96
- виртуалды зертханалық жұмыстарды тиімді пайдалануға деген
қызығушылықтары;
- оқу материалдарын зерделеуде өз бетімен қажет ақпараттарды
жинастыруда, әртүрлі тәсілдерді қолдана алуға құндылық ретінде
жауапкершілікпен қарауы арқылы сипатталады.
Білім алушылардың виртуалды зертханалық жұмыс арқылы биологиялық
нысандарды тиімді пайдаланудағы оқу білікті игеруінің когнитивті өлшемдері
білім алушылардың оқу материалын есте сақтау қабiлетiне, яғни, олардың
естерiнде сақталған материалдардың көлемiне байланысты оқу материалдары
мазмұнының мақсатын, міндеттерін, формалары мен құралдарын ажыратумен
анықталды. Зерттеу барысында виртуалды зертхананы тиімді пайдаланудың
когнитивті өлшемдерін анықтамас бұрын жалпы білім мазмұнының бір бөлігі
ретінде білім алушылардың биологиялық білімдері диагностикаланды.
Мысалы, тәжірибелік жұмыстарды «Кокцидиоздардың диагностикасының
зертханалық әдістерін меңгеру» және «Фюллеборн әдісі», мұнда алдымен білім
алушыларға «кокцидиоз», «Фюллеборн әдісі» ұғымдары бойынша теориялық
біліктерді қалыптастырудағы амалдық-әрекеттік өлшем білікті практикада
қолданудағы толықтығы, өзара байланысы көрсеткіштерімен сипатталады.
Айқындау эксперименті кезеңінде білікті практикада қолданудағы толықтығы,
өзара байланысы көрсеткіштері диагностикаланды, ал нәтижелігі көрсеткішіне
диагностика жасалынбады, себебі, уақыт көлемінің аздығы мен тапсырманың
тест сұрақтары арқылы берілуіне байланысты болды. Тест сұрақтарының
соңында білім алушыларға паразитология ғылымының зерттелуі мәселелеріне
баға беру тапсырмалары берілді. Оның нәтижелерін диагностикалау
көрсеткіштеріне сүйенсек паразитология ғылымының зерттелуі мәселелеріне
толық сипаттама бере алған да, ал паразиттердің үнемі немесе уақытша
тіршілік ортасы ретінде қолданылатын және қорек көзі болып табылатын ағза
екендігін және споралылардың паразиттік тіршілік етуіне байланысты ерекше
белгілерін сипаттауда білім алушылардың білім деңгейлерінің төмен
екендіктері байқалды.
Зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе, айқындау экспериментінің
нәтижесінде оқу іс-әрекетінде білім алушылардың биологиялық білімдерінің
қалыптасу жағдайы айқындалды:
- диагностика көрсеткендей көптеген білім алушылардың кеміргіштердің
саркоспородия түрлері туралы
білімді толық меңгеріп, виртуалды зертханалық
жұмыстарды пайдалануға деген қызығушылықтары, оның қаншалықты қажет
екендігіне жауапкершілікпен қарау сезімдері толық қалыптаспаған;
- оқу материалдарында кокцидиоздарға диагностика жасау білім қорының
аздығы, олардың жүйесіз берілуі айқындалды, оны ары қарай кеңейтіп,
тереңдетіп беруге базалық зоологиялық білім мазмұны негіз болатындығы
анықталды;
- оқу материалдарында білім алушылардың іс-әрекетін көрсететін
тапсырмалардың
аздығы,
олардың
бір-бірімен
байланысы
немесе
сабақтастығының жүйесіз берілуі айқындалды;