Керекті құрал жабдықтар: үпілмәліктің және бидайдың тұқымы; 20%-дық КОН ерітіндісі; метилді көкпен боялған су; жіңішке шыны түтігі бар пробирка; биік стақан (пробирка ұзындығындай); фарфор чашкасы; пинцет; 5 минуттік құмсағат; пипетка; сүзгі қағазының жолағы 2х6см; суы бар стақан.
Тыныс алғанда бөлінетін көміртегі қостотығы көлемінің сіңірілген оттегі көлеміне қатынасын тыныс алу коэффициенті деп атайды. Тыныс алу коэффициентінің көлемі ең алдымен тыныс алғанда қандай заттар пайдаланатынына байланысты. Қанттардың тотығу қатынасы СО2: О2 бірге тең. Егер тыныс алу материалы көміртегіне қарағанда көп тотыққан зат болса (мысалы қымыздық қышқылы), онда тыныс алу коэффициентінің көлемі бірден жоғары болады. Ал егер көміртегіне қарағанда аз тотыққан қосылыстар үшін бұл коэффициент бірден төмен болады.
Тыныс алу коэффициентін анықтау үшін зерттелетін материалды градуирленген түтікке жалғасқан пробиркаға салады. Осы түтік арқылы сұйық тамшы келіп түседі. Егер тыныс алу кезінде алмасатын газдардың көлемі тең болса, онда түтіктегі тамшы қозғалмайды. Егер тыныс алу коэффициенті бірден жоғары немесе төмен болса, онда сіңірілген оттегі мен бөлінген СО2 көлемдерінің арасындағы айырмашылықтарына сәйкес түтікте сұйықтықтың қозғалуы байқалады.
Осы материалмен екінші тәжірибе жасайды. Мұнда тыныс алғанда бөлінетін СО2 сіңірілуі үшін пробиркаға күшті сілті ерітіндісін құяды. Осы кезде түтіктегі сұйықтық сіңірілген оттегі көлеміне сәйкес қозғалады.
Жұмыс барысы
Майлы тұқымдардың тыныс алу коэффициентін анықтамас бұрын, СО2 мен О2 баланстарын зерттейді. Ол үшін пробиркаға (жартысына дейін) бидай тұқымын салып, градуирленген тығынды аздап сулап, аузын тығыздап жабады. Осы пробирканы суы бар стақанға салады. Түтікке метил көгімен боялған тамшы суды пипетканың көмегімен енгізеді. Бірнеше минуттан соң түтіктегі тамшының қаншалықты өзгергендігін бақылайды.
Пробиркадағы бидай тұқымының орнына үпілмәлік немесе күнбағыстың тұқымын салып пробирканы мақтасы бар стақанға орналастырады да түтікке боялған су тамшысын жібереді.
Тамшы түтік шетінен алынғаннан кейін тамшының ішкі менискасының орналасу жағдайын құмсағатты аудару арқылы белгілейді. 5 минут өткен соң екінші, тағы бір 5 минут өткен соң үшінші есептеуді жүргізеді. Сіңірілген оттегі мен бөлінген көміртегі қостотығының арасындағы айырмашылықтарына сәйкес 5 мин аралығында өткен тамшының орташа арақашықтығын (А) есептейді.
Пробирканың тығынын ашып ішіндегі тұқымдарынан босатып, пробиркаларды желдетеді де жоғарғы жағына дөңгелене оралған сүзгі қағазының жолағын пинцеттің көмегімен алып орналастырады. Бұл сүзгі қағазын сілтінің 20%-дық ерітіндісіне салып, сүзгі қағазының жолағын біркелкі сулайды. Тәжірибе кезінде сілті тұқымға түсіп кетпеуі керек. Пробирканың аузын жауып, түтікке боялған су тамшысын жібереді. Тамшы менискасының орналасуын белгілеп, тамшының қозғалысын интервалы екі 5мин аралығында анықтап, орташа көлемін (В) табады.
Сіңірілген оттегінің көлемін О2, ал бөлінген көміртегінің қостотығын – СО2 деп белгілейді. А және В көлемдерін тапқан соң тыныс алу коэффициентін табу оңай: А = О2 – СО2; В = О2; СО2 = В – А; Осыдан тыныс алу коэффициенті СО2/О2=(B-A)/В
Нәтижесін кестеге жазыңдар.
Ны-сан
|
Менисканың орналасуы
|
5 мин. өткен тамшының арақашықтығы, мм
|
СО2/О2
|
Сілтісіз
|
Сілтілі
|
Сілтісіз (А)
|
Сілтілі (В)
|
11
|
22
|
33
|
41
|
52
|
33
|
11
|
22
|
орташа
|
11
|
22
|
Орташа
|
Триолеин майының (C57H104O6) СО2 және Н2О дейін тотығуы кезіндегі тыныс алу коэффициентін есептеңдер.
Бақылау сұрақтар:
1) тыныс алу дегеніміз не?
2) тыныс алу реакциясының теңдеуін жазыңыз?
3) өсімдік өміріндегі тынысалудың маңызы?
4) ашу дегеніміз не?
5) АТФ-ң тынысалудағы мәні
Әдебиеттер
1 Викторов Д.П. Практикум по физиологии растений. – 2-е изд.- Воронеж: Изд-во ВГУ, 1991.-С.114-116
6 Өсімдіктердің өсуі мен даму физиологиясы
6.1 тақырып. Карликтік асбұршақтың буынаралықтарының өсуіне гибберелменнің әсері
Құрал-жабдықтар: құмды егістікте өсірілген екі-үш жұмалық Пионер сортының карликтік асбұршақ өсімдіктері бар ыдыс; 0,01% гибберелин ерітіндісі; 2 пульверизатор; миллиметрлік сызғыш; заттық қарындаш.
Гибберелиндер – тұқым сабақтардың өсуіне, фотосинтезге өсімдіктің гүлденуіне т.б әсер ететін табиғи фитогормондар. Гибберелиннің сабақтардың өсуіне әсерін анықтауда карликтік асбұршақтың жас өсімдіктері қолайлы. Карликтілік – гибберелин түзілуіне қатысатын фермент синтезіне жауапты біргеннің мутация нәтижесі.
Жұмыс барысы
2-3 жұмалық бірдей карликтік асбұршақ өсімдіктері бар 2 ыдысты алып, буып аралықтарының ұзындықтарын өлшеу қажет. Бір ыдыс өсімдіктеріне 0,01%, гибберелин қышқылы, ал екіншісін сумен пульверизатор арқылы шашамыз (бір өсімдікке 1 мл). Ыдыстарды жылы жерге қойып 1-2 жұмадан соң тағы да жаңа түзілгендерді қоса буынаралық ұзындықтарын өлшейді. Буынаралықтарының орташа өсімін есептеп, оларды пайызға шағу. Кестені толтыру.
Астынан есептеген-де буын-аралықтар
№
|
Бақылау өсімдіктері
|
Гибберелменмен өңделгендер
|
Ұзындығы, мм
|
өскін, мм
|
Ұзындығы, мм
|
өскін
|
Алғашқы
|
Соң-ғы
|
Алғашқы
|
Соңғы
|
Мм
|
%
|
Бақылау сұрақтарға жауап беріңіздер:
1) гибберелинге анықтама беріңіз?
2) карликтіліктің себебі қандай?
3) буынаралықтарының өсуі неге байланысты
4) фитогормондар дегеніміз не?
Әдебиеттер
1 Викторов Д.П. Практикум по физиологии растений. – 2-е изд.- Воронеж: Изд-во ВГУ, 1991.-С.136-137
7 Өсімдіктердің қолайсыз жағдайларға төзімділігі
7.1 тақырып. Жоғары температураның цитоплазма өткізгіштігіне әсері
Құрал-жабдықтар: қызылша; скальпель; пинцет; термометр; фотоэлектроколориметр; электрлік плита; құмды сағат 1 минуттық; 7 пробиркалары бар штатив; фосфорлы ыдыс; 2 химиялық стақан; дистилденген суға толы колба; 10 мл пипетка; шыныға арналған қарандаш; орамалша.
Өсімдіктерді оңтайлыдан жоғары температураға дейін қыздырса, жасушаларда зат алмасу бұзылады: тыныс алу мен фосфорланудың бөлінуі жүреді. Ақуыздар синтезі тоқпалып, ыдырау процесі артады, ұлы заттар жинақталады. Өте жоғары температуралар цитоплазмалық мембраналардың өткізгіштілігі жоғарлап, ақуыздар коагуляцисы және жасушаның өлуі жүреді.
Жұмыс барысы
Тазаланған қызылшаны 3х10х40мм өлшемде 7-тік бұрышты бөліктерге бөліп, фарфорлы ыдысқа салып, оны толық түссіз денуіне дейін ағын сулардың сумен шайып, ыдыста су астында қалдырамыз. Стақанда 75 0 С – ға дейін суды қыздырамыз, қызылшаны пинцеттің көмегімен алып оны 1 минутке қыздырылған суға малып, заттық шыны қарындашпен жазуы бар 10 мл суық дистилденген суға толы пробиркаға алмастырамыз. Суық суды қоса стақан суын 70-65-60-50-50 және 450С дейін суытып әрбір температурада жоғарыда көрсетілген амалдарды орындау.
15 минут пробиркаларды сілкіп, жасыл жарық сүзгі ФЭК- та сұйыктықтың бояу интенсивтілігін бояу қажет. Нәтижелерді кестеге толтырамыз
Пробирканың №-і
|
Температура, оС
|
Оптикалық тығыздығы
|
1
|
75
|
|
2
|
70
|
|
3
|
65
|
|
4
|
60
|
|
5
|
55
|
|
6
|
50
|
|
7
|
45
|
|
Абсцисса өсінде температураны, ал ординат өсінде оптикалық тығыздықты белгілеп, жасушадан антецианның бөлінуі қисығын сызу. Летальді – клеткадан ең көп пигменттердің шығуна әкелетін ең аз температураны табу.
Бақылау нәтижелерін тіркеп, келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:
1) өте жоғары температуралар неге әсерін тигізеді?
2) жоғары температуралар цитоплазмалық мембраналарда қандай өзгерістер?
3) цитоплазманың химиялық құрамы қандай?
4) цитоплазма органоидтарын ата
Әдебиеттер
Викторов Д.П. Практикум по физиологии растений. – 2-е изд.- Воронеж: Изд-во ВГУ, 1991.-С.144-145
7.2 тақырып. Өсімдік жасушасының аязға төзімділігіне қанттың әсері
Құрал жабдықтар: қызылшаның тамыр жемісі; 0,5 және 1М қант ерітіндісі; тамызғыштағы 8%-ды NaCl ерітіндісі; қар және мұз; ас тұзы; қалақша; 250С дейінгі температурадағы термометр; пышақ; қысқыш; ұстара; диаметрі 5-6 мм бұрғы; микроскоп; заттық және жабынды шыны; фарфор чашкасы; тарелка; стақан; резина сақинасы бар пробирка (3 дана); Сүзгі қағазы; шыны сызатын қарындаш;
Өсімдік ұлпалары үсігенде жасуша аралықтарында мұз кристаллдары түзіледі. Егер цитоплазма аязға төзімсіз болса, онда ол құрғағанға, сонымен қатар мұз кристаллдарының механикалық қысымына шыдай алмай, коагуляцияға ұшырайды, ал мембраналар жартылай өткізгіш қасиетінен айырылады. Жасушаның зақымдану деңгейін оның жасуша сөлін ұстау қабілеті бойынша анықтауға болады. Қант ерітіндісі және басқа да олигосахаридтер тәрізді қорғаныш заттардың әсерінен жасушаның аязға төзімділігі жоғары болуы мүмкін.
Жұмыс барысы
Қызылшаның тамыр жемісінен қалыңдығы 5 мм-ге жүық пластинка кесіп алады да, осы пластинкаға бұрғының көмегімен 9-12 ойық жасайды (бұрғы диаметрі пробирка диаметрінен кіші болуы керек). Ойып түскен ойықтарды фарфор чашкасына салып, соны әбден кеткенше сумен шаяды. Этикеткасы бар 3 пробиркаға бірдей мөлшерде ойықтарды салады. 1 пробирканың ¼-не су, екіншісіне-де осы мөлшерде 0,5М қант ерітіндісін, үшіншісіне 1М қант ерітіндісін құяды.
Салқындатқыш қоспа дайындау үшін: үш бөлік қарға және мұзға 1 бөлік ас тұзын (көлемі бойынша) қосып, қалақшамен жақсылап араластырады. Осы қоспаның температурасы 200С-болуы керек. Барлық пробирканы 15-20 минутқа қоспаға батырып, содан соң бөлме температурасындағы суы бар стақанға салады.
Толық ерігеннен кейін пробиркадағы сұйықтықтың және ойықтардың түсін белгілейді. Жасушалардың тіршілік ету қабылетін тексеру үшін ойықтардан жіңішке кесінді дайындап, оларды 8%-ды NaCl ерітіндісі тамызылған заттық шыныға орналастырып, үстін жабынды шынымен жабады. 20 минуттан соң микроскоппен қарап, плазмолизденген жасушаның санын пайызын есептейді. Нәтижесін кестеге жазады:
Тәжірибе-ге нұсқау
|
Сыртқы ерітіндінің түсі
|
Ойықтардың түсі
|
Плазмолизденген жасушаның мөлшері, %
|
Су
|
|
|
|
0,5М қант ерітіндісі
|
|
|
|
1,0М қант ерітіндісі
|
|
|
|
Бақылау нәтижелерін тіркеп, келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:
1) қант ерітіндісін қорғаныш зат ретінде алып, тәжирибе нұсқауларының арасындағы айырмашылықты қорытындысында түсіндіріңдер.
2) өсімдік үшін қысқы аяз қауіпті ме әлде көктемгі тоңазу ма?
3) төменгі қалыпты температурада жылу сүйгіш өсімдіктердің солып қалуын қалай түсіндіруге болады?
Әдебиеттер
1 Викторов Д.П. Практикум по физиологии растений. – 2-е изд.- Воронеж: Изд-во ВГУ, 1991.-С.140-141
Әдебиеттер
1 Викторов Д.П. Практикум по физиологии растений.-
Воронежский университет, 1991
2 Медведев С.С. Физиология растений. СПб., 2004
3 Баславская Практикум по физиологии растений.-М.,1964
4 Викторов Д.П. Малый практикум по физиологии растений.-М.,1983,1969
5 Лебедев С.И. Физиология растений.-М.,1982
6 Генкель. Физиология растений.-М.,1975
7 Якушкина. Физиология растений.-М.,1980
8 Қалекенұлы Ж. Өсімдік физиологиясы. – Алматы: Қазақ университеті,1996
9 Қалекенов Ж., Қаржасова А.П. Өсімдіктер физиологиясының практикумы. - Алматы, 1994
10 Полевой В.В. Физиология растений. – Высшая школа, 1989
Достарыңызбен бөлісу: |