Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет180/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   245
null

ҚИЯНАТТА
І
Ғылым академиясының саяси ұстанымын тексеру, өмірдің әр 
саласына үстемдік етуші һәм билеуші идеоло гия ның қасаң тала-
бымен бағыт-бағдарын шектеуге әрекет шаңырақ көтерген жылы-
ақ басталған. Сену қиын, тарихи ай ғақ тар соған еріксіз мойындат-
са – шараң қанша?!.. 
Сірә, ғылым ордасына сайлануға мүдделі болып, әлдеқандай 
себеппен сол тізімге кірмей қалған ғалым-филологтардың кей-
бірі Тіл жә 
не әдебиет институтының директоры Ес 
ма 
ған 
бет 
Ысмайылов пен ғылыми кеңес мүше лерінің «саяси соқырлығы 
және ескі заман 
ды көксеушілдігі» хақында Қазақстан КП(б) 
Орталық комитетіне «домалақ» ақпар жолдайды. Әрине, нақты 


470
Медеу СӘРСЕКЕ
айғақтармен күшейтілген: институттың зерттеу тақырыбында 
халық фольклорын жинауға, батырлық дас тандар мен эпикалық 
поэма, ескі аңыз-лақаптарды насихаттауға, әсіресе ұлт шыл ақын-
жыраулар жырын жариялауға ерекше көңіл бө лінетіндігі, мұның 
ескі заманды көксеуден тезірек ары лып, кеңестік өмір салтана-
тына шұғыл бет бұру турасындағы БКП(б)-ның, оның кемеңгер 
көсемдерінің дара ойларымен қи ыс пайтындығы бадырай тып 
көрсетілген...
«Большевик-филолог» деген лақап есім қойылған дара ары з-
ға ерекше мән берілді. 1946 жылдың қара күзінде қарамды ко-
миссия жасақталып, институттың құрыл ғаннан бергі зерттеуіне 
шұқ шия үңілді. Белсенді идеологтармен құрамы күшей тілген 
топ іздегенін әлбетте артығы мен тапты. 
Қаныш Имантайұлы ә дегеннен-ақ қатыбас тексерушілердің 
осы жайтты тіміскілеуін тежеп, ин с ти тут бағ дарын саяси қара-
лаудан ақтауға тырысқан. Нысанаға ілінген ғалымдарды да 
қорғап баққан. «Бұл кісілер талай жылдан бері іргелі зерттеу-
мен шұғылданып келеді, қазақ тілі мен филологияның жетек-
ші ға лым дары, – деген-ді ол комиссия мүше ле ріне. – Мен өзім 
халықтың рухани мұрасын зерт 
теп, жи 
наудан саяси қателік 
іздеуді тү сін беймін. Базар мен Мұрын жыраудың, Шор тан бай дың, 
Шәңгерей мен Мәш һүр Жү сіптің өлең-жырларын, ондаған мың 
жол толғауларын зерттеуге тыйым салу, рухани мұ ра мыздың тұтас 
бір кезеңін жауып қою – нағыз көрсоқырлық, саяси қылмыс!..» 
Комиссия мүшелерін иландыра алма ған соң Орталық Комитетке 
де бар ған. Алайда республика партия ұйымының бірінші хат-
шысы Жұмабай Шаяхметов ака демия президентінің мән-жайды 
тым әріден баян даған түсін дірмесін тыңдамай:
– Әй, Қанеке, танауыңды көрінген іске тыға бермей, тиыш 
жүрсеңші! Саған тиіспейміз, ал ана гуманитарларды басқаратын 
вице-президент Сауранбаев пен ескі заманды шұқшия зерттеуге 
ерекше құмар Ысмайыловтың әкесін танытамыз. Өзің қызғыш 
құстай қорғап отырған ғалымсымақтар тиісті сыбағасын ала-
ды... – деп қолын сермеп, үстелді тықылдатты. 
Көңілі қарадай құлазыған академия жетекшісі есекдәме 
үмітпен Орталық Комитеттің идеолог-хатшысы Мұхамеджан 
Әбдіқалықовқа барады. Бірінші хатшыға қарағанда (Ж. Шаях-
метовтің көрген-білген мектебі – екі бас қыш орыс-қазақ учили-
щесі, ал дөрекі сөйлеуге ОГПУ жүйесінде ұзақ жылдар қызмет ет-


471
ШЫҒАРМАЛАРЫ
кенде машықтанған), ал Әбдіқалықов – ҚазПИ-ді бітірген жоғары 
білімді адам әрі қолынан кітап түспейтін оқымпаз, ізденгіш зия-
лы. Онымен саясат қана емес, өзге де мәселелер жайында емін-
еркін дауласуға болады. 
Әккі хатшы Қаныш Имантайұлының ренжулі кейпін аңдаған 
соң-ақ әрқайсының мұқабасында «Қызмет бабында пайдалану 
үшін!» деген ескертпесі бар құпия құжаттардың бірнешеуін сейф-
тен суырып, алдына қойды. Бәрі де БКП(б) Орталық Комитетінің 
идеология мәселелері жайында соңғы жылдары қабылдаған 
қаулылары: 1944 жылғы «Татар обкомының идеология 
лық 
жұмысы туралы» қарарда «Едіге батыр», «Шора батыр» дас-
тандарының со ғыс құ марлықты, ел тонаушылықты дә ріп тей-
тіні «әшкереленген» – демек, олар түркі тіл 
ді халықтардың 
жауынгерлік рухын асыра мадақтауымен-ақ зиянды дастандар; 
Саяси бюроның мүшесі, бас идеолог А.А. Ждановтың «Звезда», 
«Ленинград» журналдарының әдеби бағытын сыпыра қаралаған, 
А. Ах матова мен М. Зощенко шығармаларындағы өмірден түңілу, 
жатты аңсау сарындарды бадырайта көр сетіп, кеңестік тұрмыс-
тың ай қын сипаттарын қасақана көрмеу пиғылын аяусыз сына-
ған баяндамасы да осында екен; соның қасына әлгі журналдарды 
жабу жөніндегі қаулы да қоса тіркеліпті...
Қаныш Имантайұлы сол құжаттан «тал 
қылансын», «бас-
шылыққа алынсын» деген қатулы сөздерді, «шетелге табыну, 
ұлт шылдық пиғылы, ескі өмір ді көксеуі айқын байқалған жат 
элементтерді аяусыз жазалау, түп тамырымен жұлып тастау» қа-
жеттігі туралы жабық нұсқауларды жаны түршіге оқыды. Ақылы 
сұңғыла хатшының өзі үлгі-нұсқа еткен идеологиялық құ ралмен 
наразылық айта келген академия жетекшісін иландырмақ ниетін 
ұқты. Содан-ақ Қазақстанда бұл іске неліктен мән беріп, кеңес 
жолынан ауытқушыларды іздеу науқаны өрістегенін түсінуге 
болатын-ды. Сөйтсе де, не себепті биыл шаңырақ көтерген ака-
демия 
ны жазалау керек, «ағаш атқа мінгізіп» жұрт алдында 
«дүрелейтін» адамдары да – Тіл және әдебиет институтының бі-
лікті ғалымдары болмақ? Не үшін?
– Мұқа, түйсігім жетер емес, біздегі тексерудің мыналарға бай-
ланысын, – деді құпия құжаттарды хатшыға қайтарып. – Не үшін 
бастадыңдар осы науқанды?
– Қанеке, осы кикілжіңнің ақыры неге соғарын сіз мән 
бере ойлаңыз. Егер соған біз емес, бізден де жоғарыдағылар 


472
Медеу СӘРСЕКЕ
кіріссе?.. – Әбдіқалықов сұқ саусағымен төбені көрсетіп, бұлттан 
асып, түпсіз аспанды меңзегендей ишарат жасады. – Өйткен күн-
де, бетін әрі қаратсын деңіз, қазір сіз жанталаса қор ғап отырған 
кемеңгерлердің шашы ғана емес, басы да қоса кетеді. Әуезов 
пен Ысмайылов қана емес, олардан да өзге жайсаңдарымыздан 
біржола айырыламыз... Ал қазір, Әдебиет институтының кем-
шілігін әшкерелеп, ғылыми қызметкерлер арасында тәлім-тәрбие 
жұмысын жүргі земіз. Әрине, қарауылға ілінген бірқанша ғалым 
жаза тартады, бірер жыл жәбір-жапа шегуі мүмкін. Ну, бейнелеп 
айтқанда, сақал-мұр тын күзей міз. Қарақан басы аман қалған соң, 
шашы құрғыр қайта шықпай ма?..
Академия президенті басын шайқады. Кө 
ңіл-күйі әлем-та-
пырық болып, өзіне жымия қа рап отырған хатшыға не айтарын біл-
мей дегбірі қаш ты. Республиканың бас идеологының қалтқысыз 
түсіндірмесі есін тандырып, екіұдай ойға түсті: естігеніне сенгісі 
келген, Мұхамеджан өтірік айтпайтын адал адам, сөйтсе де са-
лиқалы партия қайраткерінің шынайы жағдаятты біліп отырып, 
ақылға сыймас белсенді әрекетке бас ұрғанына түйсігі жетпеді.
– Академияны едел-жедел құрып, Қанеке, біз дүйім жұрттың 
бойы да, ойы да жетпейтін Олимп шыңын қолдан жасадық. Соған 
енді емен де, семен де жаппай ұмтылады. Өзіңіз білесіз, ғылыми 
дәрежені иелену – қазірде қиын емес, тек соған ынтаңыз болсын... 
Шынайы ғалымдар соны мұрат етсе – құба-құп. Алайда дарқан 
өмір ғылымды өз кәдесіне жаратып, сауын сиырдай сауатын 
пысықтар ға да бай. Сол ептілер сіздің, Мұх тар Әуе зов тің, Әлкей 
Марғұланның ғылымда жеткен шы ңына мен неге бірге шығып, 
қатар тұр май мын деп көксейді де, ертелі-кеш соған көтерілудің 
амалын қарастырады. Ұқтыңыз ба, сіз әлгін 
де науқан деген 
дүрмектің түп себебін?.. Талабыңызды ескеріп, әлгі жалақордың 
арызын аяқасты еттім бе, ол найсап сірә да тоқтамайды. Көрдіңіз 
бе, көздегеніне жету үшін қан дай мезгілді таңдағанын? – Хатшы 
үстел шетінде тұрған құжаттарды нұсқады. – Мен сізге, Қанеке, 
ақыл айтып, солармен күресуді үйретпеймін. Ғапу етіңіз, ондай 
ниеттен аулақпын. Сөйтсе де, бұқ 
па 
да тығылып тұрып, жел-
кеңізден соғатын жымысқы әрекеттерге әзір болыңыз. Ондай 
соққылардың әлі талайын көре сіз...
– Рақмет, Мұқа! Бұйырғанын көрерміз, – деді Қаныш Иман-
тайұлы, іле бәсең үнмен сөзін жалғады. – Шынымды айтсам, ескі 
мұраларымызды зерттеушілердің ұлан-ға й ыр еңбегін мынадай 


473
ШЫҒАРМАЛАРЫ
саяси қарарлармен ұштастырып жоққа шығарудың қажеттігіне 
мені иландыра алмадыңыз. Бұл енді нағыз қия нат әрі дөрекі түрде 
жасалған, ешқандай ғылыми жөнге келмейтін әбестік. Тарих та, 
халық та мұны бізге кешірмейді!..
Әбдіқалықов бүгежектеп қалды. Ақ құба өңі қарауытып, қа-
рақошқыл дақтар бетіне теуіп, есеңгірегендей хал кешті. 
– Көп жайтты сіз білмейсіз, Қанеке, мені де сол үшін жазалап 
тұрсыз. Ал мен тек қана нұсқау орындаушымын. Әрине, тиісті 
сыбағамды алдым.
– Олай десеңіз, айтарым жоқ! Мұха, білгенде 
рің 
ді істең-
дер – сот та, орындаушы да өзде рің болып. Ал мен бұл шатаққа 
қатыспаймын! – деп орнынан тұрды.
Идеологиялық комиссияның тексеру қортындысы 1947 
жылдың 21 қаңтары күні Орталық Комитеттің бюро мәжілісінде 
талқыланып, 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау