Шілденің 30-31-і күндері облыс әкімі Алтай Көлгінов бастаған Батыс Қазақстан облысының делегациясы Иранға іссапармен барды. Делегация құрамында мұнай- газ және ауыл шаруашылығы саласындағы қазақстандық компаниялардың өкілдері болды



жүктеу 2,48 Mb.
Pdf просмотр
бет4/7
Дата20.11.2018
өлшемі2,48 Mb.
#21954
1   2   3   4   5   6   7

Сейсенбі,  2  тамыз 2016 жыл

oral_oniri@inbox.ru

5

Ауыл-АймАҚ



«Заманның»

жұмыСы шиРАҚ

Бірлігі  бекем  ауыл

Тасқала ауданындағы Мерей ауылы 

тұрғындарының тыныс-тіршілігі көпті риза 

қылғандай. Көшелері таза, жинақы. Ауылда 

түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

А

уылдық  округ  тұрғында­

рының  саны  1700­ден  аса­ 

ды.  Төрт  түліктен  3569  мүйізді 

ірі  қара,  9783  қой,  630  ешкі,  1064  

жылқы  тіркелсе,  одан  басқа  5423  

құс  өсірілуде.  Мал  шаруашылы­

ғымен 71 қожалық айналысса, со­ 

ның  ішінде  он  бірі  былтыр  се­ 

лекциялық  жұмыстар  жүргізуге 

23  млн.  53  мың  543  теңге  алған.  

Өткен  жылы  12  шаруа  қожалығы 

8435  га  жерге  егістік  егіп,  2  млн.  

517  мың  теңге  демеуқаржымен 

қамтылған.  «Егін  шаруашылығы­

мен  айналысатындар  соңғы  бес 

жылда  қуаңшылыққа  байланысты 

өнім  ала  алмады»  ­  дейді  ауыл 

әкімі  Қазихан  Тәшімов.  Мұнда 

ауылдық  тұтыну  кооперативі  бар. 

Сегіз  жеке  кәсіпкерлік  тіркелген. 

Олардың  бірқатары  саудамен, 

кейбірі  жолаушы  тасымалымен 

шұғылдануда. Мәселен, жаңа жыл 

қарсаңында  Люция  Исмағұлова 

«Ақ  дәм»  кафесін  ашқан.  Ал  мем­

лекеттік бағдарлама аясында ауыл 

тұрғыны  Нәсіпқали  Ахметов  үш 

миллион теңге қаражат алып, мал 

шаруашылығына  жұмсаса,  Азат 

Мұқанғалиев бір миллион теңгеге 

пластикалық  терезе  шығаратын 

цех  ашқан.  Биыл  «Өрлеу»  бағдар­

ламасы  аясында  бес  отбасы  ба­

лалар  жәрдемақысын  алып  отыр. 

Он  екі  тұрғын  ақылы  қоғамдық 

жұмысқа тартылды.

Округте  бес  елді  мекен  бар. 

Соның үшеуіне көгілдір отын тар­

тылған.  Айнабұлақ  ауылында  не­ 

гізгі,  Өркен  мен  Тоғайлыда  бас­

тауыш  мектептер  жұмыс  жасай­

ды.  Ал  Мерей  жалпы  білім  бере­

Январцев ауылында орналасқан «Заман» шаруа қожалығы биыл  

иелігіндегі 10 мың гектар жердің 7 мың гектарына егін еккен еді.

Қ

ожалық  иелері  бүгінде  қызу 

науқан  үстінде.  Егістікке  ат 

басын  тірегенімізде,  бізді  қожалық 

басшысы Абай Жанғалиев пен ұлы 

Қайрат  қарсы  алды.  Жайқала  өскен 

егіс  даласында,  қайнаған  еңбек 

ортасында  жүрген  шаруашылық 

басшысы  бидай  масағын  күректей 

алақанына  салып  ысқылап,  толып 

піскен дәнді көрсетіп тұрып: 

­ Күздік дақылдың шығымы жақ­ 

сы.  Жыл  сайын  арамшөптерге  қар­ 

сы  химиялық  залалсыздандыру 

шараларын жүргіземіз. Соның нә­ 

тижесінде  алқабымызда  ешқандай  

арамшөп  жоқ,  таза,  ­  деді  тоқ 

көңілмен.  Егін  егумен  айналысып 

келе  жатқан  17  жыл  ішінде  биыл 

алғаш  рет  егіннің  әр  гектарынан 

35­45 центнер арасында өнім алып 

отыр.  Мұндай  мол  өнім  алуының 

себебін  жауын­шашынның  көп 

болуынан  деп  түсіндіреді.  Абай 

ағамыздың қуанышын онымен көп 

жылдан бері бірге еңбек етіп келе 

жатқан үзеңгілес досы Мәлік Едре­ 

сов те бөлісіп жүр алқапта. Шаруа­

шылыққа  жұмысқа  тұрған  Жас­ 

ұлан  Шабалиев,  Мәрлен  Нұрға­

лиев,  Сергей  Жәнібеков,  Сансыз­

бай  Нұғманов,  Аяп  Аяпқожиев, 

Данияр  Ғиззатов  сияқты  кейінгі 

буын  диқандар  осы  жылдар  ішін­

де  жермен  жұмыстана  жүріп, 

егін  өсірудің  қыр­сырын  бір  кісі­

дей  игергенін  мақтаныш  етеді. 

Олар  да  мол  өнімге  ие  болып 

отырғанына  қуанышты.  Біраз 

жылдан  бері  егін  егудің  қыр­сы­

рына  қаныққан  тәжірибелі  диқан 

Абай  Жанғалиев:  «Өз  тәжірибем 

көрсеткеніндей,  күздікті  ерте­

рек  себуге  болады  екен.  Бұрын 

тамыздың аяғына таман егуші едік. 

Сол  өткен  жылғы  ертелеу  егуіміз 

жақсы  дән  жинап  алуымызға  се­

беп  болып  отыр»,  ­  дейді.  Қазіргі 

таңда  шаруашылықтағы  тоғыз 

комбайн,  10  «К­700»,  20  «Джон 

Дир»,  20  «МТЗ»  техникаларымен  

диқандар  өз  жұмыстарын  бас­

тап  кеткен.  Алқаптағы  комбайн­ 

дардың  жүрісі  ширақ.  Заманауи 

техниканы  тізгіндеген  жүргізуші­ 

лер  шаршайтын  емес.  Ал  жүк 

көліктері  бірінен  соң  бірі  келіп,  

дала  кемелерінің  бункерлерінен 

алтын дәнді құйып алып, қырман­ 

ға  жөнелтуде.  50  адамды  жұмыс­

пен  қамтып  отырған  шаруашы­

лық  жұмысшылары  жалақыларын 

уақтылы алып тұрады. Барлығына 

жағдай  жасалған.  Абай  ағамыз 

бен  ұлы  Қайрат  дала  жұмыстарын 

дөңгелетіп  жүрсе,  қожалық  иесінің 

жұбайы  Салиха  апамыз  есеп­қи­ 

сапты  өз  мойнына  алған,  бұдан  

бөлек тума­туыстары да қолдары­

нан келген көмегін аямауда.



Гүлжан АяЗБАЕВА,

Зеленов ауданы

тін  мектебінде  120  бала  оқиды. 

Педагогикалық  ұжымда  34  мұға­

лім  қызмет  етеді.  Сонымен  қатар 

Тасқала  аудандық  балалар  саз  

мектебі  мен  балалар­жасөспірім­

дер  спорт  мектебінің  филиалда­

ры  талапты  өрендерді  қанаттан­

дыруда. Ауылда 2011 жылы мешіт 

ашылған.  Мешіт  имамы  Мырза­

бай  Тілеуов  Алматы  қаласында 

медресе  бітірген.  Имам  ауылдағы 

тәрбиелік  іс­шараларға  белсене 

араласады.

Қазір  ауылдық  округте  таза 

ауыз су тарту мен мәдениет үйіне 

күрделі  жөндеу  жүргізу  жәйі  ғана 

өзекті  күйінде  тұр.  Дегенмен  іс­ 

ке  ұңғыт,  шаруаға  бекем  жан  көп 

екені  ауыл  тірлігінен  байқалады. 

Кәсіпкерлерден  ауылды  көркей­

туге  жанашыр  азаматтар  көптеп 

табылуда. Мәселен, Бауыржан Са­

қыпкереев  зиратты  қоршауға  160 

мың  теңге  берген.  Орал  қаласын­

да  тұратын  Амангелді  Ахменкеев 

туған жеріне балалар ойын алаңы 

мен  футбол  стадионын  салу  үшін 

1 миллион 500 мың теңге қаражат 

бөліп отыр.

Осындай  игілікті  істер  өрбіген 

ауыл еңсесі биік болары анық.



Ыбырайым ЫСҚАҚ,

Тасқала ауданы

Қанат  қағып  

бАРАмыз

Теректі ауданындағы Подстепный қазақ  

орта мектебінде бар-жоғы екі жылдай  

оқысам да, білікті ұстаздары мен білімді  

шәкірттерімен еңсесі биік білім ошағы мен  

үшін өте ыстық. 

Б

иылғы  ҰБТ­дан  жақсы  нә­

тижеге қол жеткізгеніміз де 

ұстаздарымыздың  арқасы.  Мек­ 

теп  директоры  Берік  Нығметов, 

мектеп  директорының  орынбаса­

ры  Марат  Сыхов  сынды  ұстаздар 

жауапкершілігімен,  еңбекқорлы­

ғымен,  талапшылдығымен  есіміз­ 

 де  қалады.  Одан  бөлек,  біз  үшін 

мың  күйген,  туған  баласындай  

жанымен  сүйген,  қатал  жүзін  қа­

шанда  мейірімі  жеңіп  шығатын, 

шәкіртін  айтқызбай  үнсіз  ұғатын  

сынып  жетекшіміз,  аяулы  анамыз 

Мәншүк  Жақсығалиқызы  Өтепқа­

лиеваға  деген  махаббатымыз  бә­ 

рінен  асқақ.  Күлімдеген  жүзі  жан­ 

ға  демеу,  жылы  сөзі  бойға  қуат  

сынып  жетекшімізді,  біз  тоздыр­ 

ған  мектеп  парталарын,  әр  оқу 

жылының  басында  қолымызға 

тиетін  жаңа  оқулықтардың  жұ­

пар  иісін,  таңнан  кешке  дейін  

шаңын  шығарып  жүретін  үйден 

мектепке  дейінгі  жолдарды    ке­ 

лешекте  сағынатын  болармыз.  

Ақлима  Құбаева,  Айнагүл  Жали­ 

това,  Гүлсім  Тұрғанова,  Қаламқас  

Тілеукенова  сынды  ұстаздары­

мыздың  қызықққа  толы  сабақта­ 

ры  санамыздан  ұмытылмасы  анық.  

Мектеппен қоштасу кеші ­ сынып­ 

тастарыңмен  мектеп  өмірінде  өте­ 

 тін соңғы кештердің бірі. Сондық­ 

тан  да  болар,  бір­бірімізді  қимай, 

ақ  жол  тілеп,  көзден  қимастықтың 

жасы  парлап,  қол  бұлғап  тарас­ 

тық. Бастысы, біз алтын ұямыздан 

білім  мен  тәрбиені  арқаланып 

аттандық. Ұстаздарым, сіздерге ал­ 

ғысымыз  шексіз.  Бізден  кейінгі 

шәкірттеріңіз  де  сіздердің  артқан 

үміттеріңізді ақтасын, ал біз қанат 

қағып барамыз...

Әсел САРСЕМАЛИЕВА, 

  Подстепный қазақ

орта мектебінің түлегі,

Теректі ауданы

Қаратөбедегі   

библиокеш

Қаратөбе аудандық мәдениет және демалыс 

саябағында Шөптікөл, Үшағаш, Соналы ауылдары 

кітапханашыларының ұйымдастыруымен ҚР 

Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік 

– қазағымның мақтаны, таусылмайтын аңызы мен 

дастаны» тақырыбында библиокеш өтті. 

О

қырмандар  білімін  артты­

ру,  жасөспірімдердің  бо­ 

йына  отаншылдық  сүйіспеншілік­ 

ті  қалыптастыру  мақсатында  ұйым­

дастырылған  шара  «Тәуелсіздік 

мұраты – Мәңгілік ел» атты бейне­ 

көрсетілімнен бастау алды. Шағын 

фильмдегі  «Алтын  адам»,  «Астана  

–  Бәйтерек»  монументі,  «Хан  ша­ 

тыр»,  Бейбітшілік  пен  келісім  са­

райының  бейнесі  көрермендерге 

ерекше  әсер  сыйлады.  Бұдан  соң 

кітап  көрмесі  өтіп,  туған  өлке    та­

рихы  мен  елге  еңбегі  сіңген  аза­

маттар  жөнінде  деректер  таныс­

тырылды.  Кеш  тәуелсіздік  туралы 

жалынды жырлармен аяқталды.



Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы  


жүктеу 2,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау