Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу



жүктеу 0,56 Mb.
бет3/3
Дата07.12.2017
өлшемі0,56 Mb.
#3352
түріАвтореферат
1   2   3

Қорытынды

Теориялық және эксперименттік зерттеуіміз алға қойылған ғылыми болжамды дәлелдейтін жалпы қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

1. Зерттеу жұмыстарындағы елжандылық ұғымының жан-жақты талдау жасалуы негізінде қазіргі таңда оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің ерекшеліктері қарастырылды. Бұл: оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуде білім беру мекемелерінің тарапынан өз деңгейінде көңіл бөлінбеуінің теріс салдары, яғни оқу үдерісіне тәрбиенің кірігіп кетуі; шындықты бейнелейтін тәрбие процесінің анық болмауы; тәрбие міндеттерін шешуде жанұя, мектепке дейінгі мекеме, мектеп, жоғары оқу орны, әскери қарулы күш, бұқаралық ақпарат құралдарының арасында байланыстың болмауы; интернет, бұқаралық ақпарат құралдарындағы сапасыз ақпараттардың кері әсерінің күшеюі; әлеуметтік катаклизмнің жанұяға кері әсер беруінен балаларды тәрбиелеуде және олардың әлеуметтенуінде жанұя рөлінің төмендеп кетуі; Отанды қорғау және әскери қарулы күштері мәселесіне халықтың бұрыс қатынасымен сипатталады.

Қазіргі қоғамда елжандылыққа тәрбиелеу мәселесінде алға жылжу бар: азаматтық және ұлттық сананың жаңаруы; елжандылық тәрбие берумен айналысатын қоғамдық ұйымдардың қайта өрлеуімен айқындалады.

2. Педагогикалық ғылымның бүкіл даму тарихында елжандылық тәрбие мәселесі өзектілігін жоймаған. Соңғы кездегі тәжірибелер көрсеткендей экономикалық, әлеуметтік, мәдени, білім беру міндеттерін шешуде әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруіне, региондардың өзін-өзі басқаруының өсуіне байланысты ата-баба мұралары негізінде оқытуға көңіл бөлінді. Ата-баба мұрасын дәріптеу жастардың ұлттық санасын қалыптастыруда оң баға береді, халқымыздың өткен тарихына талдау жасау қазіргі білім мен тәрбиедегі жетістіктерді бағалауға мүмкіндік туғызды.

3. Ағылшын тілі пәні арқылы елжандылыққа бағытталған тұлғаны қалыптастыру тұлғаға бағытталған тәсіл; оқытудың инновациялық формаларын қолдану (мысалы: іскер және рөлдік ойындар, диспут сабақ, экскурсия, мультимедиялық сабақтар); елжандылық және басқа да тәрбие бағыттарының бірлігі (мысалы: адамгершілік, эстетикалық, еңбек және т.б.); әрбір оқу-тәрбие іс-шарасының елжандылық тәрбиелік мәні; елжандылық тәрбиесіне этнопедагогика элементтерін кіргізгенде, региондардың ұлттық ерекшеліктерін ескергенде; оқушыларды өз бетінше шығармашылық іс-әрекетіне баулығанда; жұмыстың сабақ және сабақтан тыс формаларын үйлестіруде қолайлы жағдайлар туындаған кезде ғана тиімді болатыны анықталды.

4. Ағылшын тілі сабағында оқушыларға елжандылық тәрбие беру оқытудың дидактикалық принциптерін бұзбастан тіл материалының мазмұнын ұтымды түрде қолдану арқылы жүзеге асады. Бұл: қажет жағдайда оқулықтың мазмұны толықтырылып, түрлендіріліп немесе елжандылық мазмұнмен алмастырылып оқушылардың тіл ұстарту дағдылары қалыптасады; коммуникативтік тәсіл елжандылық тіл материалдарын меңгерумен байланыстыра отырып жүргізіледі; оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуды инновациялық формаларды қолдана жүргізу (іскер және рөлдік ойындар, диспут сабақ, экскурсия) негізінде болатыны айқындалды.

5. Мектепте ағылшын тілі пәнінен сабақтан тыс елжандылық бағыттағы ұйымдастырылған іс-шаралар оқушылардың ерік-жігерін шыңдап, туған еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік қасиетті дамытты, Отанды қорғауға даяр тұруға қажетті қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ ағылшын тілінен елжандылық тәрбие беру мақсатымен сабақтан тыс атқарылатын жұмыс түрлері оқушылардың өз бетінше ізденіп, келешекте де елжандылыққа бағытталған мағлұматтарды өздігінен оқып үйрену дағдыларын әдетке айналдыруына ықпал етті.

6. Оқушыларға ағылшын тілін оқыту арқылы елжандылық тәрбиесін беру бағытындағы мектептен тыс ұйымдастырылған жұмыс түрлері олардың алған елжандылық білімі мен тәрбиесін нақты іс-әрекеттерде қолданып, өмірмен тығыз байланыстыруына, сол арқылы білімі мен тәрбиесін одан әрі жетілдіруіне жол ашты.

7. Оқушылардың ағылшын тілін меңгеру арқылы елжандылыққа бағытталған материалдарды оқып үйренуі, олардың келешекте өз мамандығына сәйкес қажетті мағлұматтарды, ағылшын тілінде қиындықсыз қабылдай алуына мүмкіндіктер туғызды.

8. Ағылшын тілін оқытудың мазмұнына бағдарламада жоспарланған мәтіндермен ұштастырыла отырып ендірілген тіл материалдарымен жұмыс істеу барысында елжандылық тәрбиенің нәтижелі болуына ықпал ететін конференция, пікірсайыс, рөлдік ойындар, ХХІ ғасырдың көшбасшысы, токшоу сияқты оқытудың әдіс-тәсілдері және эксперименттік жұмыстар ұйымдастырылды. Сабақтан тыс ұйымдастырылған “English Club” жұмысында оқушылар сабақта алған елжандылыққа бағытталған тіл материалдарын пысықтап, нақты практикалық іс-әрекеттерге тартылды. Эксперимент нәтижесінде алынған оқушылардың елжандылық тәрбиелілік деңгейінің сандық және сапалық көрсеткіштері салыстырылып біз ұсынған жүйенің тиімділігіне көз жеткіздік.

Өзіне тән ерекшелігі бар ағылшын тілі пәні оқыту мен тәрбиелеуде үлкен мүмкіндіктерге ие болғандықтан, елжандылыққа бағытталған мол мағлұматтармен ұштастыру көп педагогикалық-ұйымдастырушылық нәтиже береді. Ана тілінде дер кезінде білмегенді шет тілі пәні арқылы танып-білуге болады, басқа мәдениетті сақтаушы ретінде ана тіліне және мәдениетіне баға жетпес көмек көрсете алады, себебі адамның алдында басқа әлем туралы түсінік ашылады да адамды екі қайтара адам екенін сездіреді, (человека делает дважды человеком) тәрбиенің құралы ретінде басқа халықтарға құрмет көрсетуді тиімді тәрбиелеуге мүмкікіндік туғызатыны анықталды.

9. Елжандылыққа бағытталған тұлғаны тәрбиелеудің ұсынылған моделі зерттеу барысында мақұлданды. Осы модель негізінде айқындалған тәрбие бағдарламасы бойынша атқарылған педагогикалық іс-шаралар оқушылардың елжандылық тәрбиелілік деңгейінің 15-18% көтерілгенін көрсетті.

Біздің зерттеуіміз, ғылыми педагогикалық әдебиеттерді, мектептердегі тәжірибе жұмыстарын талдауымыз негізінде шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу жұмысын жетілдіру үшін төмендегі ұсыныстарда беруге мүмкіндік туғызды:

- елжандылыққа тәрбиелеу сабақтарын құрастырған кезде оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытатын оқытудың инновациялық формаларын қолдану;

- елжандылыққа бағытталған тұлғаны тәрбиелеуде мақсаткерлікке бағытталған жұмыс жүргізу;

- елжандылыққа тәрбиелеуде пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің инновациялық тәжірибелерін, шығармашылық ізденістерін үнемі зерттеу;

- оқушылардың өз бетінше елжандылық бағытында жұмыс істеуін қалыптастыруға көңіл бөлу;

- шет тілі пәні мұғалімдері үшін елжандылық тәрбиесіне арналған әдістемелік, дидактикалық құралдарды дайындау;

- ағылшын тілі мұғалімдері үшін елжандылық бағыттағы сабақтарды өткізу технологиясы жайындағы тәжірибелер алмасу, ақпараттар беру, семинарлар өткізу;

- басқа да қоғамдық мекемелер мен ұйымдар, ата-аналарды бірлесе жұмыс істеуге жұмылдыруды қажет етеді.

Зерттеуде елжандылыққа бағытталған тұлғаны тәрбиелеуге қатысты барлық мәселелер қарастырылды деп айтуға болмайды. Елжандылық тәрбиенің өзектілігі әлі де болса жан-жақты педагогикалық ізденістерді қажет етеді. Келешек зерттеулердің қарастыратын мәселелері: елжандылыққа бағытталған тұлғаны тәрбиелеуде ағылшын тілі пәнінің бастауыш сыныптарындағы мүмкіндіктерін қарастыру; мектепте елжанды азамат тәрбиелеуде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіру.


Диссертация мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:
1 Ағылшын тілінің қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі орны. // «Қазіргі таңдағы ғылым мен білім» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция еңбектері. М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты. 4 том. - Шымкент, 2005. 128-130 беттер.

2 Шет тілін оқыту үрдісінде жеке тұлғалық бағыттылықты қалыптастырудың кейбір теориялық мәселелері. //«Қазақстан Республикасында шетел тілінде білім беру философиясы және тілдік саясат» П.Г.Козловтың 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Абылай Хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті. – Алматы, 2006. 226-229 беттер.

3 Инновациялық педагогикалық қызмет қазіргі басымдықтағы зерттеу нысаны. // «XXI ғасырда білім мен ғылымды ұштастырудың жолдары және білікті мамандар даярлау сапасын арттырудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция еңбектері. Қазақстан халықтар Достығы университеті. 2 том. Шымкент, 2006. 429-431 беттер (Е.О.Омармен бірлестікте).

4 Шет тілі сабағы арқылы отаншыл бағыттағы тұлғаны қалыптастыру. //«Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын жаңғырту» атты Орта Азия елдерінің II Түркістан интеграциялық форумы. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ. IV бөлім. – Түркістан, 2006. 283-285 беттер.

5 Жастарға отаншылдық тәрбие берудің кейбір өзекті мәселелері. //Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ хабаршысы. – Түркістан, 2006. №2, 257-260 беттер.

6 Қазіргі педагогикадағы «тұлға» ұғымы. //Бастауыш мектеп. – Алматы, 2007. №1, 17-19 беттер.

7 Мұғалімдердің кәсіптік қызметінде коммуникативтілікті қалыптастырудың кейбір жолдары. // Ұлт тағылымы. – Алматы, 2007. №1, 123-126 беттер.

8 Шет тілін оқыту арқылы қарым-қатынас жиілігіне тәрбиелеудің мәселелері. // Қазақстан мектебі. –Алматы, 2007. №3, 22-25 беттер.

9 Ағылшын тілін оқытудағы коммуникативтік тәсіл және тәрбие мәселесі. // Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ хабаршысы. – Түркістан, 2007. №3, 189-192 беттер.

10 Елжандылыққа бағытталған сабақ үлгілері және сабақтан тыс іс-шараларға арналған әдістемелік құрал. – Түркістан, А.Ясауи атындағы ХҚТУ. 2006. -30 б.

11 «English Club» (ағылшын тілі) үйірмесінің бағдарламасы. – Түркістан, А.Ясауи атындағы ХҚТУ. 2006. -7 б.

12 «Түркістанның көрнекті жерлері» әдістемелік нұсқау. – Түркістан, А.Ясауи атындағы ХҚТУ. 2008. -10 б.



РЕЗЮМЕ

Мутали Алия Кадыркызы

Патриотическое воспитание учащихся в процессе обучения иностранному языку

(на материале английского языка)


13.00.01 – общая педагогика, история педагогики и образования, этнопедагогика

Актуальность исследования: В настоящее время процесс становления нового Казахстана в современном мире предполагает развитие всех сфер общественной жизни, в том числе и сферы образования, в соответствии с требованиями мировых стандартов.

В многонациональном и многоконфессиональном Казахстане новые подходы к проблеме патриотического воспитания необходимо рассматривать в тесной взаимосвязи с государственной триединой языковой политикой.

В своем послании народу Казахстана от 28 февраля 2008 г. Президент Республики Казахстан Н.А.Назарбаев подчеркнул важность формирования патриотизма и изучения английского языка в воспитании личности. В этом документе отмечается: «Население Казахстана во всем мире должно восприниматься как высокообразованный народ, владеющий тремя языками. Это: казахский – государственный язык; русский – язык межнационального общения; английский – язык успешной интеграции в глобальную экономику»

Объект исследования: процесс воспитания патриотизма в общеобразовательной школе.

Предмет исследования: патриотическое воспитание учащихся в процессе обучения английскому языку.

Цель исследования: на основе определения теоретических основ патриотического воспитания учащихся общеобразовательных школ разработать методические рекомендации и апробировать их на практике.

Задачи исследования:


  • уточнить теоретические основы и раскрыть сущность патриотического воспитания учащихся;

  • определить современные факторы и возможности патриотического воспитания учащихся общеобразовательных школ в процессе изучения английского языка;

  • создать модель структурно-содержательного формирования патриотического воспитания учащихся школ в процессе изучения иностранного языка, выяснить её критерии, показатели и уровни.

  • разработать программу усовершенствования содержания патриотического воспитания, доказать её эффективность экспериментальным путем, сформулировать научно-методические рекомендации.

Методологическими основаниями и теоретическими основами являются теория познания, раскрывающая сущность и содержание общеобразовательного и воспитательного процессов, законы диалектического единства природы, общества и человека. На основе теорий деятельности, личности, ценностей, рассмотрены патриотические ценности личности.

К руководству были взяты: Конвенция по правам ребенка, Конституция РК, Закон РК «О знаниях», комплексная программа по воспитанию в образовательных учреждениях, государственная программа о патриотическом воспитании граждан РК, положения по патриотическому воспитанию учащихся школ РК.



Методы исследования: теоретический обзор философской, психологической, педагогической, художественной литературы, анализ научно-методических разработок в процессе изучения иностранного языка, использование передового педагогического опыта, проведение тестирования и анкетирования среди учащихся, систематизация, сравнение, анализ, обобщение опыта, приобретенного в процессе патриотического воспитания учащихся школ.

Источники исследования:

  • законы РК, нормативные акты, принципы воспитания учащихся, комплексные программы;

  • сочинения писателей, наследия мыслителей прошлого, казахской интеллегенции, философские, психолого-педагогические, исторические труды, диссертации, статьи, монографии ученых ближнего и дальнего зарубежья и Казахстана посвещенные патриотическому воспитанию учащихся школ;

  • разработка по патриотическому воспитанию в системе образования, бесценный воспитательный опыт педагогов-новаторов учебно-воспитательного процесса, педагогический опыт и разработки стажера- исследователя.

Итоги внедрения научно-исследовательской работы: основное содержание диссертации полностью отражены в статьях автора опубликованных в сборниках научных журналов и выступлениях на республиканских, международных научно-практических конференциях.

Область применения: полученные результаты можно использовать на специальных и профессиональных курсах по педагогике, в школах в процессе обучения иностранному языку.

Научная новизна и теоретическая значимость:

  • определены с научно-теоретической точки зрения сущность и роль в современной общественной жизни понятий: «национализм», «патриотизм», «казахстанский патриотизм», «национальный патриотизм»;

  • выявлены перспективы изучения иностранных языков в воспитании патриотизма учеников средних школ, определены их приоритеты;

  • сформировано модель патриотического воспитания учащихся школ в процессе изучения иностранных языков, выявлены её критерии, показатели и уровни;

  • разработана программа воспитания патриотизма у учащихся школ, доказана её эффективность экспериментальным путем, сделаны научно-методические рекомендации.

Практическая значимость исследования:

  • на основе конкретных принципов патриотического воспитания учащихся школ в процессе изучения иностранных языков, разработана программа «Достопримечательности Туркестана»;

  • внедрена в учебно-воспитательный процесс внеклассная программа «English Club» (кружок английского языка);

  • для учителей, стажирующихся в институте повышения квалификации предложены методические указания по патриотическому воспитанию учащихся в процессе изучения иностранных языков

Структура диссертации: работа состоит из введения, двух глав, заключения, списка использованных источников и приложении.

В введении изложены актуальность, объект, предмет, цель, задачи исследования, методологические основания, научная новизна и теоретическая сущность, практическая значимость, положения выдвигаемые на защиту.

В первой главе раскрываются теоретические основы воспитания учащихся в духе патриотизма в процессе изучения предметов гуманитарного характера, дан анализ истории патриотического воспитания учащихся, рассмотрены её научно-теоретические аспекты. Рассмотрены с теоретической точки зрения сущность, содержание, взаимосвязь понятий «национализм», «патриотизм», «казахстанский патриотизм», «национальный патриотизм», показана роль понятия «патриотизма» в современном обществе, дана новая точка зрения. Уточнены воспитательные особенности и перспективы иностранного языка в патриотическом воспитании учащихся школ.

Во второй главе раскрыты методы, формы, пути патриотического воспитания учащихся в процессе изучения английского языка. Ссылаясь на взаимосвязь мероприятий, связанных с патриотическим воспитанием учащихся школ, проводимых на занятиях и вне класса, отобран необходимый материал, руководствуясь основными принципами обучения английскому языку, рекомендованы образцы проведения занятий как внеклассная программа «English Club» (кружок английского языка). Сделан экспериментально-практический анализ работы.

В заключении изложены основные выводы исследования, даны научно-методические рекомендации.

В приложении предложены примерные планы проведения занятий и тематических вечеров.
Summary
Mutali Aliya Kadyrkyzy
Patriotic education of pupils in the process of teaching a foreign language

(on the basis of the English language)


13.00.01 – General Pedagogiсs, History of Pedagogics and Education, Ethnopedagogiсs

Actuality of the research: Nowadays the process of formation of new Kazakhstan in the modern world supposes developing all spheres of the social life, including the sphere of education in accordance with the requirements of world standards.

New approaches to the problem of patriotic education are obliged to consider in close connection with the state triune language policy in multinational and multiconfessional Kazakhstan.

President N.Nazarbayev emphasized the importance of formation of patriotism and the place of English in education of a personality in his epistle to the peoples of Kazakhstan (February 28th 2008) “The population of Kazakhstan must be perceived as a highly educated country in the whole world with a good command of three languages. They are Kazakh is the state language, Russian is the language of international communication and English is the language of successful integration into global economics” is mentioned in this epistle.

Object of the research: the process of patriotic education at comprehensive schools.

Subject of the research: patriotic education of pupils in the process of teaching English.

Purpose of the research: to devise methodical recommendations and their testing in practice on the basis of defining the essence of patriotic education at comprehensive schools.

Tasks of the research:

- to determine the theoretical basis and to reveal the essence of pupils’ patriotic education;

- to define the present factors and potentialities of patriotic education by means of teaching English;

- to create the model of content-structural formation for contemporary schoolchildren’s patriotic education in the process of learning a foreign language, to figure out its criteria, showings and levels;

- to work out the program of completing the content of patriotic education and to justify its effectiveness by means of experiment, to draw up the scientific-methodical recommendations.

Methodological fundamentals and theoretical basis are cognition which opens up the essence and content of comprehensive and education processes, the laws of dialectical unity of nature, society and man. On the basis of theories of activity, personality and significance, the patriotic values of a personality are regarded. The used manuals: Convention on children’s rights, Constitutions of the Republic of Kazakhstan, Law on “Knowledge”, the over-all program on education in educating institutions, state program on patriotic education of citizens of the Republic of Kazakhstan, theses on patriotic education of schoolchildren of the Republic of Kazakhstan.

Methods of the research: The theoretical survey of philosophical, psychological, pedagogical literature and fiction, the analysis of scientific-methodical working outs in the process of learning a foreign language, the use of advanced pedagogical experience, testing pupils and questionnaire, systematization, comparison, analysis and generalization of the experience obtained in the process of patriotic education at school.

Sources of the research:

- laws of the Republic of Kazakhstan, normative acts, education principles, over-all programs;

- works of writers, inherited knowledge from the thinkers of the past and Kazakh intelligence, philosophical, psyco-pedagogical and historical works, dissertations, articles, monographies of neighbouring and foreign scientists, scientists of Kazakhstan dedicated to the patriotic education of schoolchildren.

- working-outs on patriotic education in the system of education, invaluable educational experience of teachers-innovators of teaching-educational process and also the pedagogical experience and working-outs of a training researcher.



The results of introducing the scientific-research work: the main idea of the dissertation is completely given in the articles of the author published in the collections of speeches at republic, international, scientific-practical conferences and in scientific journals.

The field of application: the results can be used in special and professional courses on Pedagogics, at schools in the process of teaching a foreign language.

Scientific newness and theoretical significance:

- from the scientific-theoretical point of view the essence and the role of the concept “patriotism” in contemporary society on the basis of the concepts “nationalism”, “Kazakhstani patriotism”, “national patriotism” have been defined;

- the potentialities and perspectives of a foreign language in education of patriotism of schoolchildren have been identified;

- the model of patriotic education in the process of learning a foreign language has been created and its criteria, showings and levels have been defined;

- the program of patriotic education for pupils has been worked out and its effectiveness by means of experiment has been justified, the scientific-methodical recommendations have been drawn up.

Practical significance of the research:

- on the basis of concrete principles of schoolchildren in the process of learning foreign languages methodical recommendation “The sights of Turkistan” has been worked out;

- the program “English Club” has been put into practice;

- methodical references on patriotic education in the process of teaching foreign languages have been proposed to teachers at institutions of improving qualifications.



Structure of the dissertation: It consists of introduction, two chapters, conclusive part, a list of used literature and appendix.

In introductive part the actuality, object, subject, purpose and tasks of the research, methodological foundations, the scientific newness theoretical essence, practical significance, theses are contained for the defence of the dissertation.

The first chapter regards theoretical basis of schoolchildren’s education in the spirit of patriotism in the process of learning humanities. The analysis of the history of patriotic education is exposed and its scientific-theoretical aspects are investigated. From the theoretical point of view the essence, the content, the interconnection of such notions as “nationalism”, “patriotism”, “Kazakhstani patriotism”, “national patriotism’ are regarded. The role of such a notion as “patriotism” in contemporary society is displayed, a new point of view is given. Educational peculiarities and perspectives of a foreign language for schoolchildren’s patriotic education are elaborated.

The second chapter regards the methodology of patriotic education at schools in the process of learning English; methods, forms, ways of patriotic education of schoolchildren are displayed. Referring to the interrelation of activities connected with the patriotic education of schoolchildren in and outside the class with the needed materials and guided by the main principles of teaching English. The sample classes and leisure-time program as “English Club” are recommended. The experimental-practical analysis of work is fulfilled.

In conclusive part the principal conclusions of research are committed, besides the scientific-methodical recommendations are given.

Appendix contains sample plans of conducted classes and subject parties.




жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау