1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ,
ҚҰРЫЛЫМЫ,
МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
117
егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері
болмаса, сыйақы ұсыну бойынша жеке тұлғаның қасақана іс-әрекеттері
түсіндіріледі.
Бұл ұғым сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың материалдық
мазмұнын, заңдық табиғаты мен әлеуметтік мәнін ашады және сол
арқылы қоғамдық қауіптілік, құқыққа қайшылық, жазалану, кінәлілік
пен қол сұғушылық объектісі ретіндегі оның белгілерін айқындайды
[6, 47-52-б.].
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы Кодекстің
34-тарауында баяндалған және алты бапта тіркелген:
– жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (676-бап);
– мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаның не оған
теңестірілген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы (677-бап);
– заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (678-бап);
– мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы және заңсыз кірістер алуы
(679-бап);
– мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес бойынша шара қолданбауы 680-бап);
– бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалардың
жұмысқа қабылдануы (681-бап).
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар құрамы.
Осындай құқық бұзушылықтардың құрамы өзара негізделген және
өзара байланысты төрт элементтен тұрады: субъект, объект, объективті
жағы және субъективті жағы.
Субъект – бұл құқық бұзушылық жасаған және заңда белгіленген
белгілері бар құқықтық жауапкершілікті атқаруға қабілетті адам [8, 26,
28, 30-34 баптар].
Барлық сыбайлас жемқорлық әрекеттер оларды арнайы субъек-
тінің – мемлекет функцияларын орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның
және оған теңестірілген тұлғаның жасауын болжайды.
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) мәслихаттардың
депутаттары;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы
заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.
3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарына сайланған адамдар;
2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының
Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен
мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар,
сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының
мүшелері;
3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша
жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
бюджет қаражатынан
төленетiн қызметшiлер;
4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы
мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның
ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы