Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



жүктеу 3,32 Mb.
бет2/7
Дата20.05.2018
өлшемі3,32 Mb.
#14421
1   2   3   4   5   6   7
а)мырыш сынығы; б) мыс сынығы; в) деформацияланған болат сынығы

1.1- сурет. Макроқұрылымдар


Бұйымның өндіру тәсілін (құю өндірісі, қысыммен өңдеу-деформацияланған, пісіріп өңдеу), сонымен қатар термиялық, химиялық-термиялық өңдеу түрлерін анықтауға болады. Мысалы, 1,1-суретте көрсетілгендей мыс, мырыш, болат құрылымдарын жәй көзбен көруге болады.

Екінші тәсіл бойынша металдардың тұтқыр немесе морт сынуы арқылы бұйымның жарамдығы дәлірек анықталады. Тұтқыр сынған металдың беті күңгірт түсті, ойлы-шұңқырлы болады. Мұның бәрі металдың сынуының алдында пластикалық деформацияланғанының көрсеткіші. Морт сынған металдың беті жарқыраған түйіршікті, кедір-бұдырсыз тегіс, пластикалық деформацияланудың ізі байқалмайды. Морт сынық кенеттен туындайды және үлкен жылдамдықпен жүруіне байланысты өте қауіпті.

Соңғы кезде металдың металлургиялық сапасын бағалауда, қирап-бұзылу процесінің заңдылығын дәлелдеуде, қирауына себепкер құрылымдық, технологиялық, басқа да факторларды айқындауда, сынық құрылысын зерттейтін білім саласы – фрактография тәсілі кеңінен қолданылады.

Сынық деп металдың сынған жерінің беті қаралады. Сынық түрі құрылымның жұмыс атқаратын температурасына, ішкі ортасына, түсетін күшке, металды қорыту технологиясына, қысып немесе термиялық өңдеу арқылы қалыптасатын кристаллографиялық құрылысына, металдың құрылымына байланысты анықталады.

Үшінші тәсіл бойынша талдау жүргізу үлкен дайындықты қажет етеді. Басқа тәсілдермен салыстырғанда макроысылмалар арқылы беретін мәліметтер жан-жақты және кеңінен қамтылады. Макроталдауға арналған үлгілер алдын ала дайындалу керек. Ол үшін алдымен тетіктерден кесіліп алынған үлгілердің зерттейтін беттері қажақпен ысқыланып тегістеледі, сумен жуылғаннан соң химиялық реактивтермен уландырылады. Осылай дайындалған үлгілер макроысылма деп аталады. Макроысылманың көмегімен құйма металдың, деформацияланған металдың құрылыстары анықталады, дайындау технологиясын білуге болады. Макроқұрылымдарды зерттеу арқылы құйылған металдың түйiршiктерiнiң орналасуын, сырт пішінін, қысып өңделген (деформацияланған) дайындамалардың талшықты құрылымын (1.1,в- суреті), металл тұтастығын бұзушы ақауларды (шөккен жері, газды көпіршіктер, қуыстар, жарықшалар және т.б.); кристалдану процесінің барысында немесе химиялық-термиялық өңдеулердiң (цементтендіру, азотқа қанықтыру және т.б.) салдарынан қорытпаның химиялық біртекті еместігін көрсетуге болады.

Микроқұрылым арқылы түйiршiктердiң өлшемі, сырт пішіні, фазалардың өзара орналасуы анықталады (1.2-сурет). Металдың микроқұрылымын зерттеу үшiн бөлшектен кесiп алынған үлгiнiң бiр бетi тегiстелiп, жалтыратылып, арнаулы химиялық реактивпен уландырылады. Осылай арнайы дайындалған үлгi микроысылма деп аталады.

Металдың микроқұрылымын сәулелі немесе электрондық микроскоптар арқылы көруге болады. Микроскоптардың екі түрінің де жұмыс атқаруы геометриялық оптика заңына негізделген.

Металдың атомдық-кристалдық құрылысын зерттеу рентгенқұрылымдық талдау арқылы жyргiзiледi. Металл мен қорытпаларды зерттеуде физикалық зерттеу тәсілдері (жылулық, көлемдік, электрлік, магниттік) қолданылады. Мұндай зерттеулер металл мен қорытпаларды өңдеу немесе басқа әсерлер (термиялық, механикалық) арқылы жүретін процестер мен физикалық қасиеттерінің өзгеруі арасындағы байланыстарға негізделген. Әсіресе жиі қолданылатын тәсілдер қатарына дифференциальді термиялық талдау тәсілдері жатады. Бұл тәсілдер фазалық өзгеру барысында металл көлемінің өзгеруіне негізделген.




б)

а) мыстың микроқұрылымы және схемасы; б) болаттың микроқұрылымы және схемасы (0,8% С);



1.2 – сурет. Микроқұрылымдар

2 Металдардың атомдық-кристалдық құрылысы


Қандай зат болмасын үш агрегатты күйдің біреуінде: қатты, сұйық немесе газ тәрізді болады. Бұлардың бір-бірінен өзгешеліктері неде? Газдың бөлшектері (атомдары, молекулалары) ешқандай ережеге бағынбай ретсіз бос қозғалыста болады. Сұйықты құрайтын бөлшектерде тек қана жақындық реттік сақталады, ал қатты денелердің атомдары белгіленген реттікпен орналасады. Атомдардың, молекулалардың белгіленген заңдылықпен кеңістікте дұрыс орналасулары кристалдық күйін сипаттайды. Сол себепті физикада кристалдық күй немесе қатты күй деген ұғымдар бірдей қолданылады.

Нақты кристалдың атомдарының (иондарының) өзара орналасуы оның атомдық -кристалдық құрылымы деп аталады.



Металл кристалын еркiн орналасқан электрондардан тұратын “газдың” қоршауындағы оң зарядты иондар жиынтығы деп қарастыруға болады. Электрондар мен иондар жиынтығының арасындағы байланыс электрстатикалық күш арқылы ұсталады. Мұндай байланыс металдық байланысқа жатады. Демек, металдық байланыс – оң зарядты иондар мен еркін қозғала алатын валенттік электрондар газының арасындағы байланыс.

2.1- сурет. Екі атомның атомаралық қашықтығына қарай әрекеттесу энергиясының схемасы
Металдық байланыс күші иондар мен электрондар аралығындағы тебу және тартылу күшiмен анықталады.

Атомдар бiр-бiрiмен әрекеттесу энергиясы аз жұмсалатындай қашықтықта орналасады (2.1-сурет). Атомдар бiр-бiрiне қашықтығынан жақын немесе қашықтығынан алыс орналасу үшін тебу немесе тартылу күшіне қарсылық көрсететін күш жұмсалуы керек.

Қатты күйде атомдар әр заттың өзіне тән ретімен орналасып, кеңістікте кристалдық тор құрады. Иондар осы тордың түйіндерінде тербелмелі жылулық қозғалыста болады. Ал электрондар – олардың арасындағы кеңістікте химиялық байланысты қамтамасыз етеді.

Сонымен, кристалдық тор деп – шартты түрде, түйіндерінде материалдық бөлшектер (иондар) орналасқан, түйіндердің арасы ойша сызықпен жалғасқан кеңістіктегі торды айтады.

Кристалдық тор құрылысын толық бейнелеу үшін оның бір дара бөлігін алып бір жазықтықта жатпайтын X, Y, Z координаталарының бойына орналастыралық (2.2- сурет). Мұндағы координатаның өстеріне параллель және бір-бірінен a, b, c қашықтықта жүргізілген жазықтықтар кристалды өзара тең және параллель бағдарланған көптеген параллелепипедтерге бөледі. Кристалдық тордың симметриясын, атомдардың орналасу ретін, тығыздығын, т.б. қасиеттерін сақтайтын ең кіші бөлігі (дара параллелепипед) элементар тор немесе торұя деп аталады.



Кристалдық тор құратын элементар торлардың барлығының сырт пішіні мен көлемі бірдей. Атомдар элементар торлардың тор түйіндеріне немесе тор орталықтарына, қабырғаларына орналасулары мүмкін. Егер атомдар тек тор түйініне орналасса ондай элементар тор қарапайым, егер басқалай орналасса күрделі деп аталынады.

2.2- сурет. Дара кристалдық тор (элементар тордың a, b, c, , ,  параметрлері көрсетілген)
Элементар торлардың сырт пішініне және ондағы атомдардың орналасу ретіне сүйеніп кристалдың геометриялық сипаттамасын, демек оның атомдық-кристалдық құрылымын зерттеуге болады.

Кристалдық торды сипаттайтын параметрлерге a, b, c қабырғалары және X, Y, Z өстерінің арасындағы , ,  бұрыштары жатады. Көптеген металдың атомдары көлемі орталықтанған текше тор, жағы орталықтанған текше тор, гексагональді тығыз орналасқан тор, т.б. торлар құрайды. Кристалдық тордың өлшемі параметрлерімен анықталады. Параметрлер қатарына тор периоды, координациялық сан және т.б. жатады.

Элементарлы торға іргелес жатқан екі атомның арақашықтығы тор периоды деп аталады. Өлшемі нанометр, 1нм=10-9 см. Тор периоды a, b, c әріптерімен белгіленеді.

Металдық байланысы бар заттарда атомдар симметриясы жоғары, тығыздығы жоғары, ықшамды кристалдық торлар құрады. Жалпы кристалдық торлардағы кез келген жеке атомның төңірегінде бірдей қашықтықта орналасқан көрші атомдарының саны – кристалдық тордың координациялық саны (К) деп аталады. Ол атомдардың кеңістікте, координациялық сфераның ішінде орналасу ретін көрсетеді.

Қатты заттарда атомдардың 14 элементар торы кездеседі. Олардың ішінде металдар көбінесе көлемдік центрленген куб (КЦК), беттік центрленген куб (БЦК), гексагональді тығыз торға (ГТТ) кристалданады (2.3-сурет).

Кристалдық торы КЦК металдарға (К= 8) - K , Na, W, V, α-Fe, Cr, Nb, БЦК металдарға (К= 12) - Cu, Pb, Pt, Al, Ag, Au, β-Fe, ГТТ металдарға (К= 12) - Mg, Be, Cd, Zn, Os, α-Ti жатады.




а) көлемдік центрленген кубтық тор ; б) беттік центрленген кубтық тор; в) гексагональді тығыз тор.

2.3 – сурет. Кристалдық тор типтері



жүктеу 3,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау