44
қолжетімді. Сондықтан сымсыз байланыс желісін құру үшін – қымбат
қосымша бағдарламалық қамту мен арнайы топтамалар алу қажет.
ZigBee хаттамаларының аяқталған ағындарының күрделілігіне қарай
5000-нан 50000 USD ға дейінгі аралықта бағаланады. Саналы түрде
бағдарламалық қамту мен құрастыруға ақша мен уақытты құртпай, оның
дайын шешімдерін қолдану.
Егер тек қана 802.15.4стандартына негізделген ұжымдық сымсыз желі
тұрғызу кезінде,ZigBee толық хаттамалар ағынының көмегіне жүгінбеуге
болады. Ол үшін қажетті бағдарламалық қамсыздандырудың төменгі деңгейін
Radiocrafts фирмасы тегін ұсынады.
Екінші сериялы Xbee радио құрылғысының сұлбасы 2.19 суретте
келтірілген.
2.19 сурет –XBee Series 2 радиомодульі
45
3 Есептеу бөлімі
3.1 Желі моделін құру
Ұсынылған желі топологиясында бөлек түйіндер, хабарламаны
белгіленген жерге жеткізу үшін бірге жұмыс атқарады. Сонымен қатар
әр түйін желілік трафикті беретін бірнеше жолдың бірін таңдауды және
хабарды кез-келген көршілес түйінге беруді іске асырады. Түйіндердің
бірі істен шыққан жағдайда деректер басқа бағыт бойынша жіберіледі.
Бұл қасиет функционалды өндіріс нысандарында режимі қатаң
эксплуатация жағдайындағы желілерде айтарлықтай маңызды болып
табылады.Қолданушының қосымшалар профилі мынадай нақты
параметрлерді қолдайды: қолданушының қолданбалы құрылғылары мен
желі түйіндері, және де олардың жеке мекенжайлары мен
сипаттамалары. Бұл деңгей ZigBee технологиясында ашық болып
табылады. Сондықтан да қолданушы өзінің жеке профилі ретінде де,
ZigBee ұйымымен бекітілген профильдер ретінде де қолдана алады
(мысалы,Philips-пен жасалған тұрмыстық жарықтандырғыш құрылғыны
басқару профилі HCL-Home Control Lighting).
Қазақстанның алтын өндіру саласында сервисті диагностика жүйесін
жасау, құрылғы диагностикасы шешімін табу үшін экслуатацияны бақылау
мен техника қызметі, жарнамалық қызмет, техникны тиімді пайдалануды
бақылау, саралау (мониторинг) жасау маңызды мәселе болып есептеледі.
Жүйе GPRS және Интернет арналары арқылы мобильді нысандар мен
техникалар, эксплуатация жағдайы,жарналық жағдай мен т.с.с. ақпарат алып
отырады.
Аталған жүйенің негізгі тұтынушылары, жүйемен жұмыс істеу үшін
арнайы дайындалған бағдарламалық қамтуды қажет етпейді. Қатынау
интернет браузерлердің көмегімен істеледі. Жүйе техника мен құрылғының
қолданылуы жайында жедел және толыққанды бейне көрсетеді. Ол
компанияға, техника тұтынушысына, ұсынушыға, сервистік компания мен
дистрибьютерге және құрылғы жасаушыға жетістікті түрде келеңсіз
жағдайлардың алдын алуға, техниканы қолданғанда рекламацияға уақытылы
жүгінуге, экслуатацияны бұзуды болдырмауға, пайдалану тиімділігін
қадағалауға қолайлы.
Техниканы бақылауға жататын терезелер, мобильді нысандар және
орнатылатын ішкі құрылғылар түріне байланысты көрсету мүмкіндіктері:
техниканы қолдануға қатысты жайттар;
жылдамдық асыру мен артық жүк;
жұмыс диаграммасы;
эксплуатация режимін бұзу;
жанармай деңгейінің графигі;
датчиктердің жағдайы.
Техниканы бақылау және диагностика сервистік жүйесін қолдану,
техника тұтынушысы мен сервистік компания және өндіруші арасындағы
46
арақатынас деңгейін кепілдік эксплуатациясы периоды кезінде сапалы
көтеруге мүмкіндік береді.
Техника алаңының жұмысына жүйелі түрде талдау жүргізу
шығындалған материалдар мен қосымша бөліктердің айырбасын тиімді
жобалауға мүмкіндік береді, ол арқылы бұзылуы мүмкін техниканың алдын
алады, техниканың жобадан тыс тұрып қалуын айтарлықтай төмендетеді,
үздіксіз және тиімді жұмысты қамтамасыз етеді. Мобильді нысандардағы
құрылғылардың ағымдағы жағдайын бақылау (сонымен қатар жеке
датчиктер). Жөндеушілер үшін әр бұзылуға нұсқаулық құрып, басып шығару,
келеңсіздіктің туындаған және жойылған уақытын қадағалау.
Техниканы айырбастау немесе сату кезінде, қолданылуы, сервистік
қызмет көрсетілу уақыты жайлы толық ақпараттың болуы Қ/Б техникаға деген
сатып алушы сенімін арттыра отырып, қалдықты бағасын айтарлықтай
өсіреді. Жүйе техниканың әр түріне бапталып, бейімделген, және техниканы,
транспортты жалға беретін компанияларға да пайдалы.
Жүйе ақпаратқа қатынау құқығының әртүрлі деңгейіне қарай баптала
алады, және де желімен email арқылы есептер тарату функциясына ие
(3.1сурет).
3.1сурет - «Алтын кенішті» басқару сұлбасы (моделі)
47
Желіні құрастыруда мобильді нысандардың негізгі борттық құрылғы
жиынын сапалы ұйымдастырылуы қажет. Диспетчерлеу жүйесінде әрбір
негізгі борттық құрылғы жиынының құрамына кіреді (3.2 сурет):
3.2 сурет – Ақпарат қабылдаушы нысандардағы мобильді құрылғылар
жиыны
− интеллектуалды тақша ИП-01;
− деректер беру жүйесінің құрылғысы;
− навигациялық блок НБ-03;
− жүктеуді басқару жүйесі, дөңгелектердегі қысымды басқару
жүйесімен;
− әртүрлі датчиктер (жанармай деңгейі, пневмоаспа жүйесіндегі қысым,
гидравликалық жүйелердегі қысым т.с.с.).
ИП-01интеллектуалды тақшасының техникалық сипаттамалары келесі
функцияларды іске асыруға мүмкіндік береді:
− мобильді нысан жұмысының параметрлерін дәлме-дәл уақыт
режимінде бақылау мүмкіндігі;
− жұмыс процессі кезінде эксплуатациялық параметрлер мен түрлі
оқиғаларды белгілеп отыру;
− әртүрлі сыртқы концентраторлар мен датчиктерден деректерді алу
және өңдеу;
− НБ-03 навигациялық блогынан сигналдарды қабылдау мен өңдеу;
− жоғарыжылдамдықты сымсыз деректер беру жүйесінің көмегімен
серверге деректерді жеткізу;
− мобильді нысанның жағдайы, орны мен оқиғасы жайлы деректерді
сақтау;