Сын тұРҒысынан ойлау, шығармашылық ойлау және рефлексия



жүктеу 364,98 Kb.
Pdf просмотр
бет3/8
Дата17.01.2022
өлшемі364,98 Kb.
#33084
1   2   3   4   5   6   7   8
ойлау,философия

Anahtar Kelimeler: 

E

leştirel düşünme, yaratıcı düşünme, yansıma, düşünme, 



düşünme turlerı. 

 

                                                           



 

Ahmet 



Yesevi 

Uluslararası 

Türk-Kazak 

Üniversitesi, 

Pedagoji 

Bölümü, 


meirbek.tuyebayev@mail.ru 


 

 

 



 

179  


                                                                                                    

Dr. Meyirbek TUYEBAYEV

 

 



 

Егемендік  алған    жылдардан  бастап  еліміздің  оқу  жүйесіне  енген    мектеп 

оқушыларының  ЖОО  түсу  үшін  тапсыратын  ҰБТ  жүйесі  оқушылардың  ойлау 

қабілетін  төмендетіп  оны  есте  сақтаумен  ауыстырып  жіберді.  Қазіргі  әлемде 

болып  жатқан  қарқынды  өзгерістер  –  экономикалық,  саяси  және  геосаяси 

тұрақсыздық,  сонымен  қатар  жаңа  технологиялардың  шапшаң  дамуы  мен 

ақпараттардың  шамадан    тыс  көптігі,  айналамыздағы  бұрын  –  соңды  болмаған 

жылдамдықпен орын алып жатқан басқа да өзгерістер барлық оқушылардан “есте 

сақтауды”  ғана    емес,    “ойлау  немесе  ойтолғау  (мышление)”  қабілеттерін 

дамытуды талап етіп отыр. Өте жылдам өзгеріп жатқан әлемнен шеттеп  қалмау 

үшін,   ойлау  қабілеті  жоғары және өз бетінше  тәуекелге барып  шешім  қабылдай 

алатын  бәсекеге  қабілетті  мамандарды  дайындау  барлық  елдердегі  оқу 

орындарының өзекті проблемасына айналды. Ойлауды қажет етпейдін өмір сүру 

сферасын    табу  мүмкін  де  емес.  Ойлау  –  бұрын  игерген  білімімізді    пайдалана 

отырып  жаңа  білім  құру  үшін  қажет,  яғыни  ойлау  арқылы  біз  барлық  уақытта  

бұрынғы біреудің құрған біліміне сүйене отырып, жаңа білім құрамыз. Сондықтан 

да  ойлау  оқу  процессінің  негізгі  бөлігінің  бірі  болып  қалмақ.    Өкініше  орай, 

көпшілігімізге  қалай    нәтижелі  ойлау  керек  екендігін  ешкім  үйретпеді.  Біздің  оқу 

орындарымыз  студенттерден  жаттап  алуды,    есте  сақтауды,  фактлерге    анализ 

жасауды, есептерді шығаруды талап етті, бірақ оны қалай жасау керектігі туралы 

ойлауды білім алушыларға жеткілікті түрде түсіндірмеді

 

Біз  бұдан  бұрын  да  сын  тұрғысынан  ойлау  туралы  жағанбыз  (Madeev, 



Tuyebaev,  2013:  155;  Tuyebaev,  2015:  56)

.  Бірінші    статьяда  біз  “қарама  - 

қайшылық” пен “сын тұрғысынан ойлауды” салыстыра келіп, осы екі ұғымның бір – 

бірімен  астарласып жатқанына тоқталсақ, екінші статьяда сын тұрғысынан ойлау 

мен  рефлексияның  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын  қарастырғанбыз. 

Біздің бұл статьяда қарастыратын мәселеміз соңғы 3-4 жыл төңрегінде ғана біздің 

оқу  орындарымызда  жиі  қолданып  жүрген  “сын  тұрғысынан  ойлау  (кейде  сыни 

ойлау  деп  те  аталады)”  және  оның  ойлаудың  басқа  түрлері  –  “шығармашылық  

ойлау”  мен    “рефлексиядан”    айырмашылықтары  мен  ұқсастықтары  туралы 

болмақ.    Ойлаудың  осы  аталған  үш  түрінде  ортақ    қасиеттер  өте  көп.  Мысалы, 

үшеуі  де  дербес  және  жеке  өзіндік  ойлау,  үшеуі  де  жаңашыл  яғыни  қойылған 

сұраққа тың, жаңа, бұрынғыны қайталамайтын жауап іздейді. Әрине авторлар бұл 

статьяда  өте  күрделі  осы  мәселелерді  толық  шешілді  деп  қарастырмайды. 

Статьяны өзекті және күрделі проблемалар туралы автолардың өз версиясы деп 

қарастырған жөн. 

Көптеген  басылымдардағы  осы  терминдерге  берілген  анықтамаларды 

салыстыра отырып бір – біріне  қарама – қарысы да анықтамаларды кездестіруге 

болады.  Мысалы,  Д. Клустер  “Что  такое  критическое  мышление?”  (Mirseitova, 

Irgebaeva,  2006:  105) 

деген  еңбегінде  шығармашылық  ойлауды  сын  тұрғысынан 

ойлауға  жатқызбаса,  Д.Халперен  өзінің  “Психология  критического  мышления” 

(Halperen,  2000:  120) 

атты  еңбегінде  “сын  тұрғысынан  ойлау  –  шығармашылық 

ойлау”  деп  келтіреді.  Сонымен  қатар,  Д.Халперен  “Шығармашылықты  

сезімталдықпен,  интуициямен


жүктеу 364,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау