46
элективті
курсы
оқу
бағдарламасы
мазмұнындағы
«Кеміргіштердің
саркоспоридиялары» тақырыбында виртуалды оқу-танымдық зертханалық
жұмысты орындауда күрделі биологиялық үдерістерге бақылау жасалынады.
Сонымен компьютерлік білім беру саласындағы шынайы әлем нысандарын
үлгілеуге көмектесетін және білім алушыларға өз бетімен жаңа білім, білік,
дағды және оқу іс-әрекеттерін игеруге жәрдемдесетін виртуалды зертханалар
оқу, оқу-әдістемелік, тәжірибелік, анықтамалық, оқу-бақылау және бақылау-
тестілеу материалдарын құрайтын кіріктірілген ақпараттық орта болып
табылады. Ал биологиядан виртуалды зертхана – ол математикалық
модельдерді құрудың кең мүмкіндіктері мен көптеген виртуалды құрылғылары
бар бір бағдарламалық-есептеу кешені болып табылатын әр түрлі биологиялық
құбылыстар мен үдерістерді зерттеу аппараты.
Осылайша, осы заманғы орта білім жағдайында виртуалды компьютерлік
технологиялар оқыту үдерісін жаңа деңгейге шығара отырып, дәстүрлі білім
берудің бай педагогикалық әлеуетін пайдалануға бағытталған. Виртуалды
зертханалық жұмыстар арқылы тәжірибе жүргізу білім алушылардың қоршаған
орта құбылыстарын танып-білуде өздігінен жұмыс істеу қабілеті арттырады,
өмірлік жағдаяттарда туындайтын міндеттерді шешу жолдарын өздігінен табу
мүмкіндігі қалыптастырады, алған білімдерін күнделікті тұрмыста пайдалануға
даярлықтарын арттырады. Олай болса, оқу үдерісінде білім алушылардың
өздігінен жұмыс істеуіне септігін тигізетін виртуалды зертханалық
жұмыстарды қолдану электронды білім беру стратегиясының ажырамас бөлігі
болып табылады.
Бірінші бөлім бойынша тұжырым
«Болашақ биолог мұғалімдерді даярлауда виртуалды зертханалық
жұмыстарды құру мен қолданудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда
биологиялық білім берудегі инновациялық үдерістердің теориялық-әдістемелік
негіздері анықталды.
Анықталған теориялық-әдістемелік негіздерге сәйкес болашақ биолог
мұғалімдерді даярлаудағы виртуалды зертханалық жұмыстардың маңызына
сипаттама берілді. Болашақ биолог мұғалімдерді даярлаудағы виртуалды
зертханалық жұмыстар білім алушылардың биологиялық дайындық деңгейін
арттырады және алған білімдерін болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде қолдана алу
біліктерін қалыптастырады.
Сонымен қатар биологияны оқытуда виртуалды зертханалық жұмыстарды
құрудың өлшемдері айқындалды. Виртуалды зертханалық жұмыстарды
құрудың өлшемдері биология мамандығы бойынша білім алушылардың білім
сапасы деңгейін анықтауға бағытталған.