Сы батыс Қазақстан облысы бойынша 2015 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год Орал, 2014



жүктеу 0,77 Mb.
бет3/4
Дата18.12.2017
өлшемі0,77 Mb.
#4683
1   2   3   4

Әдебиеттер:

  1. Жантикин Мифтах: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.-267-268 б.



3 сәуір ЖҰМАҒАЛИЕВ АБДОЛЛА

туғанына 100 жыл (1915-1942)


Ақын Абдолла Жұмағалиев 1915 жылы 3 сәуірде Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жусалы ауылында дүниеге келген. 1934 жылы Орал қаласындағы педагогикалық институттың әдебиет факультетіне түскен. 1936 жылы оқуын Алматыдағы қазақ педагогикалық институтында жалғастырған. ҚазПИ-дің әдебиет факультетінде оқып жүріп, әрі Алматының белгілі ақындарымен танысып, ол әдебиет дүниесімен араласты. Сол жылдары Абдолла өзін біржола өлең жолына бағыттады. 1936 жылдан жұртшылыққа ақын ретінде таныла бастаған. Ақынның өлеңдері, поэмалары республикалық, облыстық басылымдарда жарияланып тұрды. 1937-1938 жылдары әдеби журналдарда, «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде Абдолланың бірқатар өлеңдері басылды. 1939 жылы Абдолла Қызылордада мұғалім болып істеді, сондағы облыстық газетке бірнеше өлеңдерін шығарды. 1938-1939 жылдары Қызылорда сауда техникумында оқытушы, 1939-1941 жылдары Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор қызметтерін атқарған. Оның шығармалары өршіл пафос пен нәзік те сыршыл лиризмге толы. «Токио», «Шығыс қызы», «Асан қайғы» атты поэмаларын шығарды.

Ұлы Отан соғысы басталғанда Абдолла майданға аттанады. Жалын жүрек ақын жаулармен арпалысып, Отан үшін, ұрпақ болашағы үшін ерлікпен мерт болады. Абдолла ерлігі жайлы Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын жазды. Абдолла Жұмағалиев Лермонтовтың, Низамидің, Тоқтағұлдың, Байронның жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударды.


Әдебиеттер:

  1. Жұмағалиев Абдолла: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.-289-290 б.

  2. Жұмағалиев А. Өлмес өмір дастаны: өлеңдер мен поэмалар.-Алматы, 1985.-328 б.

  3. Абдолла аманаты: [Ақын А.Жұмағалиев шығармашылығы] // Қазақ әдебиеті.- 2005.-1 сәуір.

  4. Ақтаев С. Жақсылардың көзі еді // Ана тілі.- 2011.- 17-23 ақпан.-10 б.

  5. Бердіғалиева М. Мәңгілік алау: [ақын әрі батыр туралы] // Орал өңірі.-2010.-29 мамыр.-5 б.

  6. Жұмағалиев А. Өз жырыммен қағар кеп есігімді..: [өлең] // Орал өңірі.- 2008.-13 қараша.-10 б.

  7. Көбенсай А. Ақындық пен батырлықтың өнегесі: [ақын А.Жұмағалиев туралы] // Қазақ әдебиеті.-2010.-24 қыркүйек.-5 б.

  8. Қалиев Б. Ерлігі елге аңыз, ұрпаққа үлгі: [ақын Абдолла Жұмағалиев туралы] // Орал өңірі.-1980.-11 маусым.

  9. Қос ақынға құрмет: [ақын Қ. Аманжолов пен А. Жұмағалиевқа ескерткіш тақта орнатылды] // Қазақ елі.-2012.-27 қаңтар.-5 б.

  10. Құсайынқызы Д. Батыр жайлы толғау: [ақын А. Жұмағалиевке] // Айна.-2010.-22 сәуір.-9 б.

  11. Нәріков А. Абдолланың ақындығы: [туғанына 75 жыл толуына] // Орал өңірі.- 1990.-30 маусым.

  12. Нәріков А. Өртті жеңген өлеңдер: [ақын туғанына – 95 жыл] // Жайық үні.-2010.-9 желтоқсан.-8 б.

  13. Сариева Ұ. Жалындап өткен жиырма бес..: [ақын А. Жұмағалиев туралы]// Жеңімпаздар-Победители.-Орал.

  14. Сариева Ұ. Алыс жолға аттанды ақын..: [А. Жұмағалиев] // Орал өңірі.-2008.-13 қараша.-10 б.

  15. Сәрсенбаев Ә. "Өлмес өмір дастаны": [А. Жұмағалиевтің 70 жасқа толуына орай] //Орал өңірі.- 1985.-4 тамыз.

  16. Сейітов С. Жалын жастық жалауын желбіреткен: [А. Жұмағалиевтың туғанына 75 жыл] // Қазақ әдебиеті.-1990.-21 желтоқсан.-14 б.

  17. Танабаева С. Аңызға айналған Абдолла: [А. Жұмағалиевтың 95 жыл толуына орай әдеби кеш] // Жайық үні.-2010.-13 мамыр.-10 б.

  18. Танабаева С. Ерліктің үлгісін көрсеткен ақын: [А.Жұмағалиев - 95 жаста] //Айна.-2010.-23 қыркүйек.-7 б.

  19. Шарабасов С. Өшпес өмір, сұлу жыр: [А.Жұмағалиевтің туғанына 70 жыл толуына] //Орал өңірі.-1985.-26 ақпан.

20 маусым НӘРІКОВ АЙТҚАЛИ

туғанына 75 жыл (1940)
Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айтқали Нәріков 1940 жылы 20 маусымда Тасқала ауданының Ширяв ауылында дүниеге келген.

1960 жылдары лирикалық жырларымен әдебиет сүйер қауымға таныла бастаған ақынның поэзиядағы тұсауын қазақтың аса көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі кескен болатын. 

Айтқали Нәріков орта мектепті бітіргеннен кейін біраз жылдай шалғайдағы шағын ауылда кітапхана меңгерушісі болып істеген. 1961 жылы пединституттың тарих-филология факультетіне түсіп, үш ай ғана оқығаннан кейін әскер қатарына шақырылады. 1968 жылы Орал педагогикалық институтын бітірген. 1968-1988 жылдары Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстық газет редакцияларында қызмет істеген. 1988-1992 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросының Орал, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары бойынша уәкілі қызметін атқарды.

Айтқали Нәріковтің топтама өлеңдері 1969 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Жас керуен» деп аталған ұжымдық жинақта жарық көрген.

1992 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы «Аққұс» қауымдастығы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесі басқармасының төрағасы, облыстық теледидарда жұмыс істейді.

«Көк майса» (1970), «Еркін есейіп келеді» (1975), «Тыныштықты тілеймін» (1980), «Еңбек зейнеті» (1985), «Самал» (1990), «Сағыныш» (2001), «Қырық жыл – қырық жыр» (2004), «Жайықтың жарық жұлдыздары» (2005), «Ойшылдың өскен ортасы» (2005), «Жанғали ақын» (2006), «Жылдар жаңғырығы» (2009), «Мен – майдангер ұлымын» (2010), «Елу жыл – елу жыр» (2010) атты кітаптары жарық көрді.

Айтқали Нәріков – лирик ақын. Жырларында сезімді бірінші кезекке қояды. Өлең жолдары әуелі сезімді шарпуы керек. Сонда ғана санаға сәуле түсіріп, ойыңды жаулап алады. Аз сөзді ақынның қысқа өлеңдері ауыр салмақты көтеріп тұрады. Ұлылардың бірі «мыңдаған сөздерді ойлап таба тұра, солардың ішінен біреуін екшеп қолдану қаншалықты қиын» деген екен. Сол айтқандай, Айтқали ақын керекті сөзді дәл тауып, бір тармаққа екінші тармақ әр беріп тұруына үлкен мән береді.

«...Сөз өнеріне салғырттықпен қарамай, өлеңдерін ойында ұзақ қорытып, «піскенде» ғана қағазға түсіреді. Оның қазір қазақ поязиясында өзіне лайықты орны бар» - деп жазды Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі ақын Айтқали Нәріковтің 2009 жылы жарық көрген «Жылдар жаңғырығы» кітабындағы алғы сөзінде.



Республикалық жастар поэзия фестивалінің (1972ж.) дипломанты. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтары тарапынан марапатталған. Тасқала ауданының Құрметті азаматы.

Әдебиеттер:

  1. Нәріков Айтқали: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.-408 б.

  2. Ахметова М. Айтқали ақын-70 жаста: [белгілі ақын-жазушы А. Нәріков -70 жаста] //Айна.- 2010.-16 қыркүйек.-12 б.

  3. Баденұлы Е. Облыс әкімі ақынға құрмет көрсетті: [облыс әкім ақын А. Нәріковті қабылдады] // Орал өңірі.-2012.-21 маусым.-2 б.

  4. Бектұрғанов А. Апат пен ажал: [Нәріковтер әулеті]//Орал өңірі.-2008.-23 тамыз.-6 б.

  5. Жыр кеші "Қос қанат": Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын және журналист А. Нәріковтың шығармашылық қызметіне 40 жыл // Жайық арулары.- 2004.-2 желтоқсан.

  6. Қасымова А. Ақын шығармашылығына 45 жыл: [ақын А. Нәріковтің шығармашылық кеші] // Жайық үні.-2008.-25 қазан.-2 б.

  7. Құсайын Т. Ауылдан алыстамаған ақын: [ақын А. Нәріков туралы] // Егемен Қазақстан.-2010.-22 қазан.-8 б.

  8. Сабыр М. Жайықтың қоңыр үнді қоңырауы: немесе ақын Айтқали Нәріковтің шығармашылығы хақында // Информбиржа.-2007.-22 қараша.-15 б.

  9. Сариев С. Қауып айтпай, тауып айтатын қаламгер: [ақын А. Нәріков – 70 жаста] // Айна.-2010.-10 маусым.-7 б.

  10. Шарабасов С. Желмая жылдар жемісі: [ақын А.Нәріков] // Орал өңірі.-2010.-17 маусым.-8б.


Шығармалары:

  1. Нәріков А. Елу жыл – елу жыр.-Орал, 2010.-64 б.

  2. Нәріков А. Жанғали ақын.-Орал, 2006.-100 б.

  3. Нәріков А. Жылдар жаңғырығы: өлеңдер.-Орал, 2009.-220 б.

  4. Нәріков А. Мен – майдангер ұлымын: өлеңдер, очерктер, мақалалар.-Орал, 2010.-334 б.

  5. Нәріков А. Ойшылдың өскен ортасы: очерк.-Орал, 2005.-80 б.

  6. Нәріков А. Сағыныш: өлеңдер.-Алматы, 2002.-216 б.

  7. Нәріков А. Адамның кейбір..: өлең // Орал өңірі.-2006.-27 мамыр.-3 б.

  8. Нәріков А. "Әр жылдар жырлары" // Жайық үні.-2007.-13 желтоқсан.-10 б.

  9. Нәріков А. Жылжиды жылдар... // Қазақ әдебиеті.-2008.-5 қыркүйек.-13 б.

  10. Нәріков А. Көңіл күнделіктерінен: [өлеңдер] // Орал өңірі.-2009.-13 тамыз.-8 б.

  11. Нәріков А. Көңіл күнделігі: өлеңдер // Орал өңірі.-2008.-4 желтоқсан.-12 б.

  12. Нәріков А. Күзгі көңіл: өлең өлкесінде // Орал өңірі.-2006.-11 қараша.-4 б.

  13. Нәріков А. Момындардың ақысын жеп семіргендер: өлең // Жас Алаш.- 2008.-9 қазан.-3 б.

  14. Нәріков А. Моңғолдың құпия шежіресі: Темүжін қалай Шыңғыс хан болды? // Жайық дәрігері.-2004.-1 шілде.

  15. Нәріков А. Наурыз келді: өлендер // Орал өңірі.-2004.-20 наурыз.

  16. Нәріков А. "Ойлап тұрсаң, бұл дүние шолақ екен...": Қазақтың халық әндері // Орал өңірі.- 2006.-3 тамыз.-11 б.

  17. Нәріков А. Ойшылдың өскен ортасы // Орал өңірі.-2005.-13 тамыз.

  18. Нәріков А. Өмір шіркін..: [өлеңдер] // Жұлдыз.-2010.-№6.-90-92 б.

  19. Нәріков А. Сарғайған дәптер сыр шертсе..: [өлеңдер] // Орал өңірі.-2007.-1 қараша.-12 б.


13 қыркүйек МАХЫМОВ ТЕМІРБОЛАТ

туғанына 75 жыл (1940-2009)


Өлкетанушы, «Нарын» қоғамдық

қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі – Темірболат Махымов 1940 жылы 13 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданының Жиенқұм ауылында дүниеге келген. 1957 жылы Орда орта мектебін, 1962 жылы Орал педагогика институтының физика-математика факультетін бітірген. 1962-1978 жылдар аралықтарында Жәнібек, Орда аудандары мектептерінде, аудандық комсомол комитеттерінде қызмет істеген. 1978 жылдан Бөкей ордасы тарихи мұражайының директоры болды. Халықаралық мұражай кеңесінің (ИКОМ) мүшесі болып, Алматыда, Өскеменде, Түркістанда өткен отырыстарына қатысты. Қазақстандағы Халықаралық мұражай кеңесінің вице-президенті болды.

Темірболат Махымов әлемдік ядролық қарулануға қарсы күрес жүргізу ісіне араласып, 1990 жылы әлемдік ядролық қаруға қарсы Бүкіләлемдік конгресске қатысты, сондай-ақ 1992 жылы «Семей-Невада» қозғалысына арналған республикалық теледидардан берілген тікелей эфирден халыққа үндеу тастағандардың бірі. Сонымен қатар 1992 жылы Атырауда өткен ядролық қарулануға қарсы ұйымдастырылған Каспий аймақтық конференциясына қатысты.

1998-2000 жылдары Орда ауылдық округінде әкім болған. Туған жер тарихы, тарихи-мәдени ескерткіштерді, кесенелерді қорғау туралы, Бөкей ордасы тарихы туралы Ұлы Отан соғысы жылдарында Шығыстың қос шынарының бірі атанған Мәншүк Мәметованың өміріне байланысты, т.б. көптеген танымдық мақалалардың авторы. 2000 жылы Бөкей ордадағы Жәңгір мектебінің тарихы туралы «Жәңгір мектебі білім бастауы» атты кітабы жарық көрді.

Темірболат Махымов Батыс Қазақстан өңіріндегі мұражай ісінің дамуы мен қалыптасуына және қоғамдық қызметтерге белсене араласып, жас ұрпаққа тағылымды тәрбие беру ісіндегі еңбектері жоғары бағаланып, 1990 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, 2004 жылы Батыс Қазақстанда өткен аймақтық мұражай фестивалін өткізудегі қызметі үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің грамоталарымен марапатталған. Темірболат Махымов екі рет аудандық кеңеске, жергілікті кеңеске депутат болған халық қалаулысы.

Әдебиеттер:


  1. Махымов Темірболат: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.- Алматы, 2010.-384 б.

  1. Махымов Темірболат: өмірдерек // Батыс Қазақстан өлкетанушылары: библиографиялық көрскеткіш. І шығарылым.-Орал, 2004.-44-45 б.

  2. Мақымов Т., Құспанов Ө. Жәңгір мектебі – білім бастауы: Бөкей Ордасындағы мектептердің даму тарихынан.-Орал, 2000.-114 б.

  3. Махимов Т. Жәңгірден қалған жәдігерлер қайда?: Орда тарихи мұражайы жөнінде // Орал өңірі.-2001.-30 қаңтар.

  4. Махимов Т. Мұражай тарихынан бір үзік сыр: Бөкей ордасы тарихи мұражайының кіші ғылыми қызметкері // Орал өңірі.-2000.-31 мамыр.


15 қыркүйек ЖАҚЫПОВ ХАБИ

туғанына 100 жыл (1915-2002)



Заң қызметкері, Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері Хаби Жақыпов 1915 жылы 15 қыркүйекте Жаңақала ауданының Жаңа Қазан ауылында дүниеге келген.

Хаби Жақыпұлының ерте есейіп, ержетуіне негізгі себеп 14 жасында әкесінің өмірден өтуі болса керек. Хаби Жақыпұлының қолында анасы Динаш, інісі Төремұрат, қарындасы Қазимаш қалды. Заманның ауыр кезі, ел ішінде дүрбелең туып, байларды кәмпескелеу науқаны басталған, әне-міне, аштық келейін деп тұрған заман еді. Жесір анасы мен жетім бауырларын асырау үшін оған ерте еңбекке араласуға тура келеді. Хаби Жақыпұлының бақытына ауылда 4 жылдық мектепті бітіргені зор септігін тигізді. Осы тұс – халықты жаппай сауаттандыру туралы КСРО Халық комиссарының шешімі шығып, жер-жерде сауат ашу курсы ұйымдастырылып жатқан кез. Жас Хабиды жергілікті билік Тұрдығұл ауылына сауатсыздарды оқытатын ұстаз етіп жібереді. Өзі 14 жастағы Хаби Жақыпұлы отызды алқымдап қалған сақа қыз-жігіттерді оқытады. Осылай ұстаздық жолын бастаған Хаби Жақыпұлы 1932-1933-ші аштық жылдары ашыққан адамдарға көмек көрсету мақсатымен салық жинау саласында еңбек етті.

Ауыл мектебін, жұмысшылар факультетін, Мәскеудегі бүкілодақтық заң институтын, кейін ҚазМУ-дің заң факультетін бітірген. Еңбек жолын 1928 жылы сауатсыздықты жою мектебінде мұғалім боп бастап, 1934 жылдың қазан айында аудандық комсомол комитеті аудандық сотқа хатшылық қызметке жібереді. Осылай өз өміріне ғұмырлық азық болған, 40 жыл ыстығына күйіп, суығына тоңған сот жұмысына бет бұрған.

1938-1978 жылдары Бөрлі аудандық сот төрағасы, Орда ауданында, Жәнібек ауданында, үш рет Казталов ауданында сот төрағасы, Орал облыстық сот мүшесі боп қызмет еткен.

Хаби Жақыпұлы Жәнібек ауданы сотының төрағасы қызметін істеп тұрғанда, соғыс басталыпты. Аудан аумағынан 180 шақырымда соғыс жүріп жатқан. Күндесін күнде ауық-ауық аудан жеріне жау ұшақтары ұшып келеді. Дүркін-дүркін бомбаның үні де естіле бастайды. Қазақ даласына диверсия жүргізу үшін немістер майдан шебіне жақын Жәнібек ауданының жерін нысана етіп ұстайды. Ауданның барлық аумағына күшейтілген режим енгізіліп, Хаби Жақыпұлы аудандық сот төрағасы қызметімен қоса, әскери трибуналды қоса атқарады.

1957 жылдан бастап Батыс Қазақстан облыстық сотының мүшесі болды. Қазақстан Республикасы Жоғары сотының Құрметті грамотасымен марапатталған.

Хаби Жақыпұлы республика судьяларының арасында бірінші болып 1967 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері» деген құрметті атақты алғашқылардың бірі болып алды.

Казталов ауданындағы көшеге есімі берілген. Оралдағы ол тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылған.


Әдебиеттер:

  1. Ақбаев Е. Хаби аға хақында бір үзік сыр: [заңгер Хаби Жақыпов жайында] // Заң газеті.-2010.-4 маусым.-8 б.

  2. Әбдірайымов Б. Әділдікті ту еткен // Ақиқат.- 2008.-№7.-67-70 б.

  3. Жұмағалиев С. Заңгер аға есімі мәңгі есте қалады // Ақиқат.-2008.-№8.-92 б.

  4. Заңгерге құрмет: [Белгілі заңгер Хаби Жақыповқа ескерткіш тақта ашылды] // Орал өңірі.- 2008.-14 маусым.-1 б.

  5. Құсайын Т. Би төрелігі қайтсе жаңғырмақ?//Егемен Қазақстан.-2008.-20 маусым.-7 б.

  6. Омаров Н. Есімі ел есінде // Заң газеті.-2008.-4 маусым.-4 б.

  7. Омаров Н. Судьяның мәртебесін биіктете өсірген, әділ, турашыл би болған ер есімі ел есінде мәңгі сақталады // Заң.- 2008.-№5.-9-11 б.

  8. Шамұратов М. Ел ағасы бола білген жан: Қазақстан Республикасына еңбек сіңген заңгер, құрметті судья Хаби Жақыпов туралы сөз // Заң газеті.-2008.-31 қаңтар.-3 б.

  9. Шамұратов М. Сабырлы қалпынан танбаған // Орал өңірі.-2008.-3 сәуір.-14 б.



13 қазан АХМЕТОВ КИМ

туғанына 85 жыл (1930-2010)


Ахметов Ким Ғұсманұлы 1930 жылы қазан айының 13-інде Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауылында дүниеге келген. 1948 жылы Мәскеу қаласындағы К.А.Тимирязов атындағы академияға оқуға түсіп, кейін аталмыш академияны зоотехник мамандығы бойынша бітіреді. Академиядан кейін мұғалімдік қызмет атқарып, Орал қаласының ұжымшар (колхоз) басшыларын дайындайтын мектептің директорының орынбасары қызметін атқарып, 1955 жылы экономикалық дамуы жағынан артта қалған Ф. Энгельс атындағы колхозға басшы болып сайланады. Үш жылғы ауылшаруашылық саласындағы төгілген терден кейін жоғары нәтижеге қол жеткізген Ким Ғұсманұлы Ахметов Жәнібек аудандық атқару комитетіне басшы етіп тағайындалады. Он екі жыл бойы түрлі партиялық және ауылшаруашылық саласындағы мекемелерде қызмет атқара келе, Ким Ғұсманұлы Ахметов өзін ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді ұйымдастыруда білікті маман етіп көрсете алды.

1967 жылдан бері Ким Ғұсманұлы Ахметовтың ғылыми жұмысы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтымен тікелей байланысты. Осы жылдың қазан айында Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтының «Ауылшаруашылық өнімдерін ұйымдастыру және жоспарлау» кафедрасының доценті қызметіне қабылданса, 1968 жылы аталмыш кафедра меңгерушісі, 1972 жылғы ақпан айының 25-індегі Ауылшаруашылық министрлігінің бұйрығы бойынша институттың ғылыми істер жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалды.

Ким Ғұсманұлы Ахметов университетте 43 жыл еңбек етіп, соның 24 жылында институттың ғылыми істер жөніндегі проректоры қызметінде болып, ғылымға және ауылшаруашылық саласындағы кадрларды даярлауға үлес қоса білді.

Бұл кезеңде Ким Ғұсманұлының ұйымдастырушылық қызметінің арқасында институттың ғылыми өндірістік құрылымында «Аспан» атты қазақ-орыс біріккен ғылыми фирмасы, «Зерде» ғылыми-өндірістік орталығы, «Зерек» ғылыми-өндірістік шағын кәсіпорыны, сондай-ақ, 11 ғылыми-зерттеу зертханасы құрылып, сала мамандықтары бойынша аспирантура ашылды.

Ким Ғұсманұлы Ахметовтың ғылыми жетекшілігімен 7 аспирант кандидаттық, 5 магистрант магистрлік диссертацияларын сәтті қорғап шықты.

Ким Ғұсманұлы Ахметов көп жылғы зерттеулерінің нәтижесінде 1969 жылы «Қой шаруашылығы саласындағы жұмыстарды ұйымдастырудың жаңа формаларының тиімділігі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын абыроймен қорғап шықты.

1978 жылы «Қайнар» баспасынан Ким Ғұсманұлы Ахметовтің «Орал облысының ауылшаруашылығын өркендетудің жүйесі туралы ұсыныстар» атты еңбегі басылып шықты. Кең көлемдегі ғылыми-әдістемелік дәрежеде дәріс оқуы, жоғары оқу орындарына арнап жазылған оқулықтары, институттың күнделікті өміріндегі ғылыми және ғылыми-әдістемелік кадрлар дайындаудағы белсенділігі үшін Ким Ғұсманұлы Ахметовке 1989 жылы профессор атағы беріліп, 1997 жылы ЖҒА-ның корреспондент мүшесі болып сайланды. Ал 2004 жылы облыс әкімшілігі шешімі бойынша Ким Ғұсманұлы Ахметов жетекшілігімен «Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы дамуының жүйесі» атты еңбегі басылып шықты.

Профессор Ким Ғұсманұлы Ахметов белсенді және жемісті еңбегі үшін екі рет «Құрмет белгісі» орденімен, бірқатар медальдармен, екі рет Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің, Ауылшаруашылық министрлігінің мақтау қағаздарымен, медальдармен, «Еңбектегі үздік табыстары үшін» белгісімен марапатталады. Ал Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 16 желтоқсандағы Жарлығы бойынша Ким Ғұсманұлы Ахметовке «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Ол Жаңақала және Сырым аудандарының «Құрметті азаматы» болды. Соңғы жылдары Ким Ғұсманұлы Батыс Қазақстан аймағындағы тұрғылықты қазақтардың шығу тегі хақындағы шежірелік еңбектерді жинақтаумен айналысты. Ғалымның бұл реттегі жарық көрген еңбектерінің өзі бір шоғыр.



жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау