Интерактивті тақта компьютердің пернетақтасын, мониторын және «тышқанды» пайдаланбауға мүмкіндік береді. Барлық қажетті әрекетті арнайы маркер немесе тіпті мониторды түрту арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл оқу бағдарламасын түсіндіру сапасына тікелей оң септігін тигізеді. SMART Board интерактивті тақтасымен бірге SMART Notebook бағдарламалық құрылғысы жүреді. Ол әр түрлі ақпаратты (мәтін, бейне, схема, кесте, белгі мен суреттер) қосатын жазбаларды құрастыруға жағдай жасайды.
Әрине, ең басты мультимедиа ретінде Интернет желісі туралы тоқталып өткен дұрыс. Себебі, жоғарыда айтылған барлық бағдарламалық құрылғылар дәл осы желі арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |