Шығарма Қазақ тілінің мәртебесін арттыру біздің міндетіміз



жүктеу 15,43 Kb.
Дата16.01.2022
өлшемі15,43 Kb.
#32569
Шығарма Қазақ тілі


Шығарма

Қазақ тілінің мәртебесін арттыру - біздің міндетіміз

105-18 Досбол Жанар

 Қазақстан Республикасының тіл туралы 11-шілде 1997 жылғы заңының 4,7,9 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ата Заңымыздың елге әкелген көптеген өнегелерінің бірі мемлекет құрастырушы ұлт тілі - қазақ тілін мемлекеттік деңгейінде көтеруінде болып отыр. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Қазақ тілінің мәртебесін арттыру - біздің міндетіміз. Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі контитуциялық құқық белгілерінің бірі - мемлекеттік тіл. Менің елім - көп ұлтты Қазақстан. Қанша ұлттың баласы бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстанда ұлттар арасында татулық пен бірлік, ынтымақтастық пен достық орнағаны - бәріміз үшін мақтаныш. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты Жолдауында: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет» деген жолдауындағы сөздерін барша қазақстандық құптайды. Мен әлемдегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі - қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін. Тіліміз - бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы. Қазір Елбасымыз үш тілді білуді міндеттеп отыр. Болашақта бұл үлкен мәселе болмақ. Өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы кеңейеді. Сондықтан мен өз замандастарымды «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қ.Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын және бәріне:

Мейлі, сен көп тілді біл «қой» демес ем!

Пушкин, Байрон, Шекспир, Гейнеге сен.

 Бірақ сені қазақ деп айта алмаймын



Туған ана тіліңде сөйлемесең, - дегім келеді. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Бірақ өкінішке орай, осы уақытқа дейін мемлекетіміздің бүкіл салаларындағы жұмыстардың көпшілігі тек ресми тілде жүргізіліп отырылады. Сондықтан ең бастысы - өзіміз тілімізді құрметтеп сыйлауымыз керек, ана тіліне жай көңіл бөліп қана қоймай, онан әрі қарай жетілуіне заң жүзінде дамуына үлесімізді қосу және ана тілінде іс қағаздарын жүргізуді дамытуды қалыптастыруға күш салу қажет. Сот ісін жүргізу тілі сотқа берілген құжаттардың берілуіне қарай жүргізіледі, әрбір азамат істі өзінің ана тілінде, немесе өзі білетін басқа тілде жүргізуді талап етуге құқылы және өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау, іс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу және кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі, сол сияқты онымен қамтамасыз етіледі. Сіздер мен біздер, жергілікті ұлттың өкілдері - орыс тілінде сөйлейтін халықтарды қазақ мәдениетіне және халықтың дәстүрлеріне тарта білмейміз және оған тырыса да бермейміз. Оның үстіне тілдің қоғамдық тұрғыдан қажет етілмеуі, оның тіпті қазақтардың өздері арасындағы беделінің кемуіне әкеп соқты. Көптеген отбасылар, әсіресе қалалық жерде тұратындар орыс тілін сөйлейтін болып алды. Ана тілін тіпті тұрмыстық қарым-қатынаста да қолданудан қалды. Сөйтіп, атасы өзінің туған немересімен қазақ тілінде сөйлесе алмайтын жағдайға жеттік. Әлі де кеш емес, тілімізді сақтап қалу мына біздің, жастардың қолында. Ештен кеш жақсы. Әрбір адам қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейте алады.

Жаңалықты қазақша оқу;

Қазақша пост жазу;

Қазақша кино көру;

Қазақша амандасу;

Қазақша кітап оқу;

Қазақша сөйлейтіндерді мақтау;

Жер атауын қазақша жазу;

Қосымшаларды қазақшалау;

Күнделікті қазақша сторис жасау;

Қазақша пернетақта орнату;

Қазақша мерч кию;

Желіде ақпаратты қазақша сұрату;

Ақпаратты алдымен қазақша іздеу;

Кез келген жиында қазақша сөйлеу;

Баламен қазақша сөйлесу;

Қазақша сөзбен сөйлеу; (чай-шай)

Банкоматты қазақ тілінде пайдалану;

Қазақша пікір жазу;

Қазақша үйреніп жүрген адамды қолдау;

Желіде аты-жөніңізді қазақшалау;

Қазақша әндер тыңдау;

Оператормен қазақша сөйлесіп бастау;

Қазақша мәзір сұрату;

Тағы бір тілге тиек ететін жағдай қазақ тіліне Ісләм Жарылғап қосқан бірнеше сөз бар: юбилей-мерейтой, таблица-кесте, гонорар-қаламақы, аптека-дәріхана, пункт-тармақ, цитата-жүгінгі, справка-анықтама, культура-мәдениет, успеваемость-үлгерім, мороженое-балмұздақ. Бұл кісі қазақ тіліне бас аяғы 5000-дай сөз қосқан. Өмір бойы тіліміздің осылай шұбарланып, қорланып, ақыр аяғында түп-тамырымен жоқ болып кетпеуін қаласақ, бүгіннен бастап әрекетке көшейік. Қазақ тілі - ұлттың жолы. Мен ұлтымды, тілімді сүйемін. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Мен Досбол Жанар ана тіліммен мақтанамын және мемлекеттік тілімді құрметтеймін!
жүктеу 15,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау