N*2 – қорғау бойынша оқпандар позициясында тұрған адамдар саны, оқпаншыларды қоса;
NМ – қысымды-жең жұйесіндегі жұмысты бақылаудағы адамдар саны (машина саны бойынша);
NПБ – қауіпсіздік постындағы адамдар саны (ГТҚҚ буындарының саны бойынша);
NСВ – байланысшылар саны;
NРАЗ – таратқышта және т.б. жұмыс жасаушылардың саны.
15. Негізгі тағайындалған бөлімдердің қажетті санын анықтау және гарнизонды кесете бойынша өртке шақыру номерін анықтау:
NОТД = NЛС/4
NОТД = 19/4 = 5 отд.
16. АЦ-да ӨСБ қарауылы екі бөлімше құрамында бере алатын өрт сөндіру құралдарын анықтаймыз. ӨСБ қарауылы түтінденген бөлмеге бір оқпаннан бере алатын екі ГТҚҚ буыны ғана бар, сонда:
Qф = Nотд * nотд.ст * qст = 3 * 2 * 3,5 = 14 л/с,
мұндағы: Nотд – өрт орынына келген АЦ-дағы бөлімше саны;
qст – оқпандағы су шығыны, л/с;
nотд.ст – өрт сөндіруге бір бөлімше бере алатын оқпандар саны (немесе қорғауға);
Qф = 14 л/с Qтр = 17,5 л/с
Сәйкесінше, өртке бірінші келген бөлім өрт сөндіруге қажетті оқпандар санымен қамтамасыз ете алмайды.
Бірінші келген бөлімнің күш пен құралдарды кіргізу сәтіндегі өрттегі жағдай және бірінші ӨСБ қабылданған шешімдер:
Барлау барысында анықталды:
жанып жатқан бөлмеде адамдар жоқ, бірақ басқа қабаттарда адамдар бар, қауіпті факторлар олардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін;
Президет нөмірінде өрт ауданы 100 м2 құрады;
өрттің тарау жылдамдығы 1 м/мин.
Қорытынды: Жүргізілген есеп бойынша «Aray Deluxe» шипажайы ғимаратында өрт болған кезінде, негізгі өрт автокөліктерімен 5 бөлімше қажет. № 2 шақыру бойынша өртке негізгі өрт автокөліктерімен 5 бөлімше келеді. Сондықтан, осы нысанда өрт туралы хабарлама түскен жағдайда барлық күш-құралдарды № 2 шақыру бойынша жіберіп, ол бойынша 5 бөлімше негізгі өрт автокөліктерімен келеді және ГТҚҚ базасынан БКБ /бақылап кіргізу бекеті//КПП/ шақыру, қосымша №14 ӨСБ-нен «Камаз» АЦ-8-50/4 шақ.641, «Урал» АЦ-40/5,5(5557) шақ.642, АЛ-30 (131) және №19 ЖӨСБ-нен Урал АЦ-6-40 шақ.644, №25 ЖӨСБ-нен АЦ-3,2-40 (130) шақ.646, №33 ЖӨСБ-нен АЦ-40(130) шақ.648 жіберу.
№14,19,25,33 өрт сөндіру бөлімі мен бекеттерін кезекшіліктен бос жеке құрамды дабыл бойынша жиналуын ұйғару.
№ 2 жоғарылатылған шақыру бойынша күш пен құралдарды енгізу сәтіне дейінгі өрттегі жағдайды анықтау
1. №2 шақыру бойынша келген өрттің пайда болуынан соңғы бөлім оқпандарын бергенге дейінгі өрттің даму уақытын анықтаймыз:
τсв2 = τсв1 + τсл2 + τбр = 18 + 8 + 2,5 = 28,5 мин.
мұндағы: τсл = 60 *58мин.
40
τсл2 = τсл1 - τсл2 = 28,5– 18 = 10,5 мин.
2. №2 шақыру бойынша келген ӨСБ оқпандарды беру сәтіне дейінгі өрттің ауданын анықтаймыз.
Мейрамхананың және көрші бөлмелердің қабырғаларының отқа төзімділік шегі 0,75 сағ. тең, яғни 45 мин, ал қосымша күштер мен құралдар өрт пайда болғаннан 28,5 минуттан кейі келеді, сонда өрттің дамуы өзгермейді, сондықтан:
Sт = 100 м2 Qтр = 14,9 л/с
Қорытынды: Қарастырылған шығу кестесімен өрт бөлімдерінің №2 шақыруы шипажайдағы Мейрамхананы сәтті сөндіруді қамтамасыз етеді. Күш пен құралдардың орналасуы.
Өрттегі орташа көлемді температураны анықтаймыз.
Жылу алмасу беткі қабатын анықтаймыз:
S= Sст+ Sпола+ Sпер ,
мұндағы: Sпол , Sпер , Sст - еден, аражапқыш және бөлме қабырғаларының ауданы, м2.
S= Sст+ Sпола+ Sпер=182,2+165+165=387
Sст=(h1эт*а)+ (h1эт*в)*2=(3,3*10)+(3,3*7)=56,1
Sпола=а*в=10*16,5=165
Sпер=а*в=10*16,5=165
Жылулық ағын тығыздығын анықтаймыз:
q = *Vм*Sп*Qнр
3,6 S
мұндағы, - химиялық толық жанбаған коэффициенті;
Vм – материалдың жанып кетуінің масалық жылдамдығы, кг/( м2 ч);
Sп - бөлмедегі өрт ауданы, м2;
Qнр - жанудың төмен массалық жылулығы, кдж/кг;
= 0,95, Vм = 0,84 кг/( м2.мин);
Qнр = 16500,0 кдж/кг; Sп = 72 м2;
q = 5*50,4 *177,76 *47138,0 = 87780,0 вт/м2
3,6 * 387
Газалмасуда қатысатын қуыстар бір деңгейде орналасқан, сәйкесісінше ақпалы қуыстар ауданын S1 қуыстар ауданының 1/3 тең аламыз.
S1 = 45,4 м2
Алынған мағыналар бойынша S1 және V0
S
кестеге сәйке (қосымша 7 /14/), табамыз m
мұндағы, V0 = 5,30 м3/кг- жануға ауа шығыны.
S1 = 45,4 = 1
S 387 6
Sпола = 165 м2
m = 4.2
Жылулық ағын тығыздығын ауа шығынының коэффициенті және өрттің мүмкін даму уақытын біле отырып «Өрт тактикасы» курсы бойынша әдістемелік көрсетулер номограммасы бойынша өрттің ортакөлемді температурасын анықтаймыз.
Есептеулер көрсеткендей өрттің ауданы бірінші келген бөлім сәтінен соңғы келген сәтіне дейінгі мезгілде өзгермеген, сонымен бірге ағу қуыстары мен жылу алмасу беттерінің ауданы өзгермеген. Сәйкесінше орта көлемді температураны тек қана келесі уақыт аралықтарында анықтаймыз:
I8 мин. , IIмин. – бөлімнің келу уақыты
tср18 = 550оС; tср28,5 = 625оС;
Түтіндену дәрежесі:
Өрт сөндіруге күш пен құралдар көрші бөлмелер жағынан есік қуысы арқылы енгізілгенін ескере отырып және олардың саны уақыт аралығында III өзгермейді. Сәйкесінше газ алмасуға қатысатын қуыстардың ауданы өзгермейді.
Есік қуыстары 1/3 жұмыс жасауын, ал жану өнімдерін жоюға 2/3 жұмыс жасауын ескере отырып бейтарап аймақтың орналасу биіктігін анықтаймыз.
Сонда бейтарап аймақтың орналасу биіктігі болады:
hн.з.= Нпр ,
3 в +1
п.г
мұндағы, Нпр = 2,25м – газ алмасуға қатысатын ең биіт есік қуысының биіктігі;
вп.г – сыртқы ауа және жану өнімдерінің тығыздығы.
Жану өнімдерінің тығыздығын «Өрт тактикасы» курсы бойынша әдістемелік көрсетілулердің 4-қосымшасы бойынша интерполяция әдісімен анықтаймыз:
п.г = Iп г - Iп г - IIп г -( tср -t1) ;
tср18 - tср28,5
1. tср = 550оС кезінде, п.г = 435 - 435 - 424 -( 550 -500) = 0,495 кг/м3
550-625
2. tср = 625оС кезінде, п.г = 338 - 338 - 329 -(625 -500) = 1,246 кг/м3
550-625
3. hн.з.= ____2,25 = 1,9 м
+1
485
4. hн.з.= ____2,25 = 1,43 м
3 +1
1,246
Газ алмасуға қатысатын қустар әртүрлі днңгейде ашық кезінде бейтарап аймақтың биіктігін анықтаймыз.
Есік қуыстарые аламыз – ағысқа жұмыс жасайтын.
Сонда бейтарап аймақтың орналасу биіктігі былай болады:
hн.з.= 1Hп+ hн.з.= 1Hп + H
2 2 S21 в +1
S22 п.г
в , п.г - сыртқы ауа және жану өнімдерінің тығыздығы, кг/м3;
S1 , S2 – қуыстар ауданы, м2;
Hп - қуыс биіктігі, м;
H - қуыстар орталығының арасындағы арақашықтық, м.
1. tср = 550оС кезінде,
hн.з.= 12,25 + ____4 = 2,45 м.
2 4542 * 1,342 +1
66,32 0,435
2. tср = 625оС кезінде,
hн.з.= 12,25 + ____4 = 2,22 м.
2 4542 * 1,342 +1
66,32 0,338
3.4 Президенттік нөмірде өрт сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру
Жеке құрам 14,9 л/с шығынымен су беруді қамтамасыз етеді, яғни сөндіруге ГТҚҚ буындарымен 2 дана РС-50 оқпандарын ғимараттың ішінен (шығын 7 л/м) және 1 дана РС-50 оқпанын сыртқы терезе арқылы (шығын 3,5 л/м) өртті сөндіруге (жалпы шығын 10,5 л/м, ал қажетті шығын 10 л/м, су шығыны жеткілікті). Қорғауға төменгі, жоғарға қабатқа РС-50 2 оқпанын береді. Сәйкесінше аға ӨСБ КҚЖБО-қа күш пен құралдардың жеткілікті екендігі туралы хабарлайды.
Өртке аға жедел кезекшінің келуімен оған ӨСБ өртте қалыптасқан жағдайды, қабылданған шешімдерді баяндайды. Аға жедел бастығы өзі барлау әдісімен жағдайды анықтайды және ӨСБ әрекетін бағалайды.
Барлау барысында аға жедел бастық анықтайды:
адамдарға қауіптің төнуін;
олардың орналасу орынын, құтқару жолдары мен әдістерін;
өрт орыны мен өлшемін, оттың тарау жодарын;
мүмкін күш пен құралдарды енгізу жолдары мен бағыттарды;
ғимаратта кернеудің шешілуі жүргізілгенін;
конструкцияны бұзу және ашу қажеттігін және орынын;
шешуші бағыттың дұрыс таңдалғанын;
көшіру жолдарын қорғау қажеттігін және жану өнімдерін шығару мүмкіндігін;
қымбат қондырғыны қорғауды немесе көшіруді ұйымдастыру.
Аға жедел бастық өрт сөндіру басшылығын өзіне алып өртте қалыптасқан жағдайды және №2 жоғарылатылған шақыруды КҚЖБО-қа ақпаратты хабарлайды.
Өрт сөндіруді басқару және ұйымдастыру үшін ӨСБ өрт сөндіру жедел штабын құрамында құрайды:
штаб бастығы;
тыл бастығы;
объект әкімшілігінің өкілдері;
қаланың өзара қызмет өкілдері.
Штаб бастығы болып ӨБ бастығының орынбасары тағайындалады. ӨСБ жедел штаб құрамына тапсырмалар қояды. Бөлімдерді жақсы басқару үшін штаб орыны негізгі кіруден 15-20 м қашықтықта болады.
Өртті сөндіру әртүрлі бағытта жүргізілетін болғандықтан ӨСБ төрт жауынгерлік аймақ құруы туралы шешім қабылдайды.
1-ЖА Ғимараттың ішінде.
Тапсырма: Адамдарды көшіру. Аймаққа 2 ГТҚҚ буыны беріледі.
2-ЖА 5 қабатта.
Тапсырма: Президенттік нөмірде өртті жою, жануды көрші бөлмелерге тарауына жол бермеу, қабырғаларды суыту және адамдарды құтқару. Аймаққа 2 ГТҚҚ буыны нөмірге кірер есік арқылы 2 дана РСК-50 оқпандарын береді.
3-ЖА 5 қабатта.
Тапсырма: Президенттік нөмірде өртті жою. Аймаққа 1 ГТҚҚ буынымен сыртқы терезелері арқылы АС-дан 1 РС-50 оқпанын береді.
4-ЖА төртінші қабатты және шадырда.
Тапсырма: төртінші қабат бөлмелерін және шатырды мүмкін болатын жанулардан қорғау және адамдарды құтқару. Аймаққа 1 ГТҚҚ буыны 1 РС-50 оқпанын шатырға және 1 РС-50 оқпанын 4-ші қабатты қорғауға беріледі.
ӨСБ өзі немесе ШБ арқылы жауынгерлік аймақ бастықтарын тағайындайды.
ӨСБ штаб бастығына өрт сөндіруге күш пне құралдарды енгізуі туралы анықтап тапсырмалар қояды. ӨСБ штаб бастығына тапсырмалар қояды: өрт сөндіру үшін күш пен құралдарды орналастыруын жүргізуді; өртте байланысты үйымдастыруды; өрт туралы мәліметтерді КҚЖБО-қа хабарлауды; жедел құжаттарды жүргізуді.
ӨСБ тыл бастығына өзі немесе штаб бастығы арқылы тапсырмалар қояды: №2 жоғарылатылған шақыру бойынша келген техникаларды күтің алуын және су көзіне орналастыруын ұйымдастыруды; өрт сөндіруге 3 РС-50 оқпандары және 2 РС-50 оқпандарын беруді ұйымдастырады.
Күш пен құралдар әртүрлі бағытта келгендіктен ӨСБ №25 ӨСБ бөлімше командирін тыл бастығы көмекшісі етіп тағайындайды.
Бұйрықтарды бергеннен кейін ӨСБ міндетті:
барлауды жүргізуге және өрттегі жағдайды бағалауға; тез арада адамдарды құтқаруды ұйымдастыруға және өзі басқаруға, бар күш пен құралдарды пайдаланып үрейді басуға;
шешуші бағытты, қажетті күш пен құралдарды, жауынгерлік әрекеттер әдістерін анықтауға;
бөлімдерге тапсырмалар қоюға, олардың өзара әрекеттерін ұйымдастыруға және қойылған тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуге;
үзіліссіз өрттегі жағдайдың өзгеруін қадағалауға және сәйкес шешімдерді қабылдауға;
өрт орынына келісімен оның сырт көрінісі бойынша ПСЧ-ға ақпараттар беруге; шешімдерді қабылдап және бұйрықтар бергеннен кейін өрт мекен-жайын, не жанып жатқанын, қандай күш пен құралдар әрекетке кіргізілгенін, қосымша күш пен құралдар қажет екендігін хабарлауы керек; КҚЖБО-пен үзіліссіз байланыта болуға, жиі-жиі өрттегі жағдайларды және қабылданған шешімдер туралы хабарлап тұруға;
қосымша күш пен құралдарды бөлек-бөлек емес бір мезгілде шақыруға, және оларды қарсы алуды ұйымдастыруға;
өртке аға бастық келісімен жағдай туралы, өрт сөндіру бойынша қабылданған шешімдер туралы, өрт орынында қандай күш пен құралдар бар екендігін, әрекетке кіргізілгендерді, қосымша шақырылғандары туралы баяндауға;
жағдайға байланысты өртте жедел штабты ұйымдастыруға және оның орналасу орынын анықтауға;
жедел штабқа оның орналасу орынын және оған барлық қабылданған шешімдерді хабарлакға;
күш пен құралдардың резервін ұйымдастыруға, жұмыс жасаушыларға дем алуға, жылынуға және құрғақ киімге киінуге мүмкіндік беріп жиі-жиі ауыстыруға;
басқарушы құрам арасынан қауіпсіздік шараларын сақтауға міндеттіні тағайындауға; қажет жағдайда медициналық көмек пунктін ұйымдастыруға;
өртке күш пен құралдар әртүрлі бағыттардан келген жағдайда тыл бастығына қозғалыс және байланыс құралдарымен көмекшілер бөлуге;
өрт сөндіруге қатыстырылатын қызметтермен өзара әрекет ұйымдастыруға, объекттің инженерлі-техникалық жұмысшыларымен тұрақты байланысты ұстауға және объек нұсқауымен және ұсыныстарды ескере отырып сөндіру құралдары және әдістері туралы шешімдер қабылдауға;
өрт себебін анықтауға шаралар қабылдауға;
нақты өртеу немесе өрттің басқа себептері белгілі болған кезде өрт алғаш пайда болған орынын сақтауға, мемлекеттік өрт бақылау жұмыскерлерін қатыстырып өрт туралы акт толтыру үшін қажетті өрт себебі болған заттар мен мүліктерді сақтауға;
өзі жанудың жойылғандығына көз жеткізуге, жойылған өрт орынын бақылау қажеттігін анықтауға;
құнды матриалдарды көшіру бойынша, төгілген судан қорғауды жэәне полиция қызметкерлері келгенше көшірілген құнды материалдардың күзетіне шеімдер қабылдауға;
өрт орынынан бөлімдердің және өзара әрекетті қызметтердің кету тәртібін анықтауға.
Өрт сөндіру үшін қоымша күш пен құралдардың қажеттігін анықтаған кезінде ӨСБ ескеруі қажет:
шақырылған күш пен құралдарды енгізгенге дейін от қандай ауданға тарау мүмкіндігін;
оқпандарды беру үшін, адамдарды құтқару бойынша жұмыс көлемін, ғимарат конструкциясын бұзу мен ашу және мүліктерді көшіру бойынша қажетті күштер санын;
арнайы қызметтердің қатыстыру қажеттігін;
суды автоцистерналармен жеткізу қажеттігін немесе суды айдаумен беруді ұйымдастыруды.
ӨСБ-нан штаб бастығы тапсырма алып ӨСБ шешімін жүргізуді қамтамасыз етеді және штаб жұмысын ұйымдастырады. Күш пен құралдарды басқару үшін ШБ өртте байланысты ұйымдастырады. ӨСБ-мен, тыл бастығымен және жауынгерлік аймақ басшысымен байланыс үшін штаб бастығы өзімен алып жүретін радиостанция пайдаланады, ал КҚЖБО-пен байланыс үшін Камаз АЦ-8-50 /4 радиостанциясын және жергілікті ауданның телефонын пайдаланады. ӨСБ бұйрықтарын бөлім бастықтарына жеткізуді қамтамасыз етеді. ӨСБ қабылданған шешімдер туралы хабарлайды. Өрт сөндіру барысында штаб бастығы өрттегі жағдайды меңгереді, үзіліссіз барлауды қамтамасыз етеді және жауынгерлік аймақ бастықтарынан және объект өкілдерінен мәліметтер алады; ӨСБ барлау қорытындысы туралы және өрт сөндіру барысын хабарлайды. Штаб бастығы тұрақты ӨСБ бұйрықтарын орындалуын бақылауды қамтамсыз етеді, жедел құжаттарды жүогізеді.
Тыл бастығы ӨСБ тапсырма алып келген техникаларды күтіп алуды және жақын су көздеріне орнатуды ұйымдастырады. Жақын су көздері гидранттар болып табылады.
Үзіліссіз су беру үшін тыл бастығы сорғыштардың жұмыс режимін орнатады. Жұмыс барысында тыл бастығы тахниканы толық қуатында пайдаланады, жең сызықтарын күзетуді қамтиды және полиция қызметкерлері көмегімен өрт ауданын қоршауды жүргізеді, су жүйесінде қысымды жоғарылату бойынша шаралар қолданады және жедел құжаттарды жүргізеді.
Өрт сөндіру кезінде техника қауіпсіздігі
Дабылдмен жеке құрам көтерілгенде кіріп шығатын жерлерге заттар тастауға, бір бірінен кедергі жасауға, тез әрі жылдам киінугі міндетті. Көлікке ӨСБ бастығы бекіткен тәртіп бойынша отырылады. Толық отырылған соң есік жабылғаннан кейін көлік жүру керек.
Жүріп келе жатқан көлік ішінде темекі шегуге, терезеден басын шығаруға тиым салынады.
Аяқ қоятын жерде тұруға тиым салынады.
Көлік жүріп келе жатқанда жүргізуші жауапты «жол ережесін» қатаң орындау керек.
Шұғыл жағдайдан басқа кезде дауысты дабыл беруге тиым салынады.
Түнде өрт автокөлігі тұрған кезде жарықты дабыл қосылады.
Барлауға екі адам жіберіледі, газ қағармен жұмыс істегенде үш адамнан жіберіледі. Барлауға дайындығы бар командир жіберіледі. Жер төлелерге жіберілгенде бес адамнан звено құрылады. Барлау жасағанда өртеніп жатқан жердің ТҚ сақтау керек. Адамдар мен құнда заттарды құтқарғанда жауынгерлік жарғыдағы қауіпсіздік шараларын орындау қажет. Ғимарат конструкцияларының және электр жүйелерінің қауіпсіздік шараларын сақтау керек.
«Қанат жаю» командасы бойынша
Ең оңай жол таңдап жең тізбегін тарту және құрал саймандарды апару керек. Автокөлікті ыңғайлы етіп қойып магистрал жеңін тізбегін жүргізу керек, басқа келген күш құралдарға кедергі келтірмейтіндей етіп.
Өрт көлігі толық тоқтағанша қанат жаюға тиым салынады.
Гидрант т.б. құдықтарды ашық тоқпен жарықтандыруға.
Биікте жұмыс істегенде арқанмен сақтану керек. Жеңдерге жең ұстағыштарды қолдану керек.
Өртті сөндіргенде арнайы қауіпсіздік киімін кию керек. Бөлменің улы түтін концентрациясын азайту үшін суды шашыратып беру керек. Өрт сөндіруге қатысып жатқан қызметкерлер конструкциясының өзгерістеріне қарап тұру керек. Биіктікте жұмыс істеп жатқанда сақтандыру шараларын қолдану керек.
4 Қабылданған шешімдердің экономикалық түсініктері
Өрттен болған шығын оның жану ұзақтығына және температурасына байланысты. Өрттің анықталған ұзақтылығы және температурасы кезінде құрылыс конструкцияларының бұзылуы болады.
Ғимараттың тасушы конструкцияларының бұзылуы көбінесе максималды шығынмен байланысты, өйткені өрт кезінде ауыр конструкциялар құлаған кезінде бөлмедегі бар заттың барлығын қиратады. Құрылыс материалдарының бұзылуы локальді және жалпы сипаты бар, ол тапсырманы конструктивті-жоспарлы шешуіне байланысты, сонымен бірге өрт сөндіру бойынша өрт бөлімдерінің сәтті жұмыстарына байланысты. Негізгі өрт сөндіру құралы су болып табылады.
Экономикалық көрсеткіштерді анықтау:
K1,2 – капиталды шығындар,
l1,2 – экономикалық шығындар,
I1,2 - өрттен болған шығын.
Шипажайдегі өртті сөндіру үшін шығу кестесіне сәйкес гарнизон техникалары пайдаланылады. Осы кезде автоматты түрде №2 шақыру бойынша күш пен құралдар бірінші нұсқадағыдай екінші нұсқада да шығады.
Сумен сөндіру уақытын статистикалық көрсеткіштер анализінен 30 минутқа тең деп аламыз, пайдалану шығындары келесі формула бойынша анықталады:
l1=lгсм+lзп+lос+lтрто
мұндағы:
lзп – төлем ақыға шығындар;
lтрто – сөндіруге, жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге шығындар;
lос - өрт сөндіру заттарына шығындар;
lгсм – жанар-жағар май материалдарына шығындар.
Барлық пайдалану шығындарының көлемі екі нұсқадағы шығындары тең, сондықтан оларды анықтамаймыз, жанар-жағар майдан басқаларын.
Өртті сумен сөндіру үшін пайдалану шығындарын анықтаймыз.
Qобщ = 31,2 л/с, өрт сөндіру уақытында (Tтуш=30 мин.) су шығындалады:
1 м3 судың құны – 100 теңге 80 тиын.
W=Qобщ * Tтуш * 60 = 0,031 * 30 * 60 = 55,8 м3
Со.с=Свод. = W * 40 = 31,8* 100,8 = 3206 теңге.
Өрт сөндіруге 6 өрт автомобилін орнату қажет және сөндіруге 3 «А» оқпанын, қорғауға 4 «Б» оқпанын беру қажет. Өрттегі жұмыстар үшін жеке құрамның 10 бөлімшесі қажет.
Жанар-жағар май шығынын анықтаймыз. Су беруге АЦ-40 5 автомобиль және басқа арнайы техника жұмыс жасайтын болады.
Жанар-жағар майдың шығыны.
ӨА маркасы
|
Мөлшері
|
Жұмыс уақыты
|
жағармай шығыны
|
Жалпы шығын(л.)
|
Жағармай маркас
|
1 литрге құны
|
Сумма
|
ӨА(АЦ, АЛ)
|
6
|
30
|
0,33
|
59,4
|
АЙ-80
|
88
|
5228
| Майлауға шығындалғанды ескере отырып шығындалған бензиннің құны құрайды:
Сгсм = С * 1,25 = 4356*1,25 = 5228 тенге.
Стр. то=1345 теңге әр автомобильге - қорытынды 1345*6 = 8070 теңге.
Төлем ақыға шығындарды анықтаймыз, ол үшін құжат бойынша берілгендерді аламыз:
қарауыл бастығы 115 000*3 = 345 000теңге
Бөлімше командирі 80 000 *6=540 000
Жүргізушілер 80 000*7=560 000
Өрт сөндірушілер 70 000*20=1 400 000
3 ӨСБ Жеке құрамы
Қорытынды: 2 845 000теңге
Бір күндік төлем ақыны анықтаймыз, яғни 8 жұмыс сағатына:
2 845 000 /30 = 94 833 теңге;
Бір сағат жұмыс үшін:
94 833/ 8 = 11 854 теңге;
30 минут жұмыс үшін:
11 854 / 2 = 5927 теңге;
Пайдалану шығынын анықтаймыз:
С1 = 5228 + 5 927 + 3206 + 8070 = 22431 теңге.
Өрт кезіндегі мүмкін шығынды анықтаймыз. Шипажайде қымбат тұратын қондырғылармен жиһаздар әртүрлі кабинеттер жабдықталған.
Анализ көрсеткендей, жану ауданы 277м2 құрайды, яғни Мейрамхана мен президенттік нөмірі толық отпен алынған.
Мейрамхана мен президентік нөмірде өрт туындау қорытындысындағы шығын
5 000 000 теңгені құрайды аса шығынды құрайды.
Өрттен жалпы шығын құрайды:
Y1 = 10 000 000 теңге.
Емдеу-профилактикалық мекемелерде өрттер 5 жылда бір рет болу мүмкіндігін ескере отырып, бірінші нұсқа бойынша келтірілген шығындар тең болады:
П1 = C1 + Y1/3 =22431 + 10 000 000/3 = 2004487 теңге.
Шипажайда өрттен адамдардың өлуі 100 адамнан асуы мүмкін.
Қорытынды: Жоғарыда көрсетілген күш пен құралдардың есебін және қабылданған шешімдердің экономикалық шығынын анықтау отырып, шипажай ғимаратында өртті алғашқы минуттарында сөнірген жөн. Ол үшін ғимараттың өрт қауіпсіздігіне байланысты бір қатар іс-шаралар кешенін жүргіху қажет. Олар:
- ғимартатты ҚН сай өрт автоматикасынмен қамтамасыз ету;
- өрт крандарын үнемі жұмыс қалпында ұстау;
- алғашқы өрт сөндіру құралдарын нормаларға сай қамтамасыз етіп, олардың істен шықпауын қадағалау;
- қызмет көрсету персоналынан штаттан тыс өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу бөлімшелерін құрып, оларды өрт қауіпсіздігі ережелерімен, өрт сөндіру құралдарымен жұмыс істеу әдістерін және адамдар мен материалдық құндылықтарды құтқаруды үйрету бойынша жаттығу сабақтарын өткізіп, емтихан қабылдап отыру қажет;
- нысанның қызметтік персоналдарының жауынгерлік іс-қимылдарын жүргізу бойынша шұғыл жоспарын және қызметтік міндеттерін дайындау;
- өздігінен іске қосылу құралдарымен жабдықтау.
Жоғарыда көрсетілген өрт қауіпсіздік іс-шаралар кешені өртті мағыналы тез уақытта сөндіріп, адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеуге және өрттен келетін шығынды болдырмауға септігін тигізеді.
5 Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
Техника қауіпсіздігі бойынша шаралар объект мамандарымен бірге дайындалады және техника қауіпсіздігі бойынша жауаптылардың міндеттері көрсетілетін вкладыштары бар жедел жоспарда көрсетілуі керек. Ғимарат жоспарында температуралық әсерден қорғау қажет конструкциялардың құлауы мүмкін аймақтар белгіленуі керек.
Өрт сөндіруге қатыстырылатын қарауыл жеке құрамымен жыл сайын өрт-тактикалық сабақтар өткізілуі кезінде техника қауіпсіздігі сұрақтары қарастырылуы керек.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықта №355 15.10.2010 ж., көрсетілген талаптардан басқа ӨСБ техника қауіпсіздгі үшін жауапты тұлғалар арқылы қатты түтінденген және температурасы жоғары, жылулық радиациясы жоғары аймақтарда жұмыс жасайтын адамдарды қорғау бойынша шаралар қабылдауы қажет. Жеке құрам жылдам түтін люктерін ашуға дайындалған болуы керек.
Конструкциялардың, сөрелердің құлау қауіпі кезінде жеке құрамды қауіпті аймақтан көшіруге уақытында шаралар қабылдау керек.
Қоғамдық ғимараттарда өртті сәтті сөндіруді қамтамасыз ету үшін, гарнизондарда бірқатар дайындық шаралар жүргізу қажет. Бұл шаралар автоматты өртке қарсы қорғаныс жүйелерімен өртті табу және жою мүмкіндігін, күш пен құралдардың сөндіруде қажетті тез ойластыру, сонымен бірге өрт бөлімдері жеке құрамын тактикалық қамтиды.
Өртке бөлім келуі бойынша жеке құрамға барлау жүргізу кезінде, жауынгерлік қанат жаю және өрт сөндіру кезінде техника қауіпсіздігін сақтау туралы ескерту қажет. Барлау тобы кем дегенде 3 адамнан тұру керек, және дайындалған адам басқаруы қажет – командир.
Түтінденген ортада және улы заттар сақталатын қоймаларда барлауды жүргізу кезінде барлауды ГТҚҚ буыны үш адам құрамында жүргізу қажет.
ГТҚҚ жеке құрамы құтқару және өзін-өзі құтқару құралдарымен, жарықтандыру және байланыс приборларымен, конструкцияны ашу құралдарымен және сөндіру құралдарымен жабдықталуы керек. Барлауды жүргізушілер ӨСБ-мен, жедел штабымен тұрақты байланыста болып барлау қорытындысын баяндап отыруы керек. ӨСБ газ-түтіннен қорғаушылардың резервін құруға, оқшаулағыш противогаздарда жұмыс жасаушылар жеке құрамын уақытында ауыстыруды қамтамасыз етуге міндетті. Жеке құрам жанып жатқан бөлме есіктерін байқап ашуға міндетті, есік жақтауларын оттың мүмкін лапылдауынан немесе қыздырылған газдан қорғану үшін пайдалану керек. Терезе қуыстарымен капиталды қабырға бойымен қозғалып құрылыс конструкцияларының құлау мүмкіндігінен қорғану шараларын сақтау керек. Қол өрт сатыларын пайдаланған кезде оларды түтіндену аймағында, өрттің дамуы кезінде жану аймағында қалып қоймайтындай етіп орнату керек.
Өрт сөндіру кезінде суды шашыранды жолымен беріп жоғары температураны төмендету шараларын қолдану қажет. Судың босқа шығындалуы болмас үшін жабылатын оқпандар қолдануы қажет.
Өрт сөндіру бөлімінің байланыс пункті, әдетте, табиғи жарықтандырылған гаражбен шектес үй-жайда орналасуы қажет және ең төменгі биіктік 3 м болғанда ауданы кемінде 5 м2 болуы қажет. Цоколдық және жертөле қабаттарында байланыс пункттерін орналастыруға болмайды.
Адамдарды токпен зақымдау қауіптілігі дәрежесі бойынша МӨҚҚО бөлімшелерінің байланыс пункттері қауіптілігі жоғары емес үй-жайлар тобына жатады. Диспетчерлердің (радиотелефоншылардың) электр қауіпсіздігі бойынша ІІ топтан төмен емес біліктілігі болуы және Министрлік аумақтық органының біліктілік комиссиясына осы Нұсқаулықты білуіне емтихан тапсыруы қажет.
МӨҚҚО бөлімшелерінің байланыс пункті үй-жайында кернеумен жұмыс істейтін электр қондырғылары өртін сөндіруге арналған өрт сөндіргіштерді оңай жерлерге орналастыру және көрінетін жерге еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ оның талаптарын орындау үшін жауапты тұлғаның тегі жазылған тақта ілінуі қажет.
Дабыл бойынша қарауылдың жиналуы және шығуы белгіленген тәртіппен қамтамасыз етіледі. «Дабыл» белгісі бойынша қарауылдың жеке құрамы өрт сөндіру автомобильдеріне келеді, бұл ретте қарауыл бөлмесі мен гаражда жарық автоматты түрде қосылуы қажет. Жүру жолдарында киімді, күнделікті заттарды және басқаларын қалдыруға тыйым салынады.
Түсу бағанын пайдалану кезінде жеке құрам қажетті интервалды сақтауға, жарақат алуды болдырмау үшін алдында түсіп бара жатқанды қадағалауға міндетті. Бағанмен түсу кезінде оның бетін қолдың қорғалмаған бөлігімен ұстауға болмайды, ал түскен кезде кезекті түсіру үшін орынды босату қажет.
Қарауылдың жеке құрамын өрт сөндіру автомобильдеріне (гаражға немесе одан тыс) орналастыру тәртібі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайлары мен жергілікті ерекшеліктер негізінде МӨҚҚО бөлімшесі бастығының бұйрығымен белгіленеді. Отырғызу кезінде дабыл бойынша шығып бара жатқан автомобильдің алдынан өтуге тыйым салынады.
Гараж ғимаратынан тыс отырғызу кезінде қарауылдың жеке құрамының гараждан өрт сөндіру автомобильдері шыққаннан кейін ғана алаңға шығуына болады.
Кабиналарының есіктері мен шанақтың кішкене есіктері жабық болғанда ғана өрт сөндіру автомобильдерінің жүруіне рұқсат беріледі. Қарауылдың жеке құрамы автомобиль кабинасында өздерінің орындарына отырғаннан және барлық есікті жапқаннан кейін ғана отырғызу аяқталған деп саналады.
Бұл ретте:
қарауылдың жеке құрамын отырғызу аяқталғанға дейін өрт сөндіру автомобилінің жүруіне команда беруге;
өрт сөндіру автомобильдерінде бөгде тұлғалардың болуына тыйым салынады.
Өрт сөндіру автомобильдерінде шақыру (өрт) орнына бару бағытын көрсететін тұлғалардың болуына рұқсат етіледі.
Гараждан өрт сөндіру автомобильдерінің шыққаны туралы қала көлігі мен азаматтарға ескерту үшін арнайы бағдаршамдар жағылады. Олар болмаған жағдайда бекеттегі күзетші қызыл жалаумен, ал түнгі тәулік мезгілінде қызыл шаммен белгі беруі қажет.
Гараждан шыққан және шақыру орнына баратын кезде жүргізуші арнайы дыбыс және жарық дабылын қосуы қажет.
Оған жол бергеніне көз жеткізгенде ғана қозғалыс басымдығын пайдалана алады.
Шақыру орнына шыққан қарауыл бастығы немесе қарауылды басқарып шыққан МӨҚҚО бөлімшесінің жетекшісі жол қозғалысы ережесін білуге және жүргізушінің оларды орындауын қамтамасыз етуге міндетті.
Өрт сөндіру автомобилінің қауіпсіз қозғалысы үшін жүргізуші жауап береді.
Өрт сөндіру автомобильдерінің қозғалысы кезінде МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамына кабинаның есігін ашуға, басқыштарда тұруына, темекі шегуіне және ашық отты пайдалануына тыйым салынады.
Өрт сөндіру автомобилінде өрт сөндіру кезінде есіктердің, бөліктердің, капоттың құлпы (бекіткіштері) сынғанда автомобильдің одан әрі қозғалысын қозғалыс кезінде есіктердің, бөліктердің, капоттың өздігінен ашылуын болдырмау шараларын қабылдағаннан кейін ғана жүзеге асыру қажет.
Автомобиль (өртке) шақырусыз шыққанда және бөлімшеге оралғанда арнайы дыбыс белгісін қолдануға тыйым салынады.
Шақыру орнына келген қарауылдың жеке құрамы өрт сөндіру автомобилінен тек бөлімше командирінің немесе қарауылды басқарып келген аға лауазымды тұлғаның өкімі бойынша ғана шығады.
Өртті барлау МӨҚҚО бөлімшелерінің өртке шыққан сәтінен бастап және оны жойғанға дейін үздіксіз жүргізіледі. Өртке барлау жүргізу үшін қарамағында ТОЖҚҚ бар, құрамында кемінде үш адамнан тұратын газ-түтіннен қорғау қызметінің (бұдан әрі - ГТҚҚ) звеносы құрылады. Күрделі құрылыстар (метрополитен, ғимараттардың жер асты фойесі, аса күрделі ғимараттар, кабель тоннелдері, күрделі жоспарланған жертөлелер) үшін – бес адамға дейін.
ТОЖҚҚ қолданбай, өртке барлау жүргізу кезінде құрамында кемінде екі адамнан тұратын топ құрылады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлау жүргізу кезінде ГТҚҚ звеносының командирі:
МӨҚҚО ГТҚҚ тәлімдемесінде (бұдан әрі – ГТҚҚ тәлімдемесі) баяндалған талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге;
ГТҚҚ звеносының қойылған жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындығына көз жеткізуге;
қойылған жауынгерлік міндеттерді орындау үшін қажетті ГТҚҚ звеносының қажетті жабдығы минимумының бар-жоғын және жарамдылығын тексеруге;
жеке құрамға бақылау-өткізу пункті мен қауіпсіздік бекетінің орналасқан орнын көрсетуге;
ТОЖҚҚ жауынгерлік тексеруге және звеноның жек құрамының оны тексеруін және ТОЖҚҚ дұрыс іске қосылуын бақылауға;
тыныс алуға қолайсыз ортаға кірер алдында бағыныстылардың ТОЖҚҚ баллондарындағы оттегінің (ауаның) қысымын тексеруге және қауіпсіздік бекетіндегі күзетшіге оттегінің (ауаның) ең төменгі қысымының мәнін хабарлауға;
қауіпсіздік бекетінде күзетшінің жүргізген тиісті жазбаларының толықтығы мен дұрыстығын бақылауға;
ГТҚҚ звеносының жеке құрамына өрт орнына жақындаған кезде қауіпсіздік бекетінде оралуға тиіс оттегінің (ауаның) бақылау қысымын хабарлауға;
газ-түтіннен қорғаушылардың жұмысын демалыс уақытымен алмастыруға біркелкі терең тыныс алып, жүктемені дұрыс мөлшерлеуге;
ГТҚҚ звеносының жеке құрамының көңіл күйі, жарақтарды, ӨТЖ дұрыс пайдалануын қадағалауға, манометр көрсеткіштері бойынша оттегінің (ауаның) жұмсалуына бақылау жүргізуге;
звеноның барлығын таза ауаға шығаруға;
тыныс алуға қолайсыз ортадан шыққан кезде ТОЖҚҚ-дан ажырату орнына анықтауға және өшіруге команда беруге міндетті.
ГТҚҚ звеносы түтінденген аймақта болғанда мынадай талаптарды сақтауы қажет:
әдеттегідей, іргелі қабырғалардың немесе терезелі қабырғалардың бойымен жүру қажет;
қозғалыс барысында көтергіш құрылымдардың күйін, жалынның жылдам таралу мүмкіндігін, жарылу немесе құлау қаупін байқау қажет;
ГТҚҚ звеносы үшін ақаулықтар немесе өзге де қолайсыз жағдайлар туралы қауіпсіздік бекетіне хабарлап, звеноның жеке құрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шешімін қабылдау қажет;
Жоғары кернеулі қондырғылар, жоғары қысымды аппараттар (ыдыстар), жарылғыш, улы, радиоактивті, бактериологиялық заттар бар үй-жайларға тек қана объект әкімшілігінің келісімімен және олар ұсынған қауіпсіздік ережесін сақтай отырып кіруі қажет.
Қойылған міндеттерді орындау үшін ГТҚҚ звеносында қажетті жарық беру минимумы болуы қажет, онда мыналар қарастырылуы тиіс:
бір түрдегі тыныс алу органдарын қорғау құралдары;
тыныс алу аппараты жинағына кіретін құтқару құрылғысы – тыныс алу аппаратын пайдаланатын газ-түтіннен қорғаушыға біреуден;
байланыс құралдары (радиостанция, сөйлесу құрылғысы немесе өзге де тізімдік құрал);
жарық беру аспабы: топтық фонарь – ГТҚҚ звеносына – біреу және жеке фонарь - әр газ-түтіннен қорғаушыға;
сақтандыру құралдары – иілгіш орауыш (арқан-тіркеме) және бағыттаушы арқан (жол шпагаты);
өрт сөндіру жетекшісінің (бұдан әрі - ӨСЖ) қалауынша өрт сөндіру құралдары;
бекіту құралы: жеңіл немесе әмбебап сомын.
Бағыттаушы арқан үй-жайдың жоспарлануы күрделі болмағанда, өрт ошағына дейінгі қашықтық алшақ болмағанда және түтіндену тығыздығы жоғары болмағанда жұмыс жағдайына байланысты өрт орнында (авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу) ӨСЖ шешімі бойынша қолданылмауы мүмкін. Бұл жағдайда оның қызметін жең желісі атқарады.
ТОЖҚҚ жұмыс істегенде және алаңның көп бөлігі газданғанда қауіпсіздік бекеттері мен бақылау-өткізу бекеттері тұтас өрт сөндіру мерзіміне құрылады. Мұндай жағдайларда оларға қойылған міндеттерді ескере отырып, өрт сөндіруге жіберілген тұлғалармен қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқама өткізу жүктеледі.
Өрт барлауды ұйымдастыру кезінде ӨСЖ немесе өрттегі өзге де жедел лауазымды тұлға (бұдан әрі – жедел лауазымды тұлға) агрессивті химиялық қауіпті заттардың (бұдан әрі - АХҚЗ), радиоактивті заттардың (бұдан әрі - РЗ) сипатын, олардың қосылым деңгейі мен ластану аймағы шекарасын, сондай-ақ қажетті қауіпсіздік шараларды анықтау үшін тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерін, ұйымдарды барынша жұмылдыруы тиіс.
Өртте адамдар мен мүлікті құтқару кезінде жедел лауазымды тұлғалар жағдайға және көмек көрсетілуі тиіс адамдардың жай-күйіне байланысты адамдарды құтқару тәртібі мен тәсілдерін анықтауға, қауіпті өрт факторларынан құтқарылушыларды қорғау бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
Құтқару жұмыстары шапшаң, бірақ құтқарылатын адамдарға зақым мен жарақат келмейтіндей ескерулерді сақтай отырып жүргізіледі.
Құтқару жұмыстары жүргізілген кезде барлық жағдайларда лауазымды тұлғалар күштер мен құралдарды орналастырумен қатар сол сәтте қажеттілігі болмаса да, жедел медициналық жәрдемді шақырады.
Медициналық персонал өртке келгенге дейін зардап шегушілерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті белгіленген тәртіппен МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы көрсетеді.
Адамдар мен мүлікті биіктен құтқару үшін сынақтан өткен тұрақты және жылжымалы қол өрт сатылары, автосатылар және өрт автокөтергіштері, құтқару арқандары, құтқару жеңдері, пневматикалық секіретін құтқару құрылғылары және тиісті сертификаттары бар және сынақтан өткен өзге де бұйымдар қолданылады.
Құтқару арқанының ұзындығы жерге толықтай түсіруді(балкон және басқасы) қамтамасыз ететіне, құтқару ілмегінің құтқарылушыға сенімді бекітілгеніне, құтқару арқанының ғимарат құрылымына бекітілгеніне және өрт сөндірушінің белдік карабиніне дұрыс оралғанына көз жеткізгеннен кейін ғана құтқару мен өзін-өзі құтқаруды бастауға болады.
Құтқару және өзін-өзі құтқару үшін дымқыл немесе едәуір ылғалды құтқару арқандарын, сондай-ақ жауынгерлік есепте жоқ құтқару арқандарын және басқа мақсатқа арналған арқандарды қолдануға тыйым салынады.
Мәжбүрлі түрде оқшаулау жағдайындағы зардап шегушілерді дереу шығару мүмкін болмаған жағдайда зардап шегушілерді қолда бар барлық құралдармен аман алып қалу үшін ең алдымен таза ауа, жеке қорғану құралдарын, ауыз су, дәрі-дәрмектер мен тамақ беру ұйымдастырылады.
МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы зардап шегушілерге барған кезде қираған құрылыс құрылымдарын қажетті түрде жылжыту (ығыстыру), көтеру, үзу (әр түрлі диаметрдегі ашылған арматураны кесу немесе бөлу) жүргізіледі. Мұндай жағдайларда жеке авариялық-құтқару аспабы (гидравликалық қайшылар, шабуыл балталары, плунжерлі бөлгіштер және басқалары) және жалпы мақсаттағы механикаландырылған аспап (электрлік қол қайшылар, дискілі және тізбекті даралар, ажырату және шой балғалар, бетон бөлгіштер) және өзге де құтқару технологиялары қолданылады.
ӨТЖ, штаттық аспапты, жеке және топтық құтқару құралдарын қауіпсіз қолдану жөніндегі талаптар осы Нұсқаулықтың тиісті тарауларында жазылған. Тиісті сертификаты бар штаттық емес техникалық құралдарды қолдану кезінде оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған ұсыныстарды басшылыққа алған жөн.
Адамдарды жаппай эвакуациялау үшін құтқару жеңін пайдалану кезінде ол автокөтергіштің люлькасының еденіне бекітіледі. Құтқару жеңі бекітілген люлькада бір мезгілде 2 адамнан артық болмауы тиіс. Екі және одан көп құтқару жеңдерін қосуға болмайды.
Автоматты ажырату және дабыл беру электр желісі жарамды болғанда ғана адамдарды автосатының кабинасында көтеруге (түсіруге) болады.
Сигналды автомат қоңырауы соғылғанда кабинаны көтеру дереу тоқтатылады және лифт кабинасы бастапқы күйге келтіріледі.
Лифт кабинасында бір мезгілде көтерілетін (түсірілетін) адамдар (жүк массасы) саны автосатыны пайдалану жөніндегі зауыт белгіленген нұсқаулықтың шамасынан (салмағынан) артық болмауы қажет.
Жауынгерлік қанат жаю кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында лауазымды тұлғалар:
жең желілерін төсеудің едәуір қауіпсіз және қысқа жолдарын таңдауды, аспап пен құрал-саймандарды тасымалдауды;
өрт сөндіру автомобильдері мен жабдығын күштер мен құралдарды орналастыруға кедергі келтірмейтіндей етіп, өрт орнынан қауіпсіз қашықтықта орналастыруды қамтамасыз етеді, өрт сөндіру автомобильдері салынып бітпеген ғимараттар мен құрылыстардан, сондай-ақ өрт кезінде қирауы мүмкін басқа да объектілерден осы объектілердің биіктігінен кем емес қашықтықта орналастырылады;
қажет болған жағдайда, барлық көлік түрлерін тоқтатуды (теміржол көлігін тоқтату белгіленген тәртіппен келісіледі);
қауіптілік пен хабарлау туралы бірыңғай сигналдар орнатуды, олар туралы өртте жұмыс істеп жатқан барлық МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамын хабарландыруды;
айқын жарылыс, улану, радиоактивті сәулелену, қирау, қайнау және тез тұтанғыш сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтардың резервуарлардан жарылу және өзге де қауіп болғанда МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамын қауіпсіз жерге шығаруды;
теміржол бойынша жең желілерін төсеген жағдайда құрамдардың қозғалысын бақылау және олардың жақындауы туралы МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамын дер кезінде хабарландыру үшін теміржол төсемінің бойымен екі жағынан қауіпсіздік бекеттерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Жауынгерлік қанат жаю кезінде:
оны өрт сөндіру автомобилін әбден тоқтатқанға дейін бастауға;
өрт гидранттарының құдықтарын, газ және жылу коммуникацияларын жарықтандыру үшін ашық отты қолдануға;
ТОЖҚҚ-сыз және құтқару арқанысыз су, газ және техникалық коммуникациялар құдықтарына түсуге;
жең желісіне қосылған өрт оқпанының бауын биікке көтерілгенде және биікте жұмыс істегенде киюге;
құтқару арқандарымен аспапты, ӨТЖ және басқасын көтеру немесе түсіру кезінде жүктің астында тұруға;
қозғалыс бойымен жұмыс қабаттарымен өткен (кесетін, шаншитын және басқа да) жұмыс күйіндегі механикаландырылған және электрлендірілген аспапты, ал көлденең ара мен қайшыны қапшықсыз тасымалдауға;
су толтырылған жең желісін биікке көтеруге;
оқпаншылар бастапқы шепке шыққанға немесе биікке көтерілгенге дейін бекітілмеген жең желілеріне су беруге тыйым салынады.
Тігінен тұрған жең желілері әр жеңге кемінде бір жең тоқтату есебінен бекітілуі қажет.
Суды жең желісіне оқпаншылардың құлауын және жеңдердің жарылуын болдырмайтындай етіп, біртіндеп беру қажет.
Өрт гидрантын қолдану кезінде оның қақпағын арнайы ілмекпен немесе сомынмен ашу керек. Бұл ретте қақпақтың аяққа түспеуін байқау қажет.
Жең желілерін жең және сорғы-жеңді өрт сөндіру автомобильдерінен (бұдан әрі – ЖА және СЖА) төсеу кезінде жүргізуші қозғалыс жылдамдығын (10 км/сағ артық емес) бақылауы, ал өрт сөндіруші жарық және дыбыс дабыл қаққышының дұрыстығын қадағалауы, өрт сөндіру автомобильдерінің есіктерін берік етіп бекітуі тиіс.
Жеңдерді жең орауышта орау кезінде өрт сөндіруші жең орауыштың дұрыс бекітілуін бақылап, қолдың зақымдануына жол бермей, барабанның тұтқасын ұстап тұруы қажет.
ЖА жеңдерін төсейтін көтергіш тетіктің пневмо жүйесін қолдану кезінде тежеуіш жүйесінде кемінде 0,55 МПа қысымын қамтамасыз ету қажет.
Жең орамдарын ЖА тиеу кезінде көтергіш тетіктің (2 жең орамынан аспайтын) жүк көтергіш шегінен (100 кг) асыруға тыйым салынады.
ЖА төбесінде пайдаланылған жеңдерді тасымалдау кезінде қоршау бұйымдары (ағаш басқыштар мен тұтқалар) көтерілген күйде сенімді түрде бекітілуі қажет.
Жарылыс қаупі болған жағдайда жауынгерлік қанат жаю кезінде МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы жең желілерін төсеуді жасырынатын жерлерді (орлар, қабырғалар, үйінділер және т.б.) қолдана отырып, сондай-ақ қорғану құралдарын (болат каскалар, өрістер, қалқандар, сауытты жилеттер) пайдаланып, сауытты қалқандардың, сауытты техниканың және автомобильдердің жабындарының астынан жүзеге асырылады.
Өрт сөндіретін қол сатылар отпен бөлінбейтіндей немесе өрт таралған кезде жану аймағында болмайтындай етіп орнатылуы қажет.
Өрт сөндіретін қол сатылардың орнын ауыстыру кезінде ол жөнінде биіктерде жұмыс істеу үшін олармен көтерілгендерге ескертіп, олардың орналасқан жаңа орнын немесе басқа да түсу жолдарын көрсету қажет.
Өрт сөндіру автомобильдерін жолдың жүретін бөлігіне көлденең қоюға тыйым салынады. Көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергі болғанда көшенің, жолдың өтетін бөлігіне тек жедел лауазымды тұлғалардың немесе қарауыл бастығының бұйрығымен ғана тоқтауға болады. Бұл ретте өрт сөндіру автомобилінде авариялық жарықты дабыл қаққышы жанып тұруы қажет.
Түнгі уақытта тұрған өрт сөндіру автомобилінің қауіпсіздігі үшін ернеу, габарит немесе тұрақ жарығымен жарықтандырылады.
АХҚЗ сақтайтын, жұмыс істейтін немесе ықтимал бөлінетін үй-жайларда (учаскелерде) жанған кезде МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының жұмысы тек арнайы қорғағыш жинақтарда және ТОЖҚҚ-да жүзеге асырылады. Бу қосылымдарын төмендету үшін үй-жайлардың (учаскелердің) ішін шашыранды сумен сулау қажет. Өрт сөндіру автомобильдері жанып жатқан объектіден кемінде 50 м қашықтықта ық жатқан орналасуы қажет.
МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамын жылу радиациясы мен механикалық факторлардың әсерінен жеке қорғау үшін жылу шағылдыратын костюмдер, жауынгерлік киім мен жарақ, суландырғышы бар қорғағыш металл тор, оқпандарға бекітілген асбест немесе фанер қалқандар, жерге орнатылған асбоцемент табақтар, оқпаншыны шашыранды ағыспен суландырғышы бар мақталы киім қолданылады.
МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамын және күшті жылу радиациясы учаскелерінде жұмыс істейтін техниканы топтық қорғау турбиналы және желпуіш түріндегі бүріккіштің көмегімен құрылатын су бүркемелерімен (экрандарымен), ал жеке қорғау бүріккіш оқпандармен қамтамасыз етіледі.
Жануды жою кезінде сөндіруге қатысушылар жағдайдың өзгеруін, құрылыс құрылымдарының барысын, технологиялық жабдықтың жай-күйін қадағалауы қажет және қауіптілік туындаған жағдайда жауынгерлік учаскедегі барлық жұмысшыларға, ӨСЖ мен басқа да жедел лауазымды тұлғаларға дереу ескерту қажет.
Жабында (төбеде) және үй-жайдың ішіндегі далдаларда жұмыс істеу кезінде көтергіш құрылымдардың жай-күйін қадағалау қажет. Қирау қаупі болған жағдайда МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы дереу қауіпсіз жерге кетуі қажет.
Ғимараттардың жоғары қабаттарында жануды жою кезінде «Өрт сөндіру бөлімшелерін тасымалдау» деген жұмыс режимі бар лифтілерден басқа, жеке құрамды, ӨТЖ және жабдықты көтеру үшін жүк және жолаушылар лифтілерін пайдалануға тыйым салынады.
Жабындарда, әсіресе, күмбезді жабындарда орнатылатын өрт сөндіретін қол сатылары, арнайы басқыштар және т.б. мықтап бекітілуі қажет.
Биікте жұмыс істеу кезінде жұмысшылардың құлауын болдырмайтын сақтандыру бұйымдарын қолданып, мынадай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
оқпанды (қайшысы бар және т.б.) өрт сөндіретін қол сатысымен тек жұмысшыны саты баспалдағына өрт белдігі карабинімен бекіткеннен кейін ғана жұмыс істеуге болады;
жабында жұмыс істеу кезінде өрт сөндірушілер сақтандыру үшін ғимарат құрылымына құтқару арқанымен бекітілуі қажет, бұл ретте құтқару арқанын қоршау құрылымдарына бекітуге тыйым салынады;
биіктерде және жабындарда оқпанмен жұмысты кемінде екі адам жүзеге асыруы қажет;
желі желісі жең ысырмаларымен бекітіледі.
Өрт оқпанын су беруді тоқтатқаннан кейін де қараусыз қалдыруға, сондай-ақ МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының салбыраңқы жабындарда және жану белгілері бар далдалардың учаскелерінде болуына тыйым салынады.
Жаңа құрылыстарда және қайт салынып жатқан ғимараттарда құрылыс тақтайларының өртін сөндіру кезінде оқпаншылардың жауынгерлік шептері ағаштардан кемінде 1 м қашықтықта, ал өрт сөндіру автомобильдері салынып жатқан немесе жөндеу жүргізіліп жатқан ғимараттан кемінде 410 м қашықтықта орналасуы қажет.
Тұрғын үйлерде өртті жою үшін оны сөндіру алдында мынадай:
газ өткізгіштегі ысырмаларды жабу;
электр энергиясын беруді тоқтату;
температураны төмендету және үй-жайдан түтінді жою;
табылған газы бар баллондарды салқындату және оларды су ағысымен эвакуациялау шараларын қабылдау қажет.
Ғимарат ішінде жарылу қаупі бар қосылымдардың түзілуі болдырмас үшін ұйымдардың әкімшіліктерімен келісімсіз аппаратура мен құбырлардан қысыммен шығатын (ағатын) жанғыш газдардың жалынын немесе жанғыш сұйықтықтардың буын сөндіруге болмайды. Қажет болған жағдайда және ұйымдардың әкімшіліктері тарапынан тікелей бақылау болғанда газ бен будың ағуын тоқтату шаралары қолданылады, сондай-ақ жалынның және күшті жылу сәулесінің әсер ету аймағында орналасқан өндірістік жабдықты және ғимарат (құрылыс) құрылымдарын салқындату қамтамасыз етіледі.
ӨСЖ, лауазымды тұлғалар және өрт сөндіруге қатысатын МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы өрт сөндіру кезінде су немесе басқа да өрт сөндіргіш заттарды (2-қосымша) қолдану қауіпті болатын заттар мен материалдардың түрлері мен типтерін білуі қажет.
78. Хауыздарда өртті жою кезінде тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оларды:
жеке құрамды пиролиз өнімдерінің ықтимал ұшқындауы кезінде және жалын лапылдағанда қорғау үшін есікке сүлгіні қолдана отырып;
турбина түріндегі саптамасы бар оқпандардан шашыранды су ағысын міндетті түрде беру арқылы;
құбырларға су беруді қосу арқылы ашу қажет.
Едәуір көлемде жанғыш тозаң бөлінуі ықтимал өндірістік үй-жайларда, қоймаларда өрт сөндіру кезінде өрт сөндіргіш заттарды беру оларды тұндыру және жарылысты болдырмау үшін шашыранды ағыстармен жүзеге асырылуы қажет.
Қысыммен жұмыс істейтін жанып жатқан аспаптар мен жабдықтарды, сондай-ақ көбікпен араласқанда қайнауы, ашылуы, жалынды күшейтуі мүмкін заттар мен материалдарды сөндіру үшін көбікті өрт сөндіргіштерді қолдануға тыйым салынады.
МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы өртте оқпаншылардың шебінде, ғимарат құрылымдарын бөлшектегенде, өрт сөндіретін қол сатыларды орнатқанда және жең желілерін төсегенде электр желілерінің жай-күйін тұрақты қадағалауға және ол жөнінде ӨСЖ мен басқа да лауазымды тұлғаларға дер кезінде баяндауға, сондай-ақ қауіпті аймақта жұмыс істейтін өрт сөндіруге қатысушыларға ескертуге міндетті.
Табылған сымдардың токтан ажыратылғандығы анықталмайынша оларды кернеулі деп санап, тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдау қажет.
Ұйымда жасырын немесе транзитті электр өткізгіш болса, жұмысты ұйымның барлық жабдығын токтан ажыратқаннан кейін ғана жүргізу қажет.
Еден тәріздес материалдар болған жағдайда олардың астынан төселген сымдар мен салынған құбырлардың мақсатын анықтау қажет.
Радиациялық қауіпті объектілерде реакторлық қондырғыны басқаруды мүмкін емес тікелей қауіп болған жағдайда объектінің бас инженерінің (станция ауысымы бастығының) келісімімен 6,3 кВ дейін қоса алғандағы кернеумен жұмыс істейтін жабдықты сөндіруге болады. Мұндай жағдайда токтан ажыратылмаған электр қондырғысына дейін кемінде 5 м қашықтықта бүрку диаметрі 13 мм аспайтын өрт сөндіретін қол оқпандарымен берілетін шашыранды су ағыстары қолданылады.
Өрт кезінде жұмыс істегенде жүргізушілерге (моторшыларға) ӨСЖ және лауазымды тұлғалардың нұсқауысыз өрт сөндіру автомобильдерін, мотопомпаларды орнынан ауыстыруға, автосатылар мен автокөтергіштерді қандай бір орнынан қозғауға, сондай-ақ автомобильдерді, мотопомпаларды және жұмыс істеп тұрған сорғыштарды қадағалаусыз қалдыруға тыйым салынады.
Жолда жүк пойыздарының жануын жою кезінде өрт орнына келген ӨСЖ және лауазымды тұлғалар машинистен жанып жатқан және көршілес вагондағы жүктің түрін анықтауға, машинистен авариялық карточканы талап етуге және МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдауға міндетті.
Электрлендірілген учаскеде жылжымалы құрам өртін жою кезінде ӨСЖ және лауазымды тұлға МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының сымдар мен байланыс желісінің және әуе желілерінің басқа да бөліктеріне кемінде 2 қашықтықта, ал байланыс желісі мен әуе желілерінің үзілген сымдарынан оларды жерге қосу орнына дейін кемінде 10 м қашықтықта жақындауын болдырмау шараларын қабылдауға міндетті.
Өрт сөндіруге су мен көбік беруге байланыс желісі мен әуе желілерінен кернеуді алғаннан, оларды белгіленген тәртіппен жерге қосқаннан және осы үшін уәкілетті тұлғадан өрт сөндіру құқығына рұқсат алғаннан кейін ғана беріледі.
ТТС, ЖС, сұйытылған көмірсутек газдары бар теміржол цистерналары мен автоцистерналарындағы өртті жою үшін қуатты тасымал, жылжымалы және тұрақты лафетті оқпандарды қолдану қажет. Оқпаншылардың жауынгерлік шептері жарылыстың ықтималдығын ескере отырып, барынша алыс қашықтықта болуы және іргелес жер бедерінің, ғимарат пен құрылыстың жабындарының, сауытты қалқандардың, сауытты техниканың, қауіпті жүктері жоқ көлік құралдарының (вагондардың, автомобильдердің және т.б.) далдаларының астынан орналасуы қажет. МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы жылу шағылдыратын және жылудан қорғайтын костюмдерде және шашыранды су ағысымен жұмыс істеуі қажет.
Улы химикаттар (химиялық реактивтер, минералды тыңайтқыштар және т.б.) қоймаларында өртті жою кезінде ӨСЖ ұйым әкімшілігінен сақталатын заттардың (материалдардың) сипатын және оларды сақтау орындарын (секцияларын) анықтауға, жұмыс істеу үшін жіберілетін МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының нұсқаулықтан өтуін ұйымдастыруға міндетті.
Улы химикаттар (химиялық реактивтер, минералды тыңайтқыштар және т.б.) қоймаларында өрт сөндіру кезінде мынадай қауіпсіздік шаралары сақталуы қажет:
МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы ТОЖҚҚ пайдалануы қажет;
өрт сөндіргіш заттарды беру және өрт техникасын орнату ық жақтан жүзеге асырылады;
қорғағыш костюмдерді (сыртқы киімдерді) шешкеннен кейін ғана ТОЖҚҚ-дан ажырату қажет.
Қажет болған жағдайда улы химикаттар (химиялық реактивтерді) мен тыңайтқыштарды бөлшектеу және эвакуациялау тек ұйым әкімшілігімен келісім бойынша және ол қажетті қорғану құралдарымен қамтамасыз еткеннен және жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулық өткізгеннен кейін жүзеге асырылады.
Улы химикаттар сақталатын және олармен жұмыс істейтін объектіде өрт сөндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы медициналық тексеруден және санитарлық өңдеуден өтеді, өрт техникасын, ТОЖҚҚ; ӨТЖ және мүлікті арнайы алаңдарда газсыздандыруды жүзеге асырады.
Химиялық заттар мен АХҚЗ бар ғимараттар мен үй-жайларда өртті жою кезінде ұйым әкімшілігінен оның сипатын анықтап, осы заттармен реакцияға түскенде жарылыстың, ұшқынның шығуына әкелуі мүмкін өрт сөндіргіш заттарды пайдалануға жол бермеуі қажет.
Жылжымалы өрт сөндіретін лафетті оқпандармен жұмыс істеу кезінде:
оны орнату үшін тегіс алаңды таңдау;
оқпанның лафетте мықтап бекітілуіне көз жеткізу;
оқпаншы мен көмекші оқпаншы жұмысқа әбден дайын болғанына көз жеткізгеннен кейін ғана оның жұмысын қамтамасыз ететін жең желісіне су беру қажет.
Жоғары қысыммен жұмыс істейтін қондырғылар (ыдыстар) бар ұйымдарда немесе ғимараттарда өртті жою кәсіпорын әкімшілігінен қондырғылардың (ыдыстардың) түрі туралы, олардың ішіндегі зат туралы ақпарат алғаннан кейін жүргізіледі.
Өрт сөндіру барысында:
қондырғылардың (ыдыстардың) қабырғаларын күрт салқындату мүмкіндігіне жол бермей, қауіпті шекке дейін қызуын болдырмау шараларын қабылдау;
ұйым әкімшілігінен мүмкіндігінше қондырғылардағы (ыдыстардағы( қысымды қауіпсіз шекке дейін төмендету шараларын қабылдауды талап етуі қажет.
Газ баллондары мен коммуникациялардың жарылуы ықтимал жағдайларда басқа да қауіпсіздік шаралары мен МӨҚҚО бөлімшелерінің іс-қимыл жасау тактикасы тиісті ұсыныстармен белгіленген.
Электр қондырғылары бар үй-жайларда, жарылыс қауіпті ортадағы үй-жайларда, сондай-ақ жер асты метрополитен құрылыстарында өртті жою кезінде өрт сөндіруге қатысатын МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамына электр желілері мен электр қондырғыларын токтан ажырату бойынша өздігінен қандай да бір іс-әрекеттер жасауға, сондай-ақ белгіленген тәртіппен ұйым әкімшілігінен өрт сөндіруге жазбаша рұқсат алғанға дейін өрт сөндіргіш заттарды қолдануға тыйым алынады.
Кабельдер мен резина мен пластмасса оқшаулағыштары бар сымдар едәуір көп мөлшердегі үй-жайларда өртті жою кезінде лауазымды тұлғалар МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының жану барысында бөлінетін заттармен улану мүмкіндігін болдырмау шараларын қолдануға міндетті. МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы ТОЖҚҚ-мен жұмыс істеуі керек.
Улы реакторларды, радиоактивті материалдар сақтайтын және онымен жұмыс істейтін кәсіпорындарды, радиоактивті материалдарды тасымалдайтын көлік құралдарын немесе ионды сәулелену көздерін қоса алғанда, радиациялық қауіпті объектілерде (бұдан әрі - РҚО) өртті және төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында МӨҚҚО басқару органдары мен бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары объектінің әкімшілігімен бірлесіп, радиациялық қауіпсіздік нормаларына сәйкес РҚО аумақтарында, ғимараттары мен үй-жайларында өрт пен ТЖ жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық әзірлейді.
Нұсқаулықта мынадай негізгі мәселелер қамтылуы тиіс:
объектідегі радиоактивті заттардың белсенділігін көрсете отырып, олардың тізбесі;
объект әкімшілігі келгенге дейін ТЖ жою, өрт сөндіру (мүлікті эвакуациялау және т.б.) бойынша қандай да бір жұмыс жүргізу мүмкіндігі мен жағдайлары;
дозиметрлік бақылауды ұйымдастыру және оны қамтамасыз ету құралдары;
радиация деңгейінің өзгеру мүмкіндігін ескере отырып, МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамын қорғау шаралары мен тәртібі;
радиация деңгейінің өзгеру мүмкіндігін ескере отырып, МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамының аса жоғары сәуле алуының болжалды деңгейлері;
қалыпты жағдайларда және радиация деңгейінің өзгеру мүмкіндігін ескере отырып ТЖ болған жағдайда, әр түрлі санаттағы үй-жайларда МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамының рұқсат етілген келу уақыты;
әр түрлі санаттағы ғимараттар мен үй-жайларда ТЖ жою құралдары мен тәсілдері;
ТЖ кезінде және оны жойғаннан кейін жеке құрамға алғашқы медициналық көмек көрсету және техниканы, жабдықты, ӨТЖ және жауынгерлік киімді дезактивациялау тәртібі, орны мен құралдары;
РҚО-да жануды, ТЖ жою үшін қосымша күштер мен құралдарды жұмылдыру, сондай-ақ МӨҚҚО бөлімшелерімен, ішкі істер органдарымен, атқарушы билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен және объект әкімшілігімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
РҚО-да ТЖ жою және өрт сөндіру кезінде МӨҚҚО қызметкерлерінің ерікті қатысу және оларды ықтимал сәулелену дозалары мен денсаулық үшін қаупі туралы ақпараттандыру тәртібі.
МӨҚҚО бөлімшелері жек құрамының мөлшерден тыс сәулеленуімен байланысты ТЖ және оның салдарларын жою жұмыстары жұмыстың шекті ұзақтығы, қосымша қорғаныс құралдары, қатысушылар мен жұмысты жүргізуге жауапты тұлғалардың аты-жөндері анықталған арнайы рұқсат (өткізу) бойынша радиациялық бақылаумен жүргізілуі қажет.
Персоналдың сәулеленуі мөлшерін жеке бақылау нәтижелері 50 жыл бойы сақталуы қажет. Жеке бақылау жүргізу кезінде жылдық тиімді және эквивалентті дозаларды, кезекті 5 жылға тиімді дозаны, сондай-ақ бүкіл қызмет бойына жиынтық жинақталған дозаны есепке алуды жүргізу қажет.
Жеке сәулелену дозасы кейін жеке карточкаға, сондай-ақ деректер базасын құру үшін машиналы тасығышқа енгізіліп, журналда тіркелуі қажет. Қызметкер сәулелену көздерімен жұмыс жүретін басқа ұйымға ауысқан жағдайда оның жеке карточканың көшірмесі жаңа қызмет орнына берілуі қажет, түпнұсқасы бұрынғы жұмыс орнында сақталуы тиіс.
Сәулелену көздерімен жұмыс істеу үшін іссапарға жіберілетін тұлғаларға алған сәулелену дозасы туралы толтырылған жеке карточканың көшірмесі берілуі қажет. Іссапарға жіберілген тұлғалардың сәулелену дозасы туралы деректер олардың жеке карточкаларына жазылуы тиіс.
Өртті жою кезінде өрт сөндіргіш әсерінің жоғары дәлдігін және өрт сөндіргіштерді аз мөлшерде жұмсауды қамтамасыз ете отырып, бұл ретте радиоактивті тозаңның шашырау деңгейі мен өрттің қайта туындауын төмендетіп, едәуір алыс қашықтыққа және тек жанып жатқан алаңға ұсақ шашыранды түрінде қуатты импульстік ағыспен өрт сөндіргіштерді беру қажет.
РҚО-да ТЖ мен өртті жою жұмысы қажетті жеке құрамды (ауысымдық жұмыс режимі үшін резервті есепке ала отырып) ең аз мөлшерде жұмылдырып және радиацияның әсер ету жағдайында өрт және басқа да бейімделген техникасын қолдана отырып жүргізілуі қажет.
ТТС мен ЖС төгілуінен болған өрттерді, сондай-ақ РҚО-да ТЖ мен өртті жою жұмысы тек ТОЖҚҚ-да және нақты объектілер үшін көзделген қорғану құралдарында ғана жүргізіледі.
ӨСЖ объектінің әкімшілігі арқылы жұмыс істеуге жіберілетін МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының радиациялық қауіпсіздік бойынша жұмыстың сипаты мен ретін түсіндіре отырып, нұсқаулықтан өтуін ұйымдастыруға, сондай-ақ оның қауіпті болу уақыты мен әкімшілік (дозиметрлік қызмет) белгілеген мерзімде дер кезінде ауысуын бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.
ТОЖҚҚ-ға қосуды және одан ажыратуды, қорғағыш костюмдерді кию мен шешуді белгіленген қауіпсіз орындарда жүргізу қажет. ТОЖҚҚ-дан ажырату қорғағыш костюмдерді шешкеннен кейін ғана жүргізіледі.
Қауіпті аймаққа (ғимаратқа, үй-жайға) кіретін жерде МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының орта немесе аға басшы құрам тұлғасы басқаратын қауіпсіздік бекеті қойылады, онда МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының радиациялық жағдайда жұмыс істеуін есепке алу журналы толтырылады.
РҚО-да ТЖ, өртті жою кезінде ӨСЖ:
радиациялық барлаудың үздіксіз жүргізілуін;
жеке және ұжымдық қорғау құралдарының, техниканың қорғағыш қасиеттерінің, ӨСЖ және жергілікті жердің дер кезінде және орынды қолданылуын;
радиацияға қарсы дәрі-дәрмектердің, антидоттардың, шұғыл медициналық көмек көрсету құралдарының қолданылуын;
зақымдану аймағында қозғалыс пен өрт сөндірудің едәуір орынды тәсілдерін таңдауды;
зақымданған жерде жеке құрамның белгіленген ережелерді қатаң сақтауларын бақылауға міндетті.
Әрбір нақты жағдайда көрсетілген іс-шаралардың тізбесі мен мазмұны қалыптасатын жағдаймен анықталады.
МӨҚҚО бөлімшелері РҚО-да радиация деңгейі жоғары болғанда оларда күштер мен құралдар жеткілікті болған және әр өрт сөндірушіге шекті рұқсат етілген дозаның арту қаупі болмаған жағдайда ғана ТЖ жою бойынша өздерінің қызметін орындайды.
МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы қорғағыш костюмдерде жұмыс істеген кезде жылу соққысын болдырмау үшін қорғағыш костюмнің түріне, қоршаған ортаның температурасына және жылу ағысының тығыздығына байланысты костюмдерде болу уақытының шекті рұқсат етілген уақытын есептеу қажет.
РҚО-да ТЖ жою үшін өрт және радиациядан қорғайтын өзге де техниканы пайдалану қажет. Мүмкіндігінше, өрт техникасын радиацияға қарсы құралмен жабдықтау қажет. Бейімделмеген өрт техникасы иондаушы сәулеленуден экран ретінде қызмет ететін зақымданбаған, күрделі қабырғалар немесе ғимараттар жағынан орнатуға болатын учаскеде қолданылады. Күштер мен құралдарды қайта топтастыру радиациялық жағдайларды ескере отырып жүргізілуі қажет. Резервтік күштер мен құралдарды жинау (орналастыру) пункттері радиациялық сәулелену көздерінен ық жақтан орналаспауы қажет.
Құрылыс құрылымдарын ашу және бөлшектеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру ӨСЖ анықтаған, өрттегі жедел лауазымды тұлғалардың тікелей басшылығымен, сондай-ақ бөлшектенетін құрылымдарды жинау (тастау) орындарын көрсете отырып жүргізілуі қажет. Оларды жүргізуді бастағанға дейін учаскеде бар электр желілерін (380 в дейін), газ коммуникацияларын ажырату, ықтимал (жасырын) ошақтарды сөндіру құралдарын дайындау қажет.
380 В кернеулі электр желілері мен қондырғыларын жазбаша рұқсат (өткізу) бере отырып, энергоқызмет (энергия қадағалау) өкілдері ажыратады, өрт сөндіру автомобильдері мен оқпандары өрт сөндіруге көбік пен су беру кезінде жерге қосылуы қажет.
Электр желілерін желінің фазалық кернеуі 220 В жоғары болмағанда және басқа тәсілмен желіден ажырату мүмкін болмағанда ғана кесу арқылы ажыратуға болады.
МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының кернеулі желілерді ажырату бойынша жұмысы ұйым әкімшілігі өкілінің қатысуымен, ал ол болмаған жағдайда электрден қорғау құралдары жинағын пайдалана отырып, жедел лауазымды тұлғаның қадағалауымен орындалуы қажет.
Кернеулі желілерді ажырату кезінде:
электр сымдарын кесу едәуір қауіпсіз желі учаскесін анықтау және тиісті алаңда (ғимарат, секция, қабат және т.с.с.) токтан ажыратуды қамтамасыз ету;
құлаған (салбыраған) сымдар кернеуде болмайтындай есеппен электр энергиясын тұтыну тарапынан оқшаулағыштарда қоректендіретін сыртқы желілерді кесу қажет. Желілерді кесуді төменгі қатардан бастау қажет.
Бір мезгілде көп желілі сымдар мен кабельдерді, сондай-ақ оқшаулағыш құбырлар (қабықшалар) мен металл жеңдерде топ-тобымен төселген бір сымды желілер мен кабельдерді кесуге тыйым салынады.
Әр түрлі көтергіш тетіктер мен өрт сөндіретін қол сатыларын пайдалана отырып, 1000 В дейін электр беретін әуе желілерінің жанында жұмысты егер олардан бастап немесе кез келген күйдегі (оның ішінде едәуір жоғары көтергенде немесе ұшқанда) олардың жылжымалы бөлшектерінен бастап жақын жердегі кернеулі сымға дейінгі ауадағы қашықтық кемінде 1,5 метр болған жағдайда ғана жүргізуге болады.
Өрт жағдайында құрылыс құрылымдарын ашу және бөлшектеу бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде олардың беріктігінің бұзылуына және босауына жол бермей, олардың құлауын болдырмау бойынша тиісті ықтимал шараларды қабылдап, олардың жай-күйін мұқият қадағалау қажет.
Ғимараттың (құрылыстың) жанында төменде жұмыс істеп жатқандарға алдын ала ескертпей, қабаттар мен төбелерден құрылымдарды (заттарды) лақтыруға тыйым салынады.
Құрылымдарды (заттарды) тастау кезінде олардың сымдарға (әуе сымдарына), балкондарға, карниздерге, көршілес ғимараттардың төбелеріне, сондай-ақ адамдарға, өрт техникасына және тағы басқаларына түспеуін қадағалау қажет. Құрылымдар, заттар мен материалдар тасталатын жерлерге бекет күзетшісі қойылады, оның міндеті – жұмыс толықтай немесе уақытша тоқтағанша ешкімді өткізбеу. Түнгі уақытта құрылымдарды тастау орындары міндетті түрде жарықтандырылады.
Бөлшектенген құрылымдарды, эвакуацияланатын жабдықты, материалдар мен басқаларын үшкір (тікенекті) жақтарын төмен қарай қаратып қойып, жұмыс орнына баратын жолды жаппау қажет.
Жабындарды ашу немесе жабу жұмыстарын 2-3 адамнан тұратын топтар жүргізеді. Жұмысшылар құтқару арқандарымен немесе белдікті өрт карабиндерімен сақтандырылуға міндетті. МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының жабынның бір жерінде жиналуына жол берілмейді.
Құрылыс құрылымдарын бөлшектеу кезінде биік тігінен орналасқан құрылыстардың (құбырлардың, антенна құрылғыларының және басқаларының) құлауын болдырмау үшін олардың бекіткіштерінің (тіректерінің, кермелерінің, таяныштарының және басқаларының) бұзылуына жол бермеу қажет. Қажет болған жағдайда түтін (пеш) мұржаларын, күйген тіректерді немесе ғимараттың бөліктерін құлату жедел лауазымды тұлғалардың тікелей басшылығымен және қауіпті аймақтан барлық адамдар мен техниканы шығарғаннан кейін ғана жүргізілуі қажет.
Бекітілген құрылымда, кескінде, үлгіде шеңбермен кесу жұмысын кесілетін фрагменттің өзгеруі немесе ауытқуы нәтижесінде кесілетін шеңбердің тұрып қалуын болдырмайтындай етіп жүргізу қажет.
Ағаш құрылымдарды тізбекті арамен ашу кезінде салдарынан операторға аспап түсетін жоғарғы бөлігінің кескінінде тізбекті қысуға болмайды.
Автосатылар мен автокөтергіштерді басқаруға тиісті бағдарлама бойынша оқу курсынан өткен және автосатыда (автокөтергіште) жұмыс істеу құқығын беретін куәлік алған жүргізушілер жіберіледі. Автосатыны (автокөтергішті) жұмысқа дайындау және жұмыс істеу тәртібі дайындаушы зауыттың нұсқаулығына және осы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Автосатылар рұқсат етілген көлбеу бұрышы шегінде иіндердің қозғалысын қамтамасыз ететін қашықтықта ғимараттардың жанында орнатылуы қажет.
Автосатыларды жылжыту жабын (алаң, қоршау және т.б.) карнизінен 1,0 – 1,5 м жоғары жүргізіледі. Тиісті ұзындыққа жылжытылғаннан кейін автосаты тұйықтағышқа (бар болса) орнатылуы қажет.
Құрылыс құрылымдарына тірелген автосатылармен жұмыс істеу кезінде қозғалтқышты өшіру қажет. Люлькамен жабдықталған автосаты жұмыс істеген кезде қозғалтқыш өшірілмейді.
Автосатылар мен автокөтергіштердің жүргізушілері өртте (жаттығуларда, сабақтарда) жұмыс істеген кезде каска киюі қажет.
Автосатыда (автокөтергіште) жұмыс істеу кезінде жүргізуші:
автосатыларды (автокөтергіштерді) пайдалану жөніндегі талаптарды сақтауға және олармен жұмыс істеушілерден талаптардың сақталуын талап етуге;
саты иініне (көтергіш жебесіне), әсіресе, қысқы уақытта судың (көбіктің) төгілуіне жол бермеуге;
ауа температурасы - 10°С төмен болғанда ілінісу муфтасының басқышын созылыңқы қысқа мерзімді босату арқылы гидро сорғыны іске қосуға, ал бұл ретте қозғалтқыштың тұрақты айналымында басқышты жіберуге;
жұмыста қысқа мерзімді үзіліс болғанда гидро сорғы мен қозғалтқышты қосылған күйде қалдыруға міндетті.
Жұмыс орнын ауыстырғанда саты (автокөтергіш жебесі) иіндері көлікке салынады, тіректері көтеріледі, рессорларының бұғаттағыштары ашылады, қуат таңдау қорабы ажыратылады.
Автосатыны (автокөтергішті) кран ретінде пайдалану кезінде иіндері (жебелері) жиналуы қажет. Жүк көтергіш массасын қоса алғанда жүктің ең жоғарғы шамасы дайындаушы зауыттың рұқсат берген шамасынан артық болмауы қажет. Жұмыс істеу кезінде қолданылатын жүк асыр қоятын арқандар сынақтан өткізілуі және таңбасы болуы қажет.
Автосаты баспалдағымен жоғары сатыға сүйемегенде және көлбеу бұрышы 50° дейін болғанда тек бір адамды ғана, ал егер бұрыш 50° артық болғанда бір мезгілде екі адамды көтеруге (түсіруге) рұқсат етіледі. Сүйенген сатымен МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы кемінде 3 м интервалмен, ал көтеру массасы 100-120 кг болғанда кемінде 8 м интервалмен тізбектеп жүре алады. Бұл ретте сатының резонансты тербелуі болмайтындай ырғақпен жүрмеу қажет.
Автосаты (автокөтергіш) орнатылатын алаңда 6° аспайтын ылди, қатты жабыны немесе қатты қабаты болуы қажет. Жұмсақ қабатқа орнату кезінде тірек дискілерінің астынан Автосатының (автокөтергіштің) жинағына кіретін арнайы төсемдер төселеді.
Сатының жоғарғы жағына бекітілген өрт оқпаны жұмыс істегенде мынадай талаптар сақталуы қажет:
егер көтеру бұрышы 75° артық болмағанда саты оның тұтас ұзындығының 2/3 аспайтын ұзындығына жылжытылады;
жең желісі сатының ортасына төселеді және жең бөгегіштермен басқыштарға мықтап бекітіледі;
жең желісіне су беру және су беруді тоқтату бір қалыпты, күрт тербеліссіз жүзеге асырылады, оқпан қысымы кемінде 0,4 МПа болуы қажет.
Сатының соңына орнатылған өрт оқпаны кедергімен соқтығыстан автосатыны қорғайтын сақтандыру құрылғысының қолданыс аясынан тыс шығатынын, сөйтіп сақтандыру құрылғысының іске қосылмайтынын ескерген жөн.
Адамдарды, мүлікті құтқару және қорғау бойынша арнайы жұмыстарды жүргізу, қажетті күштер мен құралдарды шоғырландыру, өрт сөндіргіш заттарды беру және автосатының (автокөтергіштің) көмегімен өзге де жұмыстарды жүргізу кезінде:
автосатыларды (автокөтергіштерді) люктердің, құдықтардың және сол сияқтылардың қақпақтарының үстіне, сондай-ақ жылжытылған көтергіш тіректердің тіреу дискілерінің ортасынан бастап құлама жарларға, қазандықтарға, арналарға және басқаларына дейін 2,0 – 2,5 м жақын орнатуға;
жоғары вольтты электр беру желілерінің шеткі сымынан бастап 30 м жақын қашықтықта автосатыны (автокөтергішті) орнатуға және жұмыс істеуге;
автосаты иіндері (автокөтергіш жебелері) арқылы электр кабельдері мен телефон сымдарын төсеуге;
сатыны жылжыту кезінде бүйірлік тегістеу автоматын ажыратуға;
қол жетегімен жұмыс істеу кезінде қозғалыс алаңының шегінен тыс шығуға;
автосаты (автокөтергіш) жұмыс істеген кезде гидро жүйедегі жұмыс қысымын артуын сақтандыру клапанын реттеуге;
желдің жылдамдығы 10 м/с астам болғанда, сондай-ақ көтерілген люльканың немесе иіндердің астында адамдар болғанда автосатыда (автокөтергіште) жұмыс істеуге;
автокөтергіш люлькасының ішінде екеуден артық адам болғанда одан қол және лафетті өрт оқпандарымен жұмыс істеуге;
автосаты (автокөтергіш) жұмыс істегенде және жинағанда әуе электрлік және радио трансляциялау желілерінің иіндерімен (жебесімен) жанасуға;
егер автосатыда (автокөтергіште) адамдар болса, механикалық немесе қол тәсілімен оның қандай да бір қозғалысын жүргізуге;
иіндері көтерілген автосатыны (автокөтергішті) қадағалаусыз қалдыруға тыйым салынады.
Өрт сөндіруге қатысқан МӨҚҚО бөлімшесінің жетекшісі оны жойғаннан кейін:
МӨҚҚО бөлімшесі жеке құрамының болуын, сондай-ақ өрт сөндіру автомобильдерінде ӨТЖ орналасуы мен бекітілуін тексеруге;
өрт сөндіру кезінде пайдаланылған гидранттарды қауіпсіз күйге келтіру шараларын қолдануға міндетті.
Қорытынды
Берілген дипломдық жобада Шипжайдың өрт қауіптілік анализі жүргізілген, емдеу-профилактикалық ғимараттарыдың өрт анализі жүргізілді. Өрттің тарау жылдамдығы анықталды. Объекттің жалпы сипаттамсы берілген. Шипжайда өрттің мүмкін даму жобалануы жүргізілді, әртүрлі уақытта өрттің дамуы, орта көлемді температура, бейтарап аймақтың биіктігі, сөндіру ауданы анықталды.
Анализ және өртке қарсы қызмет гарнизонының тактикалық мүмкіндігінің негізінде мобильді топтармен өрт сөндіру мүмкіндігі анықталды. Ең жаман нұсқадағы мүмкін өртті жою үшін қажетті күш пен құралдардың есебі жүргізілді. Шипажайда 1 қабатта орналасқан Мейрамхана және 5 қабатта орналасқан президент нөмірінде өрт пайда болған кезде қиын шұғыл жағдай туындайды. Күш пен құралдардың есебін жүргізу нәтежиесінде. Өрттің еркін даму уақыты 1-ші ӨСБ келгенше 18 минутқа тең болады. Өрт сөндіру жауынгерлік есептері келген уақытқа дейін Мейрамхана да, президенттік нөмір де толығымен отқа оралып.
Мейрамханадағы өрт радиусы 13 метрге тең болса, ауданы 131,3 м 2 тең. Ол өртті сөндіруге 1 «А» оқанын және 1 «Б» оұпанын қажет етеді. Ал көрші бөлмелерді қоғауға 4 «Б» оқпанын береміз, яғни 2 оқпанды көрші бөлмелерді қорғауға, 1 оқпанды жертөлені қорғауға және 1 оқпанды 2-ші қабатты қорғауға береміз.
Президенттік нөмірде өрт радиусы 13 метрге тең болса, ауданы 100 м 2 тең. Ол өртті сөндіруге 3 «Б» оқанын қажет етеді. Ал көрші бөлмелерді қоғауға 2 «Б» оқпанын береміз.
Көрсетілеген нұсқадағы өртті сөндіру үшін № 2 жоғарылатылған ранг бойынша күш пен құралдарды жұмылдыру қажет.
Жоғарыда көрсетілген күш пен құралдардың есебін және қабылданған шешімдердің экономикалық шығынын анықтау отырып, шипажай ғимаратында өртті алғашқы минуттарында сөнірген жөн. Ол үшін ғимараттың өрт қауіпсіздігіне байланысты бір қатар іс-шаралар кешенін жүргіху қажет. Олар:
- ғимартатты ҚН сай өрт автоматикасынмен қамтамасыз ету;
- өрт крандарын үнемі жұмыс қалпында ұстау;
- алғашқы өрт сөндіру құралдарын нормаларға сай қамтамасыз етіп, олардың істен шықпауын қадағалау;
- қызмет көрсету персоналынан штаттан тыс өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу бөлімшелерін құрып, оларды өрт қауіпсіздігі ережелерімен, өрт сөндіру құралдарымен жұмыс істеу әдістерін және адамдар мен материалдық құндылықтарды құтқаруды үйрету бойынша жаттығу сабақтарын өткізіп, емтихан қабылдап отыру қажет;
- нысанның қызметтік персоналдарының жауынгерлік іс-қимылдарын жүргізу бойынша шұғыл жоспарын және қызметтік міндеттерін дайындау;
- өздігінен іске қосылу құралдарымен жабдықтау.
Ұсынып отырған өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар кешені өртті мағыналы тез уақытта сөндіріп, адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеуге және өрттен келетін шығынды болдырмауға септігін тигізеді.
Әдебиет тізімі
ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001г. “Қоғамдық ғимараттар мен имараттар”
ҚР ҚНжЕ 3.02-08-2010г. “Емдеу-профилактикалық мекемелер”,
Санитарлық Нормалар “Емдеу мекемелеріне қойылатын санитарлық-эпидемиалық талаптар
”Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы «14» қарашадағы №267 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысы
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы «14» қарашадағы №266 бұйрығымен бекiтiлген, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысы
ҚР ТЖМ-нің 2010 жылғы «22» жетлоқсанда № 446 бұйрығымен бекітілген ҚР ТЖМ өртке қарсы қызметінің газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру жөніндегі тәлімдемесі
ҚР ТЖМ МБҚК-нің 2005 жылғы «07» Шілдесі № 170 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет органдарының техникалық қызметі жөніндегі тәлімдемесі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2005 жылғы «15» қазан № 355 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет бөлімдері мен гарнизондарының жеке құрамын даярлау ережесі. Бұйрық № 245 12 шілде 2010 ж.
Өрт жеңдерін пайдалану және жөндеу нұсқаулығы. Бұйрық № 250 12.09.2005 ж.
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті үшін автокөлік және материалдық-техникалық құралдардың тиісті нормалары. Бұйрық № 52 14.07.2005 ж.
Бубырь Н.Ф. «Установки автоматической пожарной защиты» М.Стройиздат.1979г.
Собурь С.В. «Установки пожарной автоматики» М.спецтехника 2001г.
Собурь С.В. «Установки пожарной сигнализации» М.спецтехника 2001г.
ҚР ҚНжЕ 2.02-15-2003 «Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы»
СНиП РК 4.01.02-2001 «Водоснабжение. Наружные сети и сооружения»
Иванников В.П., Клюс П.П. «Справочник руководителя тушения пожара», М. Стройиздат, 1987 г.
Повзик Я.С. «Пожарная тактика», М. Стойиздат, 1990 г., 2001 г.
Грушевский Б.В. «Пожарная профилактика в строительстве», М. Стройиздат, 1989 г.
Будасов Б.В. «Строительное черчение», М. Стройиздат 2002 г.
Теребнев В.В. «Пожарно-строевая подготовка». М. 2004 г.
ҚР ҚН 2.02-11-2002 «Ғимараттарды, бөлмелерді және имараттарды автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалар
«Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы № 35 Бұйрығы
http://kaz.emer.gov.kz
http://pozharu-net.kz/zakonodatelstvo_v_obl
Достарыңызбен бөлісу: |