100
оқытушы мен оқушылардың тәртіпке келтірілген өзара байланысты қызметі.
Оқыту әдістері білім мазмұнына, оқудың мақсатына, оқушылардың деңгейіне
қарай өзгеріп, жетіліп, толығып отырады. Дәстүрлі педагогикада оқушылардың
шығармашылық қабілетіне қарай И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин оқыту әдістерін
5 түрге бөледі.
1) Репродуктивті әдіс.
2) Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс.
3) Проблемалы түсіндіру әдісі.
4) Эвристикалық, ізденушілік әдіс,
5) Зерттеу әдісі.
Аталған әдіс түрлері әр пәннің жалпыпәндік және жеке пәндік
қызметтеріне орай қолданылады [126]. Оқыту әдістерінің бәрі дерлік пән
мазмұнын меңгертуге бағытталады. Олай болса, мұғалім қай әдісті таңдамасын,
оның басты мақсаты оқыту мен оқуды жүзеге асыру болып табылады.
Мектептік жүйедегі қазақ әдебиетін оқыту барысында түсіндіру, әңгімелесу,
дәріс кітаппен жұмыс істеу секілді
сөздік әдістер, иллюстрация және
демонстрация сияқты
көрнекі, сондай-ақ зертханалық, практикалық,
графикалық, жаттығу жұмыстары іспетті
тәжірибелік әдістер қолданылады.
Педагогикалық әдебиеттерде әдістердің 50-ден астам түрі көрсетіледі. Бүгіндері
oқыту әдістемесі атауын
оқыту технологиясы атауы ығыстырып келеді.
Заманауи
талаптарға
сай
бүгінгі
таңда
оқытудың
инновациялық
технологиялары кеңінен қоланылып келеді. Түптеп келгенде, қазіргі оқытуда
қолданылып жүрген жаңа әдістерді дәстүрлі әдіс-тәсілдердің уақыт талабына
сай түрленген түрі деп қабылдаған қажет. Дәстүрлі әдіс-тәсілдерді жаңа
технологиялармен ұштастырып, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл
мұғалімдер сабақты дұрыс ұйымдастырып, нәтижелі өткізеді. Сабақ оқытудың
негізгі формасы. Ол мұғалімнің алуан түрлі әдістерді қолданылуы арқылы
жүзеге асады. Жалпы оқыту үрдісінде сабақтың мынандай түрлері аталады:
кіріспе сабақ; жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы; бағдарлы әңгіме
сабақтары; синтетикалық сабақтар; оқу мәтінін талдау сабақтары;
қосымша материалдарды оқу сабағы; қорытынды сабақтар. Әр пәннің өзіндік
ерекшеліктеріне қарай сабақтың түрлері де өзгеріп отырады.
Мектептегі қазақ әдебиетін оқытуда сабақтың төмендегідей іріленген
үш түрі көрсетіледі.
1. Көркем шығарманы оқып – үйрену сабақтары:әдеби көркем
шығарманы сезіммен қабылдау, әдеби мәтінмен көркемдік терең талдау
жүргізу, көркем шығарманы оқып-үйренуді қорытындылау.
2. Әдебиет теориясы мен тарихын оқып-үйрену сабақтары:әдеби-
теориялық ұғымдарды қалыптастыру, ғылыми, әдеби сыни-зерттеу еңбектерді
оқып-үйрену, тарихи-әдеби материалдармен жұмыс жасай алу, қорытындылау,
қайталауға дағдылану.
3.
Сөйлеу дағдысын қалыптастыру, тіл дамыту сабақтары:
шығармашылық жұмыстарға үйрену, ауызша жауап беру, баяндауға үйрену,
шығарма жазуға үйрену, шығармаға талдау жасауға үйрену.