ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
полиция қызметінің жариялығы мен ашықтығы қағидатын өмірде
ұстану, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен
бостандықтарын қорғау бойынша қоғаммен өзара іс-қимыл жасасу
мақсатында Полиция қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық кеңес
құрылды, осындай кеңестер Астана, Алматы қалаларындағы және
облыстардағы барлық қалалық және аудандық бөлімдерінде құрылған.
ҚР Ішкі істер министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес 2007 жылы
құрылған. Қоғамдық кеңес құрамына белгілі қоғам қайраткерлері,
ҚР Парламенті депутаттары, журналистер, үкіметтік емес және ғылыми
ұйымдар өкілдері кіреді. Ішкі істер министрлігі қызметтің әртүрлі
бағыттары бойынша 200-ден астам үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ)
ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Әкімшілік полиция комитеті кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты
жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде отбасылық-
тұрмыстық қарым-қатынастар саласында, жол қауіпсіздігін қамтамасыз
ету; ІІБ арнайы мекемелерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша
50-ден астам ҮЕҰ-мен («Қорғау», «Құқық», «Үміт»; «Забота», «Подруги»
ҮО; «Надежда» ӘҮО; «Дамыту және бейімдеу орталығы» БҰ, «ГИАЦ» БҰ,
«Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға арналған
дағдарыс орталығы» БҰ, «Әйелдерді қолдау орталығы» БҰ; «Сана Сезiм»
БҰ және басқалары) өзара іс-қимылды жүзеге асырады
Қылмыстық-атқарушы жүйе комитеті меморандумдар мен ауызша
келісімдерді жасасу шеңберінде 64 ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасасады,
түзету мекемелерінде және тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға
кездесулер, әңгімелесулер, «дөңгелек үстелдер», мониторингтер және
т.б. арқылы құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда жәрдем
көрсетеді.
2014 жылғы 18 ақпанда Төтенше жағдайлар комитеті ҚР Ұлттық
палаталар кәсіпкерлерімен бірлесіп кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау
мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол
қойды [11]. Қол қойылған меморандум осы мәселедегі ынтымақтастықты
сапалы жаңа деңгейге көшіру үшін құқықтық негізді қалайды. Бұл мүдделер
мен ұстанымдар толығымен сәйкес келетін саладағы мемлекеттік орган
мен кәсіпкерлер бірлестіктерінің өзара іс-қимылының айқын мысалы.
2014 жылғы ақпанда Мемлекет басшысы алға қойған кәсіпкерлік
субъектілерінің мүдделерін қорғау бойынша міндеттерді іске асыру
мақсатында, сондай-ақ Өзара ынтымақтастық туралы меморандумды
іске асыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарының 1-тармағын
орындау үшін кәсіпкерлердің жүйелік проблемаларын олардың
өтініштері бойынша шешу үшін бірыңғай тәсіл әзірлеу жөніндегі жұмыс
тобы құрылды.
Жергілікті атқарушы органдардың сайттарында мобильдік топтардың
жұмысы туралы хабарландыру сенім телефоны мен прокуратураның
электронды адресі көрсетіліп жарияланады, халық көп шоғырланатын
орындарда бильбордтарда мобильдік топтардың сенім телефондары
туралы мәліметті қамтитын ақпарат орналастырылады.
Адамдар көп шоғырланатын орындарда жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің анағұрлым шоғырланған санын ақпараттық қамту
52
Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
мақсатында мобильдік топтардың байланыс деректері туралы мәліметті
қамтитын ақпараттық плакаттар орналастырылады. Мобильдік топтар-
дың бизнес субъектілерін негізсіз тексерулерден қорғау, бизнес-
қоғамдастықтың прокуратура органдарына сенімін арттыру бойынша
жұмысын жандандыру мақсатында барлық аумақтық мобильдік топтар
құрамына Кәсіпкерлер палаталарының өкілдері енгізілген.
Кәсіпкерлер палаталарымен бірлесіп бизнес субъектілерінің рұқсат
алу рәсімдерінен өтуінің талдауы жүргізілді. Оның барысында
коммерциялық мақсаттар үшін жер берумен байланысты бұзушылықтар,
мемлекеттік органдардың заңмен көзделмеген құжаттарды талап етуі
фактілері, қорытындылар беруде негізсіз бас тартулар, мемлекеттік
қызметтерді көрсету кезінде мерзімдерді бұзушылықтар анықталған.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік
кірістер комитеті де тұрақты негізде Қазақстанның салық төлеушілері
қауымдастығы, Қазақстанның кәсіпкерлер ұлттық палатасының және
бизнес-құрылымдар өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстелдер»
өткізеді. Онда Мемлекеттік кірістер комитеті қызметінің құқықтық
аспектілері түсіндіріледі, басқа да проблемалық мәселелер шешіледі.
Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен өзара іс-қимыл
жасасу шеңберінде ҚР Қаржы министрлігі кедендік органдары кедендік
заңнама нормаларын түсіндіру, кедендік органдар қызметінің әртүрлі
аспектілерін жариялау, оның ішінде кеден ісі саласындағы сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес және құқық бұзушылықтар туралы мәселелер
бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Жоғарыда көрсетілгендерге сүйене отырып, Қазақстанда қоғамдық
бақылау тетіктерін дамытудың негізгі кемшіліктері мыналар болып
табылады деген қорытынды шығаруға болады:
1. Азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне төмендеген
қызығушылығы. Азаматтық белсенділіктің және қоғамдық бақылаудың
жетіспеушілігінің негізгі себебі елдің қоғамдық-саяси өміріне
немқұрайлылығы болып табылады. Бұл мұндай қатысу дағдыларды, ақша,
уақыт талап ететіндігінен – мұны барлығы, яғни барлық үш ресурстар
азаматтарда жоқ немесе олар қоғамдық бақылауға оларды жұмсағысы
келмейді.
2. Мемлекеттік органдарға сенім, ізеттілік, қоғам өмірінің базалық негізі
бойынша келісім сияқты құндылықтарды біріктіретін айқындылықтың
әлсіздігі. Осы әртүрлі көзқарастар негізгі себептерінің бірі көп санды
орташа кластың болмауы.
3. Халықта әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерді дұрыс
түсінудің болмауы, сондай-ақ қоғамдық бақылауды қамту туралы айқын
танымдылықтың болмауы.
Қазақстанда қарама қайшы жағдай қалыптасты: бір жағынан
қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру процесі болуда, қоғамдық
бақылаудың негіздерін бекітетін нормативтік құқықтық базаны құруға
талпыныстар жасалуда, қоғамдық бақылаудың (қоғамдық палатаның)
өзіндік институттары қалыптастырылуда; екінші жағынан азаматтардың
елдің қоғамдық-саяси өміріне қызығушылығы жыл сайын төмендеп
келеді, қоғамның сұрауы жеткілікті түрде қанағаттандырылмайды.
53
Достарыңызбен бөлісу: |