер
базасындағы ғылыми журналдар компаниясының шет ел басылымдарында, халықаралық
конференция материалдарында, оның ішінде 1(бір) шет ел конференцияларының
материалдары бар болған жағдайда жүзеге асырылады.
5.3
Мемлекеттік құпиясы бар диссертацияларды қорғау, халықаралық ғылыми
журналдардағы басылымдар орнына құзырлы мекемелер ұсынған ғылыми
басылымдарда жарияланған жұмыстар саналады.
5.3.1 Докторант оқығын ЖОО-да тиісті мамандық бойынша диссертациялық
кеңес жұмыс істемейтін жағдайда аталған ЖОО докторанттың осы Үлгі ережесінің 15
тармағында көрсетілген құжаттарын басқа ЖОО-да тиісті мамандық бойынша құрылғын
диссертациялық кеңеске ұсынуы қамтамасыз етеді.
5.3.2 Құжаттар қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей
диссертациялық кеңес диссертацияны қорғау күнін белгілейді жəне ғылыми дəрежесі
бар жəне докторанттың зерттеу саласы бойынша кемінде 5 ғылыми мақаласы бар екі
рецензентті тағайындайды, олардың біреуі осы ЖОО-ның немесе докторант оқыған
ЖОО-ның қызметкері болмауы тиіс. Бұл ретте докторанттар құжаттарының түсу кезегі
сақталады.
5.3.3 Диссертациялық кеңес мүшелеріне (1/3-інен аспайтын) диссертацияны
қорғауға қабылдау отырысына бейне-конференция нысанында қатысуға рұқсат етіледі.
1. Диссертациялық кеңес рецензенттердің, ғылыми кеңесшілердің бір-біріне
тəуелсіз ұстанымдарын басшылыққа алады.
Келесілер рецензент бола алмайды:
1) Комитет қызметкерлері;
2) докторанттың диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстарының
тең авторлары;
3) диссертация орындалған /немесе докторант тапсырыс беруші немесе
орындаушы (тең орындаушы) болып табылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген
ЖОО бөлімшелерінің жəне ғылыми ұйымның (кафедралардың, зертханалардың,
бөлімдердің,
орталықтардың)
басшылары
жəне
қызметкерлері.
Рецензенттің біреуін диссертациялық кеңес құрамынан тағайындауға болады.
2. Диссертациялық кеңес М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың интернет-
ресурстарында докторанттардың қорғауы жəне кеңестің қызметі туралы келесі
ақпаратты (мемлекеттік құпиялары бар материалдар мен диссертациялардан басқа)
орналастырады:
1) мекен-жайы, күні мен уақыты көрсетілген алдағы қорғау туралы хабарлама
(белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);
2) диссертация (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын жəне қорғаудан
кейін 5 (бес) ай ішінде);
3) көлемі 1 (бір) баспа табақтан кем емес мемлекеттік, орыс жəне ағылшын
тілдерінде аннотация (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын) (Қосымша Г);
4) докторанттың жарияланымдарының тізімі (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір)