|
Синхрондаудың мақсаты және құралдары
|
бет | 7/7 | Дата | 07.09.2022 | өлшемі | 40,43 Kb. | | #39184 | түрі | Программа |
| 5 . Daris Protsesster men agymdardy sinhrondau Сигналдар
Сигнал тапсырмаға белгілі бір оқиғаға мән беруге мүмкіндік береді және оның қайнар көзі операциялық жүйе немесе басқа тапсырма болуы мүмкін. Сигналдар тапсырманың бөлінуін және алдын-ала қаралған әрекеттерді қарастырады. Олар синхронды өңделеді, және сол жұмыс үрдісінің нәтижесі бір үрдістен 2-ші үрдіске жолданып асинхронды өңделеді. Синхронды сигналдар жиі жүйелік процессордың үзілуінен келеді, және сол әрекеттерді құлыпталған аппаратпен, мысалы нөлге бөліну, адрестің қатесі, жадтың қорғауының бұзылуымен куәландырады және т.с.с.
Асинхронды сигналдың мысалы ретінде терминал сигналы болып табылады. Көптеген операциялық жүйелерде үрдісті оператиивті шешу қарастырылады. Ол үшін пайдаланушы мына пернелердің комбинациясын ( CTRL+C, CTRL+Break) басып, осының нәтижесінде операциялық жүйе сигнал шығарып оны белсенді үрдіске жолдайды. Сигнал үрдіс орындалып жатқан кезде кез-келген уақытта түсіп,(яғни асинхронды) осы үрдіс жұмысының міндетті түрде аяқталуын талап етеді. Бұл жағдайда сигналдың реакциясы болып, сөзсіз үрдістің аяқталуы болып табылады.
Жүйеде сигналдар жиынтығы анықталады. Сигнал түскен үрдістің программалық коды қабылдамай немесе мән беріп оның стандартты әрекетіне (мысалы, аяқталу) анықталған программисттің спецификалық әрекетімен орындалады. Соңғы жағдайда программалық кодты алдын-ала жасалған жүйелік шақыру қажет, себебі солардың көмегімен операциялық жүйе ақпараттандырылады, және де үрдіске түскен сол немесе басқа сигналға жауап қайтару.
Сигналдар үрдістер мен терминалдар арасындағы логикалық байланысты қамтамасыз етеді. Үрдістің идентификаторын сигнал жібергіш қарастырғандықтан, екіжақты сигналдар арасында жүргізіледі және де сол идентификатордан бір-бірі туралы мәліметтер алынады. Бірнеше прцессорлерден құралған бөлінген системалар, өзіндік операциялық жады, семафорлар, сигналдар және т.б. жарамсыз болып қалады. Бұндай жүйелерде синхрондау тек қана хабар алмасу арқылы ғана жүзеге асады.
Қорытынды
Мультипрограммалау немесе көптапсырмалылық- бұл есептеу үрдісінің ұйымдастыру және де бір процессорде бірнеше программалардың орындалуы.
Мультипрограммалау есептеу жүйесінің әсерін жоғарылату үшін қолданылады және ол былай түсіндіріледі:
есептеу жүйесінің жалпы өткізгіш қабілеті
пайдаланушылар жұмысының жайлылығы, мысалы, бірнеше пайдаланушыларға интерактивтік жұмыс мүмкіндігі немесе пайдаланушылардың бір компьютерде бірнеше қосымша істермен жұмыс істеу мүмкіндігі;
жүйенің реактивтігі- яғни жүйенің алдын-ала берілген уақыт интрвалдарында программаны іске қосу және оның нәтижесін күту мүмкіндігі.
Операциялық жүйе таңдау критериінің әсеріне қарай: пакеттік қайта өңдеу жүйесі, уақыт және де шынайы уақыт бөлу жүйесі деп бөлінеді.
Мультипрограммалық қайта өңдеу дегеніміз-есептеу жүйесінің бірнеше процестер қолданған жүйені ұйымдастыру мүмкіндігі және бірнеше тапсырмалар (үрдістер) бір уақытта жүйедегі бірнеше процессорлерде орындалу қабілеті.
Мультипрограммалық операциялық жүйенің басты мақсаты операциялық жүйедегі екі базалық бірліктер жұмысындағы ресурстарымен үрдістерді дұрыс орналастыру.
Үрдістер мен ағымдар қолданылатын операциялық жүйеде барлық ресурстарды (процессорлық уақыттан басқа) қолдануға өтініш қаралады. Процессорлық уақыт операциялық жүйеде жұмыс бірліктері-ағымдар арасында орналастырылады.
Операциялық жүйелердің ағымдағы есептеулерді параллельдеу, программистің жұмысын жеңілдету үшін қалыптасқан. Ағымдарды қолдамайтын операциялық жүйеде, үрдіс әрқашанда бір ағымнан құралып программисттің бірнеше параллельді тапсырманы синхрондауды қарастырады.
Мультипрограммалауды іске асыру үшін операциялық жүйе ағымның жоспарлау және диспетчеризациялау қызметін атқарады. Операциялық жүйеде ағымдарды қолдамайтын үрдістерді диспетчеризациялау. Жоспарлау – ағымның алмасу уақытын анықтау және жаңа ағымды таңдауды қамтды. Ал диспетчеризация- жоспарлау кезінде табылған нәтиже , яғни процессордың бір ағымнан екінші ағымға қосылуын қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|