ШқО мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» кмм



жүктеу 80,87 Kb.
Pdf просмотр
Дата04.12.2017
өлшемі80,87 Kb.
#2826
түріСабақ


 

ШҚО мәдениет басқармасының 

«Шығыс Қазақстан облыстық балалар және 

жасөспірімдер кітапханасы» КММ 

 

    Ақпараттық  



библиографиялық бөлім 

 

 



         (7-8 сынып оқушыларына арналған 

      кітапханалық  сабақ) 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

Өскемен қаласы, 

2015 жыл 

 


 

 

 

 

 

 

 

Мекен-жайымыз: 

 

Өскемен қаласы, 

Космическая көшесі, 6/2 

ШҚО мәдениет басқармасының 

«Шығыс Қазақстан облыстық балалар 

және жасөспірімдер кітапханасы» КММ 

Байланыс телефоны: 8(7232)75-96-17 

Е-mail: childrenlibrary@mail. ru 

http: // www.odub.kz. 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



Сабақ  жоспары: 

І.     Кіріспе. 

ІІ.  Дәстүрлі  каталог,  картотекалардың   

қазіргі  жағдайы  мен  электронды  каталог  туралы 

түсінік. 

ІІІ.   Практикалық сабақ. 

Тақырыбы:

 

«Ақпаратты дәстүрлі және 

заманауи түрде іздестіру»

 

Сабақтың мақсаты: 

Оқушыларды 

кітапханадағы 

каталог, 

картотекалармен таныстыру. ХХІ ғасыр ақпараттар 

заманы екені бәрімізге аян, сондықтан болар қазір 

«кім  ақпаратқа  бірінші  болып  қол  жеткізсе,  сол 

барлығына  ие»  деген  қағида  бар.  Біздің  негізгі 

мақсатымыз  –  оқырмандарды  жаңа  ақпараттық 

технология  арқылы  қызмет  көрсету  түрлерімен 

таныстыру, барлық пайдаланушылардың ақпаратқа 

бірдей қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету. 



Сабақтың міңдеті: 

Жеке  тұлғаның  ақпараттық  мәдениеттілігі  

жалпы  адам  мәдениетін  құрайды;  Ақпараттық 

дүниетаным  және  білім  мен  біліктілік  жүйесінің 

жиынтығы  негізінде  мақсатты  бағытта  өз  бетінше 

әрекет  етуге,  ақпаратты  іздеуде,  жеке  сұранысты 

қанағаттандыруда  дәстүрлі  каталогтармен  және 

картотекалармен 

қатар 

жаңа 


ақпараттық 

технологияны, 

яғни 

электронды 



каталогты 

пайдалануға үйрету. 




 

Безеңдіру:   

«АҚПАРАТТЫ  ДӘСТҮРЛІ 

ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ      ТҮРДЕ  ІЗДЕСТІРУ»

 атты 



слайд-тұсаукесер. 

Практикалық сабақтың сұрақтары. 

 

«Кез–келген ақпаратты өзіне қажетті сәтте тауып, 

бағалап және сол ақпаратты тиімді пайдаланатын адам 

ақпаратты сауатты болып табылады» 

 (американдық кітапханалық ассоциация ALA) 

 

Кітапханашы

:  Балалар,  бүгін  бізде  ерекше 

сабақ. 


Бұл 

сабақтың 

мектептегі 

сабақтан 

айырмашылығы,  ол  кітапханалық  сабақ.  Бұл 

сабақта  біз  мектеп  бағдарламасына  қосымша 

мағлұмат  алу  жолдарын  қарастырамыз.  Сауатты 

оқырман  болу  үшін  сіздер  өздеріңізге  керекті 

мәліметтерді  кітапханадағы  дәстүрлі  каталогтар 

мен  картотекаларды,  сондай-ақ  қазіргі  заманғы 

электронды  каталогты  пайдалану  арқылы  таба 

білулеріңіз керек. 

Сіздер  кітапханаға  келгенде  алуан  түрлі  

кітаптар  мен  мерзімді  басылымдарды  көресіздер. 

Олардың  саны  өте  көп!  Өзімізге  керектіні  тап 

басып  қалай  іздеп  табамыз?  Бұл  жерде  сіздерге 

каталогтар  мен  картотекалар  көмекке  келеді. 

Сондықтан олармен жұмыс істей білу ауадай қажет. 

Каталогтар арқылы, кітап сөрелеріне жақындамай-

ақ, кітапхананың кітап қорымен таныса аласыздар. 

Ал 

картотекалар 



газет-журналдардан 

алынған ақпараттармен таныстырады.  

Біздің  кітапханада  дәстүрлі  каталогтар  мен 

картотекалардан: 

әліпбилік 

каталог, 

жеке 



 

адамдар 

картотекасы

көркем 



әдебиет 

шығармалары 

атауларының 

көрсеткіші,  

мақалалардың  жүйелі  өлкетану  картотекасы 

сақталған.  2008  жылдан  бастап  бастап  заман 

ағымына қарай электронды каталог жұмыс істейді. 

Енді, 


балалар 

дәстүрлі 

каталогтар 

мен 


картотекаларды  қалай  пайдалану  керектігін 

есімізге  түсіре  кетейік.  Балалар,  егер  де  кітаптың 

авторы,  аты  белгілі  болса,  сіздер  әліпбилік  

каталогпен жұмыс істейсіңдер. Әліпбилік  каталог 

-  кітапханада  бар  кітаптардың  толық  тізімі. 

Кәртішкелер  әліпбилік    тәртіппен  қойылған. 

Сондықтан  ең  алдымен  әріптердің  тізілу  ретін 

жақсы білуіміз керек. 



Жеке адамдар картотекасы. Бұл картотека 

сіздерге  жеке  тұлға  туралы,  яғни  белгілі  бір 

суретші,  жазушы,  ақын,  әртіс,  ғалым  т.б.  туралы 

мағлұматтар  керек  болғанда  көмек  береді. 

Кәртішкелер әліпби тәртібімен қойылған. 

Көркем 

әдебиет 

шығармалары 

атауларының 

көрсеткіші. 

Бұл 


көрсеткіш 

кітаптардың атынан тұрады. Егер кітаптың аты ғана 

белгілі болса, яғни авторы белгісіз болғанда, сіздер 

осы  «Көркем  әдебиет  шығармалары  атауларының 

көрсеткішінің»  көмегіне  жүгіне  аласыздар.  Бұл 

жерде де кәртішкелер әріптік тәртіппен берілген. 

Сонымен,  белгілі  бір  тұлғаға  қатысты 

мағлұмат  іздеу  керек  болса,  қайдан  іздестіреміз, 

балалар? 

 «Жеке 


адамдар 

тізімі» 


картотекасынан 

іздестіреміз.  




 

Керекті      мағлұматты  тауып    алған      соң,   

сіздер  «сұраныс  парағын»  толтырасыздар.  Ол 

параққа  кітаптың  шифры,  авторы,  баспасы,  жылы 

көрсетіліп  жазылады.  Егер,  мерзімді  басылымда 

жарияланған  мағлұмат  болса,  онда    газет, 

журналдың аты, жылы, нөмірі және беті көрсетіліп 

жазылады.  Сондай-ақ  бізде  ЭК  (электронды 

каталог) жүргізіледі. Егер де халықаралық  жағдай  

немесе  ғылым  мен  техника    жетістіктері  туралы 

мағлұмат  алғыларыңыз  келсе  Сіздерге  осы  ЭК 

көмектеседі. 

Енді  толығырақ    электронды  каталогқа 

тоқталайық.  Анықтамалық  ақпараттық  және 

библиографиялық  қызмет  көрсетуде  электронды 

каталог  ең  басты  орынға  ие.  Бүгінде  біздің 

кітапхана 

заманауи 

жетілген 

«ИРБИС-64» 

бағдарламасымен жұмыс істеуде. 

Электронды 

каталог 

– 

ізденістің 



техникалық 

құралы. 


Ақпараттық 

ізденіс 


электрондық каталог көмегімен әр түрлі жолдармен 

(поля)  жүргізіледі,  олар:  тақырып  атауы,  автор, 

түйін  сөз,  пәндік  айдар,  географиялық  айдар  т.б.  

Қазір осы бағдарлама бойынша іздестіру амалының 

бір-екі  түрі  слайд  көмегімен  таныстырылып, 

артынан  практика  жүзінде  қолданып  көру 

ұсынылады.  

 

 



 

 


 

Электронды каталог 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл  «ИРБИС-64»  бағдарламасының электронды 

каталогтағы  ЖП/РЛ  (жұмыс  парағы  /  рабочий 

лист).   

І  қадам:

  Құралдар  панеліндегі  екінші  таңбаға 

басамыз.  (жоғарғы  сол  жақтағы  комплексті 

іздестіруі) 



ІІ және ІІІ қадам: 

1)Құралдар  панелінен  қаз.тіл.,  не  орыс  тіл. 

мақаланы таңдаймыз. 

2)Мақалалардың 

аналит.жазбасын 

таңдаймыз 

(жоғарғы оң жақ) 



 

 

 

ІV  қадам:

  Іздестіру  жолынан  «Географиялық 

рубриканы»  таңдаймыз  (бұған  жер,  су  аттары 

жатады). 

Географиялық  қасиеті  бойынша  іздеу  екі  жол 

бойынша  іске  асырылады.  Іздеу  кезінде  міндетті 

түрде  «Усечение»  -  ИӘ,  «Логика»  -  И 

операторларын қолданамыз. 




 

Мысалы:  «Өскеменнің  экономикасы»  бойынша 

сұранысқа  «Экономика»  түйін  сөзін  және 

«Өскемен» түйін сөзін, «Логика» - И-ды аламыз. 

 

 



V  қадам:

  Қосалқы  іздестіру  жолынын  екінші 

түйін сөзін таңдаймыз. 


 

 

VІ қадам:  



Орындау(выполнить) деген пернеге басамыз. 

Сұраныс  бойынша  бар    әдебиеттер  саны  

шығады. 

VІІ қадам: 

Сұраныс  нәтижесі  (результат  поиска)  деген 

пернеге басамыз. Әдебиеттер тізімі шығады. 

  «Орындау»  кнопкасына,  одан  соң  «Іздеу 

нәтижесі» кнопкасына басамыз. 

Әдебиеттер тізімі шығады. 

Қажетті ақпаратқа «белгі» қоямыз. 

 

 




 

 

Іздестіру нәтижесінде 



сұраныс бойынша 

бар    әдебиеттер  тізімі  беріледі.  Олардың  әр 

қайсысын  кезекпен  тышқан  арқылы  басып, 

экранның төмеңгі оң жақ бұрышындағы берілген 

қос  сызықтан  кейінгі  мәліметтерді  жазып 

аламыз. 

  


 

 

 



Жеке тұлғалардың аты-жөні 

бойынша іздестіру. 

Жеке  тұлға  туралы  сұраныс  туындағанда, 

персонал жолы бойынша іздеу жүргіземіз 

(“Тұлғаның аты-жөні бойынша”).  

Мысалға:  «Жәңгір  хан  туралы»,  бұл  сұраныста 

түйін сөз ретінде «Жәңгір ханды» аламыз. 

«Орындау» кнопкасына, одан соң «Іздеу нәтижесі» 

кнопкасына  басамыз.  Әдебиеттер  тізімі  шығады. 

Қажетті ақпаратқа «белгі» қоямыз. 




 

 

 



 

 

 

 

 

 

 


 

Практикалық сабақ: 

Дәстүрлі каталог пен картотека бойынша:

 

Әліпбилік каталог: 

1.  Белгілі  бір  кітаптың  кітапханада  бар  екенін 

анықтау. 

Мысалы: О.Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным?» 

кітабын қай каталогтан қараймыз? 



Жауабы:  әліпбилік  каталог:  Бөкей  О.  «Қайдасың, 

қасқа құлыным?»  



Сұраныс парағы: 

84(Қаз)Қаз.  Бөкей  О.  «Қайдасың,  қасқа 

құлыным?»: Повесть, әңгімелер. - Астана: Елорда, 

1999. 


2.  Сендерге  белгілі  кітаптың  кітапханада  барын 

анықтау  керек,  яғни  М.О.Әуезовтың  «Кінәмшіл 

бойжеткен» повесін. 

Жауабы: 

Әліпбилік 

каталог: 

М.О.Әуезов 

«Кінәмшіл бойжеткен» 

Сұраныс парағы: 

84(Қаз)Қаз.        Әуезов  М.  О.  Кінәмшіл 

бойжеткен: Повестъ, әңгімелер, - Алматы: Жалын, 

1994. 


3.   О. Асқардың «Тәуелсіздік тартулары» кітабын 

табу? 


Жауабы: Әліпбилік каталог. Асқар О. «Тәуелсіздік 

тартулары» 



Сұраныс парағы: 

84(Қаз)Қаз.  Асқар  О.,    Тәуелсіздік  тартулары.  – 

Алматы: Өнер, 1987. 

4.  Кітапханада  мына  кітаптың  барын  анықта: 

М.Әуезов «Әңгімелер» 



 

Жауабы:  Әліпбилік  каталог.  Әуезов  М.  О. 

«Әңгімелер» 

Сұраныс парағы: 

84(Қаз)Қаз. Әуезов М. О. Әңгімелер. - Алматы: Ә82              

Жалын, 1987. 

 

Көркем  әдебиет  шығармалары  атауларының 

көрсеткіші бойынша іздеу: 

1.      «Махаббат      мейрамы»      атты      шығарманың   

авторы кім? 

Жауабы: Авторы - Есенберлин I. 

2.  «Қайдасың,        қасқа        құлыным»        атты    

шығарманың авторын анықта? 

Жауабы: Авторы - Бөкей О. 

3. «Алтын Орда» шығармасының авторы кім? 

Жауабы: Авторы - Есенберлин I. 

4. «Қамар сұлу» 

Жауабы: Авторы - Торайғыров С. 

5 «Тергеуші» 

Жауап: Авторы - Исаев Б. 

Мақалалардың жүйелі картотекасы бойынша: 

1. Ақын 


жазушылар  туралы  қай  бөлімнен 

іздестіреміз? 



Жауабы: Ақын жазушылар туралы 83.3(Қаз) 

бөлімінен іздестіреміз. 

2. 

Шығыс  Қазақстандық  ақын-жазушылардан 



кімдерді білесіздер? 

Жауабы: Мақалалардың жүйелі каталогының 

83.3 бөлімі бойынша қараймыз. 

Мысалы:  ШҚ-дық  О.  Бөкей,  Д.  Әшімханов,  Қ. 

Ысқақ, К. Сегізбаев, Асқар Егеубаев, С. Ғабдуллин, 




 

Мүсілім Құмарбеков, Ә. Асқаров, Г. Салықбаева, Қ. 

Қайсенов,  Ұ.  Есдәулетов,  Ғ.  Байбатыров,  Ә. 

Қаңтарбаев, Ғ. Қабышев, М. Қабанбаев т.б.) 

3.  Балалар 

жазушылары  кімдер  және  оны 

анықтама-библиографиялық 

аппараттың 

қай 

бөлімінен іздестіреміз? 



 Жауабы: 

Мақалалардың 

жүйелі 

каталогының 83.8 бөлімі бойынша қараймыз. 



Мысалы:  олар  Б.  Соқпақбаев,  М.  Қабанбаев,  Ө. 

Тұрманжанов, 

Машқар 

Гумеров, 



Таупық 

Рымжанов,  Мұхтар  Құрманалин,  Тынымбай 

Нұрмағамбетов т.б.  

 

Электронды каталог бойынша сұрақтар: 

1.  Б.  Соқпақбаев  туралы  мағлұмат  табу. 

(Жауабы: Персоналия бойынша) 

2.  Қазақстанның экономикасы жайлы материал 

жинақтау.  (Жауабы:  Ключ.  сл.  /  Түйін  сөз 

бойынша) 

3.  Үндістан  туралы  рефератқа  материал  табу. 

(Жауабы: Географиялық рубрика арқылы) 

4.  Ауыл  шаруашылығы  бойынша  қай  мерзімді 

басылымдарда 

жарияланған? 

(Жауабы: 

Ключ. сл. / Түйін сөз бойынша) 

5.  Мысалы,  жеке  бір  жазушының  өмірбаяны 

керек  болса,  қалай  іздестіреміз?  (Жауабы: 

Персоналия бойынша) 

6.  Жыртқыш  аңдар  туралы  мағлұматты  қай 

іздестіру  жолынан  қараймыз?  (Жауабы: 

Ключ. сл. / Түйін сөз бойынша) 




 

7.  Жалпы Үндістан туралы мәліметті табу үшін, 

іздестірудің 

қай 


амалын 

таңдаймыз? 

(Жауабы: Географиялық рубрика бойынша) 

8.  Қ.  Мырза  Әлінің  мерзімді  басылымда 

жарияланған қандай өлеңдері бар? (Жауабы: 

Автор бойынша) 

9.  Америка  Президенті  Б.  Обама  жайлы 

мәліметті  табу  үшін,  қай  іздестіру  амалын 

таңдаймыз? (Жауабы: Персоналия бойынша) 

10. Қазақстанның 

экологиялық  проблемасы 

туралы іздестіру? (Жауабы: Ключ. сл. / Түйін 

сөз бойынша) 

11.  Халықаралық ЭКСПО-2017 

 

көрмесі жайлы?  



(Жауабы: Ключ. сл. / Түйін сөз бойынша) 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

Құрастырған және 

компьютерде өңдеген:

                



Ж. Б. Буханова 

                       ақпараттық-библиографиялық бөлімнің 

                                     жоғары дәрежелі библиографы 

Жауапты:

                                          

К. Қ. Карчалова

 

                                                     кітапхана директоры 

Тексергендер:

                                   

К. Б. Мукашева

 

                         кітапхана директорының орынбасары 

                                                            

А. Н. Абдакерова 

                                                                    аудармашы.  

жүктеу 80,87 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау