92
шығармашылық деңгейде игерген, жартылай игерген, игере алмаған)
қолданылды.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, биологиялық біліктерін
қалыптастырудың басты ерекшеліктері мынадай сипатта болады:
- модульдік оқыту жаңа оқу материалдарын өз бетімен игеру мен соған
сәйкес іс-әрекеттерді меңгерудегі білім алушылардың әрекеттерін жүзеге
асырады. Сөйтіп, биологиялық білімнің толықтығын, жүйелігін, бір-бірімен
байланыстылығын қамтамасыз етеді, виртуалдық зертхана арқылы табиғи
ортаны пайдалануда биологиялық дәлелдерге негізделген логикалық-
теориялық ойды қалыптастырады;
- биология сабағында виртуалды зертханаларды ендіру білім
алушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастырудың тиімді құралы
болып саналады, мұнда білім алушылардың шығармашылықпен ойлау
қабілеттері қалыптасады;
- танымдық және зерттеушілік біліктерді қалыптастырудың когнитивтік
және операциялық-әрекеттік компоненттері арасында өзара байланыс орнайды.
Алған білімдерін практикамен байланыстыру тек теориялық қорытынды жасау
үшін емес, жаңа білім алу мен біліктерді меңгерудің көзі ретінде
қызмет етеді;
- оқытушы білім алушылардың өз бетімен жұмыс жасауына жағдай
жасайтын оқытудың неғұрлым тиімді әдіс-түрлерін қолданады. Бұл жерде
оқытушы биологиялық біліктерді меңгерудегі білім алушылардың өз бетімен
жұмысты орындауын ұйымдастырады;
- тұлғалық іс-әрекеттік тәсіл проблемалық оқыту элементтеріне
байланысты әр білім алушылардың қабылдауын ескере келе, түрлі деңгейдегі
тапсырмалардың берілуімен анықталады;
- оқыту үдерісінде білім алушылардың биологиялық біліктерін
қалыптастыру динамикасы шығармашылық
әрекеттермен сипатталады;
- білім алушылардың қоршаған табиғи ортаны қорғауға деген
қызығушылықтары олардың ізденімпаздық іс-әрекеттерін белсендіруге жағдай
жасайды.
Бұдан шығатын тұжырым виртуалды зертхананың артықшылығын атап
өте отырып, оны «негізгі назарды зерттелетін теорияның әдістері мен алынатын
қорытындылардың сараптамасына бөлуге мүмкіндік беретін» құрал болып
табылатынын айтуға болады:
- оқу үдерісінде оқытушыны алмастырмайтын, студенттің білім алу
қарқынын және өздігінен оқу мен өзін-өзі қадағалау элементтерімен білім алу
жолын таңдау еркіндігін қамтамасыз ете отырып, оқудың тиімді құралы ретінде
пайдаланылатынын;
- өзінің құрамына компьютердің мүмкіндіктері бар жақсы оқулықтың
құндылығын біріктіретінін, бұл ақпараттың ауқымды көлемін сақтауды,
көрнекілігін, мәтіндік, сызбалық, аудио және бейне ақпараттарды сақтау
мүмкіндігін қамтамасыз ететінін атап өтуге мүмкіндік береді.
Ұсынылып отырған биология пәні бойынша виртуалдық зертханалық
жұмыстарды құру болашақ мамандарды биологиялық пәндер бойынша