Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет85/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   245
null

«Жауға түскен жанның сөзі» деген өлеңінде: «Тағдыр шір-
кін тап беріп, Тамағымнан алып тұр. Жала деген төбеті, Бал-
тырымнан қауып тұр... Әй, сені ме дегеннің, Айызы әб ден қанып 
тұр...»
дегені тұп-тура бізге емес, күллі қазаққа айтқандай болып 
шықты. Не дейміз, Қанкежан, тағдырдың жазуын көреміз де... 
Сөйтсе де шарасыздығына зығырданы қай наған інісі мәр-
тебелі Мәскеуден әділдік іздеп келген ағасын саяси қудалау-
дан біржола құтқаруды ойлап, өзінің де кіріптар жайын ақыл-
даспақ болып, Қазақстанның өкілетті өкілі Әбілқайыр Ысқақ-
ұлы Досовқа барды. Әбе кең мен ол бір жылғы төл еді, өзі оқу соңын-
да жүргенде құрдасы әлеумет жұмыстарымен шұғылданып, ту 
бастан-ақ қызылдар күресіне белсене қатысып, ақыры Кеңес өкі-
ме тінің белді қызметкері ретінде танылған. Әбіл қайыр Ысқақ-
ұлымен ол Семейде, Губаткомның төрағасы болып тұрған шағында 
жақынырақ танысып, біліскен.
– Ашуға жеңдірме, құрдас, – деді сырмінез досы жайбарақат 
қалыпта. – Өзің тіпті жұқара бастағансың ба? Рұқсатсыз елге 


204
Медеу СӘРСЕКЕ
же тіп барғанда не ұтасың? Жосалы стансасына түскен сәтте-ақ 
қолыңды артыңа қайырып байлайды да, контр деген қаралаумен 
тор көздің ар жағынан бір-ақ шығасың. Бай баласы екенің белгі-
лі – бір, туыстарың да сая си бап бойынша қамауда отыр – екі ме?..
– Әбе, мен кеңес инженерімін, мәнді іс атқарып жүрген... 
– Білемін, басқалар да біледі. Алайда елде қазір үстем тапқа 
қарсы саяси майдан жүріп жатыр... Бекерге күйректенбе, бай 
тұқымы қайдасың деп қамшы үйіріп жүрген ұрдажықтарға бәрі-
бір, қазірде олар көзіне түскен пендені аямайды. Ең дұрысы, 
әзірше осы жақта бой тасалау. Менің де әсіре белсенділерге қарсы 
тұрар иә тыйым салуға шамам жоқ. Саған да, туыстарыңа да... 
Бұл енді біздің дала жұртының ежелгі дерті. Әбекеңді мен қатты 
сыйлаймын ағартушы ретінде де, кісілігін де. Науқан дүріл деп 
тұрғанда не істейсің, өзің айтшы, желге қарсы түкіруге бола ма?
– Әкемнің басына барып, құран оқып қай ту үшін де рұқсат ал-
уым керек! Мен барсам-ақ халық дүр көтеріледі-міс! Тап жауы – 
мен, кеңес инженері?! Ау, біздің әулеттен байлық кеткелі қашан?! 
Қаптап кеткен жау элементі, түп-түгел контра!.. Әбе, бірдемеге 
ұрынатын шығармын, уақытты қалай өткізерімді білмеймін, – 
деп Қаныш жан күйзелісін ақтарып ағы нан жарыла, ашына да 
сөйледі.
– Беу, құрдас, мен сені мықты азамат деп жүрсем, бұның жа-
рамады. Ау, газет-журнал бықып жатыр, қазақ даласының жер 
байлығын, асты-үстіндегі қазынасын мадақтап, ең құрығанда ма-
қала жазбайсың ба?.. Сенің біліміңді, бар білге нің ді құдай тағала 
маған дарытса, әттең десеңші!? Қысқасы, доғар ондай күйрек-
тікті! Қалмақпен қатты қаржысқан Қаржас батырдың ұрпағы 
екеніңді осындай қиын-қыстау кез де көрсету қажет! Қиыншы-
лыққа да қайсарлық керек, достым!..
Нақты қол ұшын бермесе де, сеніп барған қайраткер аза-
маттан Қаныш қайраттанып шықты. Әбікей ағасын сол кісінің 
жәрдемімен үлкен астанадағы жөндем ауруханалардың біріне 
жатқызды да, көптен бері көке йінде жүрген ойына дереу кірісіп, 
Жезқаз ған кенін барлаудың бес жылдық жобасын геологиялық 
тұрғыдан негіздейтін ғылыми ең бек жаза бастады. Мардымсыз 
көлемде жүр дім-бардым жүріп жатқан барлау қар қыны, оның 
нендей нәтиже берерін қаперіне алмай, қиялындағы тереңнен 
және әл де неше қабаттан қисапсыз мыс кенін тапқандай-ақ ша-
быттанып, қаламы да күні-түні қағаз бетінде дамылсыз жор-


205
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ғалап, еңбек ет сін! Бірер аптадан соң аңғарды: жоба үшін бас-
таған еңбегі кенет көлемді мақалаға айналыпты, бас-аяғын қайта 
қарап тұжырымдай жазса – Қазақстан түгілі, беделді Одақтың 
басылымы шап бергендей мәнді әрі көп шілікке арналған ғылыми 
баян туыпты... 
Екі-үш аптадай ем алып, денсаулығын біршама оңдаған соң 
Әбікей ағасы елге аттанды, әр қилы ойға түссе керек, жолшыбай 
Омбыға соға жүретінін ескертті...
Ағасы аттанып кеткен соң-ақ, әсілі, ол кісінің Мәскеуге іздеп 
келгені өзіне едәуір ес те, қуат та болғанға ұқсайды, уақыт өткізе 
алмай қоңылтақсыған мұң-шері қайтып оралды. Күні-түні жанын 
жеген бір сұрақ: не істеу керек?.. 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау