36
5 - кестенің жалғасы
1
2
нысандар
мен
құбылыстарды
модельдеу мүмкіндігі;
4) интернет желісін пайдалана отырып,
тапсырманы қашықтықтан орындау
мүмкіндігі;
5) білім алушылардың ақпараттармен
жұмыс
жасау
біліктерін
қалыптастырып,
коммуникативтік
қабілеттерін дамытады;
6) оқу материалдарын жоғары шекті
(max) көлемде меңгереді;
7) білім алушылардың зерттеушілік
және өз бетімен оңтайлы шешім
қабылдау біліктерін қалыптастырады;
8)
қысқа
уақыт
аралығында
зерделенетін оқу материалдарының
көлемі ұлғаяды;
9)
оқу
материалдарының
түрлі
түстермен берілуі, дыбысталуы және
қозғалысы
оның
көрнекілігін
арттырады, т.б.
дағдыларының болмауы.
Оқу орындарында «табиғи» зертханалардың болмауы жағдайында
виртуалды зертханалық жұмыстардың жоғарыда келтірілген теріс жақтарының
маңызы шамалы, керісінше білім алушылар көрнекілік арқылы болса да
тәжірибені жүргізу құрал-жабдықтарымен танысып, оның ретін білетін болады.
Компьютерлік модельдер күрделі тәжірибелерді көрнекі-иллюстрация түрінде
бере отырып, шынайы тәжірибе кезінде алуға қиындық туғызатын ең бір көзге
ілінгісіз бөліктеріне дейін көрсете алады.
Виртуалды зертханалық жұмыстардың ең басты қасиеті білім алушылар
тәжірибені бірнеше рет қайталап жасай алады, ол өз кезегінде оқу
материалдарын берік әрі терең меңгеруге әсер етеді. Заманауи білім беру
жағдайындағы виртуалды үрдіс оны компьютерлік технологиялар деңгейіне
шығара отырып, дәстүрлі білім берудің бай педагогикалық әлеуетін
пайдалануға бағытталған. Виртуалды зертханалық жұмыстарда берілетін оқу
модельдері арқылы оқу материалдарын зерделеуде білім алушылардың
қоршаған орта құбылыстарын танып-білуде өздігінен жұмыс істеу қабілеті
артады, өмірлік жағдаяттарда туындайтын мәселелерді шешу жолдарын
өздігінен табу мүмкіндіктері қалыптасады, алынған білімді тәжірибе жүзінде
пайдалануға даярлығы артады. Сондықтан білім алушылардың өздігінен жұмыс
37
істеуіне септігін тигізетін виртуалды зертханаларды пайдалану электронды
білім беретін компьютерлік өнімді оқу үдерісіне ендіру стратегиясының
ажырамас бөлігі болып табылады. Осыған орай білім сапасын арттыру
мақсатында қазақ тіліндегі виртуалды зертханалық жұмыс кешендері мен
интерактивті оқыту құралдарын көбейту және Қазақстандық сайттарда қазақша
мәліметтер қорын толықтыру білім алушыларға электронды оқыту жүйесі
арқылы білім алуына зор мүмкіндік береді.
1.3 Биологияны оқытуда виртуалды зертханалық жұмыстардың
құрылымдық мазмұндық үлгісі
Жоғары оқу орындарында заманауи білім беру технологияларын
дамытудың маңызды бағыттарының бірі қашықтықтан оқыту жүйесін дайындау
және оны ашық білім беру стандарттары негізінде оқу үдерісіне ендіру болып
табылады. Бұл технологияларды тиімді жүзеге асыру үшін ең бастысы
ақпараттық білім беру ортасын (электронды кітапханалар, қашықтықтан оқыту
жүйесі және тренингтер, тестілеудің корпоративтік жүйесі және т.б.) құру
қажет. Бүгінгі таңда осы біртұтас ақпараттық-білім беру ортасының ажырамас
элементі виртуалды зертханалық жұмыстар болып отыр. Жоғарыда 5-кестеде
келтірілген Virtual Lab виртуалды бағдарламалары дүниежүзілік виртуалды
зертханалық жұмыстардың Интернет желідегі қолжетімді ресурстары.
Виртуалды зертхана әдістемелік материалдарды әзірлеуге кететін уақытты
айтарлықтай қысқартуға және негізгі назарды зерттелетін теориялық оқу
материалдары мен тәжірибелік жұмыс нәтижесін нақты әрі толық
қорытындылауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады. Виртуалды
зертхана жағдайында зертханалық жұмыстарды орындаусыз оларды өздігінен
жинау, олардың параметрлерін есептеу және үдерістерді қадағалау мүмкіндігі;
жүргізілетін тәжірибелердің толық қауіпсіздігі мен аудиториядағы ауаның
тазалығын қамтамасыз ету; тәжірибелерді өздігінен істеу мүмкіндігі, бұл білім
алушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін, олардың конструкторлық
қабілеттілігі мен техникалық тапқырлығын арттырады; сабақ үстінде
виртуалды зертханалық жұмыстарды орындау теориялық және тәжірибелік
сабақтардың арасындағы уақыт тосқауылын жояды, бұл оқытудың тиімділігі
мен сапасына әсер етеді, білім алушылардың өздігінен танымдық қызметпен
айналысуын белсендіреді; виртуалды зертхана белгілі бір әдістемелік
негізделген жағдайларда нақты зертханалық құрылғыларға қосымша ретінде
пайдалануға мүмкіндік беретін зерттеу сипатындағы тәжірибелер жүргізуде кең
мүмкіндіктерді ұсынады; компьютердегі зертхана білім алушылардың
стандарттан тыс және проблемалық жағдайларды шешуде субъективті
тәжірибесін қамтамасыз етеді [53].
Виртуалды зертханалық жұмыс барысында білім алушының өзі жасаған
виртуалды құрылғыда тәжірибе жасап, талап етіліп отырған тапсырмаларды
орындауы, нәтижесін компьютерлік тексеруден өткізуі виртуалды зертханалық
білім беруді кешенді түрде пайдаланудың типтік үлгісі болып табылады.
Виртуалды зертханалардың негізгі құндылығы оның мазмұндылығында, ал
38
бояу түстері, жылдам жүктелуі мен виртуалды тәжірибелердің сенімділігі білім
алу мен игерудің қосымша элементтері ғана. Виртуалды зертханалар «бос
үстел» секілді, оған білім алушылар арнайы құралдардың көмегімен
зертханалық нысандарын жасай алады, оларды бір-біріне қатысты қажетті
түрде орналастырады, нысандар арасында байланыстар орнатып, олардың
бастапқы мәнін қояды. Негізінен виртуалды зертханалар бір зертханалық
модуль негізінде әр түрлі интерактивті модельдер жасауға мүмкіндік береді.
Құрастырылатын виртуалды зертханалық жұмыстар шынайы зертханалық
жабдыққа нақты қол жеткізуі тиіс. Ол үшін кіріктірілген виртуалды
зертханалық практикумдарды құрудың міндеттерін келесі 4-суретте беріп
отырмыз.
Сурет 4 – Виртуалды зертханалық практикумдарды құрудың міндеттері
Бұл міндеттерді жүзеге асыру біздің жағдайымызда «Омыртқасыздар
зоологиясы» элективті курсы бойынша кеміргіштердің саркоспоридиялары
түрлерінің дамуын, биологиялық ерекшеліктерін зерттеудің виртуалды
зертханалық жұмыстар Virtual Lab жобасына сәйкес Adobe Shockwave Player
бағдарламасы бойынша дайындалды.
Биологиялық білім беруге тән сипат білім алушыларды кәсіби дайындауда
оқу жоспарында зертханалық практикумдарға сағат көлемінің көп бөлінуі.
Виртуалды зертханалық жұмыстарды оқу үдерісінде қолдану біріншіден, білім
алушыларға құрал жабдықтармен және оған қажетті материалдармен тәжірибе
жүргізуге, тәжірибе жүргізудегі практикалық дағдыларын қалыптастыруға және
Кі
рік
тіріл
ген вир
ту
алды
зер
тх
аналық
прак
тик
умдар
ды
құр
удың
мін
детте
рі
виртуалды зертханалық жұмыстарды
дайындау дайындалуы тиіс
виртуалды зертханалық жұмыстарды
жүргізу үшін оны аппараттық-
бағдарламалық қамтамасыз етілуі
тиіс
виртуалды зертханалық жұмыстарды
нақты зертханалық құрал-
жабдықтармен кіріктіру керек
Достарыңызбен бөлісу: |