71
арналған эксперимент жасау кезінде ықтимал аралық иені таңдауда
пайдалануға болады.
Осы аталған зерттеу жұмыстарының орындалу жолдары мен нәтижелері
бойынша жасалған виртуалды зертхана жұмыстары бойынша материалдарға
жұмысымыздың келесі бөлімдерінде толық тоқталатын боламыз. Зерттеу
нәтижелері бойынша мәліметтер алғаш рет біз ұсынып отырған
«Кеміргіштердің саркоспоридиялары» тақырыбында виртуалды оқу-танымдық
зертханасының электрондық әдістемелік нұсқаулығына ендірілді.
Болашақ биолог мұғалімдер мұндай зерттеу мәліметтері нәтижесінде,
кеміргіштердің саркоспоридияларының тіршілік ерекшеліктері туралы жаңа
материалдармен ғылыми-теориялық білімін толықтырумен қатар, олар болжам
жасау, шешім қабылдап, оның себеп-салдарын анықтау біліктерін меңгереді.
Биология ғылымындағы жаңалықтарды жүйелі түрде оқыту студенттердің
жалпы биоалуантүрлілік және олардан қорғанудың алдын алу туралы
көзқарастарын
қалыптастырады,
жеңілдетеді
және
кеміргіштердің
саркоспоридиялары туралы білімін терең меңгеруіне мүмкіндік береді.
«Кеміргіштердің саркоспоридиялары» тақырыбында виртуалды оқу-танымдық
зертханасының электрондық әдістемелік нұсқаулығын ұсынудың қажеттілігі,
білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың
әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды
талап етеді. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа
жолдауындағы «Оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды білім беру
саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген міндеттер қойған
болатын. Осы аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін біз, Қазақстан
Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық
технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті
әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру дегенді негізге алдық [102].
Осы бағытта қазіргі кезде ғылымның қарқындап дамуына байланысты
әрбір ғылым негізінің мазмұны кеңейіп, тереңдеп, сәйкесінше, оларды
оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдері де пайда болуда. Сол себепті әр пәнді оқыту
әдістемесі жеке
ғылым саласы болып қалыптасып, ірге тасы қалануда.
Солардың бірі, компьютерлік білім беру саласындағы шынайы әлем
нысандараның тәртібін үлгілеуге көмектесетін және студенттерге өздігінен
жаңа білім мен іскерліктерді игеруге көмектесетін виртуалды зертханалар
педагогтардың назарын аударып отыр.
Осылайша, осы заманғы білім жағдайындағы виртуалды үдеріс оны жаңа,
виртуалды компьютерлік технологиялар деңгейге шығара отырып, дәстүрлі
білім берудің бай педагогикалық әлеуетін пайдалануға бағытталған. Бұдан
басқа, виртуалды ақпараттық-оқыту зертханалары жағдайында оқу үлгілері
арқылы білімнің жаңа салаларын зерттеуде болашақ мамандардың қоршаған
орта құбылыстарын танып-білуде өздігінен жұмыс істеу қабілеті артады, өмір
сүру барысында туындайтын міндеттерді шешу жолдарын өздігінен табу
мүмкіндігі қалыптасады, алынған білімді тәжірибе жүзінде пайдалануға
даярлығы артады. Ендеше, болашақ мамандардың өздігінен жұмыс істеуіне