ҚР СНТК 8.07-06-2015
1
АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ МОНОЛИТТІК БЕТОН ЖАБЫНЫНЫҢ
АСТЫНА МАТА ЕМЕС СИНТЕТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАН
(ГЕОКОМПОЗИТТАН) ҚАБАТШАЛАР ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ
АРНАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
Енгізілген күні 2015-10-19
1 Жалпы ережелер
1.1 Автомобиль жолдарының монолиттік бетон жабынының астына мата емес
синтетикалық материалдан (геокомпозиттан) қабатшалар төсеу жұмыстарын жүргізуге
арналған технологиялық картасы Қазақстан Республикасының құрылыс объектілерінде
қолдануға арналған қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттардың (НТҚ) жəне
техникалық нормативтік құқықтық актілердің (ТНҚА) талаптарына сəйкес əзірленді.
1.2 Автомобиль жолдарының монолиттік бетон жабынының астына мата емес
синтетикалық материалдан (геокомпозиттен) жасалған қабат төсеу жұмыстарын
жүргізудің технологиялық картасы құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру, олардың
технологиялары жəне оларды механикаландыру жөніндегі ұтымды шешімдермен
құрылысты қамтамасыз етуге арналған.
1.3 Осы технологиялық картада автомобиль жолдарын салу кезінде гидрооқшаулау
жəне монолиттік бетон жабынының негізбен ілінісін үзу функцияларын орындайтын
геотекстильдік мата емес синтетикалық материалдан (геокомпозиттен) жасалған қабатты
төсеу қарастырылады.
1.4 Технологиялық карта мынадай бөлімдерді қамтиды:
- қолданылу саласы;
- нормативтік сілтемелер;
- қолданылатын негізгі материалдардың сипаттамалары;
- жұмыс жүргізуді ұйымдастыру жəне оның технологиясы;
- материалдық-техникалық ресурстарға қажеттілік;
- жұмыс сапасына қойылатын талаптар;
- қауіпсіздік техникасы жəне еңбекті қорғау;
- еңбек шығындарының калькуляциясы.
1.5 Технологиялық картадағы еңбек режимі еңбекті бөлу, жетілдірілген құралдар
мен мүкəммалды қолдану ескеріле отырып, жұмыс орнын ұтымды ұйымдастыру, бригада
жұмысшыларының арасында міндеттерді нақты бөлу кезінде еңбек процестерін
атқарудың оңтайлы шарттары негізге алынып қабылданды.
2 Қолданылу саласы
2.1 Автомобиль жолдарының монолиттік бетон жабынының астына мата емес
синтетикалық материалдан (геокомпозиттен) жасалған қабат төсеу жұмыстарын орындау
кезінде ҚР СТ 1053-2011, ҚР ҚНжҚ 1.03-05, ҚР ҚН 1.03-00, ҚР ҚНжҚ 2.04-10, ҚР ҚНжҚ
3.03-09-2006*, ҚР СТ ИСО 10318, МЕМСТ Р 55029 басшылыққа алу жəне оны қолдануды
регламенттейтін жобалық-сметалық құжаттаманың талаптарын сақтау қажет.
2.2 Осы технологиялық картада жұмыстарды жүргізудің төмендегі шарттарын
сақтай отырып, қиыршық тасты-құмды-цемент қоспасынан (ҚҚЦҚ) құралған негіздің
жоғарғы қабаты бойынша монолиттік бетон жабынының астына геокомпозиттен жасалған
қабатты төсеу қарастырылады:
- геотекстильдік материалдан жасалған қабатты төсеу кезінде қоршаған ауаның
температурасы автомобиль жолдарының монолиттік бетон жабынын төсеу кезінде жол
берілетін шектерде болуға тиіс;
ҚР СНТК 8.07-06-2015
2
- бума-орамдарды домалатып жазу кезінде оның теңдігін, қатпарының болмауын
бақылау қажет;
- жаймада үзіктердің болмауы жəне геокомпозитті бекіту элементтерімен жер
төсеміне бекіткіштердің болуы;
- геокомпозит жаймасының жоғарғы қабатын жылжыту кезінде қатпарлардың пайда
болуына жəне материалдың жыртылуына жол бермеу;
- төсердің алдында геокомпозит бума-орамдарының бетінде тереңдігі 5 см асатын
сораптар, шұңқырлар жəне басқа да бұдырлар болмауға тиіс;
- объектіге төсегеннен кейін геокомпозиттің жаймасы бір ауысымның ішінде жоғары
жататын қабаттарымен жабылуға тиіс.
2.3 Геокомпозиттен жасалған қабаттарды қолдану олардың мынадай функцияларды
орындау мүмкіндігімен анықталады:
- арматуралау (көлік құралдарынан жəне өз салмағынан болатын жүктеменің əсері
кезінде туындайтын топырақ массивіндегі, жол төсемесіндегі күштердің ГМ қайта бөлу
нəтижесінде жол конструкцияларын күшейту);
- қорғау (топырақ эррозиясы процесін болдырмау немесе кідірту, байланысатын
қабаттар материалдарының өзара кірігуін болдырмау);
- құрғату (судың кебуін жеделдету, оның ішінде сүзгі ретіндегі «жұмыс»);
- гидрооқшаулау (жер төсемі жұмыс қабатының топырағына су ағынын азайту)
немесе гидрооқшаулау немесе қорғау (топыраққа су ағынын азайтумен бір мезгілде
топырақ эррозиясы процесін болдырмау немесе оны кідірту).
2.4 Геокомпозиттен жасалған қабаттарды төсеу жөніндегі жұмыстар мынадай
технологиялық дəйектілікпен орындалады:
а ) дайындық жұмыстары;
б) негізгі жұмыстар:
- геокомпозиттен жасалған қабаттарды төсеу;
в) қосымша жұмыстар;
г) ақырғы жұмыстар.
2.5 Монолиттік бетон жабынының астына геокомпозиттен жасалған қабаттарды
төсеу жөніндегі технологиялық картада ҚР СТ 1053-2011, ҚР ҚНжҚ 1.03-05,ҚР ҚН 1.03-
00, ҚР СТ ИСО 10318-2007, МЕМСТ Р 55029-2012 жəне басқа да қолданыстағы НТҚ,
жұмыстар жүргізу жобасының жəне осы технологиялық картаның 2.2-тармағының
талаптары сақталған кезде, жұмыстарды жылдың жылы уақытында орындау көзделеді.
2.6 Технологиялық картаны байланыстыру кезінде жұмыстардың құрамын,
механикаландыру құралдарын, еңбек жəне материалдық-техникалық ресурстарға
қажеттілікті нақтылау, сапаны бақылау, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-
шараларды түзету қажет.
2.7
Осы технологиялық картаны қолдану кезінде ағымдағы жылдағы жағдай
бойынша жасалған, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сəулет, қала
құрылысы жəне құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жəне
нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі бойынша нормативтік құқықтық актілердің
(НҚА) жəне НТҚ, сондай-ақ ағымдағы жылы жарияланған тиісті ақпараттық көрсеткіштер
бойынша күшіне енген НҚА мен НТҚ қолданысын тексеру қажет.
Егер сілтемелік НҚА мен НТҚ ауыстырылса (өзгертілсе), онда осы технологиялық
картаны қолдану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) НҚА мен НТҚ-ны басшылыққа алу
қажет.
Егер сілтемелік НҚА мен НТҚ ауыстырылмастан күші жойылса, онда оларға сілтеме
берілген ереже осы сілтеме қозғалмайтын бөлігінде қолданылады.