мұғалімі С.Е.Жабагинаға берілді, ол əдебиет саласындағы сұрақтарға жауап берді.
Үшінші орын география мен музыка бойынша ерекшеленген зейнеткер
М.Т.Ержановаға бұйырды. Шараны жергілікті көркемөнерпаздар əсем əнмен
сүйемелдеп отырды.
Антонов ауылдық кітапханасында өткізілген «Родной мой край, ты дорог мне и
мил!» кітапханалық көрсетілімі тартымды шаралардың бірі болды. Шараға байырғы
тұрғындар, тыңгерлер, ҰОС қатысушылар, еңбек ардагерлері жəне мектеп
оқушылары қатысты. Көрсетілім барысында кітапханашы Р.В.Низдоминова
көрменің əр бөлімін өзі ашып, Қостанай облысының басты оқиғалары мен көрмеге
қойылған кітаптарға қысқаша түсініктеме беріп отырды. Осыдан кейін осы оқиғаға
куə болғандар облыс пен Антонов ауылының құрылу тарихы туралы білгендерін
ортаға салды. Байырғы тұрғындар атынан ҰОС қатысушы Г.Е.Маслак, алғашқы
тыңгерлер Е.Н.Ковальский мен С.К.Баталова, ауыл шаруашылығының еңбек
сіңірген жұмысшысы В.Я.Яковлева, бұрынғы бас маман Б.Испамбетов, бұрынғы
медицина қызметкері А.Н.Харченко əңгімелеп берді. Жоғары сынып оқушылары
туған жер тақырыбына өлеңдер оқып, «Играй, гармонь!» телебағдарламасына
қатысушы П.В.Низдоминов «Кустанайский край» əнін орындап берді.
Приреченский ауылдық кітапханасының кітапханашысы МҮ қызметкерлерімен
бірге Наурыз мейрамына арналған мерекелік шар өткізді. Осы күні «Бауырсақ күні»
өткізілді. Бауырсақ – қонақжайлылық пен жомарттықтың ұлттық белгісі.
Кітапханашы ұлттық тағам «Наурыз көже» туралы айтып беріп, ұлттық салт-
дəстүрге арналған викторина өткізді. МҮ төрінде «Бауырсақ концерт»
ұйымдастырылып, оған қатысушылар «Құрметті бауырсақ», «Ең кішкентай
бауырсақ» жəне т.б. атаулар бойынша марапттауларға ие болды.
Антонов
ауылдық
кітапханасында «кітапханалық
казино» өткізілді.
Оқырмандарға «Слово о тенге» электронды көрсетілім ұсынылып, соңынан «В мире
денег» тақырыбымен кітапханалық казино ойыны өткізілді. Ойынға қатысушыларға
түрлі кітаптар: сөздіктер, анықтамалықтар, А. Толстой, Г.Х. Андерсен, П. Бажов, М.
Твен секілді авторлардың шығармалары көмекке келді. Мұндай ойын кітап оқуға
деген қызығушылықты тудыруға, өздігінен білімін жетілдіруге ықпал етті.
«Молодежь 21 века. Какая она?» пікірталасы Перелескин МҮ бірлесе өткізілді.
Шараны кітапханашы В.Н.Андриевская ашты. Ол пікірталасқа қатысушыларға
«Жастар немен шұғылданады, оларға не қымбат, олар үшін ең бастысы не?»,
«Заманға сай болу деген нені білдіреді, 21 ғасырдың жастары қандай болуы керек?»
деген тақырыптарды талқылауды ұсынды. Сұраққа жауап беру барысында балалар
замандастарының жағымды жəне жағымсыз жақтарын көрсете отырып олардың
портретін жасауға тырысты. Сыныптан тыс жұмыстар мұғалімі Г.Т.Жұрқабаеваның
«Сендердің ойларыңша жалпы адамзатқа тəн мейірбандық, адалдық, қайрымдылық,
адамгершілік секілді қасиеттер құнын жойды ма?» деген сұрағына жастардың
жауабы бір жерден шықты. Олар өздерінің қасында адал жəне қайырымды
адамдардың көбірек болғандарын қалайтындарын білдірді. Пікірталасқа қатысушы
«Сарыағаш» ЖШС механизаторы С.Мұхитдинов жастардың басқа құндылықты
ұстанатынын, олардың мінездері мен сөйлесу үлгісінің мүлдем басқа екендігін
айтты. Олар классиканы оқымайды, олар үшін адамгершілік деген ұғым түкке
тұрмайды. Жиналғандардың барлығы жастардың тағдырына қоғамның барлық
мүшесі жауапты деген қорытынды жасады.
«Лук от семи недуг» денсаулық сағаты «Солнечный» шипажайында демалып
жатқан зейнеткерлер үшін өткізілді. Жүргізушілер жуа туралы əңгіме қозғау үшін
демалушыларды шартты түрдегі ас үйге шақырып, оларға жуа туралы қызықты
оқиғаларды, оның емдік қасиеттерін айтып берді. Бұдан кейін олар үш тур мен
ақырғы ойыннан тұрған «Его величество – лук» ойынына қатысты.
«Білім күніне орайластырылып № 9 лицейдің оқушыларына арналған
«Любопытство. С него всё и начиналось» ойын-викторинасы өткізілді. Жүргізуші
болған АОК қызметкерлері оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен
құттықтап, «Любопытство. С него всё и начиналось» ойынына қатысуға шақырды.
Ойын үш турдан тұрды. Бірінші тур ең көп жетон жинаған 9 қатысушына анықтап
берді. Екінші турда балалар биология, əдебиет, география, математика, химия, орыс
тілі, информатика, экология пəндері бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.
Финалға техника, спорт, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі сұрақтарға
жауап берген үш қатысушы шықты. Ойынның жеңімпазы болып А.Литвиненко
танылды. Көрермендермен де ойын өткізіліп, оларға түрлі білім саласы бойынша 13
сұрақ қойылды. Олардың ішінен Д.Некрасов жеңімпаз болды. Балалар барлық
бағыт бойынша жақсы білім деңгейін көрсетті.
Некрасов ауылдық кітапханасында «На виражах армейской службы»
тақырыбымен жасөспірімдер мен жастарға арналған байқау-марафон өткізілді.
Марафон əскер қызметіне арналған ойын бағдарламасы мен байқаудан тұрды.
Кітапханашы Е.И.Чичулина жиналғандарға Отан қорғаушы күні, Қазақстан
Республикасы қарулы күштерінің құрылу тарихы, Ұлы Отан соғысы
қаһармандарының ерліктері, Əскери доктрина, Қазақстан армиясының алдында
тұрған міндеттер, Республикалық гвардия туралы айтып берді. Байқауға «Синие»
жəне «Зеленые» командалары қатысты. Əр байқаудағы жеңіс үшін жұлдызша
тапсырылып, ең көп жұлдызша жинаған команда жеңімпаз болып жрияланды.
«Известные казахские воины» байқауында кітапханашы қазақ əскерінің атақты
өкілдеріне берілген сипаттамадан үзінділер оқыса, қатысушылар батырлардың
есімдерін атаулары тиіс болды. «Переставь буквы» байқауында əріптердің
орындарын ауыстыру арқылы тақырыпқа сай келетін жаңа сөз шығару қажет болды.
«Командирский эрудит» байқауына «взводтардың» командирлері қатысты.
«Шифровка» байқауы зерек те тапқыр балаларға арналды. Оған командирлер
өздерінің командаларымен қатысты. Олар үш минут ішінде құпия хаттың мəтінін
оқып шығып, оның мəнін түсіндіріп берулері тиіс болды. Шара барлық ойынға
қатысушылардың көңілінен шықты. Барлық байқау театрлық көрініске ұқсас өтті –
кей байқаулардың күрделі болғанына қарамастан жастар өз жауаптарын қысылмай,
көңілді, құмарта жеткізе білді.
Некрасов ауылдық кітапханасында «Доброе слово и кошке приятно»
тақырыбымен өткізілген ойын бағдарламасы адамдардың көпшілік арасындағы
жəне бір-бірімен сөйлесу барысындағы əдебін қалыптастыруға арналды.
Кітапханашы шараның басында-ақ балаларды қайырымдылық, жомарттық туралы
сұхбатқа икемдеді. Оқылған өлеңді тыңдағаннан кейін балалар «Доброта» сөзінің не
білдіретінін жазып берді. Тағы бір өлең тыңдағаннан кейін олар адамдардың
қасиеттерін екі топқа бөлді. Бұдан кейін кітапханашы балаларға қайырымдылық
туралы айтқан атақты адамдардың сөздерін оқыды, ал олар өздеріне маңызды
дегендерін атап шықты. «Остров пословиц» байқауында əр команда сөздер мен сөз