Қан тамыр жүйесі тұйық және тамырлардың ұзындығы, диаметрі, бір-біріне жалғасуы әртүрлі (тізбектеле, қатарласа) болғандықтан, қанның жылжуына едәуір кедергі туады. Ол кедергінің шамасы Пуазеиль заңы бойынша анықталады. Қан тамырларының барлық белігінен бір мезгілде өтетін қан мөлшері бірдей болады. Канның тамыр бойында қозғалу жылдамдығы тамыр бөлігінің осы арадағы барлық қуыс көлеміне кері пропорционал келеді. Қанның адам қолқасындағы орташа жылд. 50 см/сек, капиллярларда 0,5 мм/сек, ал қуыс венеларда 20 см/сек. Жүректің соғуына байланысты қолқа мен ірі артериялардан қан үздік-үздік өтеді. Артерия қабылғасының созымталдығы арқасында, артық мөлшерде келген қан сонда іркіліп қалады да, капиллярға үздіксіз ағып келіп тұрады. Мұның қан мен ткань арасындағы зат алмасу процесінде маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |