ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СҮЛЕЙМЕНОВА М.Ж.
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰҒЫМЫНЫҢ ТАРИХИ АСПЕКТІЛЕРІ
Студенттік топтардағы кураторларға көмек
Қ арағанды 2015
Аэропорттан Астана қаласына бағытталған жолмен өткен қалаға келген әр бір адам кіре берістегі «Мәңгілік Ел» салтанатты қақпасының куәгері болады. Бұл керемет ескерткіш әр адамды түпкі тарихын ойлап, өз Отанына деген махаббат сезімін рухтандырады. Бұның себебі де бар. «Мәңгілік Ел» атауы қасиетті мағынаға ие, өйткені ол біздің тарихымызды толық қамтып мөлдір бұлақ сияқты алғашқы түптамыры сонау өткен уақытқа кетеді.
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050» атты қазақ халқына жолдауындағы «Мәңгілік Ел» идеясы бұл – ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ, сонымен қатар патриоттық терең сезімді, тәуелсіз біздің Отанымыз Қазақстанның гүлденуі мен нығайуын көрсетеді. «Мәңгілік Ел» - бұл қазақ және Қазақстан халқының, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы өткен тарихы тәжірибе жолы.
Президент Қазақстанның болашағын «Мәңгілік Ел» идеясымен айтқанда, ұлттың тарихи санасына қатысты сұрақтарды күн тәртібінде бірінші орынға қояды. Әлеуметтік - мәдени категория ретінде сипатталатын тарихи зерде мен тарихи сана тамыры тереңдеген сайын, жеке адам және жалпы қоғам рухани бай бола түседі.
Бұл Жолдау бүгінгі күні тәуелсіздікті күшейтетін ұлттық саясаттың стратегиялық бағытын анықтайтын, еліміздің тұтастығын сақтайтын, оның егеменді мемлекет ретінде және барлық қазақстандық қоғамды одан әрі дамытатын,мемлекеттік маңызды құжаттардың бірі болып саналады.
Өздеріңізге белгілі, тарихи ғылымның негізгі ұстанымы – ол бүгінгі уақытты түсініп және болашақты болжау үшін, өткенді білу қажет. Егер адам алдыңғы ұрпақтардан жинақталған әлеуметтік - мәдени тәжірибенің мәнін терең түсінетін болса, оның өмірлік және азаматтық принциптері айқын анықталар еді.Тарихи ғылым адамның ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға ықпал етіп, және ондағы гуманитарлық мұраттарды тәрбиелеуге әсер етеді.
Тәуелсіздіктің жиырма жыл ішінде Қазақстан отаршылдық және тоталитаризм заманында болған рухани құлдырау салдарын төмендетіп ғана қоймай, сонымен қатар өз мемлекетін қалыптастырудағы жаңа кезеңге кірісті. Дегенмен, қазіргі кезеңде Қазақстан ұлттық сәйкестілік пен мәдени тұтастығын қалыптастырған, толық, шынайы тәуелсіздікке жеткенімен, жаһандану дәуіріндегі қатал бәсекелестік жағдайында «Мәңгілік Елді» құрудағы ниетісаяси, әлеуметтік - экономикалық егемендікпен қатар рухани тәуелсіздікке жетуін талап етеді. Осы мақсатта ұлт болып табылатын кешенді жүйенің өмір әрекетін қамтамасыз ету үшін, осы қоғамның тарихи санасына тән, ұлттық дүниетанымын жаңғыртып, төл тарих және мәдениет мәнін құрайтын рухани көздерін қалыптастыру қажет.
Тарих өткен шақпен, адамның жадымен, әлеуметтік санамен байланысты болғандықтан, тарихи сананы төл тарихты оқып, зерттеу арқылы жандандыруға болады.
Ұлт көшбасшысы «Қазақстан-2050» жолдауындағы «Мәңгілік ел» ұғымының философиялық-саяси негізі өзінің бастауын сақтар, ғұндар, көне түркілер, Шыңғыс хан империясының, Алтын Орда мемлекетінің уақытынан басталады, яғни «Мәңгілік Ел» идеясы Қазақстанға ата – бабадан мұраға қалған. Осы идеяға қызмет ету барлық уақыттарда біздің жерімізді басқыншылардан сақтап қалуға көмектесті және бұл байланыс уақыт пен тарихта үзілмеуі тиіс. Өйткені, Президент Жолдауында аталғандай, «біз тек қана бүгінгі табыстармен болашақ ұрпақтың жарқын келешегімен батыр бабаларымыздың әрекеттері арасындағы сабақтастықты сақтай отырып қана, біз «Мәңгілік ел» бола аламыз».
Ежелгі түркілер өздерінің мемлекеттерін құрып, оны «Мәңгілік ел» деп атады. Үш ғасыр бойы (V–VIII ғғ.) қағанаттың атауының осы өңірге таңылғаны соншалық, түркілер Батысқа көшкеннен кейін де (алайда қоныс аудару жалғасын таба берді), атақты аймақта қалған, маньчжурлық одақтастар, елдің атауын өздерінің этнонимі ретінде қабылдай бастады. Осылай, түркі елінің мемлекеттік Ұлы қайраткері Күлтегіннің құрметіне қойылған тас жазба ескерткіштерінде жүздеген жылдар бойы өшпеген, әскери-саяси маңыздылығын, экономикалық жеткіліктілігін, ұлттық құндылықтарға деген айнымастық пен адалдығын, айналадағы адамдарға толеранттылықты, тұрақтылығын, түркі халқы мен мемлекетінің аймақтық және саяси бірлігін білдіретін «Мәңгілік ел» идеясы көрініс тапқан. Түрік басқарушы элитасының өздерінің қол астындағылар санының көбеюіне, жалпы дәулеттілікке қол жеткізуге, басқа мәдениет пен өркениетке деген толеранттықты қалыптастыруға, мүмкін болатын және анық қауіп-қатерлер алдындағы халықтың бірлігі мен бірауыздылығына, қағандар мен қарапайым адамдардың арасындағы өзара түсіністікке, мемлекеттілікті сақтау үшін белсенді күш пен еңбекті қосу қажеттілігі сияқты үндеулері сол уақыттағы «Мәңгілік Елдің» өзегін құрады.
Мысалы, Күлтегіннің құрметіне арналған кіші жазбада бірінші рет қағандар мен атақты жырау Тоныкөктің айтуында мәңгі ел мен мемлекет идеясы көрініс тапқан. Егер Өтүкенде басқарсаң, өзіңнің тайпалық одағыңды тудырып және онда орда жасасаң, табгачтарға керуен жіберіп отырсаң, халықта ешқандай мәселе болмайды делінген. Өтүкенде басқарма құрсаң, үнемі Мәңгі ел туралы ойлайсың, сонда сені ешқандай жау ала алмайды. Мәңгілік ел – біздің ең басты мақсатымыз.Ал Бумын қағанның құрметіне арналған Онғұн ескертіштерінде түркі халқының мәңгілігіне деген үндеу мен сенім бар. Осы ұлы идеяның арқасында ұлы түркілер мен олардың түркі тілдес ата-бабалары және ұрпақтары еуразиялық кеңістікте ең «бірінші скрипкада ойнады.
Мысалға, олар өздерін мүмкін болатын шабуылдар мен шапқыншылықтардан қауіпсіздендіруге ұмтылуға, көршілес халықтармен белсенді қарым-қатынаста болуға, гуманистік дәстүрге, салауатты өмір салты тәжірбиесіне, тұрақты мал шаруашылығы экономикасына негізделген жылдам және атты әскермен оңтайландырылған сол уақыттағы бірегей әскери өнерінің негізін қалады. IX ғасырдың араб шежіресіші аль-Джазих түркілердің орасан зор арынды қуатын және күшін айрықша баса айтты. Осылайша, Ұлы жазықтың ойшылдары мен ұлдары Мәңгі түркі елі-«Мәңгілік Ел» туралы ойлауды ұмытпады.
«Мәңгілік ел» идеясы әрқашан ұлы көшпелі империя мен әлемдік өркениет арасындағы тамаша тарихтың көпірі тектес. Ақ жүректілік пен көңілдің кеңдігі тән халықтың бірлігін сақтау, гуманизм сияқты жалпыадами қасеиттерімен сипатталатын көшпелі өркениеттің даму жолында, Ұлы жібек жолында өмірге жүзеге асырыла бастады. Ежелгі түркілердің арманы мәңгі өмір және мәңгі тіршілік пен оның сүйікті құлдарына айналу түсінігі көмегімен Тәңірімен жақындасу туралы ой болатын. Бұл армандар, бірге тұтасып, бір Жаратушының рақымымен ғана мәңгілік ұғымына айналды. Біздің ата-бабаларымыз Тәңірі, адам және жер – осы үш болмысты бір бірімен тығыз байланыста деп қабылдап, оны мінсіз өмір ретінде көрген. Қайнар көздерден белгілі болғандай, «Мәңгілік Тәңірі» ұғымын адамдар ең жоғары және ең қасиетті ұлылық деп түсінген. Сол себепті, ежелгі түркілердің ата-бабалары – ғұндар, динлиндер, сақтар және тағы басқалары, өздерінің бастауларын «Мәңгілік Тәңірінен» алып, Жаратушының бейнесіне тәуелді болған. Б.з.Ү ғасырында Алтайлық кішігірім түркі Ашина әулеті тарихқа «түркілер» деген ұғымды енгізді (Дулыға). Металл балқыту өнерін меңгерген олар, өздерін көршілес халықтардан жоғары санады, адамдардың санасында өз биліктерінің идеологиясын құру мақсатында, түркілердің шығу тегі жайлы аңыз таратты, яғни Ашина әулеті қасқырдан тараған деді. Отбасылық аңызда түркілер – Ашина әулеті тотем-белгісі ретінде көк қасқырдан тарады дегенмен, қалыпты ортада түркілер қоғамында әлі де көк қасқырдан жоғары «Мәңгілік Тәңірі» бейнесі барлық Жаратушы ретінде сақталып тұрды. Сол себепті, «Мәңгілік» түсінігі туралы сөз болғанда, Тәңірі болмысы әрқашан жоғары тұрды, және «жоғарыда көгілдір аспан, төменде қоңыр жер, ал арасында адамзат баласы пайда болғанда» біздің ежелгі ата-бабаларымыздың санасында мәңгі жоғары шындық болып бекіді. Сондықтан да түркілерді алғаш билеген қағандар мен басқарушылар Мәңгілік Тәңірінің бұйрығымен халықты басқаруға жиберілгендер тұлға болып қабылданды. Түркілерде ғана емес, сонымен бірге көршілес манчжур және тұңғыс тілді тайпаларда да қалыптасқан халық пен елді басқарған тарихи тұлғалардың мәңгілік тіршілігі туралы түсінік қалыптасты. Мысалы, монғолдардың ата-бабасы шивейлер (қара татарлар), сонымен бірге Енисейдегі ежелгі Қырғыз қағанаты да өздерінің елдерінің шығу тегін Мәңгілік Тәңіріден шығарады. Сол себепті протомоңғолдар өздерін «Мәңгі Шибей» деп атаған. Өз уақытында бұл халықты басқарған басқарушы әулет өздерін Тәңірдің жерге жіберген елшілері деп көрсетті. Түркілер өз қағанаттарын «Мәңгілік ел» деп атаса, ал олардың жалбарынатын Тәңірі манчжур тілдес көршілері өз біріккен мемлекеттерін «Монх елі» (Моңғол) немесе «Мәңгілік тәңір елі» деп атай бастады. Бұндай жағдайларда көшпелі халықты басқаратын әулеттің күштілігі бағынышты халықтың қуаттылығына тікелей тәуелді, сонымен қоса басқарушыға деген сенімге де байланысты болды.
Ежелгі көшпелі қоғамда «Ел» түсінігі үнемі басты мәселелердің бірі болды, басқарушының маңайына топталған қауымдастық түсінігі ретінде қабылданды. Орталық Азияның ежелгі көшпенділерінде «Ел» атауы түркі қағанатынан бұрын туғандығын баса айту қажет. Тарихи дереккөздерге сүйенсек, бұл терминді «жұрт» терминімен қатар қолданғанын көреміз. Сондықтан, әлі күнге дейін қазақтар «ер жігіттің үш жұрты бар» дейді. Осылайша, «Мәңгілік Тәңірінің» таңдаған, әрдайым Тәңірінің жұрағаты саналатын, қағандар немесе хандар, сол сияқты бектер, «Мәңгілік ел» құру үшін күресті. Ашина әулетінің барлық қағандары, ұрпақтары Түркі қағанатын, Түргеш қағанатын, Қарлұқ қағанатын, Батыс және Шығыс қағанаттарын, Қарахан қағанатын құрып, «Мәңгілік ел» құрдық деп ойлады. Көшпелі моңғолдар да, олардың мемлекеттерінің «Мәңгілік Тәңір елі» деп сенді. Шынында да, бірліктің жоқтығынан, сонымен қатар геосаяси мәселелерге байланысты қағанаттың ғана емес, сенім артқан әулеттер де мәңгілік емес болып табылды. Алайда, Тәңірі рухына негізделген және «Мәңгілік ел» этноәлеуметтік іргетасы арманына айналған түркі халқы, конъюнктуралық саяси жағдайға қарамастан, «Мәңгі ел» болды. Біздің бүгінгі көретініміз, ол «Мәңгі қазақ елін» құруды өздеріне мақсат еткен, кейбір саясаткерлер мен ғалымдар, болашаққа стратегиялық болжауды әзірлеу жолында, тарихи өткеніне үңіліп, барынша идеологиялық сүйеніш нүктесін табуға талпынуда. Алайда біздің мемлекетіміздің өткен тарихында «Ұлы» түсінігін түсіндіру мен талқылауды ұйымдастыру ісінде заңдылық процесіндегі объективті және субъективті факторларды ескермеушілікпен байланысты көптеген қателіктер жасалды. Өз заманында әулет басшысынң билігінен келген, халық тарихының тұтқасында тұрған «Мәңгілік ел» идеологиясын қалыптастырғандардың жасаған қателіктері көп болды, өздеріне дейінгі өмір сүрген мемлекеттердің тарихын ұмыттыруға, халық санасынан ұлттық батырлық пен ұлыстардың шыққан тегін өшіріп тастауға ұмтылды. Бұл қателіктен түркі қағандары да құтылмады. Олар Ұлы Түркі қағанатын құрып, халықтың жадынан бұрын тарихта болған тәуелсіз мемлекеттерді құраған ғұндарды, динлиндерді, үйсіндерді, сақтарды, қаңлыларды жылдамырақ сызып тастап, тек қана түркі қағандарының ерліктерімен шектелді. Сол себепті Күлтегіннің, Тоныкөктің, Білге қағанның және тағы басқа түркі билеушілерінің стелалары тарихи кіріспесін өздерінің әулет билеушілері Ашина Бумын мен Істемин қағаннан алады.Түркілерде Бумын қағанға дейін ешкім болмаған сияқты. Осылай түркіқағандары, өз басқаруындағы халықтың қолдауымен ғана шектелмей, өзі айналасында барлық моңғол этностарының рулары мен тайпаларын жинады,олардан мүлде жаңа этноәлеуметтік деңгейдегі халық жасауға ұмтылды. Бұл байланыстағы «түркі» этнонимі ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, жужандар сияқты тайпаларды ығыстырды.«Мәңгі ел» құруда бұрынғы түркі тілдес одақ тайпаларынан құрылған мемлекеттік бірлестіктердің қалыптасуы мен құлауы саясатқа да, түркі қағандарының арманына сәйкес келмеді. Манчжур тілдес көшпелі тайпалардың (сяньби, жужане, шивей, қидандар немесе қара қытайлар және т.б.) көптеген түркі халықтарының біршамасын өздеріне бағындырған заманында өздерінің қағанатын құруда олардың Мәңгілік елді қалыптастырудағы арманы нысанаға алынды. Бұл мағынада олар ештеңе жаңа ойлап таппады, байырғы жергілікті халыққа тәуелді ықпалды билер мен бектерді қостап, сонымен бірге көшпелітүркілердің бұрынғы дәстүрлері мен идеяларын жетілдіріп, қуатты мемлекет жасауға жиналды. Бірақ бұндай саяси стратегиялар мен тактикалар рутайпалық ұйымдардың ықпалындағы мақсаттар мен міндеттерді қанағаттандырмады. Өйткені Мәңгілік ел құру үшін тұрғылықты түркітілдес және манчжур тілді тайпалардың тілдік бірлігі ғана емес, сонымен бірге салт, дәстүр, діл бірлігі де қажет болды. Ғұндарды манчжур-тілді сяньми тайпаларының ығыстыруларымен түркілердің қидандармен (Ляо мемлекеті) талқандалуының нәтижесінде осындай оқиғалардың орын алуы, ал содан соң бұл саясатты Шыңғыс ханның басқаруымен моңғолдар жалғастырды. Әрбір азшылықтағы манчжур тілді тайпалар тек жоғары құдіреттілікке жетіп қана қоймай, сонымен қатар нақты бір тарихи кезеңде, басқа тілде сөйлейтіндердің, сандық жағынан Орталық Азияның үлкен аумағын мекендеген түркітілдес тайпаларлың билігін жаулап алды, сондай ақ бұл билікті ұзақ уақыт сақтап қала алды.
Шыңғыс ханның түркі тайпаларымен әскери іс-қимылдары, «XI ғасырдың ежелгі моңғол - түрік империясын қалпына келтірудегі ниеті» қағанның Мәңгі ел мемлекетін қайта жаңғыртудағы ниеті болып табылады. Сондықтан «бұл есімнің тамаша болғаны соншалық барлығы жанданған ұлттық сезіммен мақтана бастады», өйткені Шыңғыс хан 1206 жылғы құрылтайда барлық шығыс – түркі тайпаларын - Қият, Жалайыр, Керей, Найман, Қонырат және т.б. VІ-VІІІ ғасырларда ата – бабалары құрған мемлекетті, яғни Түрік қағанатын жаңғыртуға шақырады. Сол кезде қолданылған әліпби Мәңгі ел сөзін дұрыс жеткізе алмағандықтан, шамасы ол моңғол сөзіне айналып кеткен. Түркі және маньчжур тілдерінің арасындағы фонетикалық айырмашылық мөңгі ел > мнгл > моңғол сөзіне айналуға әсерін тигізді.
«Түріктердің көпшілігі қазір моңғолдар» деп кезінде айтылған сөзді, түріктердің көп бөлігі дереу игеріліп басқа этносқа – моңғолдарға айналды деп түсіну қате, түрік тайпаларының көп бөлігі бірігіп «Мәнгі ел» одақ – мемлекетінің халқы болғанын түсіну қажет (мысалы, КСРО сияқты, бірақ «Мәңгі ел» шығыс түріктерінің бірігуі болса, ал КСРО әр түрлі ұлттан құралды). Үндесу үшін, ұзақ жылдар бойы үстем ұлттың құрамында болу керек. Одаққа кіру арқылы жаңа атау қабылдау әлдеқайда жылдам процесс. 1991 жылы 8 желтоқсанда КСРО күйрегеннен кейін, оның құрамында болған елдер жаңа одақ құрып, 12 күннен кейін ТМД болып атала басталғаны мысал бола алады. Осыған ұқсас тағы бір мысал, татарлар жеңіске жеткеннен кейін, барлығын татарлар деп атай бастаған, себебі, бұл екі атау ұлттың атын емес, ал шығыс түрік тайпаларының одағын білдірген. Осы себептен басқа адамдардың есінде жеке түрік тайпаларының есімдері емес, ертеде «татар» ал XIII ғасырдан бастап – «моңғол», яғни «Мәңгі ел» деп аталған одақтың атауы қалған. Кейіннен «Мәнгі ел», ал ертеде татар одағын құраған Қият, Керейіт, Найман, Жалайыр, Қоңырат және т.б. шығыс – түркі тайпалары ешқашан өздерінің асыл тұқымды атауларын жоғалтқан емес, және «Мәңгі ел» бірлестігі құлағаннан кейін, олар қазақтар, өзбектер, ұйғырлар, ноғайлар деген сияқты бірлестіктер құрап, ұзақ жылдар бірге болу салдарынан ұлттарға айналды.
Шыңғыс хан мен оның ізбасарларының 25 жылдың ішінде территориясы 400 жыл бойы құрылған Рим империясының территориясынан екі есе үлкен империяны құрғандары шетелдік ғалымдарды қатты таң қалдырады. Осындай жетістікке жету үшін халықты біріктіретін күшті идеологияның қажет екені айтпаса да түсінікті. Егер Күлтегін жазбасындағы «бенгу ел» (мәңгі ел) сөзіне мән берсек, оның қағанат атауына емес халықтың идеологиясына көбірек келетінін аңғаруға болады. Бірінші кезекте, XIX ғасырда Европаны кезген коммунизм елесі сияқты, түркі әлемінің «Мәңгілік ел» құрудағы идеясы олардың көп ғасырлық армандары мен ұмтылысы болды. Шыңғыс хан шығыс түркілерін біріктіріп, мемлекетті «Мәңгі ел» (Монгол) деп атады.
Қазіргі жазушы – зерттеушілер Шыңғыс ханның тарихи хроникасында түркі сөздерінің өте көп екенін айтады. Бұл табиғи нәрсе. Себебі, Түркі қағанатының уақытында халық түркі тілінде сөйлеп, кейін сол аумақта «Мәңгі ел» мемлекеті құрылған да сол тілде сөйлеуді жалғастырған. «Шыңғыс хан мен оның халқы Моңғол мемлекетін құрып, моңғол тілінде сөйлескен», деген тұжырым «Ленин және халық, КСРО – ны құрып КСРО тілінде немесе коммунизм тілінде сөйлесті» дегенге пара – пар және бұл тұжырым қате. Сондай-ақ, неліктен Шыңғыс ханның әйелдері мен оның ұлдарының әйелдері моңғол ұлтынан емес деген мәселе бар.
Осы түсініспеушіліктердің барлығы «Мәңгі ел»мемлекет атауы мен идеологиясының этнос атауымен шатастырып қабылдауында болды. Сондықтан сегіз ғасыр бойы, тарихшылар мен қоғам Шыңғыс ханның басшылығымен құрылған ірі мемлекетінің халқы мен «моңғол» сөзінің мағынасына қатысты бір пікірге келе алмады.
Сонымен қоса б.э.д 552 жылы Түркі қағанаты құрылып, ал 1206 жылы Шыңғыс хан Түркі қағанатын қайта қалпына келтіріп, оны Мәңгі ел деп атаған, өлке мен осы жерге қоныстанып, кейінірек «моңғол» атауын алған халық жайлы соңғы ғасырлар тарихы ақпараттың толық зерттелмегені де өз ықпалын тигізеді.
Л. Гумилев «Древние тюрки» кітабында: «Ғұндардың ұрпағы түркілер, Шыңғыс ханның моңғолдары түркілерді білмеген сияқты, өз ата – бабасы жайлы ештеңе білмейді. Егер біз екі дәстүрдің бөлінгенін ескермесек, Орта Азия тарихын түсіну мүмкін емес» деп жазған. Бірақ, Өтүкен жайлы жазылған «Сокровенное сказание» мен «Алтын топшыдағы» жолдардан, Шыңғыс хан мен аталған еңбектердің авторлары Түркі қағанаты заманындағы жазбаларды, демек Мәңгі ел идеясымен таныс болғандығын дәлелдейді.
Бұдан басқа, «Мәңгі» сөзінің идеология және шығыс түркілер хандығының атымен бірге, осы халықты біріктіретін үшінші мағынасы бар. Хорезм шахы Мұхаммедтің ұлы Жәлел-ад-диннің есіміне Мәңгіберді лақап аты( Рашид-ад-дин бойынша – «Манкгуберти» қосылған. Ол қазіргі қолданыстағы Құдайберген, Тәңірберген (немесе Тәңіріберген), Аллаберген (түркімендер «Кұдайберді, Тәңірберді, Аллаберді деп айтады») деген есімдермен мағыналас болып келеді. Шыңғыс хан дәуірінің жазбаларында байқағанымыздай «Мёнкэ-Кёкё-Тенгрин» (Мәңгі Көк Тәңірі) деген сөз жиі кездеседі және «Мәңгі» сөзі «Тәңірі», «Құдай», «Аллах» деген сөздерге синоним келіп құдіреті шексіз Құдайдың аты болып табылады. Сондықтан «Мәңгі ел» сөзі мемлекет атауы мен түркі идеологиясы атауымен қатар «Ел, Тәңірінің елі» деген сөзді білдірген.Сондықтан Шыңғыс хан ұсынған Мәңгі ел мемлекет атауының керемет болғаны соншалық барлығы ұлттық сезіммен мақтана бастады. Әрине түркілердің бір ірі мемлекет болып бірлесуіне қарсы болғандар да болды. Бұл жалғыз билік жасап үйренген ірі түркі тайпаларының билеушілері болды. Бірақ үздіксіз өзара қақтығыстардан шаршаған түркі халықтарының көпшілігі Шыңғыс ханның Мәңгі ел мемлекетін құрудағы идеясын қолдады.Солтүстік – Шығыс Түркістанның тарихи сахнасында түркілердің ірі мемлекеті, дұрысын айтқанда Үшінші Түркі қағанаты қайта пайда болды.
Тарих пен «моңғол» сөзінің мағынасын зерттеп отырып, қытай тілінде жазылған «Тан шу» кітабындағы б.э. VIII ғасырында сипатталған оқиғалар арасында ең бірінші «мен-гу» сөзінің кездесетінін айтқан тарихшылардың пікіріне тоқталмау мүмкін емес. Көптеген елдердің тарихшылары осы дерекке сүйене отырып, «моңғол этносының көнелігі» жайлы өз қорытындыларын жасайды. «Мэн-гу» (моңғол) тайпа атауы өте ежелден шыққан, бірақ қайнар көздердер де өте сирек кездеседі », – деп жазады Л.Н. Гумилев «Древняя Русь и Великая степь» кітабында. Бұл сөз («мен гу») қытайлықтар екі иероглифпен белгілеген, ол чжуршыларға қорқынышты болған, басқарушы өзін император етіп жариялаған «мәңгі» мэнгу дегенді білдіреді. Одан кейін олардың көзі жойылды, алайда Шыңғысхан империяның негізін қалады, оған жүгіріп өткен Цзинь құзырындағылар оған Цзиньдердің қорқынышын ояту үшін осы халықтың атын қабылдауға үйретті.
Л.Н. Гумилев қытай трактаттарында тағы бір моңғол мемлекеті жайлы мағлұмат барын айтады. Ол чжурчжендерден солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Татарлар олардың есімін иеленіп Ұлы Моңғол мемлекеті болып аталды. Бұрынғы моңғол мемлекеті жойылып, қазіргі моңғолдардың татарлар екені белгілі. Оның пікірінше қытайдың басқа шежірелерінде ертеректе Монгус мемлекетінің болғаны жайлы мағлұмат кездескен. Енді татарлар өздерін Ұлы Моңғол мемлекеті деп атайды және шекара қызметшілері оларды «мэн-да» («мен гу-дада» яғни моңғол-татарлар сөзінен қысқартылып алынған) деген. Бірақ осы екі мемлекет бір-бірінен шығыстан батысқа қарай бірнеше мың лиға қорғайды. Олар неліктен бір атаумен біріктірілгені белгісіз.
Шыңғыс хан өзінің жол салушылары түркі және манчжур қағандарының мемлекетті басқарудағы саясатымен жете танысып, сонымен қатар олардың идеологиясына толықтай талдау жасап, болашақта сол тәжірибені үлкен пайдамен өзіне қолданды. Нәтижесінде ол шағын манчжур тайпалары мен Орталық Азия аумағындағы түркі тілдес тайпаларына толықтай қуатын жеткізді. Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің қатаң саяси идеологиясының нәтижесінде, түркілер өз атауларын пайдалануды тоқтатып моңғол аталып ғана қоймай, бұны неғұрлым беделді деп санады. Мысалы, Алтын Орданы жаулау барысында, Еділ жағалауындағы түркі тайпалары татар этнонимін қабылдаса, оңтүстікте Балқаш көліне дейін, шығыста Ертіске дейін, қазіргі Қазақстанның үштен бір бөлігін қамтитын Орталық Азияның көп бөлігіндегі түркітілдес халықтар өз мемлекеттерін Моғолстан (Моңғолыстан) деп атап, нәтижесінде осындай этносаяси процеске енгізілді.
Осы мемлекеттік қалыптасу барысында, өз уақытында Орталық Азияның көп аумағында үстемдік еткен Қаңлы тайпасы мен ежелгі үйсін мемлекетінің тікелей мұрагерлері болып саналатын дулаттар, өздерін моғол (моңғолдар) деп атай бастаған, себебі сол уақытта бұлай аталу беделді болған. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі осының дәлелі. «Моңғолдардың құпия тарихымен қатар, қытай шежірелерінде айтылғандай моңғолдарға дұшпан түркітілдес тайпалар, қытай тайпалары болған, Шыңғыс хан «түркі» этнонимін «моңғол» этнониміне ауыстыру үшін, сонымен қатар ол құрған империя бүкіл әлемге ежелгі түркілер атауымен емес, манчжур тілді моңғол тайпасының атымен белгілі болуы үшін көп күш салды. Көне тарих осылайша түркілердің жері бүкіл әлемге Моңғол империясы ретінде танылғанын растайды. Шыңғыс хан «Мәңгілік Елді» қалыптастыру үшін түркі тайпа (Жалайыр, Керейт ұлыстары, Найман, Капшақ хандығы) одағының саясатын (бейбітшілік және күштеу жолмен) жүргізгені бізге жақсы мәлім. Шетел зерттеушілерінің пікірінше, «дәл уақытында, дәл сәтінде туған» Шыңғыс хан, мемлекет құруда тәжірибесі бар, басшылығында ел билеушісі бар, қыруар түркі тайпаларын аз санды манчжур тайпаларына бағындырған аса дарынды қайраткер. Әрине, манчжур тілді Шыңғыс хан әулеті біртіндеп түркі ортасы басымдығына сіңіп, толығымен түркіленіп кетті. Бірақ Шыңғыс ханның мұрагерлері Түркі қағанатында емес, жаңа жаратылған Моңғол мемлекетін биледі. Шыңғыс ханның мұрагерлері болып саналған қазақ хандары, шын мәнінде тіл жағынан ғана емес, логикалық ойлау жағынан да, дәстүрлі әлеуметтік – мәдени сипаттамалары тұрғысынан да қазақтар болғанымен, өздерін Мәңгілік мемлекетті «Мәңгілік елді» - Қазақ хандығын құрушылармыз деп санағандары, олардың ата – бабаларының қателіктерін қайталағаны болды. Тек Шыңғыс ханнан бастау алған қазақ хандары өздерінің шыққан тегін ХV ғасырдың ортасында тарих аренасына шыққан «қазақ» этнонимімен байланыстыратын ежелгі түркілердің түп-тамырынан іздестірмеді. Олар қателікпен ежелгі көшпенділер өркениетінің негізін қалауға үлестерін қосқан көне түркілерді қазақтардың ата – бабасы ретінде қабылдамады. Сондықтан да ортағасырлық қазақтар көне ғұндардың, үйсіндердің, қаңлылардың этно – саяси тарихын ұмытып ғана қоймай, ақыр соңында билік жүргізген Ашина әулеті мен басқа да қоғамдық бірлестіктерді назарсыз қалдырды. Нәтижесінде алғашқы қазақ хандарының реформасы, қазақ халқының шежіресі ХІV-ХVІ ғғ тарихи қайраткерлерден санала бастады. Сондықтан түркі қағанатының заманында өмір сүрген 30-40-тай ұрпақтар мен кейінгі уақыттаға қайраткерлердің есімдері ескерусіз қалды. Осылайша ауызша тарихта көптеге ната – бабаларымыздың есмідері жоғалып кетті. XV ғасырдың ортасындаКерей мен Жәнібек ханның басшылығымен Қазақ хандығының қалыптасумен байланысты, түркілік «Мәңгі ел» орнына, «Қазақ хандығының» синонимі болып келетін «Қазақелі» мемлекттілігі құрыла бастады. Яғни, егер біз «Қазақелі» десек, ол «Қазақ хандығы» дегенді білдіреді. Сонымен қатар, «Қазақелі» қазақтар үшін эволюциялық шығутегібойынша «Мәңгі ел» ретінде де қабылданады. Осылайша «Қазақелін» құрған Қазақхандығының басшылары мәңгілік қазақ мемлекетін құрғылары келді. Қазақ хандығының құрылуынан бастап, қазақтар өз халқын «Мәңгі ел» емес «Қазақелі» деп жазып өздерін қазақтар деп атай бастады.
«Мәңгі ел» ұғымы Қазақ хандығынын аумағында неге тарамаған деген сұрақ туындайды. Қазақ хандығының құрылуынан біренеше ғасырлар бұрын моңғол Үстірті аумағы мен Еуразия аумағында Түркі қағанатына еліктеген Шыңғыс хан жаңа мемлекет құрып оны «Мәңгі ел» деп атады. Яғни, моңғол мемлекетінің пайда болуымен «Мәңгі ел» пайда болды. Әрине қазақтар өз мемлекетін құра отырып оны «Мәңгі ел» деп атай алмады, себебі Шығыс және Орта Азия аумағындағы моңғол мемлекеті «Мәңгі ел» деп аталды.
Нәтижесінде «Мәңгі ел» мәңгілік мемлекет құруды армандаған қазақтар өз мемлекеттерін «Қазақ елі» деп атауға мәжбүр болды. Кеңес үкіметі кезінде «Қазақ елі» термині негізінен орысша еңбек көздерінде қолданылса, ал парсы және басқа да ортағасырлық еңбектерде «ел» сөзі қолданылды. «Қазақ елі» ол уақытта болмады. «Қазақ елі» орыс мемлекеті мен Қазақ хандығының қарым – қатынасы уақытында тарала бастағандықтан, орыс еңбектерінде Қазақ хандығын «Қазақ елі» деп жаза бастады.Ал кеңес үкіметі кезіндегі еңбектерде олай жазбады, себебі «қазақ» сөзі идеологиялық себептермен стан жалғауымен бірге қолданылды. «Ел» стан ретінде қабылданды.
Мүмкін, Кеңес идеологтарының ойынша, стан орысша сөзден шыққан, яғни орыстандырылуға жақын, сол себепті кеңес құжаттарында тек қана «Қазақстан, Қазақ ССР» деп жазылды. «Қазақ елі» буржуазиялық ұлтшылдық деп тұспалданғандықтан болар, мемлекеттік шығармаларда қазақ сөзін айрықшалауға, яғни жазуға тыйым салынды. Егер кеңес үкіметі заманындағы барлық тарихи зерттеулер мен монографияларда «Қазақстан» орнына «Қазақ елі» деп жазылған болса, онда ол буржуазиялық ұлтшылдық деп бағаланып, бұндай еңбектердің авторлары, яғни тарихшылар, ұлтшылар деп қудаланды. Барлық өзгешеліктерге қарамастан «Мәңгілік Ел» құдыретті идеясының тұрақты шарықтауының арқасында Қазақстанның құдай берген жері өздерінің батылдығы мен даңқы шыққан сақтар мен ғұндардың, сонымен қатар Ұлы түрік қағанатының және ортағасырлық ірі державалары құрылған және тіршілік еткен орнына айналды, олармен сол кезде әлемде тіршілік еткен Еуропа, сондай-ақ Азия империлары санасқан. Тап сол кезде ежелгі қазақ даласы дарынды қолбасшылармен ғана емес, Еуразия мемлекеттерінің басшылары үшін жеке ұландармен де қамтамасыз етті, әйтсе де, тіпті «түркі елінен» тыс, Болгария, Венгрия, Индия, Мысыр, Иран, Әзірбайжан, Осман империясы сияқты мемлекеттерде билеуші әулеттің негізін сала білді.
Прототүркілердің әскери өнері – сақтардың, ғұндырдың, тіпті түркілердің өздері мен олардың мұрагерлерінің, сонымен қоса әскерилер қатары, саясаткерлер мен идеологиялық қарсыластардың да бүкпесіз таңқалысы мен әлемдік сыйласымдылығына мұрындық бола білді. Шамасы, мәңгі ел, мәңгі мемлекет, аумақтық тұтастық және олардың бірлігі идеялары түркілер пайда болғанға дейін көп бұрын, ұлы сақтарда – прототүркілерде қолданылғаны көрінеді. Бізде бар дереккөздерден көрініп тұрғандай, төңіректегі халықтар скиф-сақтардың қайталанбас және ерекше, жақсы мінезіне, ғажап әскери өнеріне қатты қуанады. Осылай, б.ғ. дейінгі V ғасырда атақты көне грек ғалым Геродот өз тұстастары туралы аса қуанышпен және құрметпен жазды, көбінесе – қандас және ең қауіпті жаулары, жауынгер және намысшыл, тәкаппар сақтар, тілі, өмір сүру салты, ділдік мақсаты, әдет-ғұрпы, арманы мен ойлары кейінгі қазақтармен түйісіп жатты. Ол, тіпті скифтердің (сақтардың) әскеріне Еуропа халқы тұрмақ, Азияда да ешбір жекелеген тайпа біріккен скифтерге қарсы тұра алмайды деп жазды. Әрі қарай Геродот олардың туған жерге деген махаббатын, кез келген жаудан қаһармандықпен қорғайтынын ерекше атап көрсетті. «Мәңгілік Ел». Ендеше, сақтардың өзі де «Мәңгілік ел» идеясын басшылыққа алған. Ұлы жазықтағы мәңгі мемлекеттілікті сақтау дәстүрі, өз отаны үшін ең соңына дейін күресе білген ата-бабамызға – ғұндарға сақтардан жалғасын тапқан. Атақты римдік ғалым Аммиан Марцеллин, ғұндардың шыдамдылығын, шыныққандығын, қарапайымдылығы мен батылдығын баса көрсетті, оларды «ырық бермейтін халық», «өте жақсы жауынгер», «қылыштарымен қалтқысыз күресе білетін» деген таңдаулы эпитеттер сыйлады. Шынымен де, біздің ержүрек, талапкер және данышпан ата-бабаларымыз өз іс-әрекеттерімен қаншама рет әлемдік тарихты және геосаясатты өзгертті. Сонымен, біздің жеріміздің ұлы жәбірлеушілері жылқылардың деместификациясына, ер-тұрман, үзеңгі, жүген ойлап табуда да қайталанбас мұрасын енгізді. Оларға көшпелі демократия, салық жүйесі, ақша айналымы, қайталанбас мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, «Мәңгілік ел» тас жазбаларын жетілдіруде үлкен рөл тиесілі. Қозғалыстардың жылдамдығы оларға әлем қалай тұрса, солай қабылдауға, негізгі және екінші дәрежедегі, дамыған және дамымаған, үлкен және кіші деп бөлмей, оларды толерантты, ментальды және қонақжай халық деп қабылдауға көмектесті. Жай оғындай шапшаңдық оларға өз этникалық қызбалығы мен қуатын сақтай отырып, ең бірегей және ерекше сапа - кез келген орта мен айналаға жеңіл бейімделуді үйретті.
Үлкен жылдамдықпен көшіп қону оларға қалған әлемнен сол уақыт бойынша бір жағынан ең үздік технологиялық жаңалықтар мен өнертабыстарын, екінші жағынан өздерінің жетістіктерін өзге өркениетке жеткізуге мүмкіндік болды. Бұл маңызды ұстанымдар олардың тілдерін әлемдегі ең көп таралғаны сонша: Батыс Еуропадан Ұлы қытай қорғанына дейін, солтүстік тундра мен мәңгі тоң аймақтарынан Солтүстік Индияға дейін алуан түрлі адамдар прототүркі немес түркі тілінде (кейінде қыпшақ тілі) сөйлеуге мәжбүр болды. Қазақстандық ғалымдардың соңғы зерттеулері бойынша, көне тілдердің прототүркі тілінің элементтері Солтүстік Америкадағы бірнеше үнді /индеец/ тайпаларында сақталған. Бұған байланысты біздің атақты жерлесіміз Махмұт Қашғари өзінің жерлестері - түркілерді ұлықтап, аса құрметпен жазған. Ол Құдай оларға түркі деген есім беріп, оларға патшалық билік берді деп жазды. Оларды уақыт билеушілері етті. Олардың қолына Жер бетіндегі халықты билеудің тізгінін берді. Ұлы және тәкаппар «Ел» идеясын өмір бойына біздің ата-бабаларымыз – қазақтар да сақтады. Шындығында, берекелі Қазақстан аумағында бірінен соң бірі өмір сүріп жатқан халықтар этнонимі, тек қана біздің ержүрек және табанды ата-бабаларымыз «Мәңгі ел» идеясымен қаруланған кезде, өздері үшін сөйлейді: «түрік» сөзі «жетекші», ал қазақ – «еркін және әскери өмір салтын сүретін адам» дегенді білдірді. Арабтар, осы уақытқа дейін барлық қазақстандықтарды қыпшақ деп атауда, біздің жерімізден шыққан сұлтан Бейбарыс дәуірінен бастап, әлі күнге дейін бізді тек қана «сардар» (қолбасшы) ретінде, яғни арабтар - пайғамбардың халқы, парсылар – ақындар, қыпшақтар – сардар халқы екенін тынымсыз айтып келеді. Осы уақытқа дейін зерттеушілер тек қазақтардың тікелей арғы аталарының тарихын ғана емес, сонымен қоса ежелгі түркі тайпалық одақтардың этногенезіне қатысқан протоқазақтарды, ІХ-ХІІ ғғ. Керей, қоңырат, қыпшақ, алшын, найман, жалайыр және қоралас этнонимдерді де зерттеуде. Тарихи өзгерістерге қарамастан, ХІХ-ХХ ғғ., бүгінгі қазақстандық тарихи ғылым дамып және қазіргі зерттеушілер үшін «қазақ», «Мәңгі ел» атауының астары мен күрделі тарихи қиын-қыстау кезеңдерін зерттеу үшін мүмкіндіктер ашылып жатыр. Сөз жоқ, ежелгі сақтардан, ғұндардан, үйсіндерден, қаңлылардан бастау алған, қаншама тарихи қайғылы өзгерістер мен сынақтардан өтіп, шынайы Тәуелсіздікке жеткен ел, сенімді түрде «Мәңгі ел» болуға лайық. Бүгінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев Тәуелсіздік жылдарында дәлелденген жетістіктерімен, қазақ халқының жарқын болашағын «Мәңгілік елге» теңестірген. Сондықтан көп ғасырлардан бері «Мәңгілік ел» түсінігіне ұмтылған, көп азап шеккен қазақ халқы бұл идеологиялық тұжырымдаманы қабылдауға дайын болды. Әрине, сонымен бірге қазақ халқының болашағын Мәңгілік этнос ретінде түсініп, тарихтан сабақ алып, өткеннің қателіктерін қайталамас үшін, бұл идеологияның шығу тарихын әлі де тереңірек зерттеу қажет. Сонда ғана біз қазақ халқын «Мәңгі ел» идеясының негізін қалаудағы рөлін түсініп, оны толығымен көрсете аламыз.Егер біз Қазақстан аумағында өмір сүретін этностардың (қазақ украиндық, қазақ орыс, қазақ ұйғыр, қазақ корей) барлығының атауын жалпыхалықтық «қазақ» атауына айналдырсақ, егер Мәңгілік мемлекеттің территориясында өмір сүріп жатқан, осы этностар өздерін Мәңгілік қазақ халқының бір бөлігі ретінде ұғынса, онда еш шүбәсіз, бірыңғай, бір халық ретінде біздің болашағымыз ғажап.
Қазақстан Республикасы Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев бес институционалды реформасының «Болашағы біртұтас ұлт» 4-бөлімінде қазақстандық бірегейлікті әріқарай нығайтудың қажеттігін атап өтеді және «Мәңгілік Ел» идеясының негізінде шоғырландыратын құндылықтар – азаматтық тепе-теңдік; еңбекқорлық; шыншылдық; ғалымдыққа және білімге табыну; зайырлы ел – толеранттық ел болып табылады. Президент Н.Ә.Назарбаевпен құрылған ұлттық идеяның ең маңызды тасы егемендік жылдарындағы полиэтникалық Қазақстанда этнос үстіңгі қоғам – Қазақстан халқы, біртұтас құндылықтар жүйесіне, ортақ тарихқа, ортақ тағдырға ие және бір мақсатпен байланыстырылған: «Біз, қазақстандықтар, бір елміз! Барлығымызға ортақ тағдыр ол – біздің «Мәңгілік ел», біздің лайықты, құрметті, беделді және ұлы Қазақстан! «Мәңгілік Ел» – ол біздің ортақ қазақстандық үйіміздің ұлттық идеясы, ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы», қазақстандықтардың құрылуын мойындау болып табылатынын атап өту маңызды. Еліміздің Президентінің бұл сөздері оның жариялаған ұлттық идеясының тереңдігін, негізін толықтай көрсетеді және де бүгінгі таңда қазақстандықтарды біріктіретін бір мақсат бар екендігіне сендіруге мүмкіндік береді: молшылық, бірлік және достық орнаған ортақ үйінің - Қазақстан Республикасының құрылысы.
Белгілі болғандай, тарих ғылымының ең басты ұстанымы – бүгінгі күнді түсіну мен болашақты болжау үшін тарихты білген жөн. Егер адамдар ата-бабамыздың жинаған әлеуметтік-мәдени тәжірибесінің мәнін терең түсінетін болса, оның өмірлік және азаматтық қағидасы айқын анықталады. Тарих ғылымы адамның ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға мүмкiндiк туғызады және гуманитарлық идеалдарды жетілдіруге әсер етедi. Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның тарихы мен болашағын мақтан тұтуға, патриотизм сезімін тудыра отырып, қалыптастырады. Өз жолында кездескенді жалмаған және иесіздендірген бүгінгі жаһандану заманында «Мәңгілік ел» идеясы біздің ежелгі түркі дүниетанымыздың – тұрмысымыздың, көшпелі өркениет негіздерінің жаңаруының, алдыңғы қатарлы, қуатты мемлекеттің өркедеуінің кепілі. Қазiргi заман шарттарымен Қазақстанның басшылығында жалпы ұлттық көшбасшы және ең күштi тұлға Н.Ә. Назарбаевпен бiрегей және бүкiл әлемге құрметтi мемлекет - Қазақстан Республикасын сәттi құрып, ежелгі де қасиетті жерде тәуелсiздiкті, елдің мәңгілігін ғасырлар бойы арман еткен ұрпаққа ғайыптан қайтарып, «Мәңгі ел» идеясын ең жоғары сапалық деңгейге көтерді.Қазақстанда қазіргі заманға сай барлық демократиялық, зайырлы және динамикалық мемлекеттің ерекшеліктері бар тәуелсіз және егеменді мемлекет құрылды. Қазақстан бар болғаны 17 миллион халқы бола тұрып, аумағы жағынан әлем бойынша 9-орынды иеленіп, ЖІӨ-нің жылдық орташа мөлшері 5-8 % құрайтын әлемнің жылдам дамушы экономикасының жетекші бестігіне зор жеңіспен еніп, көзді ашып жұмғанша экономикасы жағынан күшті мемлекетке айналды.
Қазақстан белсенді еуразиялық сыртқы саясаттың арқасында барлық ғаламға бірлік, жайдарлылық, татулық, ашықтық, қауіпсіздік және төзімділік танытатын жетекші эпицентрге айналды. 2010 жылы Н.Ә.Назарбаев АӨСШК саммитінің үшінші бас қосуында еуразиялық қауіпсіздіктің бастамасы туралы, Қазақстан ЕҚЫҰ төраға-мемлекеті ретінде планетамыздағы ең үлкен құрлық - Еуразия құрлығы халықтарының түсінігі мен әлемінің жалпы кеңісіктігі болуға ұмтылатынын айтты. Қазақтардың және барлық қазақстандықтардың білімге, ғылымға деген ұмтылысынан және олардың білімді оңай игеретіндігінен хабардар, мемлекет басшысы, 1993 жылы өзінің «Болашақ» бағдарламасын ұсынып, шын мәнінде ғылым-білім төңкерісін жасады. «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданды. Еліміздің басшылығының қолдауы арқасында мәңгі ел мен мемлекет идеясы әлі де өшпеген, қаншама миллиондаған отандастарымыз өз Отанына қайтты. Ел Президенті қазақ халқының ұлт жасаушы айналасына біріккен әртүрлі ұлыстардың өкілдері арасындағы бірлік пен татулықты сақтай алды. Қазақстанда әр түрлi конфессиялардың арасында мықты диалогтың қатар өмiр сүруiне негiз қаланған. Біздің барлық ұлтқа бірдей Көшбасымыз еуразиялық континетте алғашқылардың бірі болып жасампаз және әрдайым талап етілетін идеяны – «Мәңгілік ел» идеясымен үндес еуразиялық идеяны, тәжірбиеде оны алдында басты мемлекеттік идеология дәрежесіне көтеріп, одан кейін мемлекетаралық қатынастар дәрежесіне дейін көтеріп, іске асырды. Бірақ біздің мемлекетіміздің басшысының еуразиялық идеясы басқалардан ерекшеленеді, бірінші кезекке ол, үлкен мен кіші арасындағы қарым қатынасқа теңдік белгісін қоймайды. Әлемдегі ешбір мемлекетке қатысты мүлде ешқандай империялық қарсы шығу жоқ. Батысқа Батысқа шабуылдар жоқ. Қалған Шығысқа деген үстемдік қатынас болмады. Тек қана терезесі тең.Тек қана өзара сыйласымдылық пен бір-бірінің ішкі жұмысына қол сұқпаушылық принципінде. Тек қана тәуелсіздік тәуелсіздікпен.Тек қана экономикалық прагматизм негізінде. Саясатсыз. Ішкі және сыртқы саясаттың толық сақталуымен.Өзіндік шекарамен. Мемлекеттік тілімен. Өзінің тәуелсіз парламентімен,өзіндік құндылықтармен, енді жаңа жалпыұлттық біріктіруші «Мәңгі ел» идеясымен. Біз, өз халқы мен мемлекетін сенімді, батыл және өзінше, өзіндік ерекшелігімен, «қазақстандық жолмен» алға бастап келе жатқан, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевпен бірге ең биік нүктегежақындап келе жатырмыз, бірінші кезекте бізді дамыған «отыз» елдің қатарына қосылуға, тағдыршешті міндетке шақырады. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық біріктіруші идеясымен мезгілінде қарулану, еш күмәнсіз, біздің елімізді, мемлекетімізді жаңа жеңістер мен жаңа жетістіктерге, міндетті түрді әлемдік айрықша дамыған елдердің қатарына шоғырлануға апарады. Осы идеяны іске асыру үшін өз тәуелсіздігін алған біздің мемлекетімізге бұл тарихи мүмкіндік. Бұл тәуелсiз Қазақстанның орасан зор және әлi де өз мәнiнде толық пайдаланылмаған әлеуеті бар, көршімен тату болуға ұмтылатын, ынтымақшыл мемлекет екені дүниежүзiлiк қоғамдасты қатанымалдылығын бiлдiредi. «Мәңгі Ел» идеясы – ол біздің ұ лттық белгімізді білдіреді. Қорыта келгенде, адамдардың рухани танымын оятатын ана тілімен қатар, дәстүрдің қайта өркендеуі, жан-жақты зерттеулер жолымен халықтың тарихын толық қалпына келтiру, тарихи сана-сезімді қалыптастыру – барлығы Тәуелсiздiктiң рухани тұғырын құрайды.
Әдебиеттер тізімі
1. Н.А. Назарбаев. Пять институциональных реформ – Деловой портал. Капитал. кз
2. Л.Н. Гумилев. Древние тюрки. М., 1993.- с. 377.
3. Л.Н.Гумилев. Древняя Русь и Великая Степь. М., 1993.- с. 412.
4. Из истории казахов: Алматы: ТОО «Жалын» баспасы», 1999.- с. 528.
5. З. Кабульдинов. Великой степи достояние. Международный научно-популярный исторический журнал «Мәңгілік Ел» № 1(3) 02.2014.- с. 32-34.
6. А. Куркчи, С. Примбетов. Великий Тюркский Эль. / Казахстанская правда, 28 февраля 1997.
7. Т. Омарбеков. Шедший много веков к понятию «Мәңгі ел» многострадальный казахский народ достоин им стать. Zakon.kz. 21 февраля 2014.
Достарыңызбен бөлісу: |