- Қаныққан бір атомды
- спирттер құрамы, құрылысы, изомері,алынуы
- Химия пәні мұғалімі Имашова Н.К.
-
- Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сабақтың мақсаты: оттекті органикалық қосылыстар жайлы бере отырып бір атомды спирттер, құрамында ОН-тобы бар көмірсутектердің туындысы екенімен танысу. Спирттердің жіктелуін, изомерін жазып оны халықаралық атау жүйесімен атай білу; алу жолдарын; есеп шығаруда шеберліктерін шыңдау. - Сабақтың міндеті: Органикалық заттардың құрамында оттек бар жаңа тармағы туралы түсінік бере отырып, функционалдық топ ұғымына анықтама беру. Спирттердің жіктелуі,номенклатура, изомерия алу жолдарын білу.
- Заттардың құрылысына тәуелді екендігіне көз жеткізу, құрылысындағы, изомерия ерекшеліктерін түсіну. Салауатты өмір салтын насихаттау, спирт өнімдерінің құрамындағы химиялық заттардың адам денсаулығы үшін маңызын көрсету.
- Күтілетін нәтиже: оттекті органикалық қосылыстарды, спирттердің ашылу тарихын, жіктелуін, номенклатура, изомерия, алу жолдарын біледі. Химиялық теңдеулерін есептеулерде қолдана алады. Оттектті органикалық қосылыстарды көмірсутектерден ажырата алады, алған білімдерін өмірде қолданады.
- Оқыту технологиясы: СТО, АҚТ
- Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
- Сабақтың түрі: аралас сабақ
- Әдіс-тәсілдер: “Инсерт” н/е түртіп алу әдісі, ой толғау, деңгейлік тапсырмалар
- Жабдықтар: интерактивті тақта, слайдтар, виртуалды зертхана, шар стерженді модельдер, постерлер, үлестірме қағаздар, маркер, бағалау парағы.
- 1. Көмірсутектердің жіктелуі
- 2. Алкандардың жалпы формуласы
- 3. Хлорофорның формуласы
- 4. Изомерия дегеніміз не?
- 5. Гидрлену реакциясы
- 6. Крекинг деген не?
- 7. Полимерлену реакциясы
- 8. Алкадиендердің жалпы формуласы
- 9. Алкендердің сапалық реакциясы
- 10. Мұнайдың құрамында қандай көмірсутектер болады?
- 11. Мұнай өнімдері және қолданылуы
- 12. Қазақстанның мұнайға бай аймақтары
- 13. Табиғи газдың құрамындағы метанның массалық үлесі
- 14. Қазақстандағы ірі газ, мұнай, тас көмір кен орындары
Кім жылдам? - 1-топ. Этанның құрамындағы көміртегінің массалық үлесін есептеңдер
- 2-топ. Ауа бойынша тығыздығы 1,93-ке тең, құрамындағы көміртектің массалық үлесі 85,7% болатын көмірсутектің молекулалық формуласын табыңдар
- 3-топ. Қалыпты жағдай бойынша тығыздығы 1,97 г\л тең, құрамында көміртектің массалық үлесі 82,7 % болатын көмірсутектің молекулалық формуласын табыңдар.
- 4-топ. Пропанның құрамындағы сутегінің массалық үлесін анықтаңдар.
Қызығушылықты ояту - Ертеде бір патшаның есігінің алдына лашын құсы дән тастап кетіпті. Патша сол дәнді алып, уәзірлеріне беріп еккізеді. Дән өсімдік болып жайқалып шығады. Келесі жылы одан да әдемі болып өседі. Үш-төрт жылдан кейін өсімдік жеміс береді. Елдің бәрі таң қалады. Күзге таман әдемі мөлдір жемісті жеп көруге жүрексінеді. Содан соң патшаның әмірімен жемісті ыдысқа салып қояды. Біраз күннен кейін ыдыстағы жеміс көпіреді. Одан мөлдір сұйық пайда болады. Уәзірлер сұйықтықты алып патшаға көрсетеді. Патша сұйықтықты бір тұтқынға ішкізуді бұйырады. Тұтқын бір кесе ішеді, ешнәрсе болмайды, екіншісін береді. Үшіншісін тұтқын өзі сұрап ішеді. Біраздан кейін ән салады, бей-жай күйге түседі. Ең соңында тұтқын патшаның тағын сұрап әлек салады. Шаршап қалжырап ұйықтап кетеді. Сонда бұл не болғаны?
“Инсерт”н/е түртіп алу әдісі - Спирттердің жіктелуі мен гомологы
- Спирттер дегеніміз – молекуласында көмірсутек радикалымен байланысқа бір немесе бірнеше функционалдық гидроксил тобы бар органикалық заттарды айтамыз. Спирттердің жалпы формуласы:
- R-OH немесе Cn-H2n+1OH
- CH3-OH
- Метанол
- CH3-CH2-OH
- Этанол
- СH2-CH2 CH2-CH-CH2
- OH OH OH OH OH
- Этиленгликоль Глицерин
| | - CH3OH
- C2H5OH
- C3H7OH
- C4H9OH
- C5H11OH
- C6H13OH
- C7H15OH
| - - Метанол, метил спирті
- - Этанол, этил спирті
- Пропанол, пропил спирті
- Бутанол, бутил спирті
- Пентанол, пентил спирті
- Гексанол, гексил спирті
- Гектанол, гектил спирті
| - ИЮПАК халықаралық атаулар жүйесі бойынша спирттерді көмірсутектердің атына – ол деген жұрнақ қосып атайды. Функционалдық ОН тобы байланысқан ең ұзын тізбек таңдап алынып, көміртек атомдарын гидроксил тобы жақын орналасқан жағынан бастап нөмірлейміз:
- CH3
- 5 4 3 2 1 4 3 2 1
- CH3-CH-CH-CH-CH3 CH3- C - CH - CH3
- CH3 CH3 OH CH3 OH
- 3,4 – диметилпентанол -2 3,3 – диметилбутанол -2
- Көміртек қаңқасының құрылысына
- СH3 – CH2- CH2- CH2- OH бутанол -1
- 2. Көмірсутек тізбесіндегі гидроксил тобының орнына байланысты
- CH3- CH2- CH2- CH – CH3 пентанол -2
- ОН
- 3. Класаралық изомерлену
- СН3- О – С2Н5 метил - этил эфирі
- Көмірсутектердің галоген туындыларынан алу:
- С2 Н5Br + HOH C2H5OH + HBr
- 2. Қанықпаған көмірсутектерді гидратациялау арқылы алу:
- H2C= CH2 + H2O H+ CH3- CH2OH
- 3. Метанолды өнеркәсіпте алу:
- СО + Н2 Р.t.кат СН3ОН
- 4. Этанолды көмірсуларды ашыту арқылы да алады:
- С6Н12О6 ферменттер 2 С2Н5ОН + 2СО2
- Глюкоза этанол
Заттардың құрылымдық формуласын жазыңдар -
- 1-топ. 2-метил пропанол-2
- 2-топ. 2,3-диметил бутанол-2
- 3-топ. 2,3,4-триметил пентанол-1
- 4-топ. 2,3,3-триметил гексанол-2
Мағынаны ашу “Джигсо”әдісі - 1-топ. Спирттердің жіктелуі
- 2-топ. Номенклатура мен изомериясы
- 3-топ. Алу жолдары
- 4-топ. Алкогольдің адамға тигізер зияны
Деңгейлік тапсырмалар - А-деңгей (білу,түсіну)
- Заттың құрылымдық формуласын жазу.
- 2,3,3-триметил пентанол-2
- В-деңгей (қолдану,талдау)
- Молекулаішілік дегидраттану кезінде, 90 грамынын 27 су бөлінсе, бір атомды спирттің молекулалық формуласын анықтаңдар
- С-деңгей (жинақтау,бағалау)
- Этил спиртінің 50мл (тығыздығы0,8 г/мл) толық жанғанда жұмсалған ауаның көлемі (оттектің үлесі 0,2)
Тест жұмысы - 1. Гидратациялану реакциясы
- A) C2H4 + H2O C2H5OH
- B) 2K + 2H2O 2KOH + H2
- C) Cu + Cl2 Cu Cl2
- D) Zn + 2HCl ZnCl2 + H2 E) MgCO3 MgO + CO2
- 2 . Құрамында 60 көміртек, 13,3 сутек және 26,7 оттек бар алканолдың толық жану теңдеуіндегі коэффициенттер қосындысы
- A) 34
- B) 14 C) 44
- D) 4 E) 25 +
- 3 . Құрамында 18 атом сутек бар алкеннің салыстырмалы молекулалық массасы A) 164 B) 132 C) 126 D) 142 E) 108
- 4. 102 г гексанол жанғанда жұмсалатын оттектің (қ.ж.) көлемі
- A) 177,6 л
- B) 187,6 л
- C) 157,6 л
- D) 167,6 л
- E) 201,6 л
- 5. Өзгерістер тізбегіндегі соңғы өнім Х5 заты
- C2H5OH----- Х1 ----- Х2 ----- Х3 ----- Х4 ------- Х5
- A) этилен
- B) этанол
- C) сірке қышқылы
- D) этан
- Е) пропаанол
Критерий арқылы бағалау Рефлексия “Бес саусақ”әдісі - Кішкентай бармақ – ойлау процесі: мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
- Төртінші бармақ – мақсатқа жету: мен бүгін не істедім және не нәрсеге қол жеткіздім?
- Ортаңғы бармақ – көңіл-күй жағдайы: менің бүгінгі көңіл-күйім қандай және ол жұмыс барысына қандай әсер тигізді?
- Екінші бармақ – көмек, қызмет көрсету: мен бүгін кімге көмектестім, сол адамды қуанта алдым ба?
- Бас бармақ – өз-өзіне түсуі және белсенділік таныту: мен өзімді қалай сезіндім? Менің бүгінгі денсаулығым қалай? Денсаулық үшін мен не істедім?
Достарыңызбен бөлісу: |